Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы icon

Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы



НазваниеҚазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы
Дата конвертации23.05.2013
Размер43.08 Kb.
ТипДокументы
источник

ҚАЗАҚСТАН РЕСУПБЛИКАСЫ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ


Тәуелсіз Қазақстан ТМД-ның басқа да мемлекеттері сияқты нарық экономикасына көшті.

Нарық экономикасының тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан монополияға қарсы реттеу қажет болды.

Осы мақсат үшін 1991 жылы Қазақ КСР-дің Жоғарғы Кеңесі «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Заң қабылдады, 1998 жылдың 2-жартыжылдығында Қазақстан Республикасының Парламенті «Табиғи монополиялар туралы» және «Жосықсыз бәсекелестік туралы» Заңдар қабылдады.

Монополияға қарсы реттеу өзіне мемлекет жүзеге асыратын экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралар кешенін қамтиды.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен 1991 жылғы тамызда Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі комитеті құрылды. Монополияға қарсы органдар құрылған сәттен бастап бірнеше рет өзгерістен өтті.

1993 жылы Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік комитеті Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет болып қайта құрылды.

1994 жылғы қазанда: Бағаларды реттеу жөніндегі комитетті және Монополияға қарсы комитетті біріктіру туралы тарихи шешім қабылданды, оның нәтижесінде Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Сол кезде монополистер үшін шығындарды қалыптастырудың және шектеулердің ерекше тәртібі алғашқы рет енгізілді және бәсекелестікті дамыту қажет болған табиғи монополияға қатысты салаларды бөлуге алғашқы қадам жасалды.

1994 жылғы 15 шілдеде таратылған бағалар және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттердің орнына «Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының құрылымын жетiлдiру және оларды ұстауға жұмсалатын шығынды қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

1997 жылы Комитет төрт Департаментке бөлінді: Монополияға қарсы саясат және әлеуметтік сала департаменті, Бағаларды реттеу департаменті, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті, олар Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінің құрамына кірді, ал 1998 жылы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі болып құрылды.

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды одан әрі дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 21 мамырдағы № 3958 Жарлығына сәйкес Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік:

  • Үкімет құрамына кірмейтін орталық орган ретінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке;

  • Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экономикалық жоспарлау жөніндегі комитетіне;

  • Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне бөлінді.

  • Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің негізінде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет құрылды.

1999 жылғы 22 қаңтарда Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі болып құрылды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (және Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі қосылуы арқылы Монополияға қарсы агенттік болып қайта құрылды). Монополияға қарсы агенттік Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде қалыптасты. Оның құрылуы Табиғи монополияларды реттеу, монополистік қызметті және жосықсыз бәсекелестікті ескерту, шектеу мен жолын кесу жосықсыз бәсекелестік, тауар нарықтарын дамытуға жәрдемдесу және адал бәсекелестік және шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында қажет болды.

2003 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жүргізу республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігіне жүктелді. Осылайша Агенттік өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде ел Үкіметінен және Парламентінен заңды түрде тәуелсіз болды.

2004 жылдың соңындағы әкімшілік реформалардың нәтижесінде Мемлекет басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі құрылды. Монополияға қарсы органдарды бөлу олардың функциялары мен өкілеттіктерін нақтылады. Аса тиімді қызмет және Қазақстан экономикасын дамыту үшін жақсы дәлел пайда болды.

2007 жылдың басында Қазақстанның ерекшелігі ескеріле отырып, 3 реттеуші құрылды, олардың шартты атауы: Қаржы секторының реттеушісі, Телекоммуникациялық реттеуші және Инфрақұрылымдық реттеуші.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) инфрақұрылымдық реттеуші болды. Бәсекелестікті қорғау комитетінен ТМРА-ға табиғи монополиялық салалармен аралас тауар нарықтарындағы бағаларды мемлекеттік реттеу функциялары берілді. Бұл темір жол тасымалдары, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау. Энергетика және минералдық ресурстар, көлік және коммуникация министрліктерінен инфрақұрылымдық реттеушіге реттеудің техникалық мәселелері берілді: бұл лицензиялау, кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау, нормалау мәселелері, инвестициялық бағдарламаларды бекіту.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде байланыс қызметтерін қоспағанда, экономиканың монополиялық секторларын мемлекеттік тарифтік реттеу топталған.

Инфрақұрылымдық реттеуші ретінде Агенттік 2008 жылы «Табиғи монополиялар туралы» және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына түбегейлі өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы саясатты әзірлеу мен қалыптастыру аясындағы функцияларды берді.



Похожие:

Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы 312-ҢҚ бұйрығы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы 312-ҢҚ бұйрығы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды...
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы icon08. 10. 10 ж. №300-НҚ бұйрығы «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы»
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тексеру бойынша міндетті ведомстволық статистикалық есептіліктің 2010 жылдың 6 айына арналған нысаны
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 ақпандағы №43-НҚ
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тексеру бойынша міндетті ведомстволық статистикалық есептіліктің 2010 жылдың 5 айына арналған нысаны
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 ақпандағы №43-НҚ
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тексеру бойынша міндетті ведомстволық статистикалық есептіліктің 2010 жылдың 7 айына арналған нысаны
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 ақпандағы №43-НҚ
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 1- жартыжылдықтағы есебі
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі Агенттік) салалық реттеуіш болып табылады, табиғи монополиялар субъектілерінің...
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен «Ақтөбеэнергоснаб»
Реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен «Ақтөбеэнергоснаб» жшс-нің 1 кВт/с үшін 8,48 теңге ҚҚС-сыз (9,50 теңге...
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2014 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған тексерулерді жүргізу жоспары
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2013 жылғы "29" қарашадағы №321 НҚ бұйрығының...
Қазақстан ресупбликасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ҚҰрылу тарихы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен 2012 жылғы 30 сәуір айының жағдайы бойынша лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берілген туралы ақпарат
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі №03 хатына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы