|
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы персоналының 2013 жылға арналған нормативтік санын бекіту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 29-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы ережесінің 12 және 13 тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 5 қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы персоналының 2013 жылға арналған нормативтік саны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Е.Ө. Жолдасбаев) осы бұйрықты басшылыққа алсын. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаментінің, Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының және «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. ^
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының персоналының 2013 жылға арналған нормативтік саны
|