«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» icon

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы»



Название«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы»
страница1/4
Дата конвертации12.06.2013
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі

жөнінде ақпарат

«Ақтөбе облыстық білім басқармасы» ММ «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы облыс әкімшілігінің 13.11.2006 жылғы   №364 қаулысы және білім басқармасының 20.11.2006 жылғы №716 бұйрығы негізінде 2006 жылдың 1 желтоқсанында ашылды.

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО  облыстың интеллектуалдық әлеуетін көтеру, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олармен жұмыс жасайтын педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру, дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептердегі  оқыту процесі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстағы озық педагогикалық тәжірибені жинақтап, тарату бағытында мақсатты түрде жұмыс жасап келеді. жалғасы


«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-да 4 бөлім жұмыс жасайды:

· инновациялық-педагогикалық қызмет көрсету;

· интеллектуалдық дамыту;

· шығармашылықты дамыту және қосымша білім беру;

· ақпараттық басылым бөлімі.

Орталықпен атқарылатын жұмыстар: Президенттік олимпиада, интеллектуалдық байқаулар; облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар; ғылыми жарыстар, турнирлер, ойын-сайыстар; шығармашылықты дамыту байқаулары; біліктілікті көтеру және білім жетілдіру курстары; оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық семинарлар; педагогикалық олимпиадалар, фестивальдер; әдістемелік көмек пен зерттеулер; шығармашылық есептер; шығармашылық лабораториялар.

Бірнеше жылғы талдау және мониторинг  облыс бойынша дарынды балалармен жұмыстағы оң динамиканы көрсетіп отыр.

Соңғы 5 жылда дарынды балалармен жұмыс жасайтын 32 педагог кәсіби облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанса, 1 610 педагог облыстық, республикалық, халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысып,тәжірибе алмасты.   Аудан мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында  жылжымалы оқу-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады және оқушылар үшін сырттай оқу мектебі жұмыс жасайды. Оқушыларды пәндік олимпиадаларға тиімді дайындау үшін құрамында 160 оқушысы бар  «Жалын» олимпиадалық резерв мектебі жұмыс жасайды. Оңды нәтижесі республикалық пән олимпиадалардан байқалуда. Психологтердің шығармашылық лабораториясы тұрақты жұмыс жасайды. Сонымен қатар, орталықта қосымша ақылы қызмер жүргізіледі: интеллектуалдық ойындар, турнирлер, шығармашылық байқаулар, пәндік олимпиадалар мен семинар, конференциялар.

Бес жылда «Актөбе-Дарын» ӨҒТО-ғымен екі Республикалық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Әр жастағы балалардың шығармашылығын дамыту және рухани, патриоттық тәрбие беру мақсатында жыл сайын Абай, Шәкәрім, Махамбет, І.Жансүгіров, М.Мақатаев оқулары, «Жыр алыбы-Жамбыл» жас ақындар айтысы өткізіледі. Соңғы бес жылда Ақтөбе облысының 478 талантты өрендері аталған сайыстарда өнерін сынға салып, 186 дарын облыс, республикалық жарыстардың жүлдегері атанды. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін сурет, көркем шығарма, қабырға газет байқауларын және «Жас талант» байқауын  ұйымдастыруда.

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның тоқсан сайын шығатын «Өрлеу» ақпараттық-әдістемелік журналына облысымыздың озық тәжірибелі ұстаздарының жаңашыл жұмыс үлгілері мен дарынды балалармен жұмыс жасаудағы озық тәжірибелері енгізіледі. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаулар мен жинақтар жарияланады.

Ақтөбе облысының дарынды оқушылары жыл сайын әртүрлі республикалық, халықаралық интеллектуалдық   байқаулар мен жарыстарға қатысуда. 5 жылда аталған шараларға 667 оқушы қатысып, 367-і терең де тұрақты білімдерін дәлелдеді: алтын медаль-55, күміс медаль-129, қола медаль-183. Сонымен қатар дарындылықты ерте жастан анықтау мақсатында 1-7 класс оқушылары үшін «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсы, бастауыш кластарға арналған «Бастау» математикалық турниры және «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы  облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылып, облыс оқушылары  жыл сайын жеңімпаз атануда.

Ақтөбе облысының дарынды түлектері әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы негізінде білімдерін шыңдап, қазіргі уақытта әр салада тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлестерін қосуда.


31.01.2013ж. Ағылшын және неміс тілдерінен оқушылар республикалық қашықтық олимпиада ...

^ Ағылшын және неміс тілдерінен республикалық

қашықтық олимпиада


«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру     орталығы   Сізге  «Дарын»  РҒПО-ның  2013 жылғы 25 қаңтардағы  №38/01-08 шығыс хаты  негізінде 2013  жылғы     ақпан   айының  11-28   аралығында   ағылшын және  неміс  тілі пәндерінен оқушылар арасында   республикалық   қашықтық  олимпиадасы   on-line  түрінде өтетінін хабарлайды.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиадада «Күз-қыс» мезгілі қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар бағалы сыйлықтармен  марапатталады.

Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және  www.cdo.kz сайттарында жарияланады.


30.01.2013ж. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалары» ақпараттық порталымен бірлесе отырып (тілдер олимпиадасы)

ХАБАРЛАМА

 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалары» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтерді анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында РҒПО «Дарын» Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

2013 жылғы ақпанның 21-і мен 22-і аралығында келесі кесте бойынша өткізіледі:

Ағылшын тілі – Астана уақыты бойынша сағат 08.00 мен 21.00-де;

Неміс тілі - сағат 08.00 мен 21.00 аралығында.

Олимпиада www.cdo.kz. сайтында өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданың өткізу уақыты және шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz. сайттарында орналасқан.

Қатысушыны тіркеу, олимпиаданың өту мерзімі және нәтижесі туралы мәліметтерді 8 (7182)55-42-76, 8(777)384-36-02 телефондары арқылы және www.cdo.kz. сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.

Олимпиадаға қатысу жөніндегі сұранысты а.ж. 19 ақпанына дейін үлгі бойынша «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-ның инновациялық-педагогикалық қызмет көрсету бөліміне E-mail: innovaciya-daryn@mail.ru жіберулеріңізді сұраймыз.

 



Аты-жөні (құжат бойынша)

Ауданы (қала), жұмыс орны

Еңбек өтілі, санаты

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 


30.01.2013ж. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалары» ақпараттық порталымен бірлесе отырып (психологтер олимпиадасы)...

ХАБАРЛАМА

 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалары» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты психологтерді анықтау, қолдау, ынталандыру, және іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында алғаш рет психологтерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада 2013 жылғы ақпанның 20-ы сағат 08.00 ден 21-і сағат 18.00 дейін өткізіледі. (Астана уақыты бойынша). Орындау уақыты 40 минут.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өткізіледі. Жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Өткізу уақыты және шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz. сайттарында орналасқан.

Қатысушыны тіркеу, олимпиаданың өту мерзімі және нәтижесі туралы мәліметтерді 8 (7182)55-42-76, 8(777)384-36-02 телефондары арқылы және www.cdo.kz. сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.

Олимпиадаға қатысу жөніндегі сұранысты а.ж. 19 ақпанына дейін үлгі бойынша «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-ның инновациялық-педагогикалық қызмет көрсету бөліміне E-mail: innovaciya-daryn@mail.ru жіберулеріңізді сұраймыз.

 



Аты-жөні (құжат бойынша)

Ауданы (қала), жұмыс орны

Еңбек өтілі, санаты

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 


30.01.2013ж. 1-7 класс оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» VІІІ республикалық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат


2013 жылғы қаңтар айының 26-28 аралығында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында 1-7 класс оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» ҮІІІ республикалық конкурсы өтті.

Аталған конкурсқа Ақтөбе облысынан қатысқан төмендегі оқушыларды жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ :

І орын

1. Байшуақова Әсел, Хайруллина Әсем – 3 класс, Ақтөбе қаласы№ 51Г.;

ІІ орын

1. Мұхамбетов Айдос – 3 класс, Ақтөбе қаласы №9 ОМГ;

2. Тлегенова Улпан - 7 класс, №17 ОМГ;

3. Маратов Абат – 4 класс, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ ОМ.

ІІІ орын

1. Болат Алмат – 2 класс, Ақтөбе қаласы № 31 ОМ;

2. Ерғалиева Баян – 6 класс, Ақтөбе қаласы №6 ОМ;

3. Аманов Алдияр – 2 класс, Ақтөбе қаласы № 27 МОМ;

4. Нұрлыбаева Лунара – 6 класс, Ақтөбе қаласы № 30 ОМ;

5. Ахметова Зарина – 6 класс, Мұғалжар ауданы, №1 Қандыағаш ОМ;

6. Дүйсембай Дәулет – Темір ауданы, № 1 МГ;

7. Мұхамбетжанова Аружан – 4 класс, Хромтау ауданы Дөң ОМ;

8. Утепова Алина – 6 класс, Қарғалы ауданы, Ащылысай МБ.

Мақтау қағазы

1. Ғабиденова Адия – 6 класс, Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы;

2. Орынбасарова Фариза – 7 класс, Мұғалжар ауданы, №5 Қандыағаш ОМ.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының командасы ІІІ командалық орын және «Үздік команда -2013» номинациясын жеңіп алды.


23.01.2013ж. «Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес-жобалары» атты Республикалық конкурсы өткізілетіндігі туралы хабарлама ...

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік-ғылыми тәжірибелік орталығы «Достижения молодых» Қоғамдық қоры ҚР білім және ғылым Министрлігімен және «Дарын»РҒПО, ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігімен бірлестікте, «Шеврон» корпорациясының қаржылық қолдауымен «Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес-жобалары» атты Республикалық конкурсы өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурсқа экономика мен экологияны оқытатын жалпы білім беретін мектептердің негізгі, жоғарғы класс оқушылары шақырылады.

Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданбалы сипаттағы жобалар қабылданады. Рефераттар мен баяндамалар қарастырылмайды.

Конкурстық жобалардың номинациялары:

1. «Қоқыссыз өмір сүруге үйренеміз»

2. «Энергияны қалай үнемдеуге болады/жаңартырмалы энергия»

3. «Таза судың болашағы»

4. «Экологиялық сенімділік пен қауіпсіздік»

5. «Әлеуметтік экология»

6. «Экология және денсаулық»

7. «Қолданбалы экология»

8. «Ауыл шаруашылығы үшін экологиялық технологиялар»

9. «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар»

10. «Экологиялық мәдениетті насихаттау»

Конкурс лауреаттарын анықтау келесі іс-қағаздар негізінде жүргізіледі:

- форма бойынша конкурсқа қатысу мәлімдемесі;

- жобаның сипаттамасы (титул беті, кіріспе, проблеманы зерттеу, жасалынған өнім, құрылған идея және т.б. жергілікті қоғамдастыққа қандай пайда келетінін сипаттау, суреттер, схемалар).

- жобаның бизнес-жоспары (100000 тг. дейін)

- жобаны жүргізуге жоспарланатын орынның фотосуреттері немесе видео жазба таспасы.


Тапсыру мерзімі: ^ 2013 жылғы 15 наурызға дейін.

Жобалар бандероль арқылы «Экологиялық білім бойынша бизнес-жобалар конкурсы» тақырыбын белгілеумен келесі мекен-жайға жіберіледі:

050000, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к., 132, 212 офис, «Достижения молодых» ҚҚ, немесе centre-dom@mail.ru электрондық мекен-жайға жіберуге болады.

Конкурсқа жіберу туралы сұанысты төмендегі кесте бойынша «Ақтөбе-Дарын» өңірлік-ғылыми тәжірибелік орталығының интеллектуалдық дамыту бөліміне ағымдағы жылғы 10 наурызға дейін электрондық ( aktobe_intel@mail.ru) және қағаз нұсқада (ф. 90-62-33) жіберуіңіз сұралады.



Жоба атауы

Номинация

Қатысушының аты-жөні

Жетекшінің аты-жөні

Білім беру мекемесінің атауы

Мекен-жайы, байланыс тел. электрондық пошта





















21.01.2013ж.  ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы қорытындысы ...

Ағымдағы жылғы  Алматы қаласында 13-19 қаңтар аралығында мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың ғылыми білімін насихаттау мақсатында математика, физика және информатикадан  пәндерінен дәстүрлі   ІХ Халықаралық  Жәутіков олимпиадасы  өтті.

Аталған олимпиадаға Ақтөбе облысының құрама командасына енген   төмендегі  Дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушыларын  жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Бралин Амир – І орын (физика) ;

Жексенов Наурызғали – ІІ орын (математика);

Шаңғытбаев Аслан – ІІ орын (информатика);

Мурышкин Алексей – ІІІ орын (информатика);

Тлеков Дәурен – ІІІ орын (математика).


14.01.2013ж. Мектеп психологтері үшін педагогикалық-психологиялық олимпиаданың Е Р Е Ж Е С І

^ Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО – ның әдістемелік

кеңесінде хаттама № ----------

«------» ---------2013 жылы бекітілді

 

 

 

 

Мектеп психологтері үшін педагогикалық-психологиялық олимпиаданың

Е Р Е Ж Е С І

 

Облыстық педагогикалық-психологиялық олимпиада жалпы білім беретін мектептердің, мамандандырылған білім ұймдарының психологтері арасында сырттай өтеді.

 

І. Негізгі мақсаты мен міндеті:

Олимпиаданың басты мақсаты - кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру), іскерлік шеберліктерін арттыру.

Міндеттері- психологтердің кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік педагогикалық білімнің маңыздылығын арттыру.

 

ІІ. Олимпиадаға қатысушылар

1. Олимпиадаға педагогикалық өтілі 25 жылға дейінгі облыс бойынша мектеп психологтері қатыса алады.

Сайыскерлерді облыстық олимпиадаға ұсыну:

-өзін-өзін ұсыну жолымен;

-мектептің педагогикалық ұжымымен;

-аудан, қала білім беру бөлімдерімен.

 

ІІ.Өткізу ережесі.

1. Олимпиада «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес облыстық білім басқармасының бекітуімен өткізіледі.

2. Құжаттар тізімі, қатысушылар саны, конкурстың өткізілу мерзімі облыстық білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі.

 

ІІІ. Олимпиада тәртібі:

-«Менің кәсіби ерекшелігім, жетістіктерім» (кәсіби диплом көшірмесі, бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдары, жетістіктері, мектепішілік шараларға қатысу туралы мәліметтер, біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттар т.б.) - портфолио тапсыру;

- Тапсырмалар орындау (сырттай). Тапсырмалар 50 сұрақтан тұрады.

 

ІҮ.Қазылар алқасы.

1. Қазылар алқасының құрамы облыстық білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі.

2. Олимпиаданың қазылар алқасының құрамы төраға, хатшы және мүшелерден тұрады.

3.Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, жеңімпаздары мен жүлделі орындарын анықтайды.

4. Байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.

 

Ү.Қаржыландыру

5.1. Олимпиада ақылы түрде өтеді. Қатысу жарнасы 2000 (екі мың) теңге

5.2. Конкурстан түскен қаражат «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО – ның қосымша ақылы қызмет көрсету ережесіне сәйкес жеңімпаздарды марапаттау үшін диплом, мақтау қағаздарын дайындауға, қазылар алқасы мүшелерінің еңбекақысына, орталық базасының нығаюына жұмсалады.

  1   2   3   4



Похожие:

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» icon14. 09. 2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы «Үздік педагогикалық жаңалық» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған байқау өтетінін хабарлайды жалғасы 13. 09. 2012ж
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы Тілдер күнін атап өту шараларының аясында мемлекеттік тілді насихаттау, дамытудағы...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» icon28. 11. 2012ж. Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2012 жылғы 28 қарашада «Ақтөбе өңірінің дарынды балалары – Елбасы күніне» атты шара өткізді «Ақтөбе өңірінің дарынды балалары – Елбасы күніне»
Дентінің дарынды балаларды қолдау саясатын насихаттау, Елбасының салиқалы саясатына сәйкес еліміздің дарынды ұландарының әлемдік...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» iconОблыс бойынша білім беру саласын ақпараттандыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде. Оқу жылының басында 449 мектеп интернетке толықтай қосылған соның ішінде 311 мектеп кең жолақты Интернетке қосылды, бұл 70% құрайды
...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» iconАқтөбе облысы бойынша автомобиль және темір жол көлігімен тасымалдау жөнінде жалпы ақпарат
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының тұрғындарына жолаушылар тасымалы қызметін 40 автотасымалдаушы іске асырады, оның 2 қала ішілік, 18...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» iconХабарландыру «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 101, интернет-ресурсымыздың мекен-жайы: http: //www social-aktоbe gov kz.
Ақтөбе облысының естімейтін мүгедектері үшін бейнекомпьютерлерді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурсқа өзгертулер еңгізілгенін...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» icon«Ақтөбе-Дарын» ӨҒто-ның сырттай оқу мектебінің 8-10 класс оқушылары арасында өткен шағын олимпиаданың қорытындысы
Облыстық сырттай оқу мектебінің 2011-2012 оқу жылының жұмыс қорытындысын шығару және 8-10 класс оқушылары арасында білім рейтингін...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметі жөнінде ақпарат «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы