Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница1/12
Дата конвертации23.10.2013
Размер2.04 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


2012 жылғы 15 шілдегі № 132

Қамысты аудандық мәслихатының шешіміне

Қосымша


2011 жылғы 11 ақпандағы №271

Қамысты аудандық мәслихатының шешіміне

Қосымша


ҚАМЫСТЫ АУДАНЫ АУМАҒЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


Қамысты 2013 ж


МАЗМҰНЫ


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ.............................................................3

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ........................................................7

2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы................................................................... ............................ 7

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау...................... 10

2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау........................................................... 10

2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау....................................................18

2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау.................... 31

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірлік аясында өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы................................................................................................................. 36

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау.............................................................................................................. 39

3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ.................................................41

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ......... 43

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР.............................................................................68

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ...................................................................68



^ 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Қамысты ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Қамысты ауданы Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.Қамысты ауданы солтүстігінде Денис және Таран аудандарымен, батыста Жітіқара ауданымен, оңтүстік-батыста Ақтөбе және Орынбор облыстарымен, оңтүстікте Жангелді ауданымен, шығыста Наурызым және Әулиекөл аудандарымен шектеседі.

^ Аудан орталығы – Қамысты селосы, 1879 жылы іргесі қаланған, Қамысты ауданының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.

Аудан құрамына құрамына 7 селолық округ 8 ауыл кіреді.

Аудан аумағында қырықтан астам ұлт және ұлыстар тұрады, 2012 жылдың 01 қазан жағдай бойынша аудан халқы 14578 адам оның ішінде: 52% - қазақтар, 20% - орыстар, 18% - украиндер, 2% - немістер, 8% - басқа ұлттар құрайды. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 1,3 адам. Ең тығыз мекендегендер – Свердлов селолық округі, Арқа селосы, Алтынсарин селосы.

Бағыттар

-Экономика;

-Әлеуметтік сала;

-Инфрақұрылымдық;

-Ауыл аумақтығың дамыту, экология;

-Мемлекеттік қызмет көрсету ;

Бағдарламаның мақсаттары

-Өнеркәсіпті әртаптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тұрақты және теңгерімді дамуын қалыптастыру

-Халықтың тұрмыстық деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету

-Энергетикалық, инженерлік, көлік, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және халықтың тіршілік әрекетіне қолайлы орта құру

-Ұтымды қоныстанушылықты қамтамасыз ете отырып, халықтың экономикалық келешегі бар және тіршілік етуге қолайлы аумақтарында шоғырлануы есебінен аумақтың құрылғысы мен оңтайлы қоныстандыру жүйесін қалыптастыру және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысы мен елді мекендер аумақтарының эстетикалық жағдайын жетілдіру

-Мемлекет саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жақсарту, өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың тұрмыстық сапасын қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту

Міндеттер

-Өңірдегі өнеркәсіп әлеуетін әртаптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруын дамыту

-Өңірдегі шағын бизнесті, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық, кредиттік және мүліктік қолдауды дамыту

-АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі негізінде облыстың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

-Мал шаруашылығы салаларының өнімділігін арттыру

-Аудан халықының сапалы ауыз суға қажеттілігін қанағаттандыру

-Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім қызметтерінің сапасын жақсарту

-Мектепте білім беру қызметінің сапасын арттыру

-Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру

-Мүкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету

-Медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету

-Халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

-Тұрмысы нашар тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

-Мүгедектер, егде азаматтар мен қиын өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және тұрмыстарының сапасын жақсарту

-Мәдениет қызметкерлерінің кәсіпкерлік деңгейін арттыру

-Аудан тұрғындарына жалпы дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау

-Қамысты спортшыларының бәсекеге қабілеттіктерін қамтамасыз ету шараларын нығайту

-Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру қызметтерін кеңейту

-Ауданда ағылшын тілін үйрену және тілдік алуан түрлілікті сақтау үшін жағдай жасау

-Өңірдің мұрағат ісінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру

-ҚР ҰМҚ сақталатын құжаттар мен жеке құрамы бойынша істерді тиімді қолдану, өңірдің мұрағаттық мекемелерінің құжаттар көзі базасын кеңінен тарату

-Мұрағат саласы қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру

-Ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді нығайту және сақтау

-Еліміздің даму стратегиясын іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту

-Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру және кеңейту

-Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау, жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету

-Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қажетті өмір қауіпсіздігі, денсаулығы, құқығы мен бостандықтары деңгейлерін қолдау. Қылмысқа қарсы күресте алдын алу шараларының басымдылығын арттыру

-Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету

-Қылмыспен күрес және қылмыскерлерді іздеу жұмысының тиімділігін арттыру, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес

-Техногендік апаттар, зілзалалар мен табиғат апаттарының қауіп-қатерлерін төмендету үшін жағдайлар жасау

-Әлеуметтік сала объектілерін салу және дамыту

-Тұрғын үйге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету

-Электр, -жылу, -су, газбен жабдықтау қызметтерінде халықты және экономика қажеттіліктерін қамтмасыз ететін, тіршілікті қамтамасыз ету сенімді инфрақұрылымын құру.

-Халықты ынғайлы мекенмен қамтамасыз ету

-Жол инфрақұрылымын дамыту

-Жоғары тұрған органдарының нормативтік және директивтік құжаттарын орындаудың шұғылдығын арттыру

-Компьютерлік сауаттылықты арттыру

-Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру

-Пошталық байланысты дамыту

-Мемлекеттік, халықаралық нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкес жобалық-сметалық құжаттамалар мен құрылыс сапасын қамтамасыз ету

-Аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сұлбаларының, бас жоспарларының, ЖҚС пен Қамысты ауданы елді мекендерінің құрылыс жобаларының болуы

-Қамысты ауданы Мемлекеттік қала-құрылыстық кадастрының автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйесін құру

-Ұсынылып отырған білім беру сапасын жақсарту

-Медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету

-Мәдениет пен спортты дамыту

-Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту

-Ауылдық елді мекендерге әлеуметтік сала мамандарын тарту

-Тұрғындардың тұрып жатқан жерлері мен жұмыс орындарында тікелей қарым-қатынас нысандарын дамыту

-Бөлінген бюджеттік кредиттерді тиімді игеруді талдау, оларды уақытында және толық өтеу

-Инвестициялық белсенділікті арттыруға көмектесу

Іске асыру кезеңдері


2011-2015 жылдар

Нысаналы индикаторлар

  • 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласында үлес салмағы 102 %-ға дейін ұлғаюы

  • 2015 жылда ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру және оның бәсекеге қабілеттілігін 100,2% арттыру

  • 2015 жылда инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесінің 107%-ға дейін ұлғаюы

  • Кәсіпкерлік құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесінің көлемі

  • 2015 жылда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын өнеркәсіптердің тауарларды сатып алуындағы қазақстандық үлестің 93 %-ға дейін ұлғаюы

  • Ішкі нарықтың азық-түлікпен тәуелсіздігін 100% қамтамасыз ету

  • 2015 жылға қарай ет өңдеу үлесін 2,6%-ға дейін, сүтті – 0,4%-ға дейін жоғарылату

  • 2015 жылға қарай прогрессивтік технологиялар (ылғал сақтаушы технологиялар) көмегімен өңделетін дәнді дақылдар алқабын 81,3%-ға ұлғайту (2009 ж. – 79,4%)

  • 2015 жылға қарай ауыл шаруашылығы асыл тұқымды ІҚМ басының үлесін 0,7%-ға дейін ұлғайту

  • 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы үстеме құнын 2009 жылмен салыстырғанда 54,7%-ға дейін ұлғайту

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға инвестициялар

  • 2015 жылға қарай бөлшек сауда тауар айналымының 2009 жылға қарағанда 0,4%-ға өсуі

  • 2015 жылы тұрғындардың 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімі – 9,1 құрайды

  • 2015 жылы жұмыспен қамту әрекетіі 13,3% ұлғаяды

  • 2015 жылы жалпы халық санынан табыстары өмір сүру шегінен төмен тұрғындардың үлесі – 1,0% құрайды

  • Мәдениет саласының көрсетілетін қызметтерінің сапасын қанағаттандырылған тұтынушылардың деңгейі 2015 жылға қарай –60%

  • Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданатын барлық жастағы халық үлесі 2015 жылға қарай – 29,5% ұлғаюы

  • 2015 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 50% құрайды

  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары аралығындағы өзара қарым-қатынастарды оң бағалағандардың үлесі 2015 жылы – 62% (2010 ж. – 59%) құрайды

  • Халықтың ішкі істер органдарына сенім білдіруінің болжамды деңгейі 2015 жылы 53%

  • Төтенше жағдайда адмадардыың өлім –жетім саны 40 % құрайды

  • 2015 жылы тұрғандардың коммуникация және байланыс қызметінің сапасыының деңгейі 100%

  • 2015 жылы құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі 100%

  • 2015 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу 1462 кв.м.

  • 2015 жылы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі 57%-ды құрайды

  • Коммуналдық қызметі сапасымен қанағаттандыру деңгейі 99 %

  • ауыл елді мекнде жоғары потенциал дамыту санын ұлғайту 11 бірл құрайды

  • Әлеуметтік- маңазыды қызмет көрсетуін қанағаттандыруына 96%

Қаржыландыру көздері және көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 4 млрд.757 млн. теңге

2012 жылы – 3 млрд. 434 млн. теңге

2013 жылы – 5 млрд.090 млн. теңге

2014 жылы – 2 млрд.505 млн. теңге

2015 жылы –1 млрд. 289 млн. теңге

Барлығы: 17 млрд. 075 млн. теңге



^ 2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы


Географиялық орналасуы

Қамысты ауданы Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Қамысты ауданы солтүстігінде Денис және Таран аудандарымен, батыста Жітіқара ауданымен, оңтүстік-батыста Ақтөбе және Орынбор облыстарымен, оңтүстікте Жангелді ауданымен, шығыста Наурызым және Әулиекөл аудандарымен шектеседі.

^ Аудан орталығы – Қамысты селосы, Қамысты ауданының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.

Жер бедері. Ауданның батыс бөлігін тегіс және аласалау Орал үстірті алып жатыр, Тобыл өзеніне қарай Тобыл маңының бөлігі егісі бар терең ойыстар, ойлы-қырлы қысқа толқынды болып сипатталады. Ауданның шығыс бөлігі тұрақты Шығыс-Сібір жазықтығынан биік Торғай үстіртіне өткел зонасын ұсынады.Ауданның оңтүстік бөлігін кең байтақ жазықтық бедерімен, солтүстік бөлігі аса көтерінкі, Торғай үстірті алып жатыр.

Климаты. Қамысты ауданы ыстық және құрғақ дала зонасында орналасқан. Жылдық жауын сомасы 200-250 мм. Бұл зона ылғал жеткіліксіз және түсімі аумалы төкпелі. Қамысты ауданының температурасы күні мен түні, қысы мен жазы шұғыл континентті. Қысы ұзақ, аяз, желді және қатты боран (5 ай шамасында) болып келеді. Жазы бірыңғай ыстық болып келеді, бірақ біршама қысқа.

^ Су ресурстары. Негізгі сулы артериясы Тобыл өзені. Тобыл өзені ауданның батыс шекарасына оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Ауданның оңтүстігік бөлігінде гидрологиялық желісі шағын өзендер мен бұлақтармен ұсынылады. Аудан аумағында диаметрі 50-100 метрге дейін жететін қардың еруінен пайда болған көп ұсақ көлдер бар. Барлығы тұйықталған көлдер. Асып кету жоқ. Көлдердің біразында жер асты қоректену жоқ. Көлдердің толығуы көктемде болады. Жазда олар өте тайыз болады.

Топырағы. Аудан аумағы 2 топырақты ауа райында орналасқан: 1) қара-қоңыр, 2) қоңыр. Қара-қоңыр топырақ ауданның орталық бөлігінде құмдақ және сазды жерінде қалыптасқан. Қоңыр топырақ қара-қоңыр топыраққа қарағанда құрғақ ауа райы бар жерде қалыптасады. Аудан аумағында көп аумағын күннің көзі алып жатыр. Ауданның жалпы жер аумағы 1205424 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 1144332 гектарды егістік, оның ішінде 423692 гектарды құрайды немесе 37 %, 710653гектарды (62,1%) жайылымдар алып жатыр.

Өсімдігі. Қамысты ауданы жусан құрғақ далалық-қара-қоңыр және қоңыр топырақ бөлігінде боз-бетегелі құрғақ далада орналасқан. дала өсімдіктерінің түрлі құрылымына маңызды ықпалы су-тұз жүйесі топырағын жасайды, топырақ пайда болу сипатына және миханикалық құрамын маңызды шектелумен байланысты. Сазды қара қызыл топырақтарды әр түрлі шөптермен болған құмды жусан сипаттауымен әсер етеді, шөппен және бөтен дала бірлестіктері тұз топырақты жерлерде өседі. Аудандық өсімдік құрамына кіретін өсімдіктер өте суы аз жерлерде өседі.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы

Аудан құрамына құрамына 7 селолық округ 8 ауыл кіреді.

2012 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша аудан халқы 14578 адам құрайды , олардың ішінде: 52, % - қазақтар, 20 % - орыстар, 18% - украиндіктер, 2 % - немістер,8 % - басқа ұлттар құрайды. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 1,3 адам. Ең тығыз мекендегендер – Свердлов селолық округі, Арқа селосы, Алтынсарин селосы.

Қостанай облысының дамуында Қамысты ауданының алатын орны

Ауданның стратегиялық мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.

1-кесте

Өңір салаларының жалпы облыстық өндіріс көлеміндегі үлес салмағы

млн. Теңге

жылдар

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Сауда

(бөлшек тауар айналымы.)

Инвестиция

2008













Аудан

12959,5

532,0

259,1

3014,0

Облыс

237915,0

339597,0

64103,2

108694,0

Үл.сал,%

5,4

0,16

0,4

2,7

2009













Аудан

9966,3

1393,0

209,9

3477,0

Облыс

249341,4

307915,0

76432,7

122204,0

Үл.сал,%

4,0

0,45

0,27

2,8

2010













Аудан

10783,4

1722,0

266,1

1859,0

Облыс

213494,7

450895,0

88732,9

120850,0

Үл.сал,%

5,1

0,38

0,30

1,5

2011













Аудан

16938,0

492,7

318,9

3825,0

Облыс

377458,5

565388,9

107606,3

149606,0

Үл.сал,%

4,49

0,09

0,30

2,56


Аудан 2011 жылы облыстық ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша 4,49%. Жалпы облыстық көлемде өнеркәсіптің үлес салмағы 0,38%. Жалпы облыстық көлемде инвестицияның үлес салмағы 2,56% құрайды.

^ Инвестициялық қызмет

2008 жылдың Қамысты ауданының негізгі капиталы 3 млрд. 14 млн теңге құрастырады .

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 86,5%-2млрд.609 млн. теңге құрады. Бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 2008 жылғы 13,5 % құрады. Инвестицияларды қаржыландыру шетел инвестициялардан және басқа жалға қаражатынан өндірілген жоқ.

Облысқа 2,8 облыс көлемінен келеді , Қостанай облысы қалаларымен аудан арасында 8 орынға ие болады.

2009 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі – 3 млрд.477 млн теңге , немесе 115,4 % 2008 жылына .

2009 жылда республикалық бюджет есебінен 722 млн теңге негізделген , жергілікті бюджеттен -52 млн теңге , басқа жалға қаражаттан 300 млн теңге , аудан кәсіпорындарынан – 2 млрд. 403 млн теңге.

Ауыл шаруашылық инвестициясы 2 млрд 304 млн теңге құрайды,қаражат машино-тракторлық паркін жаңартуына қаржыландырылған.

2010 жылда негізгі капитал 1 млрд. 859 млн теңге немесе 50,4 % 2009 жылды құрайды.

2010 жылда республикалық бюджет есебінен 851 млн теңге негізделген , жергілікті бюджеттен -83 млн теңге , аудан кәсіпорындарынан – 925 млн теңге.

Ауыл шаруашылық инвестициясы 771 млн теңге құрайды, қаражат машино-тракторлық паркін жаңартуына қаржыландырылған.

2011 жылда негізгі капитал 3 млрд. 825 млн теңге немесе 205,8% 2010 жылды құрайды.

2011 жылда республикалық бюджет есебінен 1 млрд.839 млн теңге негізделген, жергілікті бюджеттен -106млн теңге , аудан кәсіпорындарынан – 1 млрд.733 млн теңге, сырттың заемдық ақы-пұлдарының 3 млн.тенге.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Похожие:

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі -бағдарлама) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №34/9-iv...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы