|
Жоба Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы ____ __________№ ______ қаулысымен бекітілді «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар 1. Осы «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады: 1) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар; 2) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) –мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазым иелері. ^ 2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет). 3. Елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру мемлекеттік қызметі облыстық маңызы бар қаланың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетедi. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт беру автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетедi. Сонымен қатар сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы балама негізде көрсетедi. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет:«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 2) тармақшасы; «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасы; «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінің 5-тармағы; «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет стандарты) негізінде көрсетіледі. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе қағаз тасығышта облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт) беру болып табылады. ^ 7. Мекенжайы туралы ақпарат: уәкілетті орган осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген, жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Жұмыс кестесі: демалыс, сондаай-ақ мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін; ХҚКО Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Жұмыс кестесі: түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбі аралығы. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы жөнінде ақпарат алу тәртібі: 1) мемлекеттік қызметті алушы үшін уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдары ғимараттарының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде; 2) www.saulet.aktobe.gov.kz мекенжайы бойынша «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде; 3) www.zhol.aktobe.gov.kz мекенжайы бойынша «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде; 4) ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде, сондай-ақ ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Мемлекеттік қызмет стандартының 7-тармағында белгіленген. 10. Мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бас тартудың негіздемесі болып табылады. 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында белгіленген құжаттардың тізбесі ұсынылады. 12. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету сатылары: Уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға/жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында тізбесі көрсетілген құжаттар пакетiмен бірге өтініш береді; 2) маман құжаттарды қабылдап алады және құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, оларды тіркеу журналына құжаттарды тіркейді және басшыға жолдайды; 3) басшы қарап танысқан соң бұрыштама қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға тапсырады; 4) жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті қарап танысуды жүзеге асырады, рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, одан кейін басшыға қол қоюға жолдайды; 5) басшы рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және маманға жолдайды; 6) маман мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді. ХҚКО арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында тізбесі көрсетілген құжаттар пакетiмен бірге ХҚКО өтініш береді, ХҚКО инспектор құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді; 2) ХҚКО инспектор инспекторы өтініш тіркеуді жүргізеді, сосын құжаттар уәкілетті органға/жергілікті атқарушы органға жөнелтіледі. Құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін сканер штрихкодтың көмегімен тіркелінеді; 3) маман ХҚКО - тан қабылданған құжаттарды тексереді, оларды тіркейді, бұрыштама қою және жауапты орындаушыны анықтау үшін уәкілетті орган басшыға жолдайды, содан кейін жауапты орындаушыға жолданады; 4) жауапты орындаушы ХҚКО - тан келіп түскен өтінішті қарап танысуды жүзеге асырады, рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, одан кейін басшыға қол қоюға жолдайды; 5) басшы рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және маманға жолдайды; 6) маман ХҚКО – ға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін жолдайды. Уәкілетті органнан/жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін қабылдау кезде ХҚКО – ға келіп түскен құжаттарды сканер штрихкодтың көмегімен белгілейді; 7) ХҚКО мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді. 13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр сатысында құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер құрайды. ^ (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау 14. Құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады: 1) Уәкілетті органның/жергілікті атқарушы органның маманы. Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) маманның тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі. 2) ХҚКО инспекторы. Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) инспектордың тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі. 15. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган және ХҚКО мемлекеттік қызметті алушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. 16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесі ҚФБ іске қосылған: Уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) маман (ҚФБ - 1); 2)басшы (ҚФБ - 2); 3)жауапты орындаушы (ҚФБ - 3). ХҚКО арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) ХҚКО инспекторы (ҚФБ - 1); 2) маман (ҚФБ - 2); 3) басшы (ҚФБ - 3); 4) жауапты орындаушы (ҚФБ - 4). 17. Әр әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) орындалу мерзімі көрсетілген әр ҚФБ кезектілігінің сипаттамасы және әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) өзара әрекеттесуі осы Регламенттың 2-қосымшасында келтірілген. 18. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылының қисын кезектілігі арасындағы өзара байланысын бейнелейтін үлгілер осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген. ^ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер және әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауаптылықта болады «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша ^
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша ^ ҚФБ кезектілігінің сипаттамасы және әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) өзара әрекеттесуі Уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
^ Уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
^ Уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша ^ қисын кезектілігі арасындағы өзара байланысын бейнелейтін үлгілер Уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
|