Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі icon

Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі



НазваниеЖеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі
Дата конвертации17.04.2013
Размер32.61 Kb.
ТипДокументы
источник

Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі


Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған.

«Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның адамгершілік-рухани қалыптасуының білім беру маңызды пәні болып табылады. Пән мазмұны Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді:

- Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;

- Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;

- Өзінің өмірлік позициясын анықтау;

- Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;

- Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

- Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;

- Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы болу;

- Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;

- Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Аталған мақсаттар күнделікті практикада оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда.

Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:

- Адамның өзін-өзі тануы;

- Адам және қоғам;

- Адам және қоршаған орта;

- Адамзаттың рухани тәжірибесі.

Өзін-өзі тануды оқыту интерактивтік әдістеме негізінде білім беру процесіне әрбір қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әрбір жасақа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формалды емес, сенімді жағдайда өтеді.

Өзін-өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірдік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлерері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, экскурсия және концерт сабақтар т.б. түрлері пайдаланылады.

Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай сегіз деңгей бойынша қүтілетін нәтижелерге болжанып отыр:

Мектепке дейінге білім- 1-2 деңгей (ересектер тобы мен даярлық топтар); Жалпы орта білім беруде – 3 деңгей (1-2 сыныптар; 4 деңгей – (3-4 сыныптар); 5 деңгей – (5-6 сыныптар; 6 деңгей – (7-8 сыныптар); 7 деңгей – (9-10 сыныптар); 8 деңгей – (11-12 сыныптар).

Күтілетін нәтижелер: - өзін тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші жағынан, оқушылардың рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің көрсеткіші болып табылады және оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді. Осы күтілетін нәтижелер міндетті түрде оқытылатын пәндер мазмұнының адамгершілік әлеуетін күшейту үшін бағдар және пәнаралық байланысты жүзеге асыратын құрал қызметін атқарады, әрбір пәннің құндылықтық мәнін ашуға бағдарланған, оқу процесін жобалауға жағдай тудырады.


Бағадат Барамбаева,

Инновациялық білім беру және

тәрбиелеуді дамыту орталығының әдіскері



Похожие:

Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі icon«Өзін-өзі тану» пәнінен облыстық көлемде өткен апталыққа арналған іс-шаралар туралы ақпарат
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Өзін-өзі тану»...
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі iconҚазақ отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану
«Бала бауыр етің», «Әке асқар тау,ана-мөлдір бұлақ,бала – жағасындағы құрақ» деген сияқты мақал-мәтелдерді ұрпағына аманат етсе керек....
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі iconӨзін-өзі тану; өзін-өзі көрсету; өзіне-өзі сену; өзін-өзі анықтау; өзін-өзі іске асыру; өзін-өзі реттеу
ОҚушылардың адамгершілік қасиетін дамытудағы сынып жетекші мен оқушылар арасындағы субъектілік қарым-қатынас
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі icon«Өзін-өзі тану» ПӘні арқылы рухани-адамгершілік білім беру
Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан...
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі iconМектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары №25 жалпы орта білім беру мектебі «Өзін-өзі тану»
Егер мектеп оқушыларының бойында рухани адамгершілік тәрбиесі дамыған болса және дүниетанымдылық көзқарастары артса оны өмірде тиімді...
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі iconТүйінді сөздер:әлеуметтік қызмет,субъект,оқушы субъектілігі. Чуматанов А. М
Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі...
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі iconӨскемен қаласының білім беру мекемелерінде 2011 жылға арналған тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту бойынша
«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «өзін өзі тану» пәні арқылы балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі iconМемлекеттік Коммуналдық Қазыналық
Лагердің қызметтік бағыты: Патриоттық, эстетикалық, рухани-адамгершілік, салаутты өмір салтын қалыптастыру және өзін-өзі басқару...
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі icon«Өзін-өзі тану» курсын апробациядан өткізу барысындағы Ақсу қаласы гимназиясында жүргізіліп жатқан эксперименттік жұмыс туралы ақпарат
Йынан бастап гимназияда облыстық білім департаментінің 26 тамыз 2003 жылынан №1-06/126 “Өзін-өзі тану” курсын енгізу бойынша экперимент...
Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі iconМайқынова Н. А
Бастауыш сыныбында оқушылардың өзін- өзі тану негізінде адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды теориялық- педагогикалық тұрғыдан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы