Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы icon

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы



НазваниеАқтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
страница1/5
Дата конвертации25.04.2013
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

Облыстық әділет департаментінде 28.01. 2013 ж. № 3506 болып тіркелді


Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы


Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы


Ақтөбе қ. 25.12. 2012 ж. № 469


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шiлдедегi № 981 «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Қоса беріліп отырған:

1) «Cпорт шеберiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті;

2) «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті;

3) «Спорт құрылыстарына санат беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

4) «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтер регламенті бекітілсін.

2. Ақтөбе облысының «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) мемлекеттік қызметтердің регламенттерін басқарманың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі А.Мұхамбетов

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25.12.
№ 469 қаулысымен 

бекiтiлген


«Спорт құрылыстарына санаттар беру»

мемлекеттiк қызмет регламенті


  1. Негізгі ұғымдар


1. Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру» регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады:

1) алушы – Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;

2)спорт құрылыстарының санаттары – спорт құрылыстарның өлшемі мен жабдықталуы жағынан оқу-жаттығу жұмысын, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық сабақтарын немесе көпшілік жарыстарды өткізуге мүмкіндің беретін мән-мөлшері;

3) «жалғыз терезе» қағидаты – өтініш берушілердің мемлекеттік қызметті алуға құқығын алуға растайтын құжаттар мен анықтамаларды ұсыну және әр түрлі инстанциялардан жинау барысында өтініш берушілерді шығарып тастау немесе барынша шектеуді қарастыратын мемлекеттік қызметтерді ұсыну;

4) халыққа қызмет көрсету орталығы – мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады (бұдан әрі – Орталық);

5) құрылымдық-функционалдық бірліктер – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі – ҚФБ).      


  1. Жалпы ережелер


2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық анықтамасы: спорт құрылыстарына санат беру.

3. «Спорт құрылыстарына санат беру» мемлекеттік қызметі баламасыз негізде «Спорт құрылыстарына санат беру» мемлекеттік қызмет стандартының 2 қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (Бұдан әрі –Орталықтар) арқылы, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 мекен-жайында орналасқан Ақтөбе облысының «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

4. Көрсетілетін қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы

27 шiлдедегi № 981 Қаулысымен бекітілген «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттiк қызмет Стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет Стандарты) негiзiнде көрсетiледi.

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген паспорттың үлгiлiк нысанына сәйкес спорт құрылысына санатты берілген паспорт беру, не болмаса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі – алушылар) көрсетіледі.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау қажет болған ретте алушы уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш жасауына болады, атауы, олардың заңды мекен-жайлары, телефон нөмірлері, осы регламенттің 3 тармағында және мемлекеттік қызмет Стандартының 2 қосымшасында көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы орталыққа жүгiнген сәттен бастап 7 жұмыс күнiнен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттiк орган, жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жол берiлетiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн қалғанда ұсынады);

2) алушының жүгiнген күнiнде сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды;
   3) алушының жүгiнген күнiнде сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды.

10. Уәкiлеттi орган аталған мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартады:

1) Мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында қарастырылған құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;

2) ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса.

Алушы мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырмаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкерi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.

Өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде ұсы -


нылмаған жағдайда алушыға екi күндiк мерзiмде берiледi.

Мемлекеттік қызметті тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) алушы Орталыққа өтініш береді;

2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді;

Құжаттарды Орталықтан уәкілетті органға жіберілгенін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қимылын бақылауға мүмкіндік беретін сканер штрихкодтың көмегімен нақтылайды;

3) Уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері Орталық ақпарат жүйесінде тіркейді (уәкілетті органда өзінің ақпараттық жүйесі жоқ жоғдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және анықтап қарау үшін басшыға жібереді;

4) анықтап қарағаннан кейін уәкілетті орган басшысы жауапты орындаушыға тапсырма береді;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың дұрыс толтырылуын және түгелдігін тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, сосын басшыға қол қоюға жібереді;

6) уәкілетті органның басшысы хабарландыруға немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

7) кеңсе қызметкері хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Орталыққа жібереді.

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде Орталық сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды нақтылайды.

8) Орталық алушыға хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды береді.

12. Мемлекетті қызметті көрсету үшін алушының құжаттарын қабылдауды Орталықта жұмыс кестесі бойынша жұмыс күні ішінде бір қызметкер жүзеге асырады.


^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


13. Орталықта құжаттар қабылдауды операциялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлерi жүзеге асырады.

Орталықтарда мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанға дейiн, еңбек заңнамасына сәйкес, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильдi орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес, бiрақ бiр елдi мекенде кемiнде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге

асырады.
    Орталық қызметкерi түпнұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.

14. Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерiн толтыру талап етiлмейдi.

Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырады.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:

1) сұрауды қабылдау күнi мен нөмiрi;

2) сұрау жасалған мемлекеттiк қызмет түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты, және олардың байланыс телефондары.

15. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

Уәкiлеттi органда демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн осы регламенттің 3-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша оның жұмысы қамтамасыз етiлетiн кесте белгiленедi.

16. Мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтамалық бюро, күту үшiн арналған орындықтар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар анықтамалық стендiлер орналасады. Ғимаратта мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стендiлер) көзделген.

Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету Орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

17. Орталықта дайын құжаттарды алушыға берудi орталықтың қызметкерi қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.

Егер алушы көрсетiлген мерзiмде қызметтiң нәтижесiн алуға келмесе, орталық оның бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн уәкiлеттi органға, жергiлiктi атқарушы органға бередi.

18. Уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандық -

тарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтау;

3) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;

4) мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;

5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңдiгi;

9) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

10) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;

11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды алу үшiн оларды сақтау;

12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

13) тиiмдiлiк;

14) сыпайылық.

19. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: уәкілетті орган және Орталық алушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ-ның тізбесі:

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері,

4) уәкілетті органның басшысы;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

21. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдер) өзара байланысы және реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіліп, осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

22. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемасы осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.


^ 5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты тұлғалардың жауапкершілігі


23. Уәкілетті органның және Орталықтың басшылары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте жауапты.


«Спорт құрылыстарына
санаттар беру» мемлекеттiк
қызмет регламентіне

1-қосымша

 

Нысан

^ Спорт құрылысы паспортының үлгiлiк нысаны

Спорт құрылысының атауы

Бекiтiлдi:
____________________ санат
20__ жылғы _______________
№ _________________ бұйрық

Паспорт тiркелдi
______________________________________
        (мемлекеттiк органның
______________________________________
                атауы)
______________________________________
______________________________________
     (басшысының Т.А.Ә. және қолы)

1. Жалпы мәлiметтер:

1. Мекенжайы (облыс, қала, аудан, ауыл, көше, үй, телефонның нөмiрi)
________________________________________________________________________________
2. Осы құрылыс қарамағындағы ұйымның атауы ______________________________________
3. Пайдалануға берген жылы мен айы _______________________________________________
4. Теңгерiмдiк құны (млн. теңге) ___________________________________________________
5. Жер учаскесi (гектармен) _______________________________________________________
6. Арнайы салынған немесе бейiмделген құрылыс _____________________________________
7. Жылумен жабдықтау (жергiлiктi, орталық) _________________________________________
8. Сумен жабдықтау (қалалық желi, артезиан құдықтары, табиғи сулардың
бұрғылары) _____________________________________________________________________
9. Кәрiз желiсi (қалалық, қазылған, тазарту құрылыстарының болуы)
________________________________________________________________________________
10. Желдеткiш (жасанды, тартылмалы, ағылмалы, ағылмалы-тартылмалы) ________________
11. Электрмен жабдықтау (өзiнiң көзi, орталықтандырылған) ___________________________
12. Телефоны (нөмiрлердiң саны) ___________________________________________________
13. Аумақты қоршау (бетон, металл, ағаш) ___________________________________________
14. Қосымша инженерлiк-техникалық қызметтер мен қондырғылар
(мұздатқыш қондырғылар, мачталық жарық беру, автоматтандырылған
қызметi) ________________________________________________________________________

2. Негiзгi құрылыстар мен үй-жайлар:

Р/с №

Атауы және мақсаты

Саны

Өлшемi

Бiржолғы өткiзу қабiлетi

Жарықтығы

Төсенiм

Дренаж

Электрондық табло, электрондық сағат

Радио, теледидар мен қамтылуы

Ұзындығы

Енi

Биiктiгi

Қабаттылығы, радиусы


























































  1. Қосымша құрылыстар мен үй-жайлар:

Р/с №

Атауы және мақсаты

Саны

Жалпы көлемi

Ескерту

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.

Шешiнетiн орын
Жуынатын орын
Дәретхана
Фойе
Киiм iлгiш
Қызмет көрсететiн персоналдың бөлмелерi
Жаттықтырушылар және әкiмшiлiк бөлмелерi
Медициналық кабинет
Әдiстемелiк кабинет
Радиоторабы
Массаж бөлмесi
Монша (хауыз)
Кино-зертхана
Зертхана (шеберхана)
Кiтапхана
Қамба
Қойма










4. Тұрғын жайлар және басқа да ғимараттар:

Р/с №

Атауы және мақсаты

Бөлмелердiң саны

Орындардың саны

Пайдалы алаңы

Қабаттардың саны

Ескерту

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Қонақ үй
Жатақхана
Жеке үйлер
Ас блогi
Асхана
Клуб
Демалыс бөлмесi
















5. Көрермендерге арналған құрылыс:

Р/с №

Атауы және құрастыру ерекшiлiктерi

Саны

Қатарлардың саны

Орындардың саны

Үлмектердiң саны

Санитарлық аспаптардың саны

Ескерту

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.

Мiнбе
Балкон
Киiм iлгiш
Дәретхана (ерлер)
Дәретхана (әйелдер)
Буфет/асхана
Фойе
Мейрамхана/дәмхана



















6. Спорттық құрылыс туралы мәлiметтер:

1. Спорт құрылысын пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттiк комиссия актiсiнiң нөмiрi мен қол қойылған күнi;

2. Шұғылданушылардың сандық құрамының жоспарлы-есептiк көрсеткiштерi және спорт құрылысының тәулiктiк жұмыс режимi:

Р/с №

Спорт құрылысының атауы

Шұғылданушылардың саны (барынша көбi)

Бiр адамға арналған шаршы метрлердiң нормасы

Пайдаланатын сағаттардың саны

Ескерту

1

2

3

4

5

6



















3. Санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылардың нөмiрлерi мен берiлген күнi.

4. Спорт жабдықтары мен мүкәммалдарының болуы туралы ақпарат (еркiн нысанда жасалады).

5. Мүмкiндiгi шектеулi адамдардың келуiне арналған спорт ғимараттарына қолжетiмдiлiк туралы ақпарат (еркiн нысанда жасалады).

6. Толықтырулар мен ескертулер

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Паспортты жасағандар:

Спорт құрылысы қарамағында ұйымның басшысы

__________________________
Өкiлi _______________________________________________________________
Мемлекеттiк органның маманы _________________________________________
Толтыру күнi ____ _____________ 20____ жыл


«Спорт құрылыстарына
санаттар беру» мемлекеттiк
қызмет регламентіне

2-қосымша
  1   2   3   4   5



Похожие:

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconТуризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №469 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconТуризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №469 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconТуризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №339 қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік
«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №339 қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік
«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №339 қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік
«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №339 қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік
«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы icon531 «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «20» қарашада
«Дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы iconӘлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №417 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 желтоқсанда...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы