«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Дата конвертации05.03.2013
Размер83.2 Kb.
ТипДокументы
источник




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік

объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа  1-қосымшада көрсетілген, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызды қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:

1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде;

2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында;

3) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты «электрондық үкіметінің» 1414 call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға да болады.

5. Осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште мекенжайдың тіркеу коды көрсетілген, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

1) осы стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап:

3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде;

7 (жеті) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде жүргізіледі.

Электрондық сұрау салу көзделмеген;

2) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты –20 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты –20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

Орталықтарда мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, Орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.

10. Мемлекеттік қызмет объект орналасқан жердегі Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар орналастырылған, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


11. Тұтынушы (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау үшін өзiнiң жеке басын куәландыратын құжатты және мыналарды ұсынады:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

3) көшірмелер: тіркеу туралы куәлік, статистикалық карта, СТН (заңды тұлғалар үшін);

жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту және жою үшін:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

3) әкімдік қаулысының немесе шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);

4) жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;

5) меншік иесінен сенімхаттың телнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);

6) блоктың (гараждар және саяжайлар үшін) реттік нөмірі мен нөмірін көрсете отырып, елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;

7) кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса беріп, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан (қажет болған жағдайда) қорытынды;

8) жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда).

Көрсетілген құжаттардан басқа жылжымайтын мүлік объектілеріне байланысты басқа да құжаттар ұсынылуы мүмкін.

Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексереді және тұпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады.

12. Құжаттарды қабылдау Орталықтарда «жалғыз терезе» қағидаты бойынша «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда қызметтің мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, онда Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

13. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.

Құжаттар сәйкес келген кезде Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті уәкілетті органға жібереді.

Орталық уәкілетті органға құжаттарды жеткізуді және одан кері алуды осы өтініштер қабылданған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.

Уәкілетті органнан орындалған құжаттар қолхатқа көрсетілген мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда Орталыққа түсуге тиіс.

14. Тұтынушыға Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде дайын анықтаманы беруді «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде Орталықтың қызметкері жүзеге асырады.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, Орталық оларды 3 (үш) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

15. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде өтініш иесіне жетпей тұрған құжатты көрсете отырып қолхат беріледі.

Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас таратады:

Уәкілетті орган Орталықтан түскен, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, Орталыққа қайтарады;

Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн ұсынады.

Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе Орталықтың қызметкері бас тартқан жағдайда тұтынушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарланады және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.


^ 3. Жұмыс қағидаттары


16. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі тұтынушыға қатысты мынадай;

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;

3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;

4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;

5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.


^ 4. Жұмыс нәтижелері


17. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

18. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның және Орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі бекітеді.


^ 5. Шағымдану тәртібі


19. Орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға көмек көрсету үшін тұтынушы телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталықтардың басшыларына шағым жасалады.

Орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» 1414 call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға да болады.

20. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда уәкілетті органның басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, түскі үзіліспен шағым жасалады. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген.

21. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әкімдердің аппаратына уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады. Әкімдер аппараты басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген.

22. Орталық қызметкері лайықсыз қызмет көрсеткен жағдайда Орталықтың немесе «Орталық» РМК Орталықты басқарып отырған басшысының атына шағым жасалады. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандартың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Қажет болған жағдайда шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін немесе Орталық қызметкерінің лайықсыз қызмет көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

25. Орталықтың немесе уәкілетті органның кеңсесіндегі тіркеу қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы түскен шағымдардың шағымның растау болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні шағымның екінші данасына немесе шағымға қоса берілген ілеспе хатқа қойылады).

Шағымды қабылдаған адам тұтынушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда шағымның нөмірі, күні, байланыс деректерін көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

_____________



Похожие:

«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан...
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы "Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде...
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
Бұл регламент «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік...
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет...
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентінде...
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Батыс Қазақстан облысы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi
Осы «Батыс Қазақстан облысы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет...
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер регламенті
Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер...
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconХалыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconҚазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік
Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы