2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары icon

2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары



Название2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары
Дата конвертации08.04.2014
Размер347.32 Kb.
ТипДокументы
источник

2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде

іс-шаралар жоспары




Мәселелер мен ұсыныстар

Іс-шаралар

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы

Александров селолық округі (2013 жылдың 1 ақпаны)

1

Тобыл өзені арқылы өту үшін металл құрылғысын орнату қажет, құрылғы өзен жағасында тұр. Қаражат пен арнайы техника қажет.

Көктемде Тобыл өзені арқылы өту үшін металл құрылғысын орнату мәселесі бойынша азаматтар жиыны ұйымдастырылсын. Құрылғының орнын ауыстыру және орнату үшін арнайы техника жіберуге көмек көрсетілсін

Каратаев А.Д.


Сейдахметов Б.К.

2013 жылдың 1 қазанына дейін

Тобыл өзені арқылы өту үшін металл құрылғы орнатылды

Өту құрылғысы пайдаланылуда

2

Почта хат-хабары уақытында жеткізілмейді. Почташының жалақысы төмен

Александров селолық округінің елді мекендеріне почтаны уақытында жеткізілу ұйымдастырылсын және почташының жалақысына қатысты мәселенің мән-жайы анықталсын.

Байбусунов А.Б.

Қостанай аудандық почта байланысы торабының бастығы (келісім бойынша)

2013 жылғы 15 сәуірге дейін

Қостанай аудандық почта байланысы торабының бастығы Б.К. Мухатовтың сөзінше, Александров селолық округтерінің елді мекендеріне почта бекітілген кесте бойынша, аптасына екі рет жеткізіледі. Почташы жалақысының мәселесі «Қазпочта» АҚ орталық аппаратына қарауға жіберілді

3

Халыққа зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің қазіргі мерзімдері, сондай-ақ почта жұмысының тұрақсыздығы округтің көптеген тұрғындарына «Қазақтелеком» қызметтеріне төлемді ай сайын айдың 20-сына дейін жүргізуге мүмкіндік бермейді

«Қазақтелекомға» байланыс қызметтеріне төлеу мерзімін айдың 25-іне дейін ұзарту туралы өтініш жіберілсін.

Аракелян Ф.Х.

2013 жылғы 1 наурызға дейін

Қостанай аудандық телекоммуникация өндірістік учаскесіне 05.02.2013ж. №13 өтініш жолданды. Мынадай жауап келді: «телекоммуникация қызметтеріне төлем есептеу айынан кейінгі айдың соңына дейін жүргізіледі (мысалы, қаңтар айында көрсетілген қызметтерге төлемді абонент ақпанның соңына дейін жүргізуі тиіс, төлем жүргізілмеген жағдайда телефонды ажырату 5 наурыздан кейін жүргізіледі)». Өткен және ағымдағы айға баланс жағдайын «195» телефоны (қоңырау шалу тегін) арқылы білуге болады

4

Ғаламтор жылдамдығы төмен. Таяу уақытта Александров селолық округінің селоларына дейін талшықты кәбіл салу жоспарланып отыр ма

Қостанай аудандық телекоммуникация өндірістік учаскесіне (АТӨУ) Александров селолық округін жылдамдығы жоғары Ғаламторға қосу бойынша сауал жіберілсін.

Каратаев А.Д.

2013 жылғы 5 ақпанға дейін

Қостанай аудандық телекоммуникация өндірістік учаскесіне 05.02.2013ж. №13 сауал жолданды.

Мынадай жауап келді: «сауал 2014 жылға арналған жоспарға талшықты байланыс желісін Александровка селосына дейін салуды енгізу үшін қарауға облыстық телекоммуникация дирекциясына жіберілді».

^ Белозер селолық округі (2013 жылғы 5 ақпан)

5

Сергеевка селосында кәмелетке толмаған балалары бар жағдайы нашар отбасылар бар

Сергеевка селосындағы жағдайы нашар отбасыларда тұрып жатқан кәмелетке толмаған балаларды мемлекеттік мекемелерге орналастыру және олардың ата-аналарын ата-аналық құқықтан айыру бойынша жұмыс жүргізілсін

Байбусунов А.Б.

Курманбаев Н.Т.

Бикенов Н.У.

Байгонов С.Б. (келісім бойынша)

2013 жылғы 1 тамызға дейін



Жағдайы нашар отбасылармен жұмыс жүргізілді, отбасылардағы жағдай қалпына келтірілді. Ата-аналық құқықтан айыру туралы мәселе шешілді. Отбасылар селолық округ әкімі мен Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ бақылауына алынды.

6

Рудный-Белозерка маршрутына жұмыс істейтін автобус салқын және жиі бұзылады. Рудный-Сергеевка бағытындағы автобус кейде жолаушыларды Сергеевка селосының аумағына дейін әкелмейді

Облыс әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-ге Рудный-Белозерка және Рудный-Сергеевка маршруттары бойынша автобус қатынасын жақсарту қажеттігі туралы хат жолдансын. Село тұрғындарын қабылданған шаралар туралы құлағдар етсін

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.

Курманбаев Н.Т.

2013 жылғы 20 ақпанға дейін

«Рудныйавтотранс» ЖШС директоры С.А. Ермухановқа 2013 жылғы 15 ақпанда № 48 хат жолданды. Жауап түскен жоқ.

2013 жылғы 1 сәуірде №93 қайта жасалған хат жолданды. Автобустың тұрақты қатынасы тәртіпке келтірілді, аптасына 4 рет қатынап тұрады.

7

Сергеевка селосы тұрғындарының малын жайлау үшін жайылымдар жетіспейді

Сергеевка селосы тұрғындарының малын жайлау үшін жайылымдардың бары туралы мәселе талқылансын

Аракелян Ф.Х.

Темирбаев М.Е.

Курманбаев Н.Т.

2013 жылғы 1 сәуірге дейін

Сергеевка селосындағы жеке меншіктің малы 142 басты құрайды. Мал жайлау үшін бөлінген жайылымдардың алаңы – 1149 гектар, 1 ірі қара мал басына өріс нормасы 3 гектар, жеке меншіктегі малды жайлау үшін жайылымдар жеткілікті.

^ Борис-Романовка селосы (2013 жылғы 1 ақпан)

8

Борис-Романов орта мектебінің шатырын жөндеу қажет

Борис-Романов орта мектебінің шатырын жөндеуге бюджетте қаражат қарастырылсын

Байбусунов А.Б.

Вакуленко Ю.В.

Бикенов Н.У.

2013 жылдың 1 қазанына дейін, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылды

Есеп-қисаптар орындалды. Борис-Романов орта мектебінің шатырын ағымдағы жөндеу үшін 5,7 млн. теңге қажет. Жөндеу 2014 жылы жүргізілетін болады.

9

Қостанай – Введенка жолына жөндеу қажет

Облыс әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Қостанай – Введенка жолына жөндеу өткізу мәселесі бойынша хат жіберу.

Сейдахметов Б.К.

2013 жылдың 1 наурызына дейін

Облыс әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ ақпараты бойынша, «Қостанай-Введенка» автожолына 5-тен 39 километрге дейін орташа жөндеу жүргізу үшін «Костанай Жолдары» ЖШС-мен шарт жасалған. Жұмыстарды жүргізу мерзімі 2013 жылдың сәуірінен бастап қыркүйегіне дейін

10

Көпшілік мәдени іс-шаралар өткізу үшін музыкалық аппаратура қажет

Борис-Романов селосының көпшілік мәдени іс-шараларын өткізу үшін музыкалық аппаратура сатып алу

Байбусунов А.Б.

Вакуленко Ю.В.

Калиева К.Т.



2013 жылдың 1 шілдесіне дейін


Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Мәдени-демалыс орталығы» КМҚК-мен Борис-Романовка селосына арнап музыкалық аппаратура сатып алынды

11

Мұсылман зиратын орналастыру үшін жер учаскесі қажет

Мұсылман зиратын орналастыру үшін жер учаскесін бөлу

Аракелян Ф.Х.

Темирбаев М.Е.

Калиева К.Т.

2013 жылдың 1 тамызына дейін

Қазіргі уақытта Борис-Романовка селосының аумағында мұсылман зиратын орналастырудың қажеттілігі жоқ, себебі селодан 2-ден 10 км дейінгі қашықтықта мұсылман зираттары бар.

^ Владимиров селолық округі (2013 жылғы 11 ақпан)

12

Владимировка селосындағы спорт алаңының жағдайын жақсарту қажет

Владимировка селосындағы спорт алаңына өзен құмы төселсін

Распаев Б.В.

2013 жылғы 1 тамызға дейін

Спорт алаңына өзен құмы төселді

13

Владимировка селосына газеттер уақытында жеткізілмейді

Владимировка селосына газеттерді уақытында жеткізу ұйымдастырылсын

Байбусунов А.Б.

Қостанай аудандық почта байланысы торабының бастығы. (келісім бойынша)

2013 жылғы 15 сәуірге дейін



Владимиров селолық округі әкімінің ақпараты бойынша Владимировка селосына газеттерді уақытында жеткізу ұйымдастырылған.

14

Владимировка селосына газ толығымен өткізілмеген

2014 жылы Владимировка селосына газ тартуға ЖСҚ әзірлеуге қаражат қарастырылсын

Аракелян Ф.Х.

Вакуленко Ю.В.

Сейдахметов Б.К.

2014 жылғы 1 ақпанға дейін




15

Зейнетақылар берудің кестесі жоқ. Зейнетақы беретін күндері үлкен кезек болады, себебі беру 16.00-ге қарай басталады

«Қазпочта» АҚпен Владимировка селосына зейнетақылар берудің кестесі жасалсын

Распаев Б.В. Қостанай аудандық почта байланысы торабының бастығы. (келісім бойынша)

2013 жылғы 20 ақпанға дейін

Зейнетақылар берудің кестесі жасалды.

Ай сайын зейнетақы беру 2 күн ішінде жүргізілетін болады.

^ Воскресеновка селосы (2013 жылғы 7 ақпан)

16

Воскресеновка селосында мал қорымын жайластыру қажет

Мал қорымы жабдықталсын

Сыздыков С.М.



2013 жылғы 1 қарашаға дейін

Воскресеновка селосында мал қорымын жайластыру тиімсіз, себебі жабдықтың құны 15 млн. теңге тұрады. «Ветеринарлық станция» МКК-де жылжымалы өлексе өртейтін пеш бар, ол 2014 жылдың қаңтарынан бастап өтінімдер бойынша қызмет көрсететін болады. Воскресеновка селосында «Ветеринарлық станция» МКК қызметтерін пайдаланыланылатын болып шешілді

^ Глазунов селолық округі (2013 жылғы 4 ақпан)

17

Ауыл күнін өткізу қажет

Ауыл күнін өткізу ұйымдастырылсын

Бекишев Е.К.

2013 жылғы 1 тамызға дейін, 2013 жылдың 1 қарашаға дейін ұзартылды




18

Семеновка селосындағы бұрынғы мектеп ғимараты бос тұр және күн өткен сайын ғимараттың жағдайы нашарлануда

Семеновка селосындағы бұрыңғы мектеп ғимараты жеке тұлғаға берілсін. Шартты ресімдеу кезінде ғимаратты тапсыру сәтінен бастап 5 жыл ішінде оның сақталуы туралы тармақ қарастырылсын.

Бекишев Е.К.

2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін

Семеновка селосындағы бұрынғы мектеп ғимаратына жер учаскесіне мемлекеттік акт ресімделді, ғимаратқа құжаттар Қостанай ауданының ХҚКО-да ресімдеуде тұр. Құжаттар ресімделгеннен кейін, Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ ғимаратты тапсыру туралы мәселені шешетін болады.

^ Жданов селолық округі (2013 жылғы 12 ақпан)

19

Жданов селолық округінде құдықтар жеткіліксіз

Ждановка селосында 2 құдық қазылып жайластырылсын

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.

Жүніс Д.Ж.

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін, 2014 жылғы 1 тамызға дейін ұзартылды.

Ждановка селосында 98 аулаға 3 қоғамдық құдық және жеке аулаларда 27 скважина мен құдық бар. Барлық құдықтардағы су физикалық-химиялық құрамы бойынша ауыз су болып табылмайды. Жаңа құдықтар салу ауыз сумен қамту мәселесін шешпейді, себебі «Костанайгидрогеология» ЖШС мәліметтері бойынша Ждановка селосына ауыз су жоқ. 2013 жылғы қараша айы бойы «Затобол ЖЭК» КМК сынамалық су тасу ұйымдастырылды. Халықтың суға деген қажеттілігінің төмендігінен су тасу тоқтатылды.

20

Магистральды газ құбыры Ждановка селосынан 3-4 шақырым қашықтықта тұр. Ждановка селосына қашан газ өткізіледі

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына Ждановка селосына газ өткізу мәселесі бойынша хат жолдансын

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.

2013 жылғы 1 наурызға дейін, 2013 жылдың 1 тамызына дейін ұзартылды



2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет трансферттері есебінен қаржыландыруға ұсынылған, Басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне жобаны енгізу үшін, «Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-ге Ждановка селосына газ өткізу бойынша инвестициялық ұсыныс 11.07.2013ж. №07-26/1186 жолданды.

^ Жамбыл селолық округі (2013 жылғы 13 ақпан)

21

Жамбыл селосындағы көшені жарықтандыру жеткіліксіз

Жамбыл селосындағы көшеге жарық беретін қосымша шамдар орнатылсын

Кускадамов М.Т.

2013 жылғы 1 тамызға дейін



Гагарин көшесін жарықтандыруға екі көше шамы орнатылды

22

Жамбыл орта мектебі үшін сорғы сатып алу қажет

Жамбыл селолық округі үшін сорғы сатып алу қосымша бақылауға қойылсын

Бикенов Н.У.

Кускадамов М.Т.

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Жергілікті бюджет есебінен Жамбыл орта мектебі үшін сорғы сатып алынды және орнатылды

23

Алтын дала селосында толық күн жұмыс істейтін шағын орталық ашу қажет

Алтын дала селосында толық күн жұмыс істейтін шағын орталық ашылсын

Байбусунов А.Б.

Абенова А.М..

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Алтын дала селосында толық күн жұмыс істейтін 10 адамдық шағын орталық ашылды

^ Заречный селолық округі (2013 жылғы 13 ақпан)

24

Қараусыз қалған көп қабатты үйлер селоның сәулеттік келбетін бұзып отыр

Жер инспекциясы, аудандық әділет басқармасы арқылы әрекет етіп, немесе сот тәртібімен Заречный селосындағы қараусыз қалған көп қабатты үйлердің иелерінен жер учаскелерін алу процесі жылдамдатылсын

Жумашев К.М.

2013 жылғы 1 қазанға дейін



Аудандық сотқа қараусыз қалған көп қабатты үйлердің иелерінен 3 жер учаскесін алу туралы 25.09.2013 ж. № 438 талап арыз жіберілді. Учаскелер тізбесі жер инспекциясына 18.10.2013ж. № 509

25

Заречное селосындағы Северный шағын ауданындағы үйлердің тұрғындары су құбыры мен кәріздік желілерге қосылуға рұқсат ала алмай отыр

Заречный селосы Северный шағын ауданындағы жаңа үйлерді су құбыры мен кәріздік желілерге қосуға рұқсат беру туралы мәселе шешілсін

Аракелян Ф.Х.

2013 жылғы 1 сәуірге дейін, 2013 жылдың 1 тамызына дейін ұзартылды


Мәселе шешілді. Заречное селосы Северный шағын ауданының тұрғындары су құбырына және кәріздік желілерге қосылуға «Затобол жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ге жүгіне алады.

26

Заречное селосы Абай көшесіндегі жаңа үйлерде электр жоқ

Аталған үйлердің тұрғындарынан делегация және ЭПК Forfait Қостанай АЭЖ өкілін шақырып, Заречное селосы Абай көшесіндегі жаңа үйлерде энергиямен қамсыздандырудың жоқтығы бойынша мәселенің мән-жайы анықталсын

Аракелян Ф.Х.

2013 жылғы 19 ақпан сағат 12.00-ге дейін



Тұрғындар делегациясымен кездесу болды. Тұрғындарға түсіндірілді: жаңа үйлерді электрмен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және өтінім бұл жобаны 2015 жылға дейін инженерлік коммуникацияларды дамытуға енгізу үшін облыс әкімдігіне жіберілді.

27

Юбилейная көшесінің Ленин көшесінің қиылысынан бастап көшенің бір бөлігі жарықтандырылмаған

Юбилейная көшесін Ленин көшесінің қиылысынан бастап жарықтандыру жөнге келтірілсін

Жумашев К.М.

2013 жылғы 1 сәуірге дейін, 2013 жылдың 1 маусымға дейін ұзартылды


Көше жарығын қосу үшін энергетикалық сараптамалық қорытындысы қажет. Барлық қажетті құжаттар «Казахэнергоэкспертиза» АҚ-қа тапсырылды.

^ Затобол кенті (2013 жылғы 13 ақпан)

28

Затобол кентінің орталығында шағын базар орналастыру туралы мәселе

Затобол кентінің орталығында Калинин көшесінде орналасқан шағын орталықты көркейту туралы мәселе қаралсын және ұсыныстар енгізілсін

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.

Шинкин Ж.Е.

2013 жылғы 15 наурызға дейін, 2012 жылғы 15 сәуірге дейін ұзартылды

Шағын базарды көркейту үшін алаңды жоспарлау жұмысы жүргізілді, 4 жаңа сатушы сөресі орнатылды. Бұдан әрі тас төсеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

29

Көшелерді күзету үшін полицейлер жеткіліксіз

Қостанай облысының Ішкі істер департаментіне Затобол кентін күзет-тұғыр қызметігнің күштерімен күзету мүмкіндігі туралы хат жолдансын

Вакуленко Ю.В.

2013 жылғы 1 наурызға дейін

Қостанай облысының ІІД бастығы С. Маткеновке 2013 жылғы 28 ақпанда № 07-25/368 ат жолданды.

^ Майкөл селолық округі (2013 жылғы 8 ақпан)

30

Краснопередовик бастауыш мектебінің спорт залын жөндеу жұмысы аяқталсын (Арман селосы)

Краснопередовик бастауыш мектебінің спорт залын жөндеу жұмыстары аяқталсын

Нурханов Ж.А.

2013 жылғы 1 сәуірге дейін, 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды




31

Майкөл селосындағы стадионға ағымдағы жөндеу қажет

Майкөл селосындағы стадионды жөнделсін

Нурханов Ж.А.

2013 жылғы 1 шілдеге дейін, 2014 жылдың 15 мамырға дейін ұзартылды




^ Мичурин селолық округі (2013 жылғы 12 ақпан)

32

Мичуринское селосының көшелері қардан уақытында тазаланбайды

Мичуринское селосының көшелерін қардан уақытында тазалау ұйымдастырылсын


Садовая көшесінде тұратын М.К. Иванованың үйіне кіреберіс қардан тазалансын

Базарбаев Р.Б.

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін

2013 жылғы 15 ақпанға дейін



М.К. Иванованың үйіне кіреберіс қардан тазалау жүргізілді

33

Алтынсарин селосындағы көп балалы отбасыға жанұялық типтегі балалар үйінің құрылысы үшін жер учаскесі бөлінді, бірақ құрылысқа қаражат жетпей отыр

Алтынсарин селосында балалар үйінің құрылысы үшін демеушілік көмекке шақырып жүгінсін. Аудандық «Арна» газетінде демеушілік көмек көрсету туралы тегін хабарландыру жариялансын, жарияланым екі ай бойы беріліп тұрсын

Байбусунов А.Б.

Иргасымова Ж.М. (келісім бойынша) Базарбаев Р.Б.

2013 жылғы 1 наурызға дейін

Хабарландыру «Арна» газетінде 22.02.2013ж. № 7 берілді, жарияланым қайталанып тұрады.

«Иолчуев» Ш/Қ басшысы көмек беретінін білдірді (іргетасын қалау үшін құм жеткізуді ұйымдастыру).

34

Мичурин дәрігерлік амбулаториясының «жедел жәрдем» көлігі жөндеуді қажет етеді

Мичурин дәрігерлік амбулаториясының «жедел жәрдем» автокөлігін ұстауға және жөндеуге көмек көрсету туралы меморандум жасалсын

Базарбаев Р.Б.

2013 жылғы 1 наурызға дейін

«Жедел жәрдем» автомашинасын жөндеуге және қызмет көрсетуге О. Крюкова ЖК-мен меморандум жасалды.

35

Округтің барлық елді мекендерінде Ауыл күндерін өткізу қажет

Садовое және Алтынсарин селоларында ауыл күні өткізілсін

Базарбаев Р.Б.

2013 жылдың 2-3-тоқсаны

Қаражаттың жоғына байланысты, іс-шараларды өткізу 2014 жылға жоспарланған

36

Мичурин селолық округінде полицияның 2 учаскелік инспекторы бар, бұндай үлкен округ үшін бұл жеткіліксіз

Мичурин селолық округіне учаскелік инспектор көмекшісінің бір бірлігі бөлінсін

Байгонов С.Б. (келісім бойынша)

2013 жылғы 15 сәуірге дейін

2013 жылдың 15 сәуірінен бастап Мичурин селолық округінде жұмыс істеу үшін учаскелік полиция инспекторы Н.К. Умурзаков жіберілді.

37

Садовое селосындағы көше электр желілерін жөндеу қажет

Мичурин селолық округіндегі көше электр желілеріне жөндеу жүргізу бақылауға алынсын

Аракелян Ф.Х.

Ким В.В. (келісім бойынша) Базарбаев Р.Б.

2013 жылғы 1 қазанға дейін

«КЭЦ» ЖШС Қостанай АЭЖ түсіндіруі бойынша қазіргі уақытта қаражаттың жоғына байланысты электр желілерін жөндеудің мүмкіншілігі жоқ. Селолық округ әкімінің жұмыс бақылауына ауыстырылды

38

Бұрынғы тир ғимаратын қалпына келтіруге бола ма

Бұрынғы тир ғимаратын қалпына келтіру мүмкіндігі туралы мәселе қаралсын. Ақпарат аудан әкіміне ұсынылсын

Байбусунов А.Б.

Куатканов Х.С.

2013 жылғы 15 мамырға дейін

Бұрынғы тир ғимараты апатты жағдайда тұр. Ақша қаражатының жоқтығына байланысты ғимаратты қалпына келтірудің мүмкіншілігі жоқ

39

Мичуринское селосында демалыс аймағын жабдықтау қажет

Мичуринское селосының Мәдениет үйі маңында демалыс аймағы жабдықталсын

Базарбаев Р.Б.

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Қарасты аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді, кепкен ағаштар кесілді. Демалыс аймағын жабдықтау жұмысын 2014 жылы жүргізу жоспарланып отыр

40

Мичуринское селосының аумағындағы құю цехының қызметі заңды болып табыла ма

Қостанай облысы бойынша экология департаментімен және салық басқармасымен бірлесіп Мичуринское селосындағы құю цехының қызметіне тексеру жүргізілсін

Куатканов Х.С.

Қостанай ауданы бойынша салық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Алимбаев А.Б. (келісім бойынша)

2013 жылғы 1 мамырға дейін

Мичуринское селосындағы құю цехының қызметіне тексеру жүргізілді. Қызмет заңды болып табылады.

41

Мичуринское селосында кәрі ағаштар бар, оларды өз күшімізбен алып тастау мүмкін емес

Мичуринское селосының тұрғындарынан өз күштерімен алып тастау мүмкін емес кәрі ағаштарды кесуге өтініштер жиналсын. Өтінім аудан әкімінің атына жолдансын

Р. Базарбаев

2013 жылғы 15 наурызға дейін

Мичуринское селосының тұрғындарынан ағаштарды кесуге арыздар жинап алынды. Сомасы 436 мың теңгеге (бюджеттік қаражат) 34 ағаш және тұрғындардың өз қаражаты есебінен 100 шақты ағаш кесілді.

42

№ 105 маршруттағы автобус жиілігі 1,5 сағат

Облыс әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-ге маршруттағы автобустардың санын көбейту есебінен №105 маршруттағы автобус қозғалысының жиілігін азайту немесе Мичуринское селосына кіретін қосымша маршрут ұйымдастыру қажеттігі туралы хат жолдансын

Аракелян Ф.Х. Сейдахметов Б.К.

Базарбаев Р.Б.

2013 жылғы 1 наурызға дейін

2013 жылы қала маңындағы маршруттарға тендерлер өткізу Қостанай қаласының әкімдігіне тапсырылды. 1 маусымға дейін Қостанай қаласының әкіміне жолданған Мичуринское селосына қосымша маршрут ұйымдастыру туралы 14.06.13ж. №07-26/1019 өтінішке, автобус қозғалысының жиілігі қазіргі уақытта тасымалдаушы үшін тиімді болып табылатындығы туралы жауап алынды.

^ Мәскеу селолық округі (2013 жылғы 6 ақпан)

43

2013 жылы Озерное, Мәскеу, Светлый Жаркөл селолары үшін электр желілерін бөлу жүргізіледі және резервтік қорекпен қамтамасыз етілетін болады.

Озерное, Мәскеу, Светлый Жаркөл селоларының резервті электр желілерін бөлу бойынша жұмыс барысы бақылауға алынсын

Аракелян Ф.Х.

Айтмагамбетов С.К.

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін



Озерное, Мәскеу, Светлый Жаркөл селоларының резервті электр желілерін бөлу жұмыстарын ЛМУ көшпелі бригадасы жүргізді.

^ Надеждин селолық округі (2013 жылғы 7 ақпан)

44

Надеждинка селосында жарты күн жұмыс істейтін шағын орталық жұмыс істейді

Надеждинка селосында толық күн жұмыс істейтін шағын орталық ашуға қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылсын

Байбусунов А.Б.

Вакуленко Ю.В.

Турткараева А.К.

2013 жылғы 1 мамырға дейін



2014 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен сомасы 4,4 млн. теңгеге Надеждинка селосында толық күн жұмыс істейтін шағын орталықтың ашылуына шығыстар сметасы әзірленді.

45

Надеждинка селосы 1-бөлімшесінің тұрғындарына жеке малдың жайылымы үшін жайылымдар жетіспейді

Надеждинка селосы 1-бөлімшесі тұрғындарының малын жеке жайлау үшін учаскелер анықталсын және қолданыстағы жайылымдар тексерілсін

Итикей А.А.

Темирбаев М.Е.



2013 жылғы 1 мамырға дейін

Надеждинка селосы 1-бөлімшесінің тұрғындарына жеке малдың жайылымына учаскелер анықталды, шекаралар белгіленді. Мал жайлау ү.ж. 25 сәуірінен бастап жүзеге асырылады. 1 бас малға баға 700 теңге

46

Надеждинка селосын қосымша жарықтандыру қажет

Надеждинка селосын қосымша жарықтандыруға қаражат қарастырылсын

Итекей А.А.

2013 жылғы 1 қарашаға дейін

Ленин көшесін жарықтандыруға бір көше шамы орнатылды, Ленин, Гагарин көшелерінің шамдары жөнделді. 2014 жылға Школьная көшесін жарықтандыру жоспарланып отыр.

^ Октябрь селолық округі (2013 жылғы 11 ақпан)

47

Күрес спорты секциясы үшін Октябрь орта мектебіне күрес маттары қажет

Октябрь орта мектебі үшін күрес маттары сатып алынсын

Байбусунов А.Б.

Курмангалиев Б.Г.

Абенова А.М.

2013 жылғы 1 маусымға дейін, 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Октябрь орта мектебіне арнап 40 күрес маттарын сатып алды.

48

Совхоз орта мектебінің дене шынықтыру мұғаліміне күрес секциясын жүргізгені үшін қосымша ақы қажет

Совхоз орта мектебінің спорт нұсқаушысы 0,3 мөлшерлемесі 1,0 жалақы мөлшеріне дейін ұлғайтылсын

Байбусунов А.Б.

Курмангалиев Б.Г.

Бикенов Н.У.

2013 жылғы 1 мамырға дейін

Свхоз орта мектебінің дене шынықтыру мұғаліміне «Қазақша күрес» курсын өткізу үшін вариациялық компоненттен 6 сағат қосылды, сондай-ақ БЖСМ жаттықтырушысы еңбекақы мөлшерінің 8 сағаты бөлінді.

^ Озерное селосы (2013 жылғы 6 ақпан)

49

«Қостанай-Челябі» автожолының бойында орналасқан «Транзит» дәмханасының жұмысына шағымданушылар бар

Қостанай-Челябі автожолының бойында орналасқан «Транзит» дәмханасының қызметін тексеру үшін комиссия құрылсын және орынға барсын

Вакуленко Ю.В.

Байгонов С.Б. (келісім бойынша) Копжасаров Б.Г. (келісім бойынша)

2013 жылғы 1 сәуірге дейін

«Транзит» дәмханасының қызметіне тексеріс жүргізілді. Дәмхана аумағын тәртіпке келтірілді, металл қоршау орнатылды.

50

Село тұрғындарында орталық жылу беру қызметтеріне үлкен берешек бар

Тұрғындармен жылуға берешекті өтеу бойынша жұмыс жүргізілсін. Берешектерін өтемеген абоненттер ағымдағы жылдың 15 сәуірінен кейін орталық жылудан ажыратылсын

Комаров З.К.

Фищук А.А.

2013 жылғы 1 мамырға дейін

Тұрғындардың 1 млн теңге сомасындағы жылуға берешегі толығымен өтелді.

51

Зейнетақылар төлеудің кестесі жоқ, зейнетақы берілетін күндері үлкен кезек болады

«Казпочта» АҚ-пен Озерное селосында зейнетақылар төлеу кестесі пысықталсын

Вакуленко Ю.В.

Қостанай аудандық почта байланысы торабының бастығы. (келісім бойынша)

2013 жылғы 20 ақпанға дейін

Зейнетақы берудің кестесі жасалды. Зейнетақы беру 2 күн бойы жүргізілетін болады.

^ Половников селолық округі (2013 жылғы 4 ақпан)

52

«Транспортник» ЖШС қызмет көрсететін Қостанай-Половниковка маршрутындағы автобус тұрақты жұмыс істемейді

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Қостанай –Глазуновка-Половниковка маршруты бойынша автобустық бағытты ұйымдастыру туралы хат жолдансын

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.

Курмангалиев Н.К.

2013 жылғы 15 ақпанға дейін

Селолық округ әкімі 13.03.2013ж. № 01-37/79 хат жіберді. Автобус маршрутының күн сайынғы қозғалысы ретке келтірілді.

^ Садчиков селолық округі (2013 жылғы 12 ақпан)

53

Константиновка селосында көшелерді жарықтандыру қажет

Константиновка селосының көшелерін жарықтандыру үшін шамдар орнатылсын

Байманов С.И.

2013 жылғы 1 қазанға дейін



Бюджеттік қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты Константиновка селосының көшелерін жарықтандыру үшін шамдар орнату 2014 жылға қалдырылды.

54

Константиновка селосындағы көшелерді грейдирлеу қажет

Константиновка селосының көшелеріне грейдирлеу жүргізілсін

Байманов С.И.

Байгонов С.И. (келісім бойынша)



2013 жылғы 1 тамызға дейін

Константиновка селосының көшелеріне грейдирлеу жүргізілді.

55

Спортпен айналысу үшін Садчиковка селосында спорт алаңын жабдықтау қажет

2014 жылы республикалық трансферт есебінен Садчиков селосына спорт алаңын салуға қаражат қарастырылсын

Вакуленко Ю.В.

Байманов С.И.

2014 жылғы 1 ақпанға дейін




^ Уляьнов селолық округі (2013 жылғы 5 ақпан)

56

Селолық округте мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелері бар

Ульянов селолық округі бойынша жер учаскелерін жалдаудың мерзімдері тексерілсін. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан учаскелерге жал мерзімі ұзартылмасын. Азаматтарды жұмыс қорытындысымен таныстыру үшін жиын ұйымдастырылсын.

Темирбаев М.Е.

Нурбаев С.А.


Нурбаев С.А.

Темирбаев М.Е.

2013 жылғы 1 сәуірге дейін


2013 жылғы сәуір-мамыр

Жер учаскелерін жалға алу мерзімдері тексерілді, барлық шарттар 2050 жылға дейін жасалған. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелері анықталды. Ақпарат 2013 жылғы 24-25 сәуірде өткен жиындарда азаматтарға жеткізілді.

57

Ульяновка селосындағы су сапасыз

Ульяновка селосына ауыз су тасымалдау жөніндегі мәселе пысықталсын.

Тасымалданған суға тұрғындардың төлем жүргізуі ұйымдастырылсын

Аракелян Ф.Х.

Фищук А.А.


Нурбаев С.А.


2013 жылғы 1 наурызға дейін

Бегежан селосының жеке кәсіпкері бір дүңгірін 50 теңгеден ауыз су тасымалдауды ұйымдастырды.

58

Ульяновка селосының көшелеріне жарық өткізілмеген

Ульяновка селосының көшелерін кешкі және таңғы уақытта жарықтандыру жөнге келтірілсін

Нурбаев С.А.


2013 жылғы 1 сәуірге дейін

ЭПК «Forfait» ЖШС-мен көшені жарықтандыру шамдарын орнатуға және қызмет көрсетуге шарт жасалды. Мамыр айында төлем және қосу жұмыстары жүргізіледі.

59

Бегежан селосындағы жолды қардан тазалау жұмысы сапасыз жүргізіледі

Бегежан селосындағы жолды қардан тазалау жұмысын сапалы жүргізу ұйымдастырылсын

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.

Нурбаев С.А.


2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін




60

Бегежан селосында шабындық жерлер жоқ

Мақсатты пайдалануын «шабындыққа» өзгерту үшін жер учаскесін жеке тұлғаға (мерзімі 5 жылға) бөлу мүмкіндігі және учаскенің өнімділігін арттыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Аракелян Ф.Х.

Темирбаев М.Е.

Нурбаев С.А.


2013 жылғы 1 мамырға дейін



Қазіргі уақытта бос жерлердің болмауына байланысты жер учаскесін бөлу мүмкін болмай отыр.

61

Ульянов селолық округінің тұрғындарында селолық округ аумағында почта арқылы төлемдер жүргізуге мүмкіндік жоқ.

«Казпочта» акционерлік қоғамына Ульянов селолық округінің тұрғындарынан төлемдер қабылдау кестесін белгілеу туралы хат жолдансын

Байбусунов А.Б.

Нурбаев С.А.


2013 жылғы 20 ақпанға дейін

Рудный қаласының «Қазпочта» көшпелі бөлімшесімен төлемдер қабылдау кестесі белгіленді (әр айдың 3 және 4-ші бейсенбісі).

62

Ульяновка және Бегежан селоларында Рудный қаласымен автобустық қатынас жоқ

Облыс әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-ге Ульяновка және Бегежан селоларының Рудный қаласымен автобустық қатынасын ұйымдастыру қажеттігі туралы хат жолдансын

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.

Нурбаев С.А.


2013 жылғы 20 ақпанға дейін

«Рудныйавтотранс» ЖШС директоры С.А. Ермухановқа 2013 жылғы 20 ақпанда № 158 хат жолданды. Автобус қатынасы ретке келтірілді, аптасына 2 рет қатынайды.

63

Ульяновка селосының қоғамдық спорттық бірлестігіне спорттық құрал-жабдық сатып алу қажет

Ульяновка селосының қоғамдық спорттық бірлестігіне 24 матқа арналған татами сатып алынсын

Байбусунов А.Б.

Курмангалиев Б.Г.

Нурбаев С.А.


2013 жылғы 1 мамырға дейін, 2013ж. 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

Облыс әкімдігінің «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-ге (ТДШСБ) Ульянов селолық округі үшін татами бөлу туралы өтініш жіберілді.

ТДШСБ өтінім түсті, ол облыстық мәслихаттың таяуда болатын сессиясында қаралатын болады.

64

Ульяновка селосының спорттық бірлестігіне жаттықтырушы қажет

Ульянов селолық округіне спорт жөніндегі нұсқаушы бірлігін бөлу мүмкіндігі қарастырылсын

Байбусунов А.Б.

Курмангалиев Б.Г.

Нурбаев С.А.


2013 жылғы 1 шілдеге дейін, 2013 ж. 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Қостанай ауданының БЖСМ дзюдодан қосымша бөлімше ашу мүмкіндігін қарап жатыр. Қосымша бөлімше ашылған жағдайда, Ульянов селолық округіне жаттықтырушы мөлшерлемесі бөлінетін болады

^ Шишкин селолық округі (2013 жылғы 8 ақпан)

65

Шишкин селолық округіндегі жолдарға жөндеу жүргізу қажет

Қостанай облысы әкімдігінің автомобиль жолдары, және жолаушылар көлігі басқармасына Озерное-Шишкинское автожолына және Суриковка селосына дейінгі жолдың жөнделуін растау мәселесі бойынша хат жолдансын

Аракелян Ф.Х.

Сейдахметов Б.К.



20.02.2013ж. дейін

«Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-ге 2013 жылғы 20 ақпанда № 173 хат жолданды. Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің ұзындығы 21 км «Озерное-Шишкинское автомобиль жолын орташа жөндеу жөнінде 23.01.2013ж. № 257 оң қорытындысы шықты. Жобаны іске асыруды 2013-2015 жылдар ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттерді қаржыландыруға қарай жүргізу көзделген. 2013-2015 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік инвестицияларды қаржыландыру жоспарымен «Суриковка селосына кірме жол» жолын жөндеу көзделмеген.

66

Шишкинское селосында ұялы байланыс жоқ

Мобильді байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдарға Шишкин селолық округінде ұялы байланыс мұнарасын орнату ұсынылын

Аракелян Ф.Х.

Камешов С.

01.08.2013ж. дейін



«Beeline» ұялы байланыс операторына өтінім жіберілді. Оператор Шишкин селолық округінде ұялы байланыс мұнарасын орнату«Beeline» жоспарына енгізілгендігін хабарлады.

Қорытынды есеп беру кездесуі (2013 жылғы 14 ақпан)

67

Селолық округтерде мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелері бар

Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс аяқталсын

Темирбаев М.Е.

Селолық округтер, селолар, Затобол кентінің әкімдері

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

7,4 мың гектар алаңда ауыл шаруашылық мақсаттағы пайдаланылмай жатқан 38 жер учаскесі анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылық алқаптарын жер қорына қайтару бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне түгендеу жүргізілді. 169 жер учаскесі бойынша материалдар шара қолдану үшін Аумақтық дер инспекциясына жіберілді.

68

Село тұрғындары аудан орталығы мен басқа селолық округтерде өткізілетін мәдени іс-шараларға қатысқысы келеді

Аудандық «Арна» газетіне ауданда өткізілетін мәдени іс-шаралар туралы хабарландырулар жариялау тәжірибеге енгізілсін

Байбусунов А.Б.

Абулова З.М.

Иргасымова Ж.М. (келісім бойынша)

тұрақты



Ақпарат аудандық «Арна» газетіне жарияланады

69

Селолық округтерде кезбе иттер мәселесі бар

Кезбе иттерді аулау бойынша жұмыс жүргізілсін

Селолық округтер, селолар, Затобол кентінің әкімдері

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Кезбе иттерді аулауға аудан бюджетінен 1 млн. 445 мың теңге бөлінді. 561 ит ауланды.

70

Тұрғындарға селолық округтерді, селоларды, Затобол кентін әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін белсендірек көтеру қажет

Селолық округтерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бастамашыл топтар құрылсын

Селолық округтер, селолар, Затобол кентінің әкімдері

2013 жылғы 1 наурызға дейін

Әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі бастамашыл топтар ауданның барлық селолық округтерінде, Борис-Романовка, Воскресеновка, Озерное селосында, Затобол кентінде құрылды

71

Селода ауыл шаруашылық өнімін өңдеуді ұйымдастыруға, шағын бизнесті дамытуға болады. Ауылда жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша бағдарламалар жұмысын жалғастыруда ма

Халық саны 2500 адамнан астам елді мекенде 2 адамнан, халық саны 2500 адамға жетпейтін елді мекендерде 1 адамнан «Сыбаға», «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалар қатысушыларын іріктеу бойынша жұмыс жүргізілсін.

Сартов М.К.

Панин В.Б.

Шабаева Т.В.

Селолық округтердің, селолардың, Затобол кентінің әкімдері

2013 жылғы 1 шілдеге дейін

«Сыбаға» бағдарламасына 17 қатысушы, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 70 қатысушы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына 10 қатысушы дайындалды.

Тапсырма жұмысты жалғастыру үшін жұмыс бақылауына ауыстырылды.



Похожие:

2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconЗайсан ауданы әкімінің халық алдында есеп беру жиынында айтылған ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерпелер/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар және оның орындалу мерзімі
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconАягөз ауданы әкімінің 2012 жылдың 11-20 ақпан аралығында аудан тұрғындарының алдында есеп беру кездесулері кезінде айтылған ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
Аягөз ауданы әкімінің 2012 жылдың 11-20 ақпан аралығында аудан тұрғындарының алдында есеп беру кездесулері кезінде айтылған ұсыныс-пікірлерді...
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары icon2014 жылдың қаңтарында тұрғындар алдында Қостанай ауданының ауылдық округтар және ауылдар әкімдерінің есептемелік кездесулер барысында айтылған, халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Аумақты қоқыстауға тыйым салатын ақпараттық қалқан мен баннерлер орнатуына көмек көрсету туралы Қостанай облысы әкімдігінің «Табиғи...
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconКатонқарағай ауданы әкімінің халық алдындағы есебінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескертпелерді, ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар және оның орындалу мерзімі
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconЗырян ауданының әкімі Ермак Сәлімовтің аудан тұрғындары алдында есеп беру баяндамасының тезистері
Аудан әкімінің 2012 жылдың басында тұрғындармен өткізген есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша тұрғындардың айтқан ұсыныстарын,...
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары icon2013 жылдың ақпанында Зырян ауданы әкімінің есеп беру барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
Октябрьск кен. әкімі (С. А. Феклистов), ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы (О. М. Нұрмұхан)
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconБекітемін шемонаиха ауданының әкімі
Шемонаиха ауданы әкімінің 2012 жылғы есеп беру кездесуінің қорытындылары бойынша халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру...
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconКачир ауданы әкімінің аудан халқына 2013 жылы есеп беру кездесулерінде айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі
Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің аудан халқына 2013 жылы есеп беру кездесулерінде айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды...
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconІс-шаралар р/с
...
2013 жылғы ақпанда Қостанай ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары iconІс-шаралар р/с
Качир ауданы әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінде айтылған азаматтардың ескертулері...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы