АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница3/18
Дата конвертации05.03.2013
Размер2.85 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
^




2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ





    1. 2.1.Өңірдің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуына ықпал етуін бағалау

Ақтөбе облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, денсаулық сақтау, бiлiм және халықты әлеуметтiк қорғау салаларында оң серпінмен сипатталады.

^ Аумақ және тұрғындар. Ақтөбе облысы аумақ үлкендігі бойынша Қазақстанда екінші облыс болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша өңір 12 ауданға, 139 ауылдық (селолық) және 2 кенттік әкімшілікке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала бар, оның ішінде: 7 шағын қала Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі) және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 410 ауылдық елді мекен.

Ақтөбе облысының халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша 757,7 мың адам құрады. Алайда облыста Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі халық тығыздығы байқалады.

^ Ақтөбе облысының ресурстық әлеуеті. Ақтөбе облысының жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнек және тас түсті шикізат, табиғи әрлеу материалдары, мұнай-битум тектілер және табы басқа пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Бұның салдарынан өңірде тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі, ферроқұймалар өндірісі және т.б. айтарлықтай дамуда. Тау-кен кәсіпорындарының мейлінше үлкен бөлігі Мұғалжар ауданында шоғырланған. Мұғалжар таулары никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға бай. Кемпірсай аумағында Хромтау, Никельтау шахталары ашылды, хромиттік және никель көздері Батамша кентінің жанынан табылды. Мергел әктасы бор кезеңінің соңында пайда болды және ол цемент өндірісінде пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмдарынан әйнек жасалады. Ақтөбе өңірінің орталық бөлігінде және оңтүстігінде мұнай мен газ өндіріп алу дамыған, мысалы, мұнай-газ конденсатының кен орындары Жаңажол, мұнай-газ кен орны Кенқияқ - тұз асты, мұнай кен орны, Кенқияқ-тұз үсті, және т.б. табылды. Өңірде хром бірігулерінің, ферроқұймалардың рентген аппаратураларының және машина жасаудың, химия комбинатының және өзге зауыттар қызмет етеді.

Қазақстан дамуындағы Ақтөбе облысының ахуалы. Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриалды дамыған өңірі болып табылады. Алайда әлемдік қаржы нарығындағы жағдайдың нашарлауы Ақтөбе облысының бірқатар өндірісінде 2009 жылғы көрсеткіштердің жай-күйіне теріс ықпал етті. Республиканың жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлеміндегі өңір үлесі 8,6% болды. 2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 695,2 млрд. тенге құрады. Негізгі сауда серіктестіктері болып табылатын елдерде экономиканың бәсеңдеуі экспорт өніміне – ферроқұймаларға, хром тұздарына сұраныстың қысқаруына әкелді.

Табиғи ресурстарға негізделетін өңір экономикасының құрылымында күрделі алға жылжулар соңғы жылдары анықталған жоқ. Жалпы алғанда экономика үшін салалық теңгерімсіздік тән: өндіріс пен инвестиция көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің өсімі, шағын бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі. Ақтөбе облысы экспорттайтын негізгі өнім минералды шикізат (67,2%) болып табылады, ал азық-түлік тауарлары 1,3%, химия өнімі және өзгелері 2,4%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар - 29,1%.

Бұған қарамастан әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтандылырған және оң өсім серпініне ие. Жақсару демографиялық салада байқалады, туу өсімі мен қайтыс болу деңгейінің төмендеуі атап өтіледі. Облыс халқының тетіктік қозғалысы айтарлықтай төмендеді. Халықтың өмір сүру деңгейі артуда, орташа айлық жалақы өсуде. Халық кедейлігі индексі 5,6%-ға төмендеді. Ақтөбе облысы аталған көрсеткіш бойынша 9 тармаққа көтеріліп, Қазақстан облыстары арасында 3-орынға шықты.

Өңірдің көлік әлеуеті өте жоғары. Облыста теміржол, автомобиль, әуе, сондай-ақ құбыр тасымалдау түрлері қызмет етеді. Алайда көлік инфрақұрылымының сапасы мен тығыздығы жеткілікті дамымаған болып қалып отыр.

Адами әлеуеттің даму индексі. Ақтөбе облысында 2003 - 2008 жылдар аралығында адами даму деңгейі бойынша оң үдерістер байқалады.

Адами даму индексі (АДИ) 2008 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ бойынша есептегенде 2003 жылдың деңгейінен 0,53 тармаққа басым болды. Қазақстанның өзге облыстары арасында Ақтөбе облысы 6-орын алады.

Ақтөбе облысы адами даму индексі бойынша жан басына тұтынуға пайдалану бойынша есептегенде 2003 жылғы 8 орыннан көтеріліп, 2008 жылы республикада 5-орын алды.

Ақтөбе облысы тұрғылықты халқының кедейшілiк индексi көрсеткiші бойынша Қазақстан өңірлері арасында 2003 жылғы 12 орыннан 2008 жылы 4-орынға ауысты, республикалық индекс 17,8% болғанда, 16,9% мәніне ие болды. Кедейлiк индексiнiң төмендеуіне 60 жасқа жетпеген халық үлесінің 33, 6%-дан 26, 6%-ға дейін төмендеуі; табысы күнкөріс минимумы (тұтыну бойынша) биіктігінен төмен халық үлесінің 9,7%-дан 6,4%-ға дейiн азаюы; жұмыссыздық деңгейiнiң 19,0%-дан 7,0%-ға дейiн төмендеуі ықпал етті.

Инвестициялық қызмет. 2003-2009 жылдар аралығындағы кезеңде инвестициялар көлемiнiң серпіні жыл сайынғы өсімнің оң үрдісіне ие. Ақтөбе облысының негізгі капиталына 2009 жылы 312,5 млрд. тенге инвестиция жасалды, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 2,7 есе артық.

Өңір инвестициясының үштен екі бөлігі (66,6%) облыс өнеркәсiбiн дамытуға бағытталған, онда тау-кен өндіру өнеркәсібі инвестициялары ең капитал сыйымды инвестициялар болып табылады. Облыс көлемінде тау-кен өндiру саласының меншікті салмағы 58,2%-ды құрайды. Мұнай және табиғи газ өндіру (37,3%), көлiк және байланыс (14,8%), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету (9,3%), өңдеу өнеркәсібі (2, 4%) басым салалар болып табылады.

Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданы мейлінше инвестицияланатын аудандар болып табылады. Олардың үлесіне сәйкесінше 23,4% және 22,8%-дан келедi. Минералды немесе отын-энергетикалық шикiзаттың бар болуы аудандардың инвестициялық тартымдылығының басты факторы болып есептеледі. Ойыл ауданы мейлінше аз инвестиция жасалатын аудан, оның үлесі 0, 3% құрады.

Өңірлік банктiк институттар сипаттамасы. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында коммерциялық банктердiң 16 филиалы тiркелген. Қарастырылатын мерзімде Ақтөбе облысында екiншi деңгейдегi банктер берген несие сомасы 98698,2 миллион теңгеден 104309,6 млн. теңгеге артты. Ақтөбе облысындағы ЕДБ беретін несие серпіні 2003-2009 жылдары аралығында бiрдей емес. Негiзiнен шағын кәсіпкерлікті дамытуға жалпы соманың 55,4% берілді. Дегенмен, шағын кәсiпкерлiктi несиелеудің сомасы номиналды тұлғалауда төмен болып табылады. Өңірде ипотекалық несиелеу 2006 ж басталды, алайда 2009 жылы ипотека күрт төмендедi.

Егер несие қоржының сапа сипаттамасына назар аударатын болсақ, мерзiмiнен кешіктірілген қарыз өсімінің жоғары қарқынын байқауға болады. Сондай-ақ проблемалық несие көлемi өсімінің қарқыны берілген несиелер көлемi өсімінің қарқынынан айтарлықтай жоғары.


^ 2.2. Аумақтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайына талдау
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



Похожие:

АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағдарлар, мақсаттар, талаптар, нысаналы индикаторлар, НӘтижелер көрсеткіштері және іске асыру жолдары 101
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
АҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы