Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница4/13
Дата конвертации08.04.2014
Размер2.24 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

^ Денсаулық сақтау

2013 жылдың басында аудан аумағында тұрғындарға емдiк-алдын алу көмегін көрсететiн 16 дәрiгерлiк ұйымдар мен нысандар жұмыс iстедi (2008 жыл – 22). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2012 жылы 5 бiрлiкке қысқарды.

Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде ауданда 2008 жылдан бастап оң табиғи өсiм (2008 жыл – -4,42; 2009 жыл – 4,14; 2010 жыл- 2,34, 2011 жыл- 2,80, 2012 жыл – 2,80) байқалып отыр. Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2012 жылдың қорытындылары бойынша 2011 жылмен (11,94) салыстырғанда 10,59 құрды.

2008 жылы ауданның дәрiгерлiк ұйымдарында бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша тiрi және өлi туу өлшемдері енгізілді. Аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмдi төмендету үшiн шұғыл шаралар қабылдау жөнінде өңірлік штаб және өлiмнiң әрбiр жағдайын қызметтiк тексеру өткiзуi және қарау нәтижелерi бойынша нақты шараларды қабылдау үшiн нәрестелiк, аналық өлiм-жiтiмдi талдау жөнінде жұмыс комитетi жұмыс iстейдi. Балалардың, оның iшiнде 500-999 грамм салмақпен тууының барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жиналады, сонымен бiрге «Мединформға» «АИС-МЛАД» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптасады және берiледi. Күн сайынғы мониторинг жүргізілуде.

Ауданның дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2009 жылғы 9,0-тен 2010 жылы 5,2 дейін азайып отыр, Көрсеткіштің төмендеуі неонатологтердi, бала дәрiгерлерi, акушер-гинекологтарды қайта даярлау сапасының жақсаруымен, дәрiгерлiк ұйымдардың осы заманғы дәрiгерлiк жабдықтармен жарақтандырылуымен және дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етілуімен негізделіп отыр. Ауданда нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жекелеген жағдайы, дамудың туа бiткен ауытқуы, қайғылы жағдайлар, жарақаттану және уланулар төңiрегiнде болып табылады.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында қан айналу жүйесінiң аурулары бiрiншi орында, қайғылы жағдайлар, өлтiру, өздiн өзі өлтiру, тағы да басқа сыртқы жағдайлар екінші орында, қатерлi жаңа түзiлiмдер үшiншi орында тұр.

Ауданның аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауруды және аурулардан өлiм-жiтiмдi төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ерте анықтау үшін тұрғындарды алдын ала қарау жүргiзiледi.

2009 жылы ҚЖА –дан өлген адамның саны-65 адам, 2010 жылы -80, 2011 жылы – 25 адам, 2012 жылы – 21 адам, 2013 жылы – 29.

Өткен 4 жылда және 2013 жылдың 11 айы бойынша аудан бойынша жалпы туберкулезбен ауру көрсеткішінің тұрақтылығы байқалып отыр.(42 жағдай). Туберкулезді таратуды, дәрілік тұрақтылықты және туберкулезден қайтыс болуды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті болып қала беруде.

2013 жылдың 1-желтоқсанында ЖҚТБ аудан бойынша тіркелмеді. АҚТҚ -инфекциясы эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ауданда 2009 жылдың бастап телемедицина енгізілді. Толық 5 жыл ішінде облыстық медицина ұйымдарының мамандары 8 кеңес-сеанс жүргізді. Бұл орталық аудандық және қалалық емдеу-профилактикалық ұйымдарының дәрігерлеріне облыс мамандарынан уақытында кеңестер алып, жергілікті жерлерде ауруларға қажеті көлемде медициналық көмек беруге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымдарының мәліметтеріне сүйенсек адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүре білуіне байланысты. Көптеген созылмалы жұқпалы аурулардың пайда болып таралуы оның өмір салтына және тамақ өнімдерінің дұрыс пайдалануына байланысты. Ауданда 18% жалпы аурудың өсуі көктемде кенеттен салқындауы, әдетте тұрғындардың иммунитеттерінің төмендеуінен. Балаларда қан аздық ауруының өскені байқалады, аурудың себебін анықтау және тұрғындармен аурудың алдын алу жұмысын жүргізу қажет. 2010 жылы жеткіншектер мен балалар арасында жарқаттардың өсуі байқалуына байланысты, сонымен қатар, травматизмнің алдын алу бойынша жеткіншектер мен балалар арасында жұмысты күшейту қажет.

Қамысты ауданында спортпен жеткіншектер мен балалар белсенді айналысады, ол үшін бүкіл жағдай жасалған: әр бір ойнағысы келген адам спортзалға келіп, өзіне ұнаған спорт түрімен айналыса алады. Ауданның барлық меджұмысшылары арасында ЗОЖ насихаттау бойынша алдын алу жұмысы және Қазақстан Республикасының ДМ 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 644 бұйрығына сәйкес аурулардың алдын алу жүргізілуде. Көп назар зиянды әдеттерге аударылуда. Қамысты аудандық емханада темекіге қарсы кабинет ашылды, онда шылым шегуді тастағысы келетіндермен жұмыс жүргізіледі. Алкоголді пайдаланатындарды есепке қояды, олармен алдын алу жұмысы жүргізіледі. Ауданның барлық мектептерінде есірткі қадағалау орны ашылды.

Медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық ұйымдардың деңгейінде ішкі тексеріс енгізілді. 2010 жылы процедуралық аккредиттеу өткізілді.

2013 жылғы 1 желтоқсанына 17 медицина қызметкерлері аудан халқына медициналық және 83 орташа медицина қызметкерлері көмек көрсетті.

Дәрігерлермен қамтамасыз ету-68,% ортамедицина қызметкерлері -96%.

Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы –студенттерді медициналық академияларда гранттар және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен оқыту.Медициналық көмек сапасына ауданда төмен деңгейде қалып отырған осы заманғы медициналық жарықтандырылуды қосқанда ұйымдардың және денсаулық сақтау объектілерінің материалды-техникалық базасы әсер етеді. 2009 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде ауданда денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды.

Тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында дәрі-дәрмек құралдары дистрибуциясының Бірыңғай жүйесі құрылды.

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілуде, денсаулық сақтау желілерінің жаңа мемлекеттік нормативіне көшуі жалғасуда (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы), бұл өз кезегінде денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарының желілерін тәртіпке келтіруге, көп бейінді ауруханалар құруға, ауыл тұрғындарының ПМСП қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының өзгеруі жаңа денсаулық сақтау объектілерін басқару, қаржыландыру, күрделі жөндеу және салу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады, олардың қызметінің экономикалық деңгейін жоғарылату, сонымен қатар кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

Тұрғындар өмірі сапасының артуы әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі және толық қалыптасу жолымен жақсарады, тұрғындардың жағдайын қорғау және жақсаруы үшін жағдай жасалған.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізу(ДБҰЖ) қорында мыналар қамтамасыз етіледі:

емделушілердің дәрігер мен медициналық ұйымды тандауына өз құқығы бар;

тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру;

медициналық көмекті қаржыландыру және көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру жолымен тұрғындардың денсаулығын жақсарту.

Ауданда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтануы облыстық және республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жақсарады. Сапалы медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар қазіргі заманғы жоғарғы технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталады. Емдік-алдын алу ұйымдарының қызметкерлері диагностиканың жаңа технологияларымен оқытылады, ерте сатыдағы тұрған ауруларды анықтауға мүмкіндік береді және келесіде мыналарды жүргізеді, өз уақытында емдеу және сауықтыру.


^ Тұрғындарды әлеуметтiк қорғауын қолдау

Қазақстан Республикасы санақ жөніндегі агентігінің мәліметтері бойынша қамысты ауданында 2009-2013 жылдары кезеңінде экономикалық белсенді халықтың саны 4,0%-ға, 10736 мың адамнан 10311 мың адамға төмендеді.

2009 – 2012 жылдары аралығында тiркелген жұмыссыздығының деңгейi және жалпы жұмыссыздықтың деңгейі аудандық көрсеткiште төмендегенін көрсетеді. 2009 – 2012 жылдары аралығында тiркелген жұмыссыздығының деңгейi 0,5% төмендеді, 2009 жылы 0,2%, 2012 жылы, облыстық ұқсас мерзімі аралығында 0,5% және 0,4% сәйкес құрайды.

2009 – 2012 жылдары аралығында жалпы жұмыссыздықтың деңгейі 1,0 пайыздық пунктіне төмендетілді, 2009 жылы – 4,6% 2012 жылы – 3,6% дейін.

2013 жылдың 1 қаңтарда жұмыспен қамту бөлімі есебінде тұратын жұмыссыздардың саны 24 адамды құрады.

Жұмыспен өнiмдi қамтылудың жәрдемдесуi үшiн аймақтық халықтың жұмыспен қамтылуының стратегиясының өткiзуi шеңберлерiндегi әлеуметтiк жұмыс орындарының жұмыстар, жасауы, жәрмеңкелердiң өткiзуi, кепiлдi әлеуметтiк төлеулердi жастардың жұмысқа орналастыруын жәрдемдесу және әйелдердің, қамтым және бас ұрпаққа әлеуметтiк қолдауды көрсету, мүгедек жұмыссыздар және халықтың нысаналы тобының басқа өкiлдерi, қоғамдық ұйым жұмыс орындарының еркіндерi, үйрену, қайта даярлау және мамандығын жетiлдiру белсендi iздестiру және таңдап алуды пайдаланады және басқа.

Ауданда 2009-2013 жыл мерзiмiнде 998 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде, жол картасы шеңберлерiндегi құрған - 126 орындар. Жұмыс орнының есебінде құрылған тұрақты 346 орын. Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімімен уақытша қамту бойынша жұмыссыздар әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға шаралар қабылданған. Барлығы қатысқандар 2009 жылы- 191, 2010 -184, 2011 – 168, 2012 – 173, 2013 жылы – 168 адам. Облыстың 16 аумағында қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін төлеу мөлшері 1,5 ең төмен жалақы мөлшері ұлғайтылды.

2011 – 2013 жылдар кезең ішінде жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға көмектесуі үшін 893 адам жүгінді.

2011 жылы – 285, 2012 жылы – 204, 2013 жылы – 192 адам жұмысқа орналастырылды, 91,1%; 66,9%;69,8% сәйкес жұмысқа орналастыру деңгейін құрады.

Халықтың толық топтарынан, жұмыссыз азззаматтттар 68 әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды. 7 адам Жастар тәжiрибесiн әлеуметтiк жұмыс орындарына жол картасы шеңберлерiндегi 5 түлек жұмысқа орналастырған.

2011 – 2012 жылдар кезең ішінде жергілікті бюджет есебінен қайта даярлау және кәсіби дайындығына барлығы 20 жұмыссыз жіберілді.

«Болашақты бірге қалаймыз» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан елінің жолдауын іске асыру шеңберінде «Жұмыспен қамту бағдарламасы 2020» жетілдірілді. Негізгі шаралар, еңбек сауданы тиімді жоғарлатуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және продуктивті жұмыспен қамту мен орнықты қамтамасыз ету жолымен халықтың шығындарын жоғарлатуға бағытталған, жұмыспен қамту бағдарламасы 2020 щеңберінде іске асырылатын болады.

2011 жылдың 2013 жылдың қазан айы аралығында халықты жұмыспен қамту орталығына бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 150 адам қатысты және жүгінді. (2011 жылы – 31 адам, 2012 жылы – 59 адам, 2013 жылдың 1 қарашасына – 60 адам).

Бағдарламаның алғашқы бағыты шеңберінде кәсіби оқытуға 67 адам қамтылды (2011 жылы – 23 адам, 2012 жылы – 23 адам, 2013 жылы – 21 адам), оның ішінде кәсіби дайындыққа жіберілген 34 адам (2011 жылы – 11 адам, 2012 жылы – 13 адам, 2013 жылы – 10 адам), қайта даярлаудан 33 адам өтті (2011 жылы – 10 адам, 2012 жылы – 12 адам, 2013 жылы – 11 адам).

Әлеуметтік жұмыс орындарына 46 адам орналастырылды (2011 жылы – 8 адам, 2012 жылы – 16 адам, 2013 жылы – 22 адам), жастра практикасынан өтуге 35 түлектер жіберілді (2012 жылы – 17 адам, 2013 жылы – 18 адам).

2012-2013 жылдар аралығында екінші бағытының шеңберінде 17 қатысқандар шағын несилерін алды.

2013 жылдың 1 қаңтарына бірлесіп жұмыспен қамту шараларының қамтылуы 135,8%құрады.

2013 жылдың 1 қарашасына 212 адамнан кедейшілік шегінен төмен табыстары бар аудан тұрғындарының үлесі 2011 жылмен салыстырғанда 127 ге дейін төмендедi. Халықтың шығындарының ұлғаюына байланысты адрестік әлеуметтік көмегін алу саны 2011 жылы 184 адамнан 2013 жылы 87 адамға дейін қысқартылды.

Ана мен баланы қорғау әлеуметтiк саясаттың тағы бiр маңызды басымдылығы болып табылды және табылады. 2006 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (1 айлық есептiк көрсеткiш) ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы қосатын балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді. Халықтың шығындарының ұлғаюына байланысты мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2011 жылы 1004 адамнан 748 адамға дейін қысқартылды. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына 2009 жылмен салыстырғанда (8 млн. 461 мың теңге) 2013 жылы – 10млн. 032 мың теңге 18,6% көп қаражаты жоспарланды.

2012 жылы аудандағы ең төменгi күнкөрiс 15107 теңгенi құрады және 2011 жылмен салыстырғанда(14347 теңге) 5,3%-ға өстi.

Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:

кедейлiктен шығу бойынша белсендi шаралардың төмен тиiмдiлiгi;

кедейлiк пен теңсiздiктiң сақталуы;

мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;

көп балалы үйлерде кедейлiктiң басымдылығы;

әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.

Осындай жағдайда ең төмен бекітілген табыстан төмен табысы бар халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.

^ Күштi жақтары

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

Әлсiз жақтары

Аудандық елдi мекендердегi бос жұмыс орындар санының аздығы.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Мүмкiндiктер

Жұмыс орындарын жасау, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларын iске асырудың бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.

Қауiп-қатерлер

Бүркемелі жұмыспен қамту.

Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесiн және табыстар туралы анықтама берудi талап етеді).


^ Мәдениет және тілдерді дамыту

Ауданда 26 мәдениет объектілері (21 – мемлекеттік ), оның ішінде 18 кітапхана (17 – мемлекеттік және 1 ЖШС), 8 клуб (4 – мемлекеттік, 4 ЖШС). Ауданда 3 тарихи және мәдениет ескерткіштері бар және 23 тарихи және мәдениет объектілері, 50 археологиялық ескерткіші.

2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы мәдениет ұйымдарының саны мемлекеттік желілері өзгеріссіз қалды.

2013 жылы кітап қоры 223623 дананы құрады, 2012 жылы-220719 дана. Кітап қорының саны азайған жоқ.Жыл сайын ауылдық кітапханада әдебиеттердің құрамы бойынша тозған және ескіргендерді есептен шығару жүргізіледі, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1450,0 мың теңге сомасына 1901 дана кітап сатып алынған кітап қоры санына әсер етуі мүмкін.

Ауданның тілдер саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Ұлттық ұқсастықты қалыптастыру міндеті,мемлекеттік саясаттың ақпараттық сүймелдеудің сапалы қанағаттануы, Қамысты ауданы әкімдігінің жүйесінде идеологиялық ведомства сияқты, қоғамдық тұрақтылықтың нығаюы және ұлтаралық келісім мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәртебесін анықтайды.

2011 жылы тілдерді оқыту орталығы ашылды. Ауданда ұлтаралық мәдени орталық жұмыс істейді. Ұлтаралық мәдени орталығының құрамында 6 секция жұмыс істейді: қазақ, орыс, армиян, татар-башқұрт, украин, неміс.

2 аудандық бөлімдерде мемлекеттік тілде кабинеттер жұмыс істейді. Болашақта мемлекеттік тілді оқыту үшін жағдай жасау мақсатында, село селолық округтарда тілдерді оқыту кабинеттері ашылуы қажет, қазақ тұрғындары 40 % құрайтын жерлерде.

8 СЕМ мәдениет объектілері бар, 16-да – жоқ, Клубтармен СЕМ қамтылуы 50%, кітапханалармен - 100% құрайды.

Мәдениет объектілерінің жалпы олқылық жұмыс істеу мәселесі село тұрғындарының аз саны, алыс селоларды мәдениет шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөлігі санының жетіспеушілігі болады, сонымен қатар мәдениет объектілерінің материалды – техникалық базасын нығайтуға, мәдениет және тарихи ескеркіштерді реставрациялау, мәдениет мекемелерін қалпына келтіруге шаруашылық субъектілерден қаражат және бюджеттік ассигнациялау.

Күшті жақтары

Мәдениет саласындағы қызметті талап ету дәрежесінің жоспарлы өсуі.

Жүйелі жұмыс саласындағы ауданның тарихи – мәдени мұрасын насихаттау, дамыту және сақтау.

Әлсіз жақтары

Аудандық және селолық жердегі мәдениет мекемелерінің желісін дамытуда, айтулы диспропорциямен, мәдениет ұйымдарының қызметіне аудан тұрғындарының әркелкі мүмкіншілігі.

Селолық мәдениет объектілерінде материалды – техникалық базасының деңгейі нашар, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, әсіресе селолық жерде.

Оқыту деңгейі дамыту және ауданның тарихи – мәдени мұрасының дәріптеуі жеткіліксіз.

Қауіп-қатерлер

Тарихи – мәдени мұрасының объектілерінің табиғаттық – климаттық жағдайына жағымсыз әсер ету. Квалификациялық кадрлардың жылыстауы.


Мүмкіндіктері

Ауданның тарихи – мәдени мұрасын сақтау және дамыту. Жұмыстың инновациялық нысандарын енгізуімен кітапхана, моделді кітапхана, клубтық мекемелерінің жұмысын іске асыру.


^ Дене шынықтыру және спорт

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 3-те 3 объектіге өсті және 98 бірлікті құрады (2009 жылда 104%, 2010 жылда 104%, 2011 жылда 104%, 2012 жылда100%, 2013 жылда101%).

Сонымен қатар: 6 стадион, 2 спорттық кешеңі, 3 суға түсетін бассейн, 24 спорттық залдары, 3 атыс тирі, 57 жазықтық құрылысы, 2 теннистік корта, 1 кіріктірме спорттық залы.

Спорттың объектiлерiн 2011 жылда жинағы құрылыс және жөндеуге теңге 22, 5 миллион меңгерген, тартылған құрал-жабдықтарды есепке сол санда - теңге 22, 5 миллион. Спорт 2 объектiлерiнде 2011 жылды мерзiмге ағымдағы жөндеулер, немесе 2010 жылды 30 % аналогиялық мерзiмге және 140% 2009 жылға жасалған.

Дене тәрбиемен 38 коллектив 3639 шұғылданатын адам санымен жұмыс істейді, аудан тұрғындарының спортпен және дене шынықтыру сабақтарымен 25,5% құрайды.

Дене шынықтыру жұмысын 53 штаттық спорттық жұмыскерлер өткізеді.

Ауданда 217 спорттық секция құрылған, шұғылданатын 3639 адам - 25,5% тұрғындары. (2012-3847, 2011- 3800, 2010-3704, 2009-3512).

2013 жылы ауданда 298 спорттық шаралар өткізілген, қатысқандар 26764 адам. (2012 жылы – 294 26652 адамды қамтумен, 2011 жылы 26800 адамның қатысуымен 147спорттық шаралар өткізілді 116,2% 2010 жылғы аналогиялық мерзіміне 23064 адамның қатысуымен 144 шаралар өткізілді, 2009 жылы 13258 адамды қамтуымен 79 шаралар өткізілді).

1 аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысы қамтамасыз етілген, 454 оқушы шұғылданады.

2008-2013 жылдар аралығында еркін күресі бойынша Қазақстан Республикасының спортының 5 шебері дайындалды.

Күшті жақтары

Қатысушылардың адам санын және спорттық шараларды өткізу санын ұлғайту.

Әлсіз жақтары

Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

Ауданның құрама командаларымен жұмыс үшін жоғары квалификациялық дене шынықтыру кадрларының жетіспеушілігі.

Селодағы кәсіпорындарының еңбек ұжымында дене шынықтыру ұжымының жұмыстары үшін спорт бойынша әдіскерлердің және мамандардың жетіспеушілігі

Мүмкіндіктері

Аудандық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).

Қауіп-қатерлер

Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың осы сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалып отыр.


Туризм

Туризмді дамыту аймақтық бағдарламасын іске асыру шеңберінде жергілікті ауылда ауданда 8 жол бойындағы объекті жұмыс істейді: 3 қонақ үй кешені, 5 көлік жанармай тұрағы.

^ Күшті жақтары

Тиімді географиялық орналасу, Қамысты ауданы РФ Орынбор облысы, Ақтөбе облысымен, сонымен қатар облыстың 6 ауданымен (Әулиекөл, Таран, Жітіқара, Денис, Наурызым, Жәнгелді) шектеседі.

Әлсіз жақтары

Дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы.

Қонақ үй қызметінің төмен деңгейі.

Шетелдерде облыстың туристік ресурстарын дұрыс танымау.

Мүмкіндіктері

Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.

Туристік инфрақұрылымның дамуы.

Қауіп-қатерлер

Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі.

Инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі.

Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:

туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моралдік және физикалық тозу деңгейімен сипатталады.

қонақ үй қызмет көрсетуінің төмен деңгейі

қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристер үшін ұсынылған орналасу орындары халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Похожие:

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі -бағдарлама) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №34/9-iv...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы