|
«Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы персоналының 2013-2015 жылдарға арналған нормативтік санын бекіту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 29-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту ережесінің 12 және 13-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы персоналының 2013-2015 жылдарға арналған нормативтік саны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты басшылыққа алсын. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаментінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының және «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. ^ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының 2013 жылғы ____ қаңтардағы № ____ -ҢҚ бұйрығымен бекітілген «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы персоналының 2013-2015 жылдарға арналған нормативтік саны
|