Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы icon

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы



НазваниеТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Дата конвертации23.05.2013
Размер180.21 Kb.
ТипДокументы
источник

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 30 шiлдедегi N 185-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 12 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 2438





       Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 142-НҚ , 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 бабының  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Бұйрықтың кiрiспесiне өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2009.02.17 N 48-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 142-НҚ , 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) өндiруге және ұсынуға бағалар (тарифтер) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-2-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 5 қарашада N 634 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 1999 жылы N 3 жарияланған);
      2) "1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-2-НҚ бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 17 мамырдағы N 28-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 2 маусымда N 786 тiркелген);
      3) "Коммуналдық қызметтердi есептеу құралдарын орнатуды қаржыландыру механизмi туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 73-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 27 қыркүйекте N 952 тiркелген).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      ^ Төрағаның мiндетiн атқарушы

      Келiсiлдi

      Қазақстан Республикасының Еңбек және
      халықты әлеуметтiк қорғау министрi

      2003 жылғы 30 шiлде

Қазақстан Республикасының    
      Табиғи монополияларды реттеу  
      және бәсекелестiктi қорғау   
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 30 шiлдедегi     
N 185 НҚ бұйрығымен       
бекiтiлген           

  ^ Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн
қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар,
алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды
қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы ереже

      ^ Ескерту. Ереженiң атауына өзгертулер енгiзiлдi;
      барлық мәтiн бойынша "индикативтiк" деген сөз "орташа мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылды;
      барлық мәтiнi бойынша "қызметтерi (тауарлары, жұмыстары)", "қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)", "қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын)", "қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздер тиiсiнше "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары)", "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)", "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын)", "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздермен ауыстырылды
      барлық мәтiн бойынша "тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту", "тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) қалыптастырған және бекiткен", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту", "тарифiн (бағасын, алым ставкасын) бекiту", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын), жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен" деген сөздер тиiсiнше "тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту", "тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларын қалыптастырған және бекiткен", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметалар бекiту", "тарифiн (бағасын, алым ставкасын) және тарифтiк сметасын бекiту", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 142-НҚ , 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтiк сметалар және тарифтiк сметалар бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы осы ереже (бұдан әрi - Ерекше тәртiп) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң негiзсiз көтерiлуiне жол бермеу мақсатында "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006.03.17 N 78-НҚ ,  2009.02.17 N 48-НҚ Бұйрықтарымен.

      2. Ерекше тәртiп мынадай ережелердi қамтиды:
      1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн шығындарды реттеу;
      2) шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегiнде табиғи монополия субъектiсiнiң шығыстар баптарын шектеу;
      3) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеу;
      4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн пайдаларды шектеу;
      5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсу;
      6) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген негiзгi құралдарды қайта бағалау мен амортизациялық аударым құралдарын пайдалану бағыттарын келiсу.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 203-НҚ бұйрықтарымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 5-тармақтан қараңыз).

      3. Ерекше тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгi - тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызмет (жұмыс) көрсетуге байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар қызметтiң (тауардың, жұмыстың) өзiндiк құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкiмшiлiк шығыстар, iске асыру жөнiндегi шығыстар, сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстар) тұрады;
      тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн шығын түрлерiн шектеу - тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлмейтiн шығындар тiзбесiн белгiлеу;
      шығыстар деңгейiн шектеу - шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларының, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар мен лимиттердiң негiзiнде ескерiлетiн тарифте (бағада, алым ставкасында) шығындар деңгейiнiң шегiн белгiлеу;
      шығыстар - уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуден алынған табысы есебiнен олар жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсiнiң шығындары;
      табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы және уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жатқызған, белгiлi бiр тауарды тұтынушыға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрiнде беру жағдайын қоса, табиғи монополия субъектiсi ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      құзыреттi орган - салалық министрлiк және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;
      уәкiлеттi орган - табиғи монополияр салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005.04.21 N 142-НҚ , 2006.03.17 N 78-НҚ , 2006.08.14 N 203-НҚ (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  5-тармақтан қараңыз), 2009.02.17 N 48-НҚ Бұйрықтарымен.

      4. Ерекше тәртiп реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынатын табиғи монополия субъектiлерiне қолданылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 142-НҚ Бұйрығымен.

      5. Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастыру реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен тартылған активтердi есепке алу негiзiнде жүргiзiледi.
      Шығындар реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде осы Ерекше тәртiптiң талаптарын ескере отырып, енгiзiледi. Шығындардың баптарын қалыптастыру бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес келуi тиiс.
      Есеп саясаты табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органмен келiскеннен кейiн тiгiн қабылдайды.
      Ескерту. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 142-НҚ Бұйрығымен.

^ 2. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының,
жұмыстарының) тарифiне (бағасына, алым ставкасына)
енгiзiлетiн шығындарды реттеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы өзгертiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 142-НҚ Бұйрығымен.

      6. Табиғи монополия субъектiсiнiң тарифiне (бағасына, алым ставкасына) енгiзiлетiн шығындарды реттеу тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн шығын түрлерiн шектеу және табиғи монополия субъектiсiнiң шығыс деңгейiн шектеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн материалдық шығыстар өнiмнiң (қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына (бұдан әрi - материалдық ресурстар) және (немесе) уәкiлеттi органның ол белгiлеген тәртiппен бекiтiлген материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тендерлiк (конкурстық) сатып алулардың нәтижелерi бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 203-НҚ бұйрықтарымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 5-тармақтан қараңыз).

      7-1. Шығыстарға бағытталған, тарифтiң шығын бөлiгiнде ескерiлмеген субсидияларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiне мемлекеттiк бюджет қаражатынан бөлiнетiн демеуқаржы тарифтiң шығын бөлiгiн азайтуда ескерiледi.
      Сонымен бiрге, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тоқсан сайын демеуқаржыны пайдалану туралы есеп беруге мiндеттi.
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003.11.14 N 270-НҚ , өзгерту енгзiлдi - 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен .

      8. Аудиторлық, консалтингiлiк, маркетингiлiк қызметтер мен мердiгерлiк тәсiлмен жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, сатып алатын өндiрiстiк сипаттағы басқа қызметтерге жұмсалған шығыстар тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiледi.

      9. <*>
      Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

      10. <*>
      Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

      11. Уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiледi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

      12. Табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеу және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына арналған қаражаттары уәкiлеттi органмен келiсiлген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып, тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiледi.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2006.03.17 N 78-НҚ ,  2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен .

      13. Субъектi қызметкерлерiнiң еңбекақы жүйесi жөнiндегi параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен немесе жергiлiктi атқару органымен келiсiм бойынша құзыреттi орган бекiтедi.
      Шығындарға енгiзiлетiн өндiрiстiк персоналдың еңбегiне ақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк-экономикалық дамуының орташа мерзiмдi жоспарында көзделген тұтынушылар бағасы индексiнiң болжамды өзгеруi есебiмен қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) қабылданған орташа айлық жалақыны жоғарылатпайтын және нақты санына сүйене отырып анықталады.
      Шығындарға енгiзiлетiн әкiмшiлiк персоналдың еңбегiне ақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санын жоғарылатпайтын нақты санына сүйене отырып анықталады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындардан басқа табиғи монополия субъектiлерi басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерiнiң және әкiмшiлiк персоналдардың басқа қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары бойынша шығындарға енгiзiлетiн әкiмшiлiк персоналдың еңбегiне ақы төлеу шығыстары штат кестесiне сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң лауазымдық жалақысының 15 еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгi деңгейiнiң арасындағы ара қатынасы негiзiнде шектеледi.
      Еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген еңбек жағдайларына қосымша ақы (өтемақы), үстемақы төлеумен байланысты шығыстар Ерекше тәртiптiң 28-тармағында көрсетiлген шығыстардан басқа, тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде ескерiледi.
      Тарифтiң шығындық бөлiгiне енгiзiлмейтiн сыйақыны және жалақыға басқа да сыйақының түрлерiн табиғи монополия субъектiсi (мемлекеттiк кәсiпорындардан басқа) таза табыс есебiнен (нақты пайда) жүргiзуге құқылы.
      Уәкiлеттi орган осындай немесе ұқсас қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополия субъектiлерiнiң жалақыларына жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негiзiнде, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi көрсететiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемi қысқарған жағдайда тарифке (бағаға, алымдар ставкаларына) енгiзiлетiн әкiмшiлiк және (немесе) өндiрiстiк персоналдардың еңбегiне ақы төлеу шығыстарын төмендету және жоғарылатудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2006.03.17 N 78-НҚ , 2006.08.14 N 203-НҚ (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 5-тармақтан қараңыз), 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен .

      14. Тiк жолды (бiр қалыпты) есептеу тәсiлi бойынша есептелген негiзгi құралдардың және материалды емес активтердiң амортизациялық аударымдары тарифтiң шығындық бөлiгiне енгiзiледi.
      Негiзгi құралдардың және материалды емес активтердiң тозуын тiк жолды (бiр қалыпты) есептеу тәсiлiн қолдану уәкiлеттi органның келiсiмiн талап етпейдi.
      Амортизацияны есептеудiң өзге тәсiлдерiмен амортизацияны қолдану және есептеу белгiленген тәртiпте Уәкiлеттi органмен келiсiледi.

      15. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiне негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзуiн келiседi.
      Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарына қайта бағалау жүргiзгеннен кейiн тарифтi (бағаны, алым ставкасын) амортизациялық аударымдарды көбейтудiң шығын бөлiгiне енгiзуге құқылы.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005.04.21 N 142-НҚ Бұйрығымен, өзгерту енгiзiлдi - 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен

      16. Амортизациялық аударымдар негiзгi құралдар құнының артуына әкелетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталады.

      17. <*>
      Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

      18. Табиғатты қорғау шығыстары, табиғат ресурстарын пайдалануға төлем Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ставкаларға, тәртiпке және талапқа сәйкес анықталады.

      19. Заңнамада белгiленген тәртiпте бекiтiлген табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшiн заемдық қаражат сыйақысын төлеу шығыстары кезең шығыстарында ескерiледi.
      Инвестициялық жобаны iске асыру үшiн ұлттық валютада алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 есе ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегiнде тарифтi (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезiнде ескерiледi.
      Инвестициялық жобаны iске асыру үшiн шетел валютасында алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының Лондон банкаралық рыногының 4 есе ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегiнде тарифтi (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезiнде ескерiледi.
      Шетел валютасында алынған заемдық қаражаттар үшiн сыйақы Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының орташа мерзiмдi жоспарының негiзгi көрсеткiштерiнiң және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде шетел валютасына теңге бағамының болжамды өзгеруiн ескере отырып, тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгi кезеңiндегi шығыстарда ескерiледi.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банк аралық рыногының ставкасы табиғи монополия субъектiсiнiң тарифiн (бағасын, алым ставкасын) және тарифтiк сметасын бекiту жөнiндегi шешiм қабылдаған күнiне қолданылады.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен .

      20. Кезең шығыстарында ескерiлетiн сақтандыру, салық, алымдар мен төлемдердiң мiндеттi түрлерiне жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ставкаларға, төлем тәртiбi мен шарттарына сәйкес айқындалады.

      21. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен жағдайда, уәкiлеттi орган алдағы тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгерту кезеңi үшiн тұтынушылар бағаларының индексiн ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) қабылданған шығыстар шегiнде тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгiзуге құқылы.

      22. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне жүргiзiлген қаржылық сараптаманың нәтижелерi бойынша, не табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет тиiмдiлiгiн кемiткен (көрсетiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бiрлiгiнiң өзiндiк құнын арттыру, көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн кемiту, кредиторлық және дебиторлық берешектердi арттыру) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстар сомасының өзгеруi туралы шешiм қабылдауға құқылы.
       Кезең шығыстарына әкiмшiлiк басқару жүйесi мен қаражаттарын құру және жетiлдiру жөнiндегi шығыстарды енгiзуге уәкiлеттi органның келiсiмiмен ғана көрсетiлген мақсаттарға қаражат салудан алынған экономикалық тиiмдiлiк есебiн ұсынғаннан кейiн жол берiледi.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен .

      23. Әкiмшiлiк персоналының өкiлеттiк, iссапарлық шығыстары және байланыс қызметiнiң шығыстары, мерзiмдiк баспасөзге, қызметтiк автокөлiктi ұстауға, ақпараттық, консультациялық және маркетингiлiк қызметтерге жұмсалған шығыстар уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша табиғи монополия субъектiсi белгiлеген лимиттер шегiнде тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгiзiледi.
      Өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты әкiмшiлiк персоналының бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалған шығын деңгейi уәкiлеттi органның алдын-ала келiсiмi бойынша тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) есебiне енгiзiледi.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен .

      24. Табиғи монополия субъектiсi мынадай қызметтердi ұсынған жағдайда:
      электр энергиясын аймақтық және (немесе) жергiлiктi деңгейдегi желiлерi арқылы беру және (немесе) бөлу жөнiнде;
      жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнiнде;
      табиғи газды бөлушi труба құбырлары арқылы тасымалдау жөнiнде;
      су шаруашылығы және (немесе) арналық жүйелердi;
      тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiнде уәкiлеттi органмен келiсiлген нормативтен тыс ысырапты кемiтуге бағытталған инвестициялық бағдарлама (жоба) болған жағдайда, тауарды (қызметтi) өткiзу көлемiнен 0,8 пайыз мөлшерiнде нормативтен тыс ысырап құны ескерiледi.

      25. Уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алым ставкасының) жобаларына сараптама жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартады және жүргiзiлген сараптама негiзiнде түзету жүргiзедi.
       Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен

^ 3. Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициясы

      26. Инвестиция табиғи монополия субъектiлерiнiң өзiнiң және (немесе) заемдық қаражаттардың есебiнен жүзеге асырылады. Өзiнiң қаражатының көздерi пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
      Заемдық қаражаттарды қайтару пайданың және (немесе) амортизациялық аударымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен

      27. <*>
      Ескерту. 27-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

^ 4. Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн
(бағаларын, алым ставкаларын) қалыптастыру кезiнде
ескерiлмейтiн шығыстардың тiзбесi

      28. Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларын қалыптастырған және бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiнде мынадай шығыстар ескерiлмейдi:
      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысырапқа, тауар-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлiнуi мен жетiспеушiлiгiне жұмсалған шығыстар, 24-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа өнiмсiз шығыстар мен ысыраптар;
      қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негiзгi қаражаттардың амортизациялық аударымдары;
      лизинг бойынша сенiмдi басқаруға, мүлiктi жалға алынған негiзгi құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негiзгi құралдардан басқа) пайдалану үшiн жалдау төлемiне жұмсалған шығыстар;
      былғағыш заттардың нормативтен тыс тасталындысы (лақтырындысы) үшiн төлемдер;
      сот шығындары;
      сенiмсiз қарыздар;
      шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, өсiмақылар, тұрақсыз төлемдер мен санкциялардың басқа түрлерi;
      табысты қысқартқаны (төмендеткенi) үшiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
      талан-тараждан келген залалдар;
      ақаудан болған ысырап;
      қызмет көрсетушi өндiрiстер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегiн беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстау жөнiндегi шығыстар;
      денсаулық сақтау, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, оқу орындарына, кәсiптiк-техникалық училищелер объектiлерiн, құзыреттi органмен келiсiлген технологиялық қажеттiлiктен басқа, ұстауға жұмсалған шығыстар:
      сауықтыру лагерлерiн, мәдени және спорт объектiлерiн, тұрғын үй қорын ұстауға жұмсалған шығыстар;
      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт iс-шараларын (демалыс кештерiн, спектакльдер мен концерттер өткiзу) өткiзуге жұмсалған шығыстар;
      кәсiпорындардың қызметкерлерiне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерiн сатып алуға және үй шаруашылығын жүргiзуге берiлген несиелердi (пайыссыздарын қоса) өтеуге жұмсалған шығыстар;
      бақшалық серiктестiктердi (оның iшiнде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) абаттандыру жөнiндегi шығыстар;
      лекциялар, көрмелер, пiкiрсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерiмен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткiзуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелiк жарнамаларға жұмсалған шығыстар;
      бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар жөнiндегi, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнiмдер шығару жөнiндегi шығыстар, өндiрiстiк мақсаттарға пайдаланылатын өнiмдерден басқа;
      пәтерлер, тұрғын үй ғимараттарын және үй-жайлар, табиғи монополия субъектiсiнiң персоналы үшiн жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға жұмсалған шығыстар;
      қаланы көрiктендiру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарды және осы тәрiздес басқа жұмыстарды орындауға жұмсалған шығыстар;
      бiлiм ұйымдарында оқитын қызметкерлердiң еңбек демалыстарына ақы төлеуге жұмсалған шығыстар;
      жұмыс нәтижелерi бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа нысандарына жұмсалған шығыстар;
      қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға және саяхатқа шығуға жолдамаларға табиғи монополия субъектiсi қаражаттарының есебiнен, кәсiби ауруларды оңалту емiне байланысты шығындардан басқа, ақы төлеу жөнiндегi шығыстар;
      денсаулық сақтау органдарымен өз қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге жасалған шарттар бойынша емхана қызметкерлерiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар;
      сақтандыру төлемдерi (кәсiпорындармен өз қызметкерлерiнiң пайдасына жасалған жеке және мүлiктiк сақтандыру шарттары бойынша кәсiпорындар төлеген жарналар);
      қызметкерлерге, оның iшiнде балалар тәрбиелейтiн әйелдерге қосымша берiлетiн демалыстарға (заңда көзделгеннен тыс), қызметкердiң отбасы мүшелерiне демалысты өткiзетiн жерiне және қайтар жолына жолақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшiн өтемақы төлеу жөнiндегi шығыстар;
      демеушiлiк көмектiң барлық түрлерiн көрсетуге жұмсалған шығыстар;
      табиғи монополия субъектiсiнiң қызметкерлерiне (қызметкерлерге тамақты тегiн немесе төмендетiлген баға бойынша беру, сауықтыру, секцияларда, клубтарда шұғылданатын, протез салатын және т.б. топтардағы абонементтерге ақы төлеу) заңнамада көзделгеннен басқа жеңiлдiктер;
      мерей тойлық күндерге сыйлықтар немесе қызметкерлерге ынталандыру түрiнде берiлген (автокөлiк, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердiң бет есептерiнiң пайыздық ставкаларын арттыру) сатып алу жұмсалған шығыстар;
      мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, санаторилердегi және сауықтыру лагерлерiндегi балалар тамақтарының құнын өтеуге жұмсалған шығыстар;
      ұжымдық шарт айқындаған мақсаттар үшiн кәсiподақтарға аударым жасау шығыстары;
      өндiрiстiң өнертапқыштықпен және рационализаторлықпен: тәжiрибе-эксперименттiк жұмыстарды өткiзуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда) бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға, өнертапқыштық пен рационализаторлық бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б байланысты шығыстар;
      өндiрiске және қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуге тiкелей қатысы жоқ және тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) өсуiне алып келетiн шығыстардың басқа да түрлерi.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005.04.21 N 142-НҚ , 2006.06.16 N 156-НҚ , 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен.

^ 5. Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiне
(бағасына, алым ставкасына) енгiзiлетiн
пайданы шектеу

      29. Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифiнiң (бағасының, алым ставкасының) есебiне қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасының шамасына пайда ставкасының туындысы ретiнде анықталатын пайданың (таза табыстың) деңгейi енгiзiледi. Пайда ставкасы және қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен айқындалады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

6. Ерекше тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      30. Ерекше тәртiптi бұзуға жол берген табиғи монополия субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.



Похожие:

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы icon«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы №82-НҚ бұйрығына өзгерістер...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы icon«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтеріне тарифтік сметаларды түзету туралы
НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы icon«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы №82-НҚ...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы icon«kegoc» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру, электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды
НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconАэронавигацияның реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қолданысқа енгiзiлген активтерiнiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы n 306-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы n 149-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconАэронавигацияның реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Спубликасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2006 жылғы 20 маусымдағы n 146, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер туралы мәліметтер

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер туралы мәліметтер

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы