Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» icon

Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану»



НазваниеМектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану»
Дата конвертации17.04.2013
Размер58.32 Kb.
ТипДокументы
источник

Павлодар облыстық білім беру департаменті

Педагог мамандар біліктілігін арттыру институты


Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары


25 жалпы орта білім беру мектебі

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі: Абдулина А.Ш.


Павлодар қаласы, 2012 жыл

Оқушылармен жүргізілетін жаттығулар сұрау тапсырмалар, сұхбаттасу олардың пікірлерін түйіндеуге ықпал етеді, өздерін тексеру тәрізді тәсілдерді қолдану «Өзін-өзі тану» пәнінде қолға алынған. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және жаман нәрселерден аулақ болу керектігі туралы білімдерін қалыптастыру – рухани адамгершілікке тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады. Осыған орай, оқушылардың тұлғалық рухани қасиеттерін қалыптастыруды әлеуметтендіруге сәйкес, өз өмірінің құндылығын дұрыс түсіне алатын ерікті тұлға тәрбиелеу көзделуде. Егер мектеп оқушыларының бойында рухани адамгершілік тәрбиесі дамыған болса және дүниетанымдылық көзқарастары артса оны өмірде тиімді пайдалануына негіз болады.

Бала бойында табиғат үш кезеңнен тұрады да: Даму, Есею, Еркіндік арқылы мұғалім баланың табиғи байлығын, тұлғалық қасиетін аша алады. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты бала рухының ішкі қуатын, ой жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және осы өмірдегі өз міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Адам өзін-өзі танып, өз мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра білсе, сонда ғана ол тұлға бола алады. Тұлғаның өзіндік ұстанымын, өмірлік көзқарасын, іскерлік дағдыларын анықтап, оны өмірде қолдана білуге, адамгершілік қасиеттерін сақтауға нарықтық қатынастың жаңа нысандарында өзін жоғалтып алмау мақсатында оның ішінде «Мен»-і әлеуметтік ортамен сәйкестендіре негізі нысана етеді.

Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе баланың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрын, сапалы түсінуіне баула көзделеді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-күйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуен, саз-күй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және әр түрлі суреттерді өзін-өзі тану сабақ үрдісінде, орынды қолдана білу қажет.

Мектеп оқушыларының рухани дамуына орта ықпал етеді. Сонымен қатар бала туылғаннан кейін ата-анасының тәрбиесінен өтеді. Сондықтан да ата-ананың рөлі баланың дамуына басты себепкері болып табылады. Әрбір отбасының асыо арманы мен мақсаты – бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де тәрбиелі өседі. Ол үшін ата-анасының орны ерекше. Ал егер балаға, көңіл өлінбей ол жамандыққа бейім болып өседі. Ол үшін ата-анасының орны ерекше. Ал егер балаға, көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда келешегіне зиян келтіреді. Қашан да болмасын әрбір қоғамда бала тәрбиесі өте маңызды болған. Келешекте қоғамды жақсы жағынан дамытып, көркейтуде керісінше құрбынға итермелеп жығуда қазіргі бұғанасы қатаймаған жас ұрпақтың иеншісінде болады. Ғалымдар бала ана құрсағынан бастап алған тәрбиесін, туылып жеті жасқа толғанша – ақ алып, тәрбиелеп үлгеретінін айтуда. Демек бала тәрбиесін біз ойлағандай есейе келе емес, одан бұрын басталмақғ Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек. Ол арна – рухани тәрбие. Қазіргі кезеңде «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет – жастарға рухани тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы ғұламаларын рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдістері бар. Дана бабаларымыз бен кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиенің теориялық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кемеңгер Абай иен Шәкәрім аталарымыз бар. Тек біз осы қазыналарды орын тауып қолдана білуіміз керек. Сондықтан рухани тәрбиенә қайдан аламыз, қалай береміз дегенді алыста іздемей-ақ өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін басшылыққа алуымыз міндетті. Ол үшін қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтардан кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек. Ендеше Егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы жастардың тәрбиесін, оларға рухани тәрбие беру ісін кешіктірмей қолға алуымыз керек. Осы айтылғандарды толыққанды іске асыру үшін отбасы мен мектеп тәрбиесінде тығыз байланыс қажет. Бала тәрбиесіндегі осы байланысты жүзеге асыруды дәнекерлеуші деп «Өзін-өзі тану» пәнін айтуға болады. Бұл пәнді әрі қарай дамыту «Өзін-өзі тану » пән ұстаздарына жүктелген. «Өзін-өзі тану» пәнінің ертеңі айқын болашағы жарқын болары сөзсіз. Сондықтан еліміздің туын биікке көтеру білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.

Бұл мәселе жөнінде 2000 жылдың наурыз айында Алматы қаласында «Бөбе» қорының ат салысып ұйымдастыру мен «Жеке бастың тәрбиесі және оны үндестіруге дамыту» атты республикалық семинар – кеңесі болып өтті. Семинар кеңесте Сара Алпысқызы «Бөбек» қорының алдағы уақытта балалар тәрбиесін рухани имандылық пен әркімнің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыра отырып, сабақтастыруды қолға алуды үлкен мәселе етіп көтерді. «Мен алғаш «Бөбекті» дүниеге әкелгенде қалай-да жетім, қорғансыз балаларға әлеуметтік жағынан көмектесуді басты назарға алдым. Ол үшін денсаулық саласымен тығыз байланыс жасадым. Киім-кешек, дәрі-дәрмекке, тамақтарына көмектескенімен бұл мәселенің түпкі шешімін таба алмадым. Енді мен осы болмыстың себептерімен күрессем деймін. Сөйтіп, білім беру саласында ғылыми негізделген оқулықтар жасап, оны ресми пән ретінде енгізу жөнінде жаңа бағдарлама ұсындым», - дейді өз сөзінде Сара Алпысқызы.

Міне, Сара Алпысқызының болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін жаңа қадамы болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасы дүниеге келді.

Жобаның мақсаты:

  • Әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуге;

  • Адамның өзін толық іске асыруға;

  • Өзінің әлеуметтік ролі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуға;

  • Қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге;

  • Әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады.

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» пәнінің анасы деп айтсақ болмас. Қазір «Өзән-өзі тану» пәні 2010-2011 оқу жылынан бастап, білім саласына енді. «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде жіне қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына жіне өз сөзімен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» пәні рухани – адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме нұсқауларының ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтардан негіз алады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Тұлғаның рухани санасы – өмірдің мәні өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезімін, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз – өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, дүниетанымын және өзін-өзі үздіксіз, бірқаларты жетілдіру.

Қорыта айтқанда, рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақты сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Қолданылған әдебиеттер:


1. «Өзін-өзітану» оқу-әдістемеліккешенінбайқауданөткізетінтәжірибеалаңдарыныңіс-әрекетінреттейтіннормативтік-құқықтыққұжаттар


2. «Өзін-өзітану» пәнібойынша лектор-тьюторлардыңіс-әрекетінреттейтіннормативтік-құқықтыққұжаттар


3. «Өзін-өзітану» рухани-адамгершілікбілімбойынша лектор-тьюторларғаарналғанәдістемелікқұрал


4. «Өзін-өзітану» пәнібойыншаоқу-әдістемеліккешенінесараптамажүргізугеарналғанәдістемелікқұрал


5. «Өзін-өзітану» пәнібойыншамектепкедейінгідеңгейгеэксперименттікбайқаунәтижелерінсараптамаданөткізубойыншаәдістемелікнұсқаулар


6. «Өзін-өзітану» пәнібойынша орта деңгейгеэксперименттікбайқаунәтижелерінсараптамаданөткізубойыншаәдістемелікнұсқаулар


7. «Өзін-өзітану» рухани-адамгершілікбілімбойыншамектеппсихологтарынаарналғанәдістемелікнұсқаулар



Похожие:

Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» iconӨскемен қаласының білім беру мекемелерінде 2011 жылға арналған тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту бойынша
«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «өзін өзі тану» пәні арқылы балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» icon«Өзін-өзі тану» пәнінен облыстық көлемде өткен апталыққа арналған іс-шаралар туралы ақпарат
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Өзін-өзі тану»...
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» icon«Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» кмм
Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы» атындағы орыс тілінде жалпы білім беретін орта мектеп болған
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» iconЖеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі
С бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең...
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» iconКіріспе бөлім. №1
Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің және педагог-психологінің төлқұжаты
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» icon«Өзін-өзі тану» ПӘні арқылы рухани-адамгершілік білім беру
Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан...
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» iconЖоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»
«Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы 105 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер,...
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» icon«Курчатов қаласының №3 орта мектебі» кмм бойынша 2013 жылдың 01-12 ақпан аралығында өткізілген «Қайырымдылық» онкүндігі жөнінде
«Курчатов қаласының №3 орта мектебі» кмм рухани-адамгершілік, патриоттық және эстетикалық тәрбиелеуді қалыптастыру мақсатында «Бөбек»...
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» iconҚазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Соңғы курста болған уақыты: 20. 12. 2010 – 26. 12. 2012 жыл. Павлодар олыстық педагог – мамандар біліктілігін арттыру институты:...
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану» iconӨскемен қаласының білім беру бөлімінің «Өзін-өзі тану» пәнін 2010-2011 жылдан бастап оқу үрдісіне енгізу іс-шараларының жоспары
Білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқу үрдісіне енгізу бойынша жұмысты үйлестіру үшін жауапты адамдарды анықтау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы