Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы icon

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы



НазваниеҚоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы
Дата конвертации25.04.2013
Размер77.5 Kb.
ТипДокументы
источник

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 590 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 104-құжат


МАЗМҰНЫ

      Осы Заң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

       1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
               азаматтардың қатысуы туралы
               Қазақстан Республикасының заңдары

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Осы Заңның күшi жедел-iздестiру қызметiне байланысты туындайтын, Қазақстан Республикасының  заңдарымен регламенттелетiн құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

       ^ 2-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
               азаматтардың қатысуы

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес олардың iшкi iстер органдарына ерiктi түрде жәрдемдесуi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметiн заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырады.

       ^ 3-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың
               қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың
               қатысу мәселелерi жөнiндегi құзыретi

      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
      1) тиiстi әкiмдiктер қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарына жәрдемдесетiн азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты әзiрлеген бюджеттiк бағдарламаларды қарайды және бекiтедi;
      2) тиiстi әкiмдiктердiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияларының қызметiн бақылайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тiркейдi және олардың дербес есебiн жүргiзедi;
      2) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қалалардағы қалалық) комиссияларды құрады;
      3) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындайды;
      4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияларын құрады;
      3) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындайды;
      4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       4-бап. Iшкi iстер органдарының қоғамдық тәртiптi
               қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу
               мәселелерi жөнiндегi құзыретi

      Iшкi iстер органдары:
      1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың тәртiбiн, нысандары мен түрлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындайды;
      2) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар куәлiгiнiң үлгiсiн және эмблемасының нышанын әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) жергiлiктi атқарушы органдармен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
      4) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
      5) полицияның учаскелiк пункттерi базасында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады;
      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       5-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын
               азаматтарды тiркеу тәртiбi

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуға ниет бiлдiрген азамат iшкi iстер органына өтiнiш бередi, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң не паспортының көшiрмесiн қоса бередi. Азамат көрсетiлген құжаттарға өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса беруге құқылы.
      2. Iшкi iстер органы өтiнiш келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексередi, одан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына тиiстi қолдаухат берiп, оған ұсынылған құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркейдi, не қабылданған шешiмнiң себептерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде бас тартады.
      3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы келiп түскен қолдаухатты жетi жұмыс күнi iшiнде қарайды, азаматты тiркеудi жүргiзедi және оны қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебiне қояды, бұл туралы iшкi iстер органын жазбаша түрде хабардар етедi.
      4. Кәмелетке толмаған азаматтардың және өздерiне қатысты қылмыстық iс қозғалған не Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын не соттың шешiмi бойынша әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп  танылған азаматтардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуына жол берiлмейдi.
      5. Өтiнiштi қабылдамай тастау бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда өтiнiш берушiнiң қайта өтiнiш жасауына кедергi болмайды.
      6. Құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негiз болатын жағдайлар мыналар:
      азаматтың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуға ниетiнiң жоқтығы туралы өтiнiшi;
      қылмыстық жауапқа тартылуы;
      бiрнеше рет (бiр жыл iшiнде екi және одан да көп рет) қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрақты тұру үшiн кетуi;
      қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы (психикасының бұзылуы, маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыру не Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен  тiзбеге сәйкес айналасындағы адамдар үшiн қауiп төндiретiн ауру, не өлiм).
      7. Осы баптың 6-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы тиiстi iшкi iстер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебiнен шығарады.

       ^ 6-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын
               азаматтардың қызметiн шектеу

      Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға:
      1) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған iс жүргiзу қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыруға;
      2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн иеленiп алуға;
      3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасауға;
      4) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысу кезiнде куәгер болуға;
      5) адам мен азаматтың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн iс-әрекеттер жасауға;
      6) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысу кезiнде осы Заңның 7-бабының 3) тармақшасында аталған құралдарды қоспағанда, құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға тыйым салынады.

       ^ 7-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын
               азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың:
      1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларда iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;
      2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
      3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзге тәсiлдермен қол жеткiзу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл орайда ол үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмеуге тиiс. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi айқын адамдарға, жасы белгiлi немесе анық көрiнiп тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшiн және басқа құралдарды қолдануға тыйым салынады;
      4)  заңдарда   көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау немесе өзге мемлекеттiк билiк органдарына алып келуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұсталған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар не қылмыстық iс үшiн мәндi нәрселер бар деп ұйғаруға негiздер болған кезде, ұсталған адамның киiмiн тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшiн оларды алып қоюға;
      5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзалалардан және өзге төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға;
      6) құқық бұзушылық, маскүнемдiк, нашақорлық және уытқұмарлық профилактикасы жөнiнде түсiндiру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;
      7) азаматтардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқығы бар.
      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар:
      1) азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
      2) iшкi iстер органдарын өздерiне мәлiм болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактiлерi туралы дереу хабардар етуге;
      3) заңдарда көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуi бойынша өзiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуының заңдылығын растайтын куәлiгiн көрсетуге;
      4) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған азаматтарға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге;
      5) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысуы алдында құқықтық дайындықтан өтуге мiндеттi.

       ^ 8-бап. Көтермелеу шаралары

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:
      1) алғыс жариялау;
      2) грамотамен марапаттау;
      3) ақшалай сыйлықақы беру;
      4) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде айқындайтын өзге де шаралар.
      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен құрылатын комиссия iшкi iстер органының  ұсынымы бойынша қарайды.
      3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған iшкi iстер органының өкiлдерi енгiзiледi. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдарда тiркелмеген азаматтарды да, егер олар қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға септiгiн тигiзсе, осы Заңда белгiленген тәртiппен көтермелеуге құқылы.

       9-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
               азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан
               Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн
               жауаптылық

      Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi



Похожие:

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы iconАудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы»
Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен,...
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы iconҚоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың тізімі

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы iconҚылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы
Республикасының азаматтарын құқық тәртiбiн және қоғамдық қауiпсiздiктi қорғауға қатысуға белсендi тарту мақсатында Қазақстан Республикасының...
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы icon158-17 09. 01. 2012 ж. 20 1 2 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19...
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы iconБекітемінбекітемі н
Заңнамаға сәйкес аталған жұмысқа қатысуға құқы жоқ азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жібермеу бойынша жұмыс жүргізу...
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы icon«келісілді» Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы
Сондай-ақ, мемлекеттің тәуелсіздігін, қоғамдық процестерді демократияландыруда қоғамның, азаматтардың қатысуын қамтамасыз етуді нығайту...
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы icon201 «Қазақстан Республикасы iшкi істер министрлігі» 004 бағдарлама «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскерлердің қызметтері»
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскердің қызметін қамтамасыз ету»
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы icon201 «Қазақстан Республикасы iшкi істер министрлігі» 004 бағдарлама «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскерлердің қызметтері»
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскердің қызметін қамтамасыз ету»
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы icon«Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм мүгедектерді әлеуметтік қорғау 18. 03. 10 ж. ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы»
Заңының 25-бабында жергiлiктi атқарушы органдардың кірме жолдарды, пандустарды, мүгедек арбаларға арналған орындарды салып, мүгедектердiң...
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы icon2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Көркейту және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы