Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница6/13
Дата конвертации08.04.2014
Размер2.24 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

^ Аудан аумағының қала құрылысын жоспарлау

ҚР 2005-2007 жылдары «Электрондық үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарының 8 тармағын іске асыру мақсатында 2007 жылдың қазан айының соңынан бастап облыста «Атаулы тізім» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыс өңірлерінде оқудан өткен және жабдықтар алған мамандар өзекті атаулы деректерді толтыру жөнінде жұмыстар жүргізуде. 2009 жылдың 1 наурызына жұмыстың нәтижелері – Қамысты ауданының барлық тіркелген ғимараттары мен құрылыстарының 96,4%-ы. 2010 жылдың 1 желтоқсанына жұмыстың нәтижелері –барлық тіркелген ғимараттары мен құрылыстарының 99,1%-ы, 2011 – 2012жылдардың қорытындысы бойынша – 100%.

Қалақұрылыстық қағидаттарға жаңа жолдарға сәйкес заңнамалық және нормативтік базалармен сәулет және құрылыс, экономика және көлік, экология сияқты көптеген тіршілік қызметі салаларын және тіршілік ету ортасын қалыптастырушы басқа да мәселелерді қозғайтын тиісті басты жоспарлардың ережелерін қолдану мүмкін болмай бара жатыр. Рудный, Арқалық қалаларының және Қостанай ауданының орталығы Затобол кентінің Басты жоспарларының соңғы түзетулері тиісінше 1993, 1974, 1969 жылдары өткізілген. Алты аудан орталықтарында басты жоспарлар жоқ, аумақтың құрылысы жетпісінші жылдары әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген жоспарлау жобасының негізінде жүзеге асырылады. Құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес басты жоспарлар 10-15 жылға әзірленеді.

^ Атмосфералық ауаны қорғау. Ауданда ауаны ластайтын жоғарғы және қысылтаян жоғарғы ластану тіркелмеген.

Су ресурстарын қорғау.

Өзен желісі өте нашар дамыған, сондықтан жер үсті су қорлары маңызды емес. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі Тобыл өзені болып табылады. Ауданның оңтүстік бөлігінде гидрологиялық желілер өте үлкен емес көлдер мен бұлақтармен таныстырылады. Қиындықты, Талды-Қарасу, Қара-су көлдерінде тұрақты су тәртібі жоқ. Көктемде толып қатты ағады, жазды күні құрғап қалады. Ауданның аумағында диаметрі 50-100 метрлерге дейін жететін, қардың еруінен пайда болған, көптеген ұсақ көлдер бар. Барлық көлдер тұйықталған. Ағып кетуі жоқ. Жер астымен қоректенетіндері жоқ. Жазда олар ұсақтанып кетеді. Тобыл өзені мен көлдер өздерінің ластану деңгейі бойынша екінші сыныпқа жатады, яғни таза болып табылады.

^ Жер ресурстарын қорғау.

Қамысты ауданының жер қоры жер қатынастары аудандық басқармасының деректері бойынша 1205424 мың гектарды құрайды.

Жер қорының құрылымы жер санаттары бойынша мынандай түрде көрсетіледі:

ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер – 340,4 мың гектар;

Өндіріс қалдықтарын пайдалану және тұтыну.

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қалдықтарды жинау деңгейін тұрақтандыру қажет. Ауданда қалдықтарды жинау және орналастыруға 15 палигондық қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) жинақтау жүргізілді. ҚТҚ негізгі массасы компонеттерге бөлінбей-ақ ашық қоқыс үйінділеріне шығарылады және жиналады. ҚТҚ 1 палигоны санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес түсіріледі. Ауданда елді мекендерде жетісінде 2 рет санитарлық тазарту және абаттандыру жүргізіледі, Қамысты ауданында елді мекендерде жылына 2 рет қасапшылар санитарлық тазарту жүргізеді.

^ Флора мен фаунаны қорғау.

Ауданның орманды жер қорының жалпы аумағы 3803 гектар, соның ішінде орман басқан алаң 1256 гектар.

Аудан аумағында 2 өзен мен 8 көл бар. Көлдердің басым бөлігі қысқы кезеңде қату құбылыстарына тап болады. Жануарлар әлемі әр түрі: оның ішінде сүтқоректілер: елік, доңыз, қасқыр, түлкі, қарсақ, және т.б. және құстар қаз(5 түрі), балшықу(6 түрі), бүркіт; балықтар: табан, тұқым балық, шабақ, плотва балығы.

Ауданда 2 аң аулайтын шаруашылық бар: Батпақкөл, Жаркөл, лицензиялық бақылауы бар.

Ауа ластауын төмендету үшін маңызды рөлді жасыл екпелер атқарады. Орман жолақтары мен парктер ауа температурасына, ауа дымқылдығы мен жел жылдамдығына әсер етеді, ауаның шаңнан ластануынан қорғайды.


2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істердің жағдайына жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2013 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қамысты ауданының мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 134 бірлікті, оның ішінде саясаттық – 1, әкімшілік – 133 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 71 (55,5%) құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 41 жылды құрайды. Зейнетке жақын жастағы қызметкерлер – 0, шарт бойынша істейтін зейнеткерлердің саны – 1.

126 адамның (68,8%) жоғары білімі, 8 адамның (21,8%) - орта кәсіптік білімі, 0 – орта білімі бар.

Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 83 адам (64,8%), орыстар – 18 (14,0%), украиндер – 10 (7,8%) басқа ұлттар – 7 (5,4%).

Аудан бойынша мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 11,7 жылды, алатын лауазымы бойынша – 3,9 жылды құрайды.

2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша бос орынға- 0 адам.

2013 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша ауданда 30 мемлекеттік орган жұмыс істейді, оның ішінде мынандай санаттар бойынша:

аудандық– 15 (Е – 20, ЕR – 50,)

ауылдық - 15 (ЕG – 41)

Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттардың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңымен реттеледі және ҚР Конституциясы 86-бабының 1-тармағына және жергілікті мемлекеттік басқару заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес маслихаттар халықпен жалпы, бірауыздан, тікелей сайлау құқығының негізінде құпия түрде дауыс беру арқылы төрт  жылға сайланады.

12 кесте – Қамысты ауданының төртінші шақырылымы депутаттарының құрамы 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша




Депутаттар – барлығы

Оның ішінде

Жынысы бойынша

Жасы бойынша,жас

ерлер

әйелдер

30 дейін

30-39

40-49

50-59

60 жоғары

Барлығы

12

7

5







8

4




Оның ішінде:

























Саясат партиялардың фракциялары бойынша

























олардан:

12

7

5







8

4




«Нұр Отан » Республикалық саясаттық партиясы

12

7

5







8

4





^ Аудан бюджеті

Аудан бюджеті іс жүзінде бюджеттік әкімшілдіктің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің әлдеқайда ұлғаюымен сипатталады.

2013 жылы кірістер бойынша аудан бюджетінің көлемі 1 млрд. 799,8 млн. теңгені құрады, 2012 жылғы аудан бюджет 1 млрд.587,4 млн.теңге, 2011 жылғы аудан бюджет 1 млрд.403 млн.теңге, 2010 жылғы аудан бюджет 1 млрд.241,4 млн.теңгені құрады.

Облыстық және республикалық бюджеттен алынған трансферттер 2009 жылға қарағанда 11, 0 пайызға ұлғайды.


^ 2010-2013 жылдардағы аудан бюджетінің құрамы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы нысаналы трансферттер жергілікті бюджет базасына енгізілді.

2009-2013 жылдары ауданның өз кірістерінің түсу серпініне сәйкес 2009 жылға қарағанда 2013 жылы өз кірістерінің өсу қарқыны 39% құрады.

Соңғы бес жыл ішінде аудан бюджетінің шығыстары 1,2% өсті және 1 млрд. 841,3 млн. теңгені құрады.

Талдау кезеңде шығыс бөлімінің құрылымында көрсеткіштерге қатысты біраз өзгерістер болды. Аудан бюджеті әлеуметтік бағытта бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджет қаражатының үлесі 60% құрайды, 2012 жылға қарағанда 2013 жылы қаржыландыру көлемі 21 пайызға ұлғайды.

2008 жылдан бастап бюджетті қалыптастыру бюджеттік қызметтерді тұтынушылардың санына және әр өңірдегі шығыс қажеттіліктеріндегі айырмашылқты негіздеуші объективтік факторларға сүйене отырып, шығыстық қажеттіліктің бағалау негізінде жүзеге асырылды. Шығындар деңгейіндегі айырмашылықтарды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көлікке қол жетімділік және т.б.) негіздейтін объективтік факторларды ескере отырып, формулалық кесте бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылардың санына сүйене отырып, «Сметалық» әдістен – ағымдағы шығындарды бағалау әдісіне көшу жүзеге асырылды. Ауданның бюджеттік саясаты барлық міндеттемелерді, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды ауданның толық және уақытында жүзеге асыруы үшін қаржы ресурстарын жаңашаландыруға және топтауға бағытталған.

Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған және шығыстарды жоспарлау кезінде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ облыс экономикасының дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау негізгі басымдылық болып табылады.


2.2.6 Жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетуінің талдауы.


2013 жылы Қамысты ауданы жергілікті атқарушы органдарымен ^ 46 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ағымдағы жылдың 10 айы ішінде барлығы 5816 мемлекеттік қызмет көрсетілген, 5816 мемлекеттік қызмет көрсетілгеннің ішінен электрондық нысанда 499 `(9%) мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің шағым беру және мерзімнің бұзылуы тіркелген жоқ.


2.2.7. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын ауырлығын төмендету және ескерту


Аудан аумағы мезгілдік тасқындарға, тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге, қысқы мезгілдегі төтенше жағдайларға ұшырағыш. 78% ауданның елді мекендері мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелері қызмет көрсету радиусы шамасынан орналасқан, Қамысты өрт сөндіру бөлімшесінен 4- 150 км қашықтыққа дейін құрайды. Бұндай қашықтық мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелерінің тұрмыстық өрттерге жедел елеу мүмкінщілігін практикалық жойып тастайды. 2011 жылы ауданда 27 тұрмыстық және өндірістік өрттер оқиғасы тіркелген, 1 адам қайтыс болды. 2012 жылы тұрмыстық өрттен 3 адам қайтыс болды. Мемлекеттік орман қорының 3, 8 мың га тым орман өрттерінің қауіп- қатер туындауына ұшырағыш. Ауылшаруашылық алқаптарында және дала алабыңда өрттердің туындауының мүмкіндігі жоғары.

45 км қашықтықты республикалық және жергілікті маңызды жолдардың 3 учаскесінде автомобилдік көлігінің жүруі толық тоқтатылуы немесе қар басып қалып қиын болуы мүмкін.

Ауданның 1-ші елді мекені Пушкино селосы жағымсыз тасқындар зардаптарының су деңгейінің көтерілу қауіп- қатеріне әкеліп соғады. Аяқталмаған құтқару жүйесіне байланысты, аудандық аймақтық ішкі жүйесі төтенше жағдайларды жою және алдын алуын жедел елеу дәрежесі бүкіл төтенше жағдайлардың спектрін төмендетеді, сонымен қатар хабарландрыру, байланыс және ақпараттық қамтамасыз ету, авариялық – құтқару қызметінің құрылымы техникалық жабдықтауы жеткіліксіз.

Оның капиталмөлшеріне байланысты, жеткіліксіз мөлшерде дүлей апат және апатты жою және әрекетке қарсы бойынша комплекстік шаралар іске асырылуда. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың мониторингісі даму жүйесі жеткіліксіз.

Мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелерінің жоқтығынан, елді мекендердің өртке қарсы қорғау деңгейі төмен.


^ 3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ


Қамысты ауданы өңір тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға қабілетті, тартымды кәсіпкерлік ортасы бар және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үстеме құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған экономикасы бар агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша жетекші-өңір болады.

^ 2015 жылы Қамысты ауданы:

Тұрғындардың тұрмыс сапасы және әл-ауқаты аудан экономикасының өсуіне байланысты жақсаруда.

Жалпы облыстық көлемде өнеркәсіп саласында Қамысты ауданының үлес салмағы 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 2015 жылға қарай 0,9%-ды құрайды.

^ Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканың әртараптануы және халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатудың факторы ретінде дамитын болады.

Ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату – 100%.

Озық технологиялардың көмегімен өңделетін дәнді дақылдар аумағының көлемін 2015 жылға қарай 81,3% дейін ұлғайту(дымқылсақтайтын технологиямен).

Ішкі нарықтың азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ету – 100%.

Жалпы облыстық көлемде сауда саласында Қамысты ауданының үлес салмағы 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 2015 жылға қарай 0,9%-ды құрды.

^ Еңбек қорларының сапасы облыстың тұрғындарын сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жақсарады.

Бүкіл мектеп жастағы балалар үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша білім, жалпы орта, мектепке дейінгі саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатын іске асыру.

Жоғары білімді, бәсекелесе алатын, интелектуалды тұлғаны тәрбиелеу.

Бiлiм жүйесi сапалы және қол жетімді болады.

Бірінші кезекте кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар есебінен және облыстағы орта білімде мамандандыруды дамыту есебінен орта білімнің сапасы әлемдік деңгейге жеткізіледі.

Халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату халықты әлеуметтік қолдаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, денсаулығын жақсарту және қолдау арқылы жақсарады.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін (ДБҰЖ) енгізу аясында мыналар қамтамасыз етілетін болады:

  • емделушілердің дәрігер және дәрігерлік ұйымды еркін тандау құқықтары;

  • халыққа көрсетілетін дәрігерлік жәрдемнің сапасын жоғарылату;

  • тиімді дәрігерлік жәрдем көрсету және қаржыландырудың тиімді жүйесін құру арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.


Ауыл тұрғындарының дәрігерлік және дәрі-дәрмектік көмекке қол жетімділігін жақсарту мақсатында дәріханалар ашу жоспарланып отыр. Телемедицинаны әрі қарай дамыту және жылжымалы кешендерді енгізу жалғастырылады, бұл халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын жақсартады және қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстық және республикалық бюджеттен берілген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен облыстық дәрігерлік ұйымдарды материалдық-техниқалық жарақтандыру жақсарады. Дәрігерлік ұйымдар сапалы дәрігерлік жәрдем көрсету үшін қазіргі жоғары технологиялық дәрігерлік құралдармен жабдықталады. Емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметшілері диагностика, емдеу және ауруларды сауықтырудың жаңа технологияларына үйретілетін болады. Өткізілетін нысаналы алдын-алу тексерулері, оның ішінде скринингтик тексерулер ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және дер кезінде емдеуге және сауықтыруға мүмкіндік береді.

2015 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесiнiң енгiзілуі.

Негізгі шаралар еңбек саудасын тиімді жоғарлатуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және продуктивті жұмыспен қамту жолымен халықтың шығындарын арттыруға бағытталған 2020 жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.

Елдің индустризациялық жобаларында халықты жұмыссыздықтан тарту және кадрлық потенциалды дамыту бойынша аса орта перспективада мемлекеттің саясаты нығайтылады.

2015 жылы жұмыссыздық деңгейi – 3,6% (2011 ж. – 3,6%).

Экологиялық ахуал қоршаған табиғатты ұтымды пайдалану мен қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экологиялық салмақты төмендету арқылы жақсартылады.

Аудан дамуының басты стратегиялық мақсаты тұрақты өткізу нарықтары бар ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.

Аудандағы басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетте, спортта өмір сүру сапасының, көлік инфрақұрылымының және қолайлы тұрғын үйдің жоғары стандартарын қамтамасыз ететін серпінді дамып жатқан, теңгерімделген және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаны орындаудың әр кезеңінде оны іске асырудың құралдары Қамысты ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Іс-шаралар жоспары, тиісті мемлекеттік құрылымдар басқармаларының стратегиялық және операциялық жоспарлары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары болып табылады. Үстеме құны өте жоғары жеке салаларды басым дамыту үшін жағдайлар, сондай-ақ сарапшылар өсімнің барынша жоғары қарқындарын болжап отырған салалардың басым дамуы үшін ұйымдастыру-экономикалық алғышарттарын тиімді әкімшілеу және жасау. Дамудың бюджеттік қаражаттарын тиімді пайдалану.


^ 4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ


1-бағыт: Өңір экономикасының дамуы

1. Өңір экономиқасының институционалдық дамуының жалпы бағыттары

ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қамысты ауданы үшін басым салалар:

1. АӨК

2. Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру.

3. Көлік және коммуникация

Өнеркәсіп

1-мақсат: Аудандағы өнеркәсіп әлеуетін дамыту




Нысаналы индикаторлардың аиауы

Өлш бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Өнеркәсіп өнімдердің нақты көлемінің индексі

%

103,2

100, 3

100, 3

101,0

101,0

КБ


1 міндет : Олардың диверсификациясы және бәсекеге түсе алатындықты өсуін қамтамасыз ететiн өнеркәсiптердiң басты секторларының дамытуы.

Нысаналы индикаторлардың аиауы

Өлш бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.1

Өнеркәсіптік өнімдердің көлемі

Млн теңге

492,7

462,0

370,3

370,3

380,1

КБ

1.2

Өнеркәсіптік өнімдердің көлемінің өсу қарқыны

Өткен жылға % к

104,5

100,0

101,0

101,0

102,0

КБ

қол жеткізу жолдары:

Аудан өндіріс кәсіпорындары өндірістік-экономикалық көрсеткіштері мониторингінің жүйесін ұйымдастыру, өнеркәсіп салаларын тиімді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу.

Өңдеу өнеркәсібіндегі қайтадан ашылған өндірістердің мониторингі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Похожие:

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі -бағдарлама) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №34/9-iv...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы