|
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» акционерлік қоғамының 2013-2015 жылдарға арналған отын шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесінің 26-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 45 қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырган «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» акционерлік қоғамының 2013-2015 жылдарға арналған отын шығысының техникалық және технологиялық нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты басшылыққа алсын. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаментінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының және «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. ^ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы «___» __________ № _____ бұйрығымен бекітілді «Мұнайтас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» акционерлік қоғамының 2013-2015 жылдарға арналған отын шығысының техникалық және технологиялық нормалары
|