АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница4/18
Дата конвертации05.03.2013
Размер2.85 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2.2.1. ЭКОНОМИКА



^ Жалпы өңірлік өнім

16 өңір (14 облыс және 2 республика дәрежесіндегі қала) арасында ЖӨӨ мен табысты тарату асимметриялық болып келеді. 2009 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ биіктігін талдау Қазақстанның мейлінше дамыған жақсы және мейлінше нашар дамыған облыстары арасында айырмашылықтың арта түсуін көрсетеді. Талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе облысын орташа дамыған өңірлер қатарына жатқызуға болады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2007 жылы 678,9 млрд. теңге, 2008ж ЖӨӨ көлемі 871,5 млрд. тенгеге дейін өсті. Алайда, 2009 жылы Ақтөбе облысының ЖӨӨ көлемі 853,6 млрд. теңге құрады. Ақтөбе облысының ЖӨӨ-нің төмендеуі дүниежүзілік қаржы дағдарысымен негізделеді. Жалпы алғанда 2007-2008 жж өңірдің ЖӨӨ меншікті салмағы орташа есеппен 5,3 және 5,4% құраса, 2009 жылы 5,0% құрады. Аталған төмендеу Республиканың ЖІӨ-де өңір алатын орынға ықпал етті. Ақтөбе облысы Қазақстан өңірлері арасында 9-орын алады.


1 ^ Кесте – Ақтөбе облысының ЖӨӨ ФКИ

2007

2008

2009

108,5

105,5

103,2


Ақтөбе облысының ЖӨӨ ФКИ төмендеп жатқанын 1-кестеден көруге болады. Төмендеу, негізінен, ЖӨӨ құрайтын салалар көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен орын алады.


1-сурет –2009 жылы Ақтөбе облысының ЖӨӨ құрылымы





2009 жылы өнеркәсіп үлесі ЖӨӨ-нің 42,8%-ын құрады, негізінен мұнай және газ саласы есебінен орын алды, жыл сайын өнеркәсіп үлесі арту үдерісіне ие болып отыр. Құрылымға сәйкес жалпы 853 646,0 миллион теңге құрайтын ЖӨӨ 2009 жылы ауыл шаруашылығында 52 276,4 миллион теңге, өнеркәсіпте 366 232,1 миллион теңге, құрылыста 65 222,1 миллион теңге, саудада 68 907,3 миллион теңге, көлік және байланыста 83115,5 миллион теңге болады.


2 ^ Кесте – Ақтөбе облысының ЖӨӨ құрылымы

млн.теңге

 

барлығы

Ауыл шаруашылығы

Өнерркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

^ Басқа қызмет түрлері

Қазақстан

Республикасы






















1990*

46 767,4

16 286,3

9 821,6

5 761,9

3 912,5

4 490,2

6 494,9

2007

12 849 794,0

727 335,8

3 635 126,0

1 213 216,6

1 587 736,3

1 481 636,2

4 204 743,1

2008

16 052 919,2

853 341,6

5 162 639,0

1 298 700,4

1 965 681,1

1 769 082,1

5 003 475,0

Ақтөбе






















1990

2 609,6

940,0

372,4

357,7

187,7

379,0

372,8

2007

678 938,6

26 146,4

304 436,6

46 714,5

53 529,9

70 849,5

177 261,7

2008

871 514,3

36 756,5

406 430,6

59 621,3

67 536,1

81 273,0

219 896,8


Облыстар мен қалалар арасында қосымша құн секторын таратуды талдау мақсатында сектор коэффициент (СК ) анықталды.

3-кесте – Қазақстан өңірлерінің Сектор коэффициентін салыстыру





^ Жалпы қосылған құн а/ш, млн. теңге

Өнеркәсіптің жалпы қосылған құны , млн. теңге

Қазақстан

853 341,6

100%

Ранг

ЖӨӨ нің

СК

тұрғындар бойынша

СК

5 162 639,0

100%

Ранг

ЖӨӨ нің

СК

тұрғындар бойынша

СК

Ақтөбе

36 756,5

4,3%

9

0,8

1,0

406 430,6

7,9%

5

1,5

1,7




Құрылыстың жалпы қосылған құны, млн. теңге

Сауданың жалпы қосылған құны , млн. теңге

Қазақстан

1 298 700,4

100%

Ранг

ЖӨӨ нің

СК

тұрғындар бойынша

СК

1 965 681,10

100%

Ранг

ЖӨӨ нің

СК

тұрғындар бойынша

СК

Ақтөбе

59 621,3

4,6%

6

0,8

1,0

67 536,1

3,4%

8

0,6

0,8




^ Көлік және байланыстың жалпы қосылған құны, млн. теңге

Басқа қызмет түрлерінің жалпы қосылған құны, млн. теңге

Қазақстан

1 769 082,1

100%

Ранг

ЖӨӨ нің

СК

тұрғындар бойынша

СК

5 003 475,0

100%

Ранг

ЖӨӨ нің

СК

тұрғындар бойынша

СК

Ақтөбе

81 273,0

4,6%

8

0,8

1,0

219 896,8

4,4%

9

0,8

1,0

Ақтөбе облысының экономикасы Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейінгі өнеркәсіп саласы есебінен дамушы облыс. Аталған 4 облыстың алдынғы 3 минералды отынның кіші секторын басым иеленумен сипатталады. Өнеркәсптік өндіріске қатысты СК 1,7 болып келетін Ақтөбе облысынан Атырау облысы тұрғындары бойынша СК 6,0 тең және Маңғыстау облысында СК 5,1 көрсеткіштерімен басым келеді. Аталған облыстар өнеркәсіп өндірісінде алдынғы қатарлы болып табылатыны баршаға мәлім.

Ауыл шаруашылығының СК ЖӨӨ бойынша 0,8 тең, тұрғындары бойынша – 1,0. Қазақстан өңірлері арасында Ақтөбе облысының дәрежесі биік емес (9-орын), алайда жоғарыда атап өткен өнеркәсіпке мамандандырылған (минералды отын) облыстар арасында ауыл шаруашылығының СК дәрежесі айтарлықтай жоғары. Тұрғын бойынша СК 1,0-ден жоғары болып қана үш облыста табылады, олардың қатарында Ақтөбе облысы да бар.

Құрылыс СК көрсеткендей Атырау облысы және Астана қаласы ЖІӨ және тұрғындар жағынан да айтарлықтай белсенді болып табылады. Құрылыс секторы Ақтөбе облысында басым болып табылмайды, ЖІӨ бойынша оның СК 0,8 құрады, алайда, аталған секторда халық саны бойынша СК 1,0-ге тең мейлінше жоғары өнімдікке ие.

Сауда СК Астана және Алматы қалаларының басымдылығын нақты көрсетеді. Аталған қалаларда сауда секторы тиісті экономикада басым келеді, бұл ЖІӨ бойынша СК 2,26-ға тең Алматы және 1,62-ге тең Астана қалаларына қарағанда айтарлықтай төмен болып табылады. Барлық облыстарда халқы бойынша СК 1,0-ден аз , оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша да аз екенін атап өту керек.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өңір экономикасының негізгі саласы болып табылады. Облыс өнеркәсiбін дамытудағы оң үрдістер 2007-2009 жылдар аралығындағы кезеңде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң өсуiне байланысты болды. 2008 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 879 млрд.теңге құрады, бұл көрсеткіш 2007 жылдың көрсеткішінен (655 млрд. тенге) 1,3 есе көп. 2009 ж аталған көрсеткіш дүниежүзілік қаржы дағдарысының әсерінен төмендеп 695,2 млрд. теңге құрады. Жалпы республикалық көлемде өнеркәсіптің меншікті салмағы - 7,9% құрады. Облыс өңірдегі басқа облыстары арасында 5 орында тұр.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 7,4%-ға, өндiрiс және электр энергиясын, газ өндіру, тарату (111%) және өңдеу өнеркәсiбінде 3,1%-ға өсім байқалады.

Мұнай өндіру 5,8%-ға, ілеспе мұнай газын өндіру - 1,2 есе, мыс рудалары - 11,6%, мыс концентраттарын өндiру - 5,6% артты. 2008 жылы 1920,9 миллион квт сағат электр энергиясы, 393 114 тыс. тонна ферроқұйма, 392 708 тонна феррохромның, 19 657 тонна хромның үш дәрежелі қышқылы, 16 494 тонна хром малмасы, 16 494 тонна натрийдің бихроматы өндірілді.

Белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге қарамастан облыстың әртараптандыру және инновациялық даму саясаты толық іске асырылған жоқ. Нәтижесінде экономика құрылымы шикiзат бағытын сақтады.

Ақтөбе облысы өндірісінің негізін тау-кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің меншікті салмағы – 77,9%. Аталған саланың құрамдауыштары: отын-энергетикалық пайдалы қазбалар (66, 7%), тау-кен өндіру өнеркәсібі, отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіріп алудан өзге (11,2%), металл рудаларын өндіріп алу (9,8%), тау-кен өнеркәсібінің өзге салалары (1,4%) жатады.

Өңдеу өнеркәсібінің негізін мына кіші салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру (саладағы меншікті салмағы 7,4%), тамақ азық-түліктерін өндіру, оның ішінде темекі өнімдері (4,2%), химия өнеркәсібі (1,8%), машина жасау (1,4%), өзге металл емес минералды өнімдер өндіру (1,2%), резеңке және пластмасса өнімдерін өндіру (1,2%), кокс өндірісі, мұнай өнімі және ядролық материалдар (0,6%), целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (0,3%), басқа да өндіріс салалары (0,1%).

Облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 17,5% құрайды.

Ақтөбе облысында өндiрiстің даму деңгейлерiн анықтайтын жетекші өңдеу өнеркәсібі кәсiпорындарына мыналар жатады:

Металлургия өнеркәсібінде 2009 жылдың ішінде «Қазхром» ТҰК» ЖШС (377,5 мың тонна) Ақтөбе облысының ферроқұймалар зауытының феррохром өндіру көлемін (377,5 мың тонна) арттырды, яғни, өңдеу саласының жалпы көлемінің 40 пайызын құрайды

Химия өнеркәсібінде « Ақтөбе облысының хром қосындылары зауыты» АҚ Қазақстанның жалғыз хром қосындыларын өндеуші болып табылады, және жалпы жобалық қуаттылығы 103,27 мың тонна құрайды.

2009 жылы 71,8 мың тонна хром тұзы өңдірілді.

Шығарылатын өнiм номенклатуралары: техникалық хромның ангидридi, техникалық металлургия хром тотығы, техникалық натрий бихроматы, хром сульфаты (негізгі), техникалық бихромат калийі, Ақтөбе облысында хромит кені негізінде өндiрiлетiн техникалық пигменттiк хромиттi тотық.

^ Машина жасауда «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ – мұнай өндіру жабдықтары, «Актюбрентген» АҚ – медициналық техника, «№ 406 Азаматтық авиация зауыты» АҚ авиациялық техниканы жөндеу қызметтері, «Ақтөбе металл құрастырушы зауыты» АҚ дайын металл бұйымдарын шығару өндірісімен айналысады.

^ Жеңіл өнеркәсіп негізінен саны аз ғана кәсіпорындардан тұрады. Бұл жерде сала кәсіпорындары ескі жабдықпен қамтылған, олардың жұмыс бастылығы 30-40%-дан аспайды.

Келешекте қуаттылығы жылына 3500 тонна «Киіз шығару, жүнді алғаш өңдеу, жылу сақтайтын плиталарды шығару өндірісі» жобасын іске асыру қарастырылды, 130 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. («АК-РУНО» ЖШС).

^ Басқа металл емес минерал өнімдерін өндіру өндірісінде өндірістік қызмет атқаратындар: «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ – құбыр өнімдері, «Стройдеталь» ЖШС - бетоннан жасалатын құрылыс өнімдері, силикат және қыш кірпіштерін өндіретін кірпіш зауыттары, ұяшықты бетоннан блоктер жасау: «Силикат-А» ЖШС, «Базальт» ЖШС, «Экотон-Батыс» ЖШС, «Ситал-2» ЖШС.

2010 жылдың басынан бері өңір экономикасында оң серпін байқалады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,3%-ға артты, оның ішінде тау-кен өндіру – 34,7%-ға, өндеу – 39,3%-ға артты.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 201,4 млрд.теңге құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен қарағанда 106,7% құрады.

Болжамдық бағалау бойынша 2010 жылы өңір өнеркәсібі саласында оң серпін сақталады. өнеркәсіп өнімінің көлемі 10, 0%-ға артады, оның iшiнде тау-кен өндiру - 7,0% және өңдеу саласы - 35,0%-ға артады. Мұнай өндiру көлемi болжамдар бойынша 2009 жылғы деңгейге қарағанда 3,1%-ға артады. Инвестициялар көлемi 311,7 миллиард теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда өсім қарқыны 110,3% құрады.

Ақтөбе облысында іске асырылатын инвестициялық жобаларда қазақстандық (жергілікті) мазмұнның артуына қатысты жұмыс арттырылды.

Инвестициялық жобалардағы қазақстан мазмұны мәселесі жобалар бастамашыларымен пысықталды.

Олар ұсынған материалдар бойынша іске асырылған инвестициялық жобалардағы қазақстандық мазмұн үлесі орташа есеппен 65,5% құрады.

Мысалы, жүйе құраушы «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нда сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн үлесі 70,0% құрады, «Восход-Ориел» ЖШС 570,0 млн теңгеге сатып алған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн үлесі 86,4% құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 Қаулысына сәйкес екі жүйе құраушы кәсіпорынға мониторинг жасау қажет - бұл «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ және «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС. 2010 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша ТРУ сатып алулардың жалпы көлемі 25,6 млрд.теңге құрады, немесе қазақстандық өндірушілер үлесі 20,4 млрд. теңге немесе 66,0%, оның ішінде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС - 71,2% және «АХҚЗ» АҚ - 56,2%. Жүйе жасаушы кәсіпорындардың қазақстандық өндірушілерден сатып алғандары: 13,5 млрд.теңгенің тауары, қазақстандық мазмұн үлесі 66,1%; 147,7 млн.теңгенің жұмысы – қазақстандық мазмұн үлесі 100,0%; 3,2 млрд.теңгенің қызметтері – қазақстандық мазмұн үлесі 64,4% құрады.

Облыстағы кәсiпорындар бойынша осы жылдың 1 қарашасына дейін 187 СТ-KZ сертификаттары алынған.

Қазақстандық мазмұн деңгейіінде өңірде өнеркәсiптің жүйе жасаушы кәсіпорындарының тауарларының сатып алуына әсер ететіндер:

Республиканың экономикасының қосалқы салаларының даму деңгейі жеткiлiксiз.

Ең алдымен шикiзаттарды мәжбүрлеп сатып алу;

Кәсiпорындардың тозған, ескірген, төмен технологиялық деңгейiне байланысты өңделетiн сектордың өнiмiнiң аз ғана бәсекеге түсе алатындығы;

Отандық кәсiпорындардың инновациялық белсендiлiгiнiң төмен деңгейiмен, айналымдағы ақшалардың тапшылығы және аз проценттi жалақысы бар қарыздардың ашық еместiгi.

Бұдан басқа, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың маркетингтік қызметтерiнiң әлсiз деңгейi тұтынушылар сұранысының төмендеуіне ықпал етедi.

Бұл мәселенiң шешiмдерi үшiн облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарының тауарлары, жұмыстары мен қызметтерiнiң тiзбесi, СТ-КZ сертификаттары бар облыстың тауар өндiрушiлерiнiң тiзiмдерi әзірленіп таратылды; қазақстандық мазмұнның даму тұрғыдағы меморандумдардының қол қою тетiктерi белсене қолданылды.

Жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларда тауарларды сатып алу, қазақстандық өндiрушiлердің келесідей ірі кәсіпорындарының тауарды сатып алу, жұмыс/қызметті іске асыру қарастырылған.


АҚ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» нысандар құрылысы кезінде 12 млрд. теңгеге дейін немесе компания жүзеге асыратын жобалардың көлемiнiң 20%.

  • АҚ «ТҰК «Қазхром» Ақтөбе ферроқорытпа зауытының «№4 жоғары көмiртектi феррохром шығаратын құрлыстық цех» құны 590,0 млн. АҚШ доллар , 20% көлемге дейін инвестициялық жобаны сату.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



Похожие:

АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағдарлар, мақсаттар, талаптар, нысаналы индикаторлар, НӘтижелер көрсеткіштері және іске асыру жолдары 101
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы