«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
страница1/6
Дата конвертации23.10.2013
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 Қаулысы



ҮЗІНДІ:


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1128 қаулысымен   
бекітілген     

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 49) тармақшасының және «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінің негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде;
      2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында;
      3) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның және орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      5. Осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу коды көрсетілген, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) техникалық шарттардың міндетті қосымшасы бар сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтама беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға өтініш берген кезде:
      1) осы стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      2) осы стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
      3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
      4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты –30 минуттан аспайды;
      Электрондық сұрау салу көзделмеген.
      Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа өтініш берген кезде:
      1) осы стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) осы стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      4) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      5) қажетті құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, мекенжайлары және телефондары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, Орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы тұрып жатқан немесе тіркелген жердегі уәкілетті органның және орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар орналастырылған, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін қоғамдық пікірді зерделеу үшін уәкілетті органда және орталықта жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы:
      1) уәкілетті органға:
      еркін нысандағы өтініш;
      жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
      Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
      2) орталыққа:
      еркін нысандағы өтініш;
      жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
      Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттардың үй-жайларын немесе өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
      Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда жобаға осы өзгертулерге олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс.
      Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті өтініш еркін нысанда толтырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау:
      1) уәкілетті органда кеңсе арқылы, олардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген;
      2) орталықтарда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда қызметтің мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) уәкілетті органға құжат тапсырған кезде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі;
      2) орталыққа құжат тапсырған кезде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын болған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді уәкілетті органның лауазымды адамы немесе орталық қызметкері «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде жүзеге асырады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталық оларды 3 (үш) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға өткізеді.
      16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті алушыға жетпей тұрған құжатты көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
      1) орталықтан түскен құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады;
      2) жобалауға арналған тапсырманың техникалық шарттар алуға қажетті негізгі параметрлерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыны сәйкессіздікті жою үшін шақырады.
      Бас тартқан жағдайда уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі мемлекеттік қызметі алушыға қатысты мынадай:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
      4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
      5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

^ 4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

^ 5. Шағымдану тәртібі

      20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген орталық басшылығына жүгiнедi. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әкімдердің аппаратына уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады. Әкімдер аппараты басшыларының мекенжайлары, жұмыс кестелері, электрондық пошталары мен телефондары осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген.
      22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда орталық басшысының атына немесе орталық қарамағына кіретін «Орталық» РМК-ға шағым жасалады. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. Жұмыс кестесі түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      25. Пошта және қолма-қол және поштамен түскен қабылданған шағымдарды растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн журналға тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
      Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні, байланыс деректерi көрсетiлген осы стандартқа 7-қосымшада көрсетілген талон береді.
      Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Агенттіктің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, интернет-ресурс: http://www.ads.gov.kz.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын
беру» мемлекеттік қызмет   
стандартына           
1-қосымша            

^ Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың тізбесі

Р/с №

Орталықтардың (филиалдардың, бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Әуезов көшесі, 189 а

8(7162)40-10-76
8(7162)40-10-63

1)

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42

8(7162)25-00-67
8(7162)25-06-21

2)

Красный Яр ауылының аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 65

8(7162)40-43-27

3)

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102

8(71638)2-09-96
8(71638)2-18-49

4)

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, М. Мәмбетова көшесі, 19

8(71644)2-10-77
8(71644)2-28-28
8(71644)2-10-77

5)

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11

8(71643)2-45-94
8(71643)4-07-22
8(71643)4-12-58

6)

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 44

8(71641)2-35-96
8(71641)2-21-94

7)

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б

8(71646)2-37-20
8(71646)2-37-81

8)

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай Хан көшесі, 28

8(71636)4-29-97
8(71636)4-28-91
8(71636)4-59-28

9)

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 7-үй

8(71642)2-12-57

10)

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15

8(71633)2-44-92

11)

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2а

8(71639)2-22-41
8(71639)2-22-42
8(71639)2-22-18

12)

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Победа көшесі, 56

8(71647)2-22-07

13)

Жарқын аудандық бөлімі

Жарқын ауданы, Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104

8(71648)9-00-35
8(71647)2-22-05

14)

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8

8(71635)2-17-10

15)

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52

8(71632)2-00-74
8(71632)2-29-43

16)

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44а

8(71637)2-17-83
8(71637)2-20-36

17)

Степногор аудандық бөлімі

Степногор қаласы, 4 шағын аудан, 7

8(71645)2-00-40
8(71645)2-00-30

18)

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан көшесі, 119

8(71640)9-26-66

19)

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15

8(71651)3-12-30
8(71651)3-11-98

20)

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Безымянный тұйық көшесі, 1

8(71631)2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

2.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109

8(7132)56-57-87

1)

№ 1 Ақтөбе қалалық бөлімше

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109

8(7132)57-80-27

2)

Қарғалы аудандық бөлімі

Қарағалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10

8(7132)98-60-06
8(7132)98-60-05

3)

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесі, 23

8(71337)3-20-79
8(71337)3-10-96

4)

Мартук аудандық бөлімі

Мартук ауданы, Мартук кенті, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»

8(71331)22-4-13
8(71331)22-1-14

5)

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы Абай көшесі, 12

8(71336)26-6-33
8(71336)26-6-34

6)

Қандыағаш аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный шағын ауданы, 47 «Б»

8(71333)30-2-19
8(71333)30-2-18

7)

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әміров көшесі, 10

8(71334)23-9-83

8)

№ 8 Темір аудандық бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15 «А»

8(71346)23-5-83
8(71334)23-9-87

9)

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда кенті, Нұрымжанов көшесі, 2

8(71341)22-1-47
8(71341)22-1-38

10)

Бадамша ауылының Қарғалы аудандық бөлімі

Қарғалы ауданы, Бадамша аулы, Әйтеке би көшесі, 27

8(71342)23-4-64
8(71342)23-4-62

11)

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64

8(71332)21-1-81
8(71332)21-1-82

12)

№ 12 Әйтекеби аудандық бөлімі

Әйтекеби ауданы, Комсомольское ауылы, Балдырған көшесі,10

8(71339)22-3-73
8(71339)22-3-74

13)

Байғанин аудандық бөлімі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41 «А»

8(71345)23-5-86
8(71345)23-5-87

14)

Ырғыз аудандық бөлімі

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7

8(71343)21-8-28

15)

Шалқар аудандық бөлімі

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтекеби көшесі, 63

8(71335)23-6-10
8(71335)23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

3.

«Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67Б

8(7282)24-15-06
8(7282)24-41-33

1)

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр көшесі, 20

8(72832)2-14-51

2)

Қапал бөлімшесі

Капал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3

8(72841)2-17-60

3)

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қаласы, 8 март көшесі, 63

8(72833)2-35-46
8(72833)2-35-48

4)

Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237

8(72837)4-13-85

5)

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 «А»

8(72773)95-2-22
8(72773)9-18-20

6)

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314А

8(72775)4-54-70
8(72775)4-54-69

7)

Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100

8(72775)2-34-96
8(72775)2-34-97

8)

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбаев көшесі, 52

8(72836)3-22-16

9)

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі, 1

8(72770)2-30-90

10)

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 25

8(727)251-74-46
8(727)251-74-47

11)

Боралдай бөлімшесі

Боролдай ауылы, Вокзальная көшесі, 6 «А»

8(72738)7-82-42

12)

Қараой бөлімшесі

Қарай ауылы, Тыңдала көшесі, 9

8(7275)24-88-10

13)

Ақши бөлімшесі

Ақши ауылы, Қонаев көшесі, 29




14)

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелен қаласы, Жанғозин көшесі, 38

8(72771)2-56-86
8(72771)2-56-96

15)

Тау-Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129

8(727)391-38-58

16)

Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы, Қонаев көшесі, 1 «В»

8(7272)93-66-33

17)

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22

8(72834)2-02-07
8(72834)2-20-92

18)

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, н/ж

8(72840)3-25-88

19)

Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі, 45

8(72842)9-10-59

20)

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10

8(72838)2-16-19
8(72838)2-16-18

21)

Капшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41

8(72772)4-79-61
8(72772)4-79-60

22)

Шеңгелді бөлімшесі

Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34

8(72772)7-11-94

23)

Сарқан аудандық бөлімі

Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі, н/ж

8(72839)2-35-80
8(72839)2-37-14

24)

Лепсі бөлімшесі

Лепсі станциясы, Төлебаев көшесі, 1

8(72843)2-10-16

25)

Райымбек аудандық бөлімі

Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, н/ж

8(72777)2-20-84
8(72777)2-20-82
8(72777)2-18-78

26)

Нарынқол бөлімшесі

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, н/ж

8(72779)2-11-65

27)

Панфилов аудандық бөлімі

Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, н/ж

8(72831)5-51-11

28)

Талғар аудандық бөлімі

Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 «А»

8(727)388-11-30
8(72774)2-21-43
8(72774)2-21-33

29)

Нұра бөлімшесі

Нұра ауылы, Школьная көшесі, 10

8(72774)5-80-62

30)

Талдықорған қалалық бөлімі

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67Б

8(7282)24-49-75
8(7282)24-40-43

31)

Текелі қалалық бөлімі

Текелі қаласы, Октябрьская көшесі, 7

8(72835)4-35-38
8(72835)4-35-18

32)

Ұйғыр аудандық бөлімі

Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, 35

8(72778)2-43-358(72778)2-43-31
8(72778)2-43-32

«Атырау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

4.

«Атырау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8(7122)21-34-67

1)

Облыстық бөлім

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8(7122)21-29-42

2)

№ 1 қалалық бөлім

Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16а-үй

8(7122)35-75-05
8(7122)35-75-30

3)

№ 2 қалалық бөлімі

Атырау қаласы, Балықшы, Байжігітов көшесі, 80а-үй

8(7122)24-34-90
8(7122)24-37-89

4)

Индер аудандық бөлімі

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30

8(71234)2-12-96
8(71234)2-18-38

5)

Махамбет аудандық бөлімі

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 10-үй

8(71236)2-24-96
8(71236)2-15-25

6)

Қызылқоға аудандық бөлімі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 1-үй

8(71238)2-20-46
8(71238)2-20-27

7)

Жылыой аудандық бөлімі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8

8(71237)5-03-54
8(71237)5-01-28

8)

Құрманғазы аудандық бөлімі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Есболаев көшесі, 66а

8(71233)2-05-13
8(71233)2-07-14

9)

Мақат аудандық бөлімі

Атырау облысы, Мақат ауданы, Центральная көшесі, 2

8(71239)3-22-97
8(71239)3-22-96

10)

Исатай аудандық бөлімі

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егеменді Қазақстан көшесі, 9-үй

8(71231)2-16-70
8(71231)2-16-69

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

5.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37а

8(7232)78-42-36
8(7232)28-94-67

1)

№ 1 Өскемен қалалық бөлімі

Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 20/1

8(7232)60-39-22

2)

№ 2 Өскемен қалалық бөлімі

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1

8(7232)57-83-88
8(7232)22-81-37
  1   2   3   4   5   6



Похожие:

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер. Осы «Сәулет – жоспарлау тапсырмасын беру»
Осы «Сәулет – жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) ресімдеулер рәсімін және құрылыс объектілерін...
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер...
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
...
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды...
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды...
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды...
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
...
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» vемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысымен бекiтiлген Құрылыс объектiлерiн жобалау үшiн бастапқы материалдарды...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы