АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница4/10
Дата конвертации25.04.2013
Размер1.68 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

^ Дене шынықтыру және спорт, туризм

Өңірде спортпен шұғылдануға жағдай жасалып, тұрғындарды дене шынықтыру құралдары арқылы спортпен айналысуға жан-жақты қамту мәселелерін іске асыру тәсілдері мен әдістері үнемі жетілдірілуде.

1493 (2010 ж. 1454;) спорт құрылғыларында 59 спорт түрінен 180,5 мың (2010 ж. 150,8 мың.) адам дене шынықтыру және спортпен айналысады, бұл жалпы тұрғындар санының 22,9% (2010 ж. 19,6%) құрайды.

Қазіргі уақытта 27 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 15,6 мың (2010 ж. 14 мың) тәрбиеленуші спортпен айналысады.

2011 жылы 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2010 ж. 2), 42 ҚР спорт шебері (2010 ж. 37), 142 спорт шеберлігіне үміткер (2010 ж. 176), 113 бірінші разрядты спортшы (2010 ж. 99) дайындалды. 238 спортшы Қазақстан құрама командаларының мүшелері.

Дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың саны үнемі өсіп келеді. 2011 жылы 2 мыңдай спорттық-сауықтыру шаралары өткізіліп, 350 мың адам қамтылды.

Облыста спорттың материалдық-техникалық базасының нығаюы үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Олимпиада резервін даярлау орталығына қарасты «Мұнайшы» стадионын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды (жобалық-сметалық құны – 750,0 млн. теңге). Ақтөбе қаласында 5 және Темір ауданында 4 жасанды төсенішті көп құрылымды спорт алаңдары салынды.

«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында 150 қарапайым спорт алаңдары қайта жаңғыртылды.

Туризм. 2011 жылы туристік іс-шараларды іске асыру үшін бюджеттен 32,7 млн. теңге бөлінді. 2010-2012 жылдарға арналған туристік кластерді дамыту «Шеберлік жоспары» жұмыс жасайды.

Облыстың туристік әлеуеті көптеген республикалық және халықаралық көрмелерде ұсынылды. Жетекші туроператорлар үшін жарнамалық-ақпараттық турлар ұйымдастырылды.

2011 жылы қызмет көрсетілген келушілер саны 100785 адамды (2010 жылы – 70511 адам) құрады. Туристер көбінесе іскерлік (59,2%) және демалу мақсатымен (туристердің жалпы санынан 22,6%) саяхаттады. 2010 жылмен салыстырғанда келушілер саны 42,9% ұлғайды. Туристік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 20,9% құрады және 1 394,8 млн. теңгені құрады. Келуші туризмнің саны 4% ұлғайды (2010 жылы – 8633 адам, 2011 жылы 8979 адам). 2011 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша келушілердің саны 47,4% ұлғайғаны байқалуда (2010 жылы – 54 021 адам, 2011 жылы – 79 646 адам). 2011 жылы туристік қызметпен айналысатын 29 туристік фирмалары мен 4 жеке кәсіпкерлермен 12 906 келушілерге қызмет көрсетілді, бұл 2010 жылғыдан 52,1% көп.

Ішкі саясат.

Облыста 9 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс жасауда, қазіргі таңда партия филиалдарымен тікелей қарым-қатынас жүйелі жолға қойылған. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы жанынан облыстағы барлық саяс партиялардың өкілдері кірген қоғамдық-саяси Кеңес құрылып, жұмыс жасауда.

Ақтөбе облысында 114 діни бірлестік жұмыс жасайды. Жергілікті атқарушы органдармен облыстағы діндік жағдайларды тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданды.

Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың Кеңесі мен комиссия жұмысына белсене қатысып, әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізеді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырады. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңесі жұмыс жасайды.

Конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында көптеген шаралар өткізіліп тұрады. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық топтар облыс тұрғындарымен 14 мыңға жуық кездесулер өткізіп, 500 мыңнан астам адамды қамтыды.

Жастар саясатын іске асыру жөнінен Ақтөбе облысы республика бойынша бірінші сатыда келеді. Соңғы бес жылда жастар саясатын қаржыландыру көрсеткіші 30 есе артып, 256 млн. 800 мың тенгені құрады. Бұл көптеген әлеуметтік-маңызды бағдарламаларды қаржыландыруға, жастардың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

2011 жылы стипендия мен гранттар иегерлерінің саны 10 еседен астам көбейіп, қаржыландыру сомасы 45,5 млн. теңгені құрады.

Жастарды әлеуметтік қолдау бойынша жүйелі жұмыс нәтижесінде жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға 60 млн. теңгеге жуық мөлшерде шоттары толтырылды. Күндізгі бөлімде оқитын оқушылар мен студенттерге қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасалды.

2011 жылдың наурызында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласында «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы, студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының еңбек маусымының ашылуына орай Республикалық форум бастау алды.

Биылғы жылы марафон-эстафетаға 90 мыңнан астам студенттер мен оқушылар қатысып, 1 млн.түп ағаш отырғызды.

«Қазақстанның болашағы үшін» бастамасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында Ақтөбе облысында ірі шаралардың біріне айналды. Ол мемлекеттік рәміздерге, Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш, патриоттық сезімді қалыптастыру негізінде азаматтарды топтастырып, біріктіруге игі ықпалын тигізді.


Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Ақтөбе облысы әкімдігімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың деңгейін азайту жөнінде кешенді жұмыс жүргізілді.

2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20 бірлік Дэу Нексия автокөлігі, сондай-ақ 10 бірлік УАЗ автокөлігі алынды. Бұдан басқа, 5 объектінің жөндеуі өткізілді: «Динамо» спорт кешені, облыстық ІІД ғимараты, Шалқар аудандық ІІБ-нің ғимараты мен Алғашқы дайындық училишесі, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау басқармасының ғимараты қайта жоспарланып, жөнделді. Сонымен бірге, Темір ауданының Кеңкияқ КПБ қайта жоспарлаумен күрделі жөндеуден өтіп, Мәртөк ауданының ІІБ әкімшілік ғимараты газдандырылды.

Ойыл ауданының Ойыл селосындағы аудандық прокуратура мен сотының бірлескен ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Ақтөбе облысы аумағында ішкі істер органдарымен 656 қоғамдық құрылымдар 2645 адаммен қызмет жасайды, 228 консьерждер, оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 72 адам. Облыстағы қоғамдық құрылымдардың құқық қорғау органдарымен: «Сарбаздар» тобы – 405 (1420 адам), «Сақшы» тобы – 12, студенттер тобы – 12, учаскелік полиция пунктері жанындағы қоғамдық кеңес – 69, сондай-ақ 158 - қоғамдық көмекшілер жұмыс жасайды.

2011 жылғы 12 айында қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 124 қылмыс ашылды, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 2148 адам ұсталды.

Сонымен бірге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының статистикалық деректері бойынша қылмыстар саны 5 734-ден 8 719-ге дейін 1,5 есеге өскен.

Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 23,7%, ауыр қылмыстар 15,8%, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 73,5%, көшедегі қылмыстар саны 37,6%, бұзақылық 68,8%, ұрлық 93,4%, мал ұрлығы 23,7%, айдап әкету 70,3% өскен.

Есірткімен байланысты қылмыс саны 3 есеге, оның ішінде есірткіні өткізу 2,5 есеге азайды. Сонымен қатар жасөспірімдер қылмысы - 11,4%, жасөспірімдер қылмысы, кісі өлтіру - 2%, қорқытып алушылық - 38,5 төмендеді.

Қылмыстардың ашылуы 51,8% құрайды (2010 жылы – 72,0%).

Қылмыс санының көбеюі және оның ашылу деңгейінің төмендеуі республика бойынша қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық және объективті тіркеудің қатан курсы жүргізілуімен түсіндіріледі. Сондай – ақ, қылмыстық қудалау органдар басшыларының қылмыстарды есепке алудан жасырып қалу жауапкершілігі күшейтілген.

Сонымен қатар 67 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 2010 жылғы көрсеткіштен – 22,1 % төмендеген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін 186 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл 2010 жылғы деңгейден – 24,1 % төмендеген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия жұмыс істейді. Тоқсан сайын комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлықпен күрестің түйінді мәселелері, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері мен облыстың атқарушы орган басшыларының есептері тыңдалады.

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға іс-шаралар жоспары әзірленді.


^ Бағыт: Инфрақұрылым.

Байланыс және коммуникация

Байланыс қызметінен түскен кірістер 2011 жылы 534,8 млрд. теңгені құрады. НКИ – 112,2%.

2011 жылы «Қазтелеком» АҚ облыстық филиалымен мынадай жұмыстар орындалды:

- Құрашасай селосындағы ТК желісін жаңғырту;

- Ішкіаймақтық желіні жаңғырту - Ақтөбе-Мәртөк учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысы, Ақтөбе қаласы аймағында Құрашасай бағытындағы Ембі-Жаңажол учаскесінде ТОБЖ құрылысы;

- Ақтөбе қаласы маңындағы Жаңақоныс а. мен Ақжар-2 а. мультисервистік қатынау желісі мен таратушы желінің құрылысы;

- Жерсеріктік жабдық базасында Ойыл ауданының Ойыл-Сарбие учаскесінде стансааралық байланысты жаңғырту;

- ТОБЖ базасында, Шалқар-Біршоғыр учаскесінде көліктік ортаны жаңғырту;

- Ақтөбе қаласы маңындағы Красносельское а. ДТ торабын ұйымдастыру;

Ақтөбе-Мәртөк, Ембі-Жаңажол учаскелерінде DWDM технологиясы базасында 2 Гбит/с дейінгі деректерді тарату желісінің өткізу қабілеттілігі кеңейтілді.

4 ауылдық елді мекенде (АЕМ) ID-TV қызметі енгізілді.

Темір ауданының Темір қ., Шұбарши а. және Мұғалжар ауданының Жем қ. деректерді тарату тораптарын пайдалануға енгізілді.

17 нысанда сымсыз қатынау желісі орнатылды.

Кең жолақты қол жетімділік абоненттерінің порттық сыйымдылығын 17 мың портқа кеңейту жүргізілді. 23 базалық стансасында сымсыз КЖҚ енгізілді.


Құрылыс.

2011 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 99,6 млрд. теңгені, НКИ – 76,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысына 23,6 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция салынды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 118,0 пайызды құрайды. Тұрғын үйлер құрылысының нысандарына тек қана бюджет қаражаты есебінен 4714,5 млн. теңге сомасында қаражаттар жұмсалды, оның ішінде 3609,9 – республикалық және 1104,6 – жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

2011 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 410,8 мың ш.м. тұрғын үй салынып пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 122,4 % және 2010 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6 %. құрады.

Әлеуметтік қорғалатын санаттағы тұрғындардан коммуналдық және жалға берілетін тұрғын үйлерден облыстың 487 жанұясы пәтер алды.

Жергілікті бюджет есебінен мүгедектерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Ақтөбе қаласындағы «Болашақ» ауданында 72 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы, Ойыл селосында 8 пәтерлі тұрғын үй құрылысы және Қобда селосында 1 бөлмелі 4 тұрғын үйдің құрылысы және Ақтөбе қаласындағы ҚР Қорғау Министрлігінің 140 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды.

Тұрғын үй құрылысының бағдарламасын іске асыру ауқымында 2011 жылы тұрғын үйлер салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 8575,7 млн. теңге бөлінді, соның 362,5 км инженерлік желілер, оның ішінде 107,2 км - электр қуатымен жабдықтау, 53,86 км - сумен жабдықтау, 38,5 км - кәріз, 8,71 км - жылумен жабдықтау және 154,29 км - газбен жабдықтау желілерін пайдалануға беруге мүмкіндік берді.

«Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй нысандарының құрылысы жалғастырылуда. Есепті жыл ішінде Хромтау ауданының 100 оралман жанұяларына 7,8 мың. ш\метрлі тұрғын үй салынып пайдалануға тапсырылды. 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, сонымен қатар жалғастырылған және тұрғын үй салынып жатқан аудандағы ішкі орамды жалпы ұзындығы 67,2 км инженерлік желілер жүргізіліп жатыр.


^ Жолдар және көлік

Облыс аумағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары 6090,7 шақырымды құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 1864 шақырым, облыстық – 1098,5 шақырым және аудандық – 3128,2 шақырым. Жалпы ұзындығы 4226,7 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 150 көпір және 1855 су өткізгіш құбыр бар.

2011 жылы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын дамытуға 14 690,2 млн.теңге бөлінді. Автомобиль жолдарының 105 км қайта салынды, 109 км орташа жөнделді.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын іске асыру шеңберінде «Самара- Шымкент» автомобиль жолының 215 км ұзындығымен «Қарабұтақ-Ырғыз» бөлігі пайдалануға берілді. «Орал-Ақтөбе» бөлігі ұзындығы 55 км қайта салынды, жұмыстарды аяқтау 2013 жылға жоспарлануда. «Самара-Шымкент» автомобиль жолының «Ақтөбе-Қарабұтақ» бөлігінде жалпы ұзындығы 109 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамытуға 3702,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 632,7 млн.теңге және жергілікті бюджеттен – 3069,8 млн.теңге.

Бөлінген қаражатқа 126 шақырым автомобиль жолы, оның ішінде күрделі жөндеу – 49,8 км; орташа жөндеу – 20 км; ағымдағы жөндеу – 56,2 км және 2 көпір жөнделді.

«Покровка-Темір-Кеңкияқ», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Ұшқатты станциясы», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автожолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Сондай-ақ, Әйтекеби ауданының «Құмқұдық-Жабасақ» автожолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың үлесі 47 %-ға немесе 1986 шақырымды құрады (2010 ж. - 44%).

^ Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

2011 жылы «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы ауқымында Ақтөбе қаласында су, кәріз және жылу желілерін қайта жаңғыртудың 6 жобасы 1,6 млрд.теңгеге көлемінде жүзеге асырылды. 40,8 шақырым су-кәріз желілері және 3,0 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

2011 жылы үйлерді терможаңғырту мен күрделі жөндеу мақсатында облыс орталығында 54 тұрғын үй жөнделді. Автоматты жылу пунктері орнатылды, бұл үйді пайдалану шығындарын 30-40% үнемдейді.

Тұрғындардың таңдаған жұмыс түрлері мен көлемі шеңберінде үйлердің шатырларын, инженерлік желілерін, электр жарық беру жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру, үйлер аумақтарына көріктендіру жұмыстары, 15 үйде лифтілерді алмастыру жүргізілді.

^ Ауыз сумен қамтамасыз ету

2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша іс-шараларды орындау аясында Ақтөбе облысы бойынша сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 29 ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгеге жұмыстар орындалды.

Жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге 18 жобаны жүзеге асыру аяқталды. Қарастырылған қаражат есебінен тұтынушылар үйлерінің шекараларына дейін жеткізуші жүйелерді есепке алумен 246 км су құбыры желілерінің құрылысы және реконструкциялау бойынша жұмыстар орындалды, нәтижесінде 22 мыңнан астам адамды сумен жабдықтауға мүмкіндік берді.

^ Газбен қамтамасыз ету

2011 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарғалы ауданы Петропавловка және Ш.Қалдаяқов ауылдары, Мұғалжар ауданы Ембі қаласы және Алға ауданының Тоқмансай ауылы газдандырылды. Барлығы 113 км газ құбыры салынды, 15,4 мың адам газбен қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Алға ауданы Шибаевка ауылына және Байғанин ауданы Байғанин кентіне ұзындығы 99,6 км жеткізуші газ құбырлары құрылды.

2011 жылы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын 2013 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

^ БАҒЫТ: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

Ауылдық аумақтар

Ақтөбе облысында 12 ауданда және Ақтөбе қаласының қала маңындағы аумақта 411 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар.Ауыл шаруашылығы және Экономикалық даму және сауда министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген, Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау әдістемесіне сәйкес жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес облыстың 35 АЕМ әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары әлеуетке, 352 - орташа әлеуетке, 22 – төмен әлеуетке жатады, 2 АЕМ тұрғындар тұрмайды. Қолданыстағы әдістеме бойынша, негізінен, басымдылық өсімдік шаруашылығын дамыту болып табылады. Осыған байланысты, Ақтөбе облысында даму әлеуеті жоғары АЕМ саны көп емес. Ауылдардың көпшілігі мал шаруашылығына маманданған. Өсімдік шаруашылығы облыстың солтүстік аудандарында ғана таралған. Соңғы жылдарда байқалған, өсімдік шаруашылығын дамыту үшін жағымсыз ауа – райының жағдайы, мал шаруашылық секторын ұлғайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын жүргізу жағдайлары жылыжай шаруашылықтарын дамыту және суармалы жерлерді пайдалану жағына өзгеру тенденциясы бар.

Елімізді 2020 жылға дейін аумақтық-кеңістікті дамытудың болжамды схемасына сәйкес тірек есебінде - 36 АЕМ айқындалды. Облыстың ауылдық аумақтарының сирек орналасуына, сондай-ақ АЕМ дамытуға бағытталатын бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану және кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерді тең деңгейде ұсыну мақсатында тірек АЕМ бірінші кезекте дамыту көзделуде. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік саланы бұдан әрі дамыту мақсатында тірек АЕМ –де аграрлық өнімді алғашқы өңдеуге бағытталған, кәсіпорындарды орналастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерді оңтайландыру жұмысы басталды.Әкімшілік-аумақтық орналастыру заңына сәйкес 2012 жылдың аяғына дейін 25-тен аса АЕМ қысқарту жоспарлануда.

Өңірлік даму

Әрбір өңірдің жаңа кезеңдегі дамуын жүзеге асыру үшін Аумақтық-кеңістікті дамудың болжамды схемасы және Өңірлерді дамыту бағдарламасымен өсу нүктелері, негізгі бағыттары мен болашақтағы даму стратегиясы белгіленген.

Ақтөбе облысына үлкен міндет жүктелуде, себебі мемлекет Президенті Ақтөбе қаласын болашағы бар агломерация орталығы деп белгіледі.

Ақтөбе агломерациясы аймағында 1,0 сағаттық изохрон шегіндегі көліктік қол жетімділігінде Ақтөбе облысының Алға, Қарғалы, Мәртөк және Хромтау аудандары (Хромтау, Қандыағаш қалалары және т.б.) бірқатар елді мекендері қатынасады.

Ақтөбе агломерациясының бәсекелестік басымдықтарын есепке ала отырып, ұзақ мерзімді болашақта оны дамыту бойынша мынадай шаралар қабылданатын болады:

  • Өңірді индустриялық орталық есебінде:

металлургиялық, химиялық өнеркәсіптің бұдан әрі қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру және құрылыс материалдары мен конструкциялары өндірісін дамыту;

өндірісті басқарудың халықаралық стандарттарын және өнім сапасын бағалау жүйесін енгізу;

қолданыстағы өндірістерді технологиялық қайта жарақтандыру;

  • Өңірді инновациялық орталық есебінде:

Технопарк қызметін (тиісті өндірістік алаңдарымен, зертханалық жабдығымен) Ақтөбе облысының жоғарғы технологиялық аймағы етіп қайта ұйымдастыру;

қолданыстағы және жаңа өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ететін, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

Индустриялық аймақты құру;

  • Өңірдің болашақтағы көліктік-логистикалық хабы есебінде:

Ақтөбе-Хромтау-Қандыағаш «үшбұрышында» көліктің жылдамдықты түрлерін енгізу;

Ақтөбе қаласында авиациялық хабымен көліктік-логистикалық орталығын құру;

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жобасын аяқтау;

«Ақтөбе-Атырау» (615 км.), «Ақтөбе-Орск» (161 км.), «Ақтөбе-Орал» автожолдарын реконструкциялау;

«Ақтөбе-Астана» автожолын («Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Лисаковск-Аманқарағай-Есіл-Астана» бағыты бойынша) салу және (немесе) реконструкциялау, Ақтөбе қаласын оңтүстік айналма жолы, Ақтөбе қаласында үш жол өтпесін салу;

^ Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі өңірлік орталық есебінде:

агломерация құрамына енгізілген ауыл шаруашылық аудандардың аймақтарында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша өндірістерді дамыту.

Ұзақ мерзімді болашақта инженерлік инфрақұрылымды жүйелі өзара байланысты (үйлестірімді) дамыту, бірінші кезекте, инновациялық технология негізінде электр- және жылумен жабдықтау бойынша жобаларды іске асырумен байланысты болады.

Сондай-ақ, Ақтөбе агломерациясы үшін жылдамдықты рельсті жер үсті көлігін дамыту (оның ішінде Ақтөбе-Хромтау, Ақтөбе-Алға-Қандыағаш, Хромтау-Қандыағаш қала маңындағы қатынастары және басқалары), агломерация шегінде біртұтас қоғамдық көлік және кіші авиация дамыту басымдықты болып табылады.

Жайлы қала ортасын құруға бағдарланған Ақтөбе агломерациясын дамыту қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жобасына сәйкес көліктік және өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту мен орналастыру жүзеге асырылатын болады.

Оңтайлы қала құрылысы саясатын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе агломерациясы аймағының аумақтарын функционалды аймақтау, сондай-ақ қолда бар алғы шарттар мен тәуекелдерді (табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайларды, қала құрылысы және шаруашылық қызметті жоспарлы шектеулерін айқындау, демографиялық даму және еңбек қорларының болжамы) есепке ала отырып, аумақтарды кешенді бағалау. Ақтөбе қаласының бас жоспарын іске асыру оның болашақтағы агломерациялық дамуын есепке ала отырып жүзеге асырылатын болады.

2012-2020 жылдардағы моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігімен Хромтау қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары қалыптастырылды. Жоспар жобасы, бағдарламада келтірілген бағыттарды есепке ала отырып, ЭДСМ әдістемелік нұсқаулықтарына сәйкес әзірленді.

Жоспардың жобасы өзіне Хромтау қаласының ағымдағы жағдайының талдауын, әлеуетті мүмкіндіктері мен қысқа мерзімді перспективаларын, экономикасын әртараптандыруды енгізеді. Хромтау қаласында кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде 40,0 млрд. теңгені, оның ішінде моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 1,6 млрд. теңге жолдау күтілуде. Аталған қаражаттар ауқымында «зәкірлі» 3 жобаны іске асыру жоспарлануда, жекелеп айтқанда:

  • «сағатына қуаты 2,0 тонна макарон фабрикасын салу және кеңейту (макарон фабрикасы, кондитер цехы, нан-бөлке бұйымдары зауыты)» «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген, іске асырудағы инвестиция көлемі 735,0 млн. теңгені құрайды, 110 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

  • «жылына 100,0 мың дана жобалық қуатымен санфаянс бұйымдарын өндіру жөніндегі зауыт құрылысы» «Керамика» АҚ. Жобаны іске асыру кезіндегі инвестиция көлемі 2,5 млрд. теңгені құрайды, 115 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

  • «жылына 460,0 мың тонна қуатымен №5 инновациялық технологиялық цехты пайдаланумен жоғарғы көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту» «Қазхром» ТҰК» АҚ. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген, іске асырудағы инвестиция көлемі 107,0 млрд. теңгені құрайды (2015-2019 жылдар), 500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Аталған жобаларды іске асыру Хромтау қаласындағы 720 жаңа жұмыс орнын құруға, біліктілікті арттыру және оқыту арқылы жоғарғы білікті мамандардың санын ұлғайту, өңдеу секторында өндірістің жаңа түрлерін игеру, жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде өңдеу секторының үлесін ұлғайту, импортты алмастыруды жүзеге асыру, экспорттық әлеуетті және сыртқы сауда айналымы көлемін ұлғайту және т.б. құруға мүмкіндік береді.

Жоспар жобасында, сондай-ақ:

  • қосымша және қызмет көрсету өндірістер, тапсырыстарды ұлттық холдингтармен орналастыру;

  • қосымша және қызмет көрсету өндірістер, тапсырыстарды қала құраушы кәсіпорындарда орналастыру;

  • бизнес-инкубатор, Кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашу және қала құраушы кәсіпорындармен Серіктестік бағдарламаларды іске асыру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту көзделген.

Жобада қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ қолда бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау және күрделі жөндеу арқылы дамыту жоспарланған.

Өңірдің экологиялық проблемалары

Өңірде бірқатар экологиялық проблемалары бар – олар жер асты суларын хром, бор қосындыларымен ластануы, өнеркәсіптік және коммуналдық қалдықтарды пайдалану және көму мәселесінің шешілмеуі, мұнай мен газды өндіруді жандандырумен байланысты, Көкжиде ауыз суының жер асты кенорнының ластану қаупі.Ақтөбе облысының өнеркәсіптік дамуының салдарынан қоршаған ортаға жоғары антропогендік әсер етуі, ол атмосфералық ауаның, топырақты және ірі өзендердің ластануын, өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуын көрсетеді.

Ақтөбе облысының атмосфералық ауа-райының жағдайын бақылау негізінен Ақтөбе қаласындағы 3 стационарлық бекетінде анықталады. Аталған бекеттерде өлшенген заттардың, азот диоксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді, күкіртті сутек, формальдегид концентрациялары өлшенеді.

Сонда да, «Казгидрометтің» әлсіз жарақтандырылуы себепті, Ақтөбеде ауаның ластануы әлі күнге дейін кезеңмен, және тек қана 8 көрсеткіш бойынша бақыланады.

Елек өзені – Оралдың солтүстік жағалауындағы ең ірі тармағы, сондай-ақ бассейіннің ең ластанған су объектісі болып табылады. Қазіргі уақытта өзеннің бормен ластануы сақталуда. ПДК-нің артуы бор бойынша 24,7 ПДК, нитрат азоты – 3,5 ПДК, тұзды аммоний – 2,8 ПДК және БПК5 1,6 ПДК. Елек өзенінің үстіңгі сулары «лас» есебінде сипатталады.

Ақтөбе облысы жер қорларының негізгі ластаушылары химиялық өнеркәсіп, мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары болып табылады. Мұнай өндіретін аудандарда топырақтың ластануы мұнай мен мұнай өнімдері, пайдалы кендерді өндіретін және өңдейтін аудандарда – негізгі ластаушылары хром, бор, фосфор, ауыл шаруашылықтық – фтор, фосфор және т.б. болып табылады.

Ақтөбе облысы Қазақстан өңірлерінің арасындағы орманы аз аймақ. Ақтөбе облысының орманды аумағы тек қана 0,13 пайызды құрайды, ал Шалқар, Ырғыз және Байғанин сияқты экологиялық қолайсыз аудандарда орман тіптен жоқ.

Ақтөбе облысының орман шаруашылығын дамытудың негізгі проблемаларының бірі орманды орналастыру болып табылады. Ол орман шаруашылығын жүргізуге және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорын пайдалануды кешенді бағалауға, ұйымның және алдағы ревизиялық кезеңге орман шаруашылығын жүргізуге негізгі ережелерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану

Жыл сайын облыста 650 мың тоннадан астам қалдықтар, оның ішінде 400 мың тонна коммуналдық және 250 мың тонна өнеркәсіптік қалдықтар құралады. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырып, тұрақты жинаумен Ақтөбе қаласы қамтылған. Қатты – тұрмыстық қалдықтарды қоймалау және сақтаудың негізгі орындары Ақтөбе қаласының полигондары болып табылады, ауылдық елді мекендердің қоқысын лақтыратын орындары.

ҚТҚ кемінде 5% өңделеді, ал қалған қоқыс сұрыпталмай қоқыс полигондарында қоймаланып жата береді, бұл қоршаған ортаны қосымша ластауға әкеліп соғады. Сараптамашылардың деректері бойынша ҚТҚ морфологиялық құрамының 40 % өнеркәсіпте пайдалану үшін әлеуетті шикізат болып табылады, ал 30% жуығы компостирлеуге жатады. Автосервистің қалдықтары бағалы материалдардың өндірісі үшін шикізат болып табылады, оның ішінде жанар-жағар материалдары және отынның басқа түрлеріне, құрылыс материалдарына және т.б. Мәселен, 1 тонна даңғалақ (шина) 700 кг резинканы, 160 кг. Металл және 170 кг. текстилді құрайды.

Осылайша, ҚТҚ –ны екінші пайдалы шикізат етіп пайдалану Қазақстанда болашағы бар бағыт болып көрінеді, яғни экономикалық тартымдылығы жағынан да, сондай-ақ экологиялық жағынан да.


^ БАҒЫТ: Мемлекеттік қызмет көрсету

2011 жылы жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің барлық 47 түріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілді.

2011 жылы мемлекеттік қызметтің «мұрағаттық анықтама беру» жөніндегі 1 регламенті бекітілді. 44 регламент әзірленді және ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтында келісуде.

««Электрондық үкімет («Е-акимат»)» шлюзінің кіші жүйесі ретінде өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесін енгізу ауқымында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің 19 түрі электронды форматқа ауыстырылды.

««Электрондық үкімет («Е-акимат»)» шлюзіне 3 облыстық басқарма (мұрағаттар және құжаттама басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, жер қатынастары басқармасы) және Ақтөбе қаласының 5 бөлімі кіргізілген.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін интегрираланған ақпараттық жүйесі» (ХКО ИАЖ) жобасы аясында ҚР байланыс және ақпарат министрлігімен 2011 жылы ХКО ИАЖ аудандар деңгейінде пайдалану тәжірибесі мен дамыту бойынша шаралар жүргізілді.

Ақтөбе облысында ХКО ИАЖ ХКО қызметкерлері, қала және аудандар деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдар, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін реестрлерді бекіту туралы» № 745 Қаулысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қосылғандар кіргізілді.


2.3 Орташа мерзімдік перспективадағы аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдердің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары мен бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудың кешендік сипаттамасы

Ақтобе облысының 2004-2009 ж.ж. аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын талқылау нәтижелері өңірдің даму динамикасының өсуін көрсетеді. Әлемдік қаржылық дағдарыс салдары облыста 2009 ж. қатты байқалды, бұл макроэкономикалық дағдарыс лагымен және аймақтық экономикалық төмендеумен түсіндіріледі.

Табиғи қойнауларында негізделген аймақ экономикасының құрылымында өсу байқалған жоқ. Аймақтық экономика күшті тау-кен өндірісі мен экономика секторында инвестициялардың өсуімен сипатталады. Облыстың экономикалық кеңістігінің сапасы тек Ақтобе қалалық агломерациясында ғана жақсарады: халық тығыздығы, жолдардың шоғырлануы мен елді мекендердің байланысының өсуі. Ақтөбе, Қандыағаш пен Хромтау қалалары берілген агломерациялық аймақты құрайды.

Жалпылай келгенде аймақтық кеңістікті-құрылымдық даму бірыңғайсыздығы азаймайды. Денсаулық сақтау, білім беру мен халықтың әлеуметін қорғау салаларының дамыту байқалады, өңірдің ірі корпорацияларымен әлеуметтік сабақтастық өсіп келеді, мемлекет пен коммерциялық емес сектор арасындағы қарым-қатынас дамып келеді.

Өңірдің кешендік сипаттауында SWOT-анализ әдістемесі қолданылды.

Артықшылықтары:

  • Облыстық географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, көршілес Ресей Федерациясымен шекаралас болуы, Еуропа-Азия бағыты бойынша транспорттық-логистикалық және транзиттік потенциялының болуы;

  • Мұнай-газ және минералдық шикізат қорларының байлылығы өңірдің тау-кең өндірісінің дамытуын қамтамасыз етеді;

  • Химиялық өндірісінің дамыуына қажетті шикізаттарының бар болуы;

  • Қара және түсті метталургия саласының экономикалық аса ірі потенциялы мен медицина және мұнай жабдықтарын жасаудағы инновациялық әлеует;

  • Машина жасау, металл бұйымдары мен құрылыс материалдарын дамытудың аса зор әлеуеті;

  • Жағымды инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі;

  • Жоғары демографиялық әлеует: бала таба алатын халықтың басым болуы;

  • Еңбек нарығының дамыту: еңбек ете алатын халықтың басым болуы, жұмыссыздықтың деңгейін азайтады, экономикалық белсенді халықтың санын өсіреді;

  • Заман талабына сай кәсіптік білім беру үшін кешендік қорларының бар болуы;

  • Инфрақұрылым, профессорлық-мұғалімдік құрам;

  • Денсаулық сақтау саласының дмуы: туберкулез, ісік ауруымен ауратын науқастардың азаюы.

Кемшіліктері:

  • Өсіп келе жатқан энергия жетіспеушілігі және өндірістің дамуын шектейтін желі ішіндегі жоғалту деңгейінің жоғары болуы;

  • Салалық бірқалыпсыздық: тау-кең өндірісінің басым болуы, шағын бизнес саласының деңгейінің төмен болуы;

  • Шикізат секторның әлем бағаларынан тәуелділігінің жоғары болуы;

  • Қоршаған ортаның қазіргі кездегі және көп жылдар бойы ластануы;

  • Ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетінің бірқалыпсыз болуы;

  • Республика бойынша еңбек бөлінісіндегі облыстың тар кәсіптенуі, терең шикізаттық бағытталу мен өңдеу өндірісіндегі жеке кәсіпкерлікті дамытуға шарттардың жоқ болуы;

  • Экономикалық қорларды таратудағы аймақ аралық бірыңғайсыздық;

  • Жер құнарлығының деңгейінің төмен болуының себебі: агроөндірістік кешенінің дамымай қалғандығы, көп аймақтардағы су тапшылығы, ауыл-шаруашылық тауарларын өндірудің табиғи-климаттық жағдайларға тікелей байланысты болуы және ауыл-шаруашылық тауарларын өндірушілердің сату нүктелерінен қашық болуы;

  • Жоғарыдағы себепке байланысты ауыл-шаруашылын қолдаудағы жеке қызығушылығының бар болуы;

  • Азаматтардың тұрғын үйге тапшы болуы;

  • Аймақ аралық жолдарының сапасы төмен болуы;

  • Еңбек қорларындағы кәсіптік-дәрежелік құрылымының экономика талаптарына сай болмауы, кәсіптік білім беру саласындағы мамандарды дайындаудағы көлем мен бағытының арасындағы байланысының жоқ болуы;

  • Әлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңындағы шет елдерінің тауарларымен бәсекелесінің жоғары болуы;

  • Әлеуметтік инфрақұрылым объектілер жүйесінің аз дамыту, алыстағы ауылдық жерлеріндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетуінің қиындығы;

  • Кірістің бір жанға деген бөлінуінің бірқалыпсыздығы;

  • Ауылдық жерлердегі білім беру деңгейінің төмен болуы;

  • Аталмыш саладағы әлеуметтік инфрақұрылым қызмет көрсету саласының төмен болуы;

  • Мемлекеттік органдары мен халық арасындағы жедел байланысының жоқ болуы.

  • Мүмкіндіктері:

  • Оңтүстік, Орталық және Солтүстік өсу осьтерінде мультикөліктік шиеленісі сияқты Қазақстанның маңызды территорялық аймақта географиялық тұрғыдан тиімділігі бар Ақтөбе облысы серіктес қалалардың дамуына жеке урбанистік шоғырланған аймақтарда агломерациялық-желілік орналасуына жағдай туғызады.

  • Экономиканың дамуының кластерлік моделі және шағын бизнес субъектілерінің кластерлік құрылымындағы белсенді ролі дәстүрлік экспорттық секторларында тауар айналымын жақсартады;

  • Қарқынды индустриялизациялау бағдарламасы шебіндегі мемлекеттік қолдаудың өңдеу саласын дамытуда және аймақ экономикасын көтеруде әсерін тигізеді;

  • СПК мен өңірдің технопаркінің жұмысы белсендіру инновациялық және өндірістік бағыттағы орта және шағын бизнесті дамытуға жағдай тудырады;

  • Республикалық бюджет және Даму фондтарының қаражатының арқасында көздеген инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда облыс экономикасының әлеуетінің өсуі;

  • Әсіресе өндіріс күштері жоқ алыс аймақтарда өнімді бірігіп дамыту мақсатында тұрғын шаруашылығы мен фермерлік шаруашылығының бірігуі;

  • Жергілікті шикізатта жаңа энергия өндіретін қуаттылығытардың құрылысы, электроэнергиясын беру желісінің реконструкциясы мен бірыңғай Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесімен интеграциясы;

  • Қоғамдық сектор қорларын тиімді пайдалану үшін мемлекеттің коммерциялық емес және жеке секторымен институционалдық ара қатынасын дамыту;

  • Орта және кішігірім қалалардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді тұрғызу және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

  • Кластерлер негізіндегі ауыл өндірушілердің кооперация процесін белсендіру арқасында өндіріс көлемін және ауыл-шаруашылық шикізат өңдеу дәрежесін арттыру;

  • Бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін арттыру;

  • Жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жылдық бағалау жүйесін ендіру арқасында жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін арттыру;

  • Медициналық мамандарды дайындау (Батыс Қазақстандағы жалғыз) және медициналық жабдықтарды шығару үшін базаның бар болуы, «Мамандарды дайындау – жабдықтарды шығару – қызмет көрсету» схемасы бойынша медициналық қызмет нарығының дамыту;

  • Жазғы топтарды дайындау мен ұщу аппараттарын жөндеу үшін базаның бар болуы. Экономиканың түрлі салалары үшін кіші авиация құралдарын жасап шығаруды қайта ұйымдастыру мен ұшу аппараттарына қызмет көрсету бойынша дамыту;

  • Көрші мемлекеттерінен иммиграция арқасында дәрежеленген жұмысшы күштерінің санын арттыру мен толықтыру мүмкіндігі (ауылды жерлердегі тұрғын үйлер, мектептер мен медициналық мекемелер құрылысы).

Қауіпті тұстары:

  • Энергия жетіспеушілігінің сақталуы нәтижесінде облыс экономикасының даму жылдамдығының баяулануы;

  • Технологиялық тұрғыдан артта қалу, аймақтық экономикасының салалық диспропорциясы мен шикізаттық экспорттың үлесі жоғары болуына байланысты ішкі нарығының импорттық тәуелділігінің артуы;

  • Қаржы-несие жүйесінің тұрақсыздығына қарамастан құрылыс саласы жағдайының сақталуы;

  • Аймақ экономикасының шикізаттық бағытталуының сақталуы;

  • Кәсіптік білім беру жүйесінде бірқалыпсыздықтың сақталуы еңбек қорларына деген сұранысты қамтамасыз етуіне кері әсер етеді;

  • Жол шаруашылығы мен көлік дамытуның қазіргі деңгейінің сақталуындағы бәсекелестік артықшылықтарының азаюы;

  • Тазарту құрылғыларының төмен жетілдіру жағдайында экологиялық жағдайдың нашарлануы;

  • Желілердің тозу деңгейінің жоғары қалпында сақталудағы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің және бизнес жүргізу шарттарының нашарлауы;

  • Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызмет көрсетулеріне тапшы болуы ауылдық жерлердегі адам әлеуетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады;

  • Даму институттарындағы жобаларды қарастыру мерзімдерінің созылуы, соның ішіде қарқынды индустриялизациялау бағдарламасына байланысты;

  • Жергілікті атқару органдарының аймақтық стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарының құрастыру сапасының төмен болуы;

  • Жаңа жоспарлау жүйесіне көшудегі басқармалардың дайын болмауы;

  • Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шараларын енгізудегі алатын теріс нәтижелері;


^ 3. АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ


Ақтөбе облысы көмірсутекті және минералды шикізаттарды өндіру негізінде, өңірдің таңдаулы салаларының (құрылыс индустриясы, химиялық өндіріс, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу) дамытумен байланысқан динамикалық өңдеу өндірісінің негізінде және Батыс Қазақстандағы көліктік-логистикалық орталығын дамытудың арқасында жағымды бизнес аясы бар, өмір сүру деңгейі жоғары аймаққа айналады.

Жалпы көріністі жүзеге асыру келесіде бағытталған:

  • аймақ бойынша өндіріс күштерін тиімді бөлу, әлеуметтік-экономикалық өсудің барлық көздеріне халыққа жол ашатын орналастыру жүйесін дамыту арқасында өңірдің ұлттық және әлемдік нарықпен бірігуін және әлеуметтік-экономикалық дамытун тездетуін қамтамасыз ету;

  • минералды-шикізаттық қорларға бай және ішкі өндірістің есебінен азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарда өзінің қажеттілігімен толық қамтамасыз ететін индустриялдық аймақты дамыту;

  • табиғи қорларды игеру және түбегейлі қайта өңдеу;

  • азық-түлік қауіпсіздігі және саланы қарқынды даму кепілі бола алатын агроөндірістік кешенді дамыту:

  • көкөніс өсіру саласында құрылымдық және технологиялық диверсификация жұмыстарын, таңдаулы ауыл шаруашылық өнімдерін егу аудандарын кеңейту жұмысын әрі қарай жалғастыру (Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау және Қобда аймағының Солтүстік бөлігінде бар бидай егістіктері)

  • Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда және Хромтау аудандары сияқты Ақтөбенің қала маңайындағы аймақтарында сүтті мал шаруашылығын дамытуын жалғастыру (қазақтың қатты жүнді қойларын Шалқар, Байғаны, Ойыл, Темір, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында ұстайды; цигай тұқымды қойларды Алға, Мұғалжар және Қобда аудандарында ұстайды)

  • инновациялық өндіріс пен аймақтық өндірістік кластерлер құрылымындағы істегі өнеркәсіптерді жетілдіруін тездетуді қамтамасыз ету;

  • отандық келешегі зор ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру және шет елдерінің алдыңғы қатардағы технологияларды қолдану есебінен өндіріс қуаттылығын технологиялық жетілдіру;

  • әлемде дамып келе жатқан көліктік және өндірістік логистика механизмдері көмегімен жасап шығаратын тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекелестігін қамтамасыз ету;

  • «Шығыс – Батыс», «Солтүстік - Оңтүстік» бағыттары бойынша тразиттік орталық болып саналатын аймақ мәртебесін нығайту;

  • инфрақұрылымның барлық түрлерін, соның ішінде инновациялық, жетілдіру;

  • аймақтық экологиялық жағдайды жақсарту. Экономикалық істің экологизациялау есебінен өңірдің қоршаған ортасын түбегейлі түрде жақсарту;

  • орналастыру жүйесін жетілдіруді жалғастыру, негізгі тұрғылықты жерлер аясында оларға серіктес тұрғын аймақтары негізінде жоғары өмір сүру деңгейлі агломерация құрастыру.

Бағдарламаны жүзеге асырудағы орындалудың әр түрлі кезеңдердегі құралдары болып есептеледі: 2011-2015 ж.ж. аралығындағы Ақтөбе облысының аймақтарын дамыту Бағдарламасының шаралар Жоспары, сәйкес мемлекеттік құрылымдарының стратегиялық және операциондық басқармалардың жоспарлары, басқармалардың шебер-жобалары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары.

Ақтөбе аймағының негізгі болашағы зор салалары:

1) мұнай және газ өндіру;

2) қара және түсті металлургия;

3) химиялық өндіріс;

4) ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу;

5) құрылыс материалдарын жасау;


Жалпы өңірдің индустриялдық кешенінде өндірістің барлық дерлік түрлері ұсынылған. Ақтөбе облысының әрі қарай дамытунда өндірістің инновациялық белсенділік пен шикізаттық емес салаларды диверсификациялау мәселелері үлкен орын алады.

Металлургиялық өндірісі және мұнай өңдеу өндірісіндегі экспорттық салаларының дамыту істегі өндірістерді қайта жаңғырту, жетілдіру, техникалық қайта жабдықтау және бағытын өзгерту жолымен өнімдерді диверсификациялауға негізделген.

Сонымен қатар өндірісті басқарудың халықаралық стандарттарды және өнім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін еңгізу қарастырылады. Келесі маңызды элементі инновациялық саланы дамыту және өндірісте жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Аймақтық айналым өніміндегі шикізаттық бөлімнің орнына жоғары технологиялық экспорттық өнімді қолдану аймақ экономикасын диверсификациялаудағы маңызды мәселе болып саналады.

Ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық іскерлікке кішігірім кәсіпкерлерді шақыру, кластерлік әдісі негізіндегі аймақтық нарығында бәсекелестік әлеуеті бар салаларды дамыту, халықаралық маңызы зор жаңа жобаларды іске асыру, экономиканың жоғары технологиялық шикізаттық емес секторын құрастыру өңірдің бәсекелестігін арттырады және әлемдік экономикасымен интеграциялауды қамтамасыз етеді.


Түйінді индикаторлар:


2015 жылы Жалпы өңірлік өнім көлемі нақты көріністе - 107,9% құрайды.

^ Жалпы өңірлік өнім құрылымында өңдеу өнеркәсіптерінің үлесі 2015 жылы 9,5 құрайды (2011ж. – 8,4%).

Жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларын сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесі - 24%, жұмыс пен қызмет - 85% құрайды.

Шикі мұнай өндіру көлемі 2015жылы – 9,1 мл. тонна ( 2011ж.- 8,5 млн.тонна), газ - 5836,7 млн. куб.м. (2011 жылға өсім 1,4 есе) құрайды.

^ 2015 жылы агроөнекәсіп кешенінде еңбек өнімділігі 2011 жылмен салыстырғанда 16,2% құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 4,8% дейін қысқарады (2011ж.- 4,9%).

^ Жұмысқа орналастыру бойынша өтініш білдірген адамдардан жұмысқа орналастырылғандардың санының үлесі 2015 жылы - 70% құрайды.

2015 жылы тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қанағаттанушылық деңгейі - 91% құрайды.

^ 2015 жылы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының саны олардың жалпы санының - 30% құрайды (2011ж. – 12,0%).

2015 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі - 80% жетеді.

Тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 95 % құрайды.

^ 2015 жылы зиянды заттарды жалпы шығарудың деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 11,8% төмендейді.

2015 жылы жоғары әлеуетті дамыған ауылдық елді мекендердің саны 41 бірлікке жетеді.


^ 4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР МАҚСАТТАР ТАЛАПТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ


Ескерту: * қосымша НИ және ТНК белгіленіп қойылды

^

БАҒЫТ: Экономика




Өңірлік экономика







Нысаналы индикаторлар, тікелей нәтиже көрсеткіштерінің атаулары

Өлшем

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындаушы




факт

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




 

^ Мақсат 1:Өңір экономикасының дамуы




1

Нысаналы индикаторлар:

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы ЖӨӨ нақты көлем индексі

%

105,8

106,0

105,5

106,3

107,9

ЭБЖБ, барлық басқармалар




 

^ 1 Міндет. ЖӨӨ өсуі




1.1.

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млрд. теңге

1433,1

1500,0

1590,0

1690,0

1820,0

ЭБЖБ




Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары:

5 жылдық мерзімге облыстың әлеуметтік-экономикалық даму юолжамын әзірлеу.

Қолайсыз ахуалдарды анықтау, өңірдің экономика саласын дамыту бойынша уақытында шаралар қабылдау мақсатында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайын талдау жүргізу.




 

^ 2 МІНДЕТ. Әлемдік сауда жүйесіндегі интеграция және қазақстандық өнімнің экспортын жылжыту




 1.2.

Экспорт

%

164

105

103,7

104,1

105

ӨКБ




 1.3.

Импорт

%

65,9

109

109

109,1

112,1

ӨКБ




Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары:

Жергілікті өндірістердің тауарларын көрсету және айналдыру үшін көрмелер және басқа да шаралар ұйымдастыру және қатысу.

Жоғарғы қосымша құнымен экспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыру




 

Міндет 3. Инфляциялық процестерді тұрақтандыру




 1.4.

Инфляция деңгейі

%

106,8

106,5

106

106

106

ӨКБ АШБ




Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары:

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу.

Жергілікті өндірістердің тауарлары мен өнімдері туралы жергілікті тұтынушыларды ақпараттандыруды кеңейту. Сауда үшін қолайлы жағдай туғызу және әлуеметтік мәні бар азық-түліктік тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында меморандумдармен келісу.




 

Өнеркәсіп







^ Мақсат 2 Өнеркәсіптің дамуы




2

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі

%

108,5

105,8

110,2

104,7

101,9

ӨКБ




 

Міндет 1. Жоғары қосымша құнымен жаңа өндірістер құру




 2.1.

Жалпы өңірлік өнімде өнеркәсіптің үлесі

%

46,3

46,4

47,0

47,5

48

ӨКБ




 2.2.

Өнеркәсіптік өнімнің жалпы қосымша құнын ұлғайту

%

124,8

116,0

107,0

108

108,5

ӨКБ





Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары:

(«Қазхром ТҰК» АҚ) (№4цех) жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы

(«Шилісай Кемикалс» компаниясы) ДАФ/МАФ түріндегі күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі.

Кендерді қайта өңдеу бойынша құрылыс кешені және қуаты жылына 20,0 мың тонна катодтық мыс өндіретін катодтық мыс өндірісі («Қазкуппер» ЖШС)

Өңірдегі өнеркәсіп өндірістерінің басқа түрлерін дамыту.




3

НИ. Металдық кендер өндірудің нақты көлем индексі *

%

111,4

105,0

106,0

107,0

108,0

ӨКБ




 

Міндет 2. Тау-кен металлургиялық өнеркәсіпті дамыту




3.1.

Түсті металдар өндірудің НКИ (мыс кендері)

%

117,8

105

106

107

108

ӨКБ




3.2

Темір кендерін өндірудің НКИ

%

139,2

110,0

110,0

110,0

110,0

ӨКБ




 3.3.

Мыс кендерін өндіру көлемі

мың.тонна

5058,2

5060,0

5200,0

5200,0

5200,0

ӨКБ




Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары:

«Весенне-Аралчинск» жер қойнау рудигінің құрылысы («Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС).

Тау-кен байыту кешенінің құрылысы ( «ДП Ақтөбе-Темір -ВС» ЖШС).




4

НИ. Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығарудағы нақты көлем индексі

%

103,7

102

101,1

101,1

101,2

ӨКБ




 

Міндет 3. Өңдеу өнеркәсібін дамыту




4.1.

Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі

%

8,4

8,6

8,8

9

9,5

ӨКБ




4.2.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

%

126,9

104

107

110

110

ӨКБ




4.3.

Өңдеу өнеркәсібі өнімдеріне экспорттың өсуі

%

33,1

34,4

37

40

45

ӨКБ




Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары:

Кендерді қайта өңдеу бойынша құрылыс кешені және қуаты жылына 20,0 мың тонна катодтық мыс өндіретін катодтық мыс өндірісі («Қазкуппер» ЖШС)

Ілеспе мұнай газын қайта өңдеу қондырғысының құрылысы («НарГазИнжиниринг» ЖШС).

Өңдеуші өнеркәсіп саласында жаңа өндірістерді дамыту




5

Металлургия өнеркәсібі өнімдеріндегі нақты көлем индексі *

%

98,2

102,2

102,5

120

110

ӨКБ




 

Міндет 4. Металлургия өнеркәсібін дамыту




 5.1.

Ферроқорытпа өндірісінің көлемі*

млн.тенге

396,3

400,0

440,0

440,0

440,0

ӨКБ




 5.2.

Металлургия өнеркәсібіндегі экспорттың өсуі *

%

118,9

105,0

106,0

107,0

108,0

ӨКБ




Қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары:

Кендерді қайта өңдеу бойынша құрылыс кешені және қуаты жылына 20,0 мың тонна катодтық мыс өндіретін катодтық мыс өндірісі («Қазкуппер» ЖШС)

(«Қазхром ТҰК» АҚ) (№4цех жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы)

Рельсті және фасонды прокаттар өндірісі («Транспорттық технологиялар» ЖШС, «ҚТЖ» «ҰК» АҚ).

(«SBS Steel» ЖШС) Металлургиялық зауыты.




6

Басқа метал емес минаральды өнімдер өндірісінің нақты индекс көлемі *

%

149,9

113,0

116,1

116,7

117,0

ӨКБ




 

Міндет 5. Металл емес минералды өнімдерді дамыту




 6.1.

Басқа метал емес минаралды өнімдер өндірісі бойынша ЖҚҚ ұлғайту*

млн. тенге

10 625

10 748

10 855

11 822

12 000

ӨКБ



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Похожие:

АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағдарлар, мақсаттар, талаптар, нысаналы индикаторлар, НӘтижелер көрсеткіштері және іске асыру жолдары 101
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы