Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» icon

Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру»



НазваниеСекция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру»
Дата конвертации17.04.2013
Размер93.58 Kb.
ТипДокументы
источник

Лебяжі ауданындағы Лебяжі орта жалпы білім беру мектебі


e-mail: zhienalina_gulnara@mail.ru


А.Т.Ә. Гүлнар Жақыпбекқызы Жиеналина

лауазымы: валеология, «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі.

жұмыс орны: Лебяжі орта жалпы білім беру мектебі

мекен жайы: В.Иванов көшесі 53

байланыс телефоны: 21-0-47, 21-4-27

e-mail: zhienalina_gulnara@mail.ru

секциясының атауы: секция № 1

«Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар».


«Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру»


Г.Ж.Жиеналина

Лебяжі ауданындағы Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі

Аңдатпа

Оқушының өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру. Өз бойынан шығармашылық қасиет ізденуге дағдыландыру, оның өмірден өз орнын табуына жол ашады.

Аннотация

Формирования чувства собственной значимости, приобрести уверенность в себе. Дети должны оценивать определенные ситуации, научиться самостоятельности в выборе действий и суждений.


Әр күнді сүйіспеншілікпен баста,

Әр күнді сүйіспеншілікпен толтыр,

Әр күнді сүйіспеншілікпен өткіз,

Күнді Сүйіспеншілікпен аяқта.

Саи Баба

«Ел болам десең бесігінді түзе» демекші егемен еліміздің болашағын жас буынды дені сау, білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті өз елін қадірлей білетін тұлға ретінде қалыптастыру. Оларға рухани тәрбие бере отырып балалардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау-еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Рухани адамгершілік құндылықтары жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік құндылықтың мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан мұғалімнің алдында әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұруға тиіс.

Әр оқушы өзінің адамгершілік тәжірибесін молайту үстінде бала кейде қателеседі, дұрыс жасамайды. Мұғалім оның өз қателігінің адамгершілікке жатпайтынын түсініп қана қоймай, сонымен қатар қате жіберуіне себеп болған жәйтттің бағынан ойластырып, анықтауына да көмектесуі керек. Осы кезде адамгершілік-рухани көзқарасты калыптастыру және өзі мен өзенің қылықтарына баға беру тәсілдерін игерту жөн.

Балаларды өзінің жасына сәйкес моральдық нормалар мен ережелерді игертуге үйрету, қоршаған ортаның ықпалын және өзінің мектептегі «жақсы-жаман» әрекеттерін адамгершілік тұрғысынан бағалау қабілетін қалыптастыруы тиіс. Оқушының өзіндік «Менің» жағымдағы жағынан тануына ынталандыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларының адамгершілік-рухани мінезінің қалыптасуына, дамуына ықпал ететін, білім деңгейін байытатын танымын кеңейтетін «өзін-өзі тану» пәннің оқу процесіне енгізілуі өте мәнді де маңызды.


^ Балалар өз іс-әрекеттерін жақсы бақылайды, өздеріне және айналасындағы не нәрсенің маңызды екендігін түсіндіре біледі.


Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Мұғалім оқушыларын өздерінің өмірі, іс-әрекеті жайында ойлануға үйретеді.

Өзінің тұлғалық сапарларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тану деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді. Өзін-өзі тануы оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы: оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді. Өзін-өзі тану нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы: бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы баламын дейді. Бұл олардың өзін өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.




«Өзін-өзі тану» сабағынан көрініс


Оқушылардың өздерін өздері тануын ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: оқушылардың өзін-өзі тануына ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру, өзіндік есеп беру және т.б.) меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тануы қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.

Оқушылардың өзін-өзі танудың ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзінің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөніндегі хабардар етіп отыру қажет. Оқушылар, әсіресе жасөспірімдер өзі туралы тәжірибесі, өз тұлғасында сапалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірінің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.

Өзін-өзі таныту тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі таныту өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады.

  • Өзге адамдардың құқығын таптамай, өз құқығын қорғайтын адам.

  • Ол өзін де, өзгелерді де сыйлайды,

  • Ол өзгені тыңдай да, өзі сөйлей алады.

  • Ол жағымды және жағымсыз эмоцияларды білдіре алады.

  • Ол өзіне сенімді, бірақ ешкіме «қысым» жасамайды.

Өзін-өзі таныту – дегеніміз ол дұрыс шешім қабылдап, оны орындап нәтижесін бағалай білу. Егер адамның өзін өзі бағалауы жоғары болса, ол өз іс-әрекетін жақсы бақылайды, өзіне және айналасындағы адамдарға не нәрсенің маңызды екендігін түсіндіре біледі. Осындай адам өз шешімдері мен іс-әрекеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Олар өзге адамдардың ойы мен бағасынан тәуелді болмайды.

Балаға рухани - адамгершілк тәрбие беру ата-ананың да, мектептің де басты міндеті. Бала үйде де, мектепте де, қоғамдық көпшілік орындарда да әдепті, сыпайы, сыйлы болуы керек. Баланы жастайынан мейірімділікке, әдептілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, отаншылдыққа, ұйымшылдыққа үйрету адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Балаларды биік адамгершілік рухында тәрбиелеу ең алдымен адамды қадірлей, адамды сыйлай білуге баулу.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында мұғалім адамгершілік-рухани білім бере отырып, оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамытуды көздейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру барысында «сыйластық» деген қасиетке ерекше көп көңіл бөлінеді, өткені адами қарым-қатынас «сыйластықтан» тікелей байланысты.

Мұғалім «өзін-өзі тану» сабақтарында оқушыларға рухани білімдік сабақ барысында әр түрлі шығармалар арқылы бере отырып, оның мазмұнындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды қарастырады. Оқушылардың ой-пікірін, ізгі сезімдерін шығармашылық іс-әрекеттерін дамытады және өмірге деген оң көзқарастарын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады.



«Өзін-өзі тану» сабақтарында мұғалім адамгершілік-рухани білім бере отырып, оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамытуды көздейді.


Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Қазіргі педагогика ғылыми тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпы адамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр. Адамгершілік тәрбие берудің негізгі мақсаты оқушылардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту және рухани адамгершілік ұстамдарды өмірде дұрыс жүзеге асыра білу. Сондықтан мұғалім педагогикалық үрдісте оқушылардың эмоционалдық қарым-қатынастарын қалыптастыру барысында олардың жанашырлық, тілектестік, ынтымастық, рақымдылық, ізеттілік, сенімділік сияқты адамгершілік сезімдерінің кеңінен дамуын қамтиды. Осы мақсаттарды іске асыру үшін сабақта мұғалім оқушыларды әр-түрлі шығармалармен таныстырып отырып, әңгімелеу әдісі арқылы олардың өз ой-пікірлерін ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен салыстырады.

Қорытындылай келе жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру кезінде баланың жан дүниесін түсіне білу, талап тілегімен санаса білу, оларға жылы шыраймен қарау, өз ойларын айтуға жағдай жасау, әр баланы тыңдай білу, өзінің қажеттілігі мен құндылығын сезе білу, өзінің ерекшелігі мен қайталанбастығын сезе білу, өзінің қабілетіне, күші мен мүмкіндігіне сену, өз ойын дәлелдей білу, бәрін жақсы үлгере білу, саналы тәуекелге дайын болу, айналадағы адамдармен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынаста болу, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі қорғай білу, мұғалімдердің баланың ішкі жан дүниесін дұрыс сезініп, өз баласындай жақсы көре білуі сияқты адамгершілік қасиеттер өзін-өзі тану сабақтарында көрініс табуы керек.


Ересектер тобында өтілетін «Шаттық шеңбері»


Өзін-өзі сабағында ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңнің бірі «Шаттық шеңбері» болып табылады.

«Шаттық шеңбері» рәсімін өткізудегі тәрбиешінің міндеті – балалардың күнделікті сабақта бір-біріне қандай қарым-қатынас пен көңіл күйде болатындарына бақылау жасау, осы сәтте тек қана балалардың қатысуы емес ата-аналарда, өз ойын балаларына білдіруіне жағдай туғызу.

Ересектер тобында «Шаттық шеңбері» рәсімінің өтілу жоспары.


Ата-ана, тәрбиеші, балалар шеңберге тұрады.

  • әдемі әуен музыка ойнап тұрады:

Тәрбиеші: - Қайырлы күн, балалар, ата-аналар! Мен сендермен

кездескеніме қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық

шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш

сыйлап көрейікші.


^ Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге,

Қандай жақсы қол берген!


Тәрбиеші:

- Сәлем Темірлан. Ақылды болып өс.

  • Сәлем Альмира. Әдемі, сұлі болып өс.

  • Сәлем Мыңжасар. Үлкендерді сыйла.

  • Амансың ба, Шахида. Достарыңмен тату бол.

  • Амансың ба, Айсұлу. Айдай сұлу болып өс.

  • Сәлеметсің бе? Нұргүл. Мейрімді болып өс.

  • Сәлеметсің бе? Әсемгүл. Кішіпейіл, адал болып өс.

  • Сәлем Ерсұлтан. Батыр болып өс.

  • Сәлем Әминә. Шыншыл еңбекқор болып өс.

  • Амансың ба, Альмансұр. Еркезек, қамқоршы болып өс.



Ата-аналар, келгенде бақшамызға

Жолыққан бар жандарға

^ Ертемен, ақ пейілмен

«Қайырлы таң!» деймін бәріне

Ата-аналардың тілегі.


Тақырып: Балалар достығы және бейбітшілік


3 «б» қазақ гимназия сыныбы.

Ата –аналрмен өтілетін сабақ

Өтілетін орны: өзін-өзі тану кабинеті

Өтілетін күні: 27.09.2011 жыл

Өткізген мұғалім: Жиеналина Гульбарам Жақыпбекқызы


Сабақтың мақсаты:

  1. Балалардың, «бірлік», «бейбітшілік», «достық», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Өз ойларын ашық айта білуге, берілген сұраққа ойланып, нақтылы толық жауап бере білуге үйрету, ойлай қабілеттерін, еркін сөйлеуге дамыту.

Міндеттері:

Өзара сыйластық қарым –қатынастарын дамыту; ынтымаққа, достыққа бірлікке тәрбиелеу; балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу; әр балаға өзінің , досының жақсы жақтарын, үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп, өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танытып білуге үйрету.


Көрнекті құрал: дәптер, ойынға қажетті құралдар, үнтаспа.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбір құрып тұрады

Амаңсындар ма, балалар; ата-аналар!

Сендермен кездескеніме мен өте қуаныштымын. Бүгінгі шеңберімізді халықтар достығын білдіретін көңілді әнмен басталады. «Достық әні»


Қазақстандағы халықтар достығын ұғыдыру мақсатында өлең мазмұны талқыланады.

Мысалы: «Ортақ мекен жер шары, төбемізде бір аспан» дегеннің мәнін қалай түсінесіңдер?

Қазақстан не себепті достықтың мекені деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауабы тыңдалды.

Әңгімелесу сұрақтар беріледі.

-«Бірлік», «татулық», «бейбітшілік» туралы не білесіңдер?

- «Бірлігі жарасқан халықтың» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың ойларын түйіндей отырып бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру

Мәтінмен жұмыс


«Туысқан ел»

Сұрақ-жауап


Дәйкесөз:

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» жауаптары

Тапсырма: «мен бақытты баламын, неге десең менің елім бақытты» шағын әңгіме құру

Оқушылар сынып алдында жұмыстарын жария етеді.

Жаңа ақпарат

«Елде ынтымақ, достық, бейбітшілік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді»


Ойын-жаттығу

Балалар үш топқа бөлінеді

1 топ: үш түрлі ұлттың бала тәрбиелеудегі бір рәсімін айту

2 топ: үш түрлі ұлттың бала тәрбиелеудегі бір рәсімін айту

3 топ: үш түрлі ұлттың туындағы символдарды атау мен олардың мағынасын түсіндіру


^ Тыныштық сәті

Ата-аналар , балалар денелеріңізді түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайық, денелерінді бос ұстап айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанып сезінеді. Тұла бойларын жақсылыққа, махаббатқа толғанып сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отыру.


Тапсырманы тексеру:

«Мен бейбітшілік өмірде бақытты өмір сүремін» (суретін қорғайды)


Жүректен жүрекке

Шеңберге тұрып, қол ұстасып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау



Похожие:

Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconҚазақ отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану
«Бала бауыр етің», «Әке асқар тау,ана-мөлдір бұлақ,бала – жағасындағы құрақ» деген сияқты мақал-мәтелдерді ұрпағына аманат етсе керек....
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» icon«Өзін-өзі тану» пәнінен облыстық көлемде өткен апталыққа арналған іс-шаралар туралы ақпарат
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Өзін-өзі тану»...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconКурчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінде өткізілген
Рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында поэзия, «Алтын ғасыр, күміс ғасыр» театрлендірілген кештер өткізілді. Аталған кештерге...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» icon«Өзін-өзі тану» ПӘні арқылы рухани-адамгершілік білім беру
Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconМектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану»
Егер мектеп оқушыларының бойында рухани адамгершілік тәрбиесі дамыған болса және дүниетанымдылық көзқарастары артса оны өмірде тиімді...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconБілім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы
Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің"...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconҚазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы Білім және ғылым Министрінің 2009 ж. 16 қараша №521бұйрығымен...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconЖеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі
С бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconҚазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Қр білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен...
Секция №1 «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбие парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар». «Жас өспірімдердің рухани-адамгершілік оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» iconҚазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Қр білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы