Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. icon

Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз.



НазваниеПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз.
Дата конвертации08.04.2014
Размер209.68 Kb.
ТипПостановление
источник


ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ

Қ


АУЛЫСЫ





ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ

К


АЗАХСТАН



2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20 » декабря 2013 года

1383 № 1383


данасы экз. №


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министр С. Ахметов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « 20 » желтоқсандағы .№ 1383 қаулысымен
бекітілген


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14,
168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – агроөнеркәсіптік кешен саласында (балық аулауды қоспағанда) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;

16-тармақта:

орталық аппаратта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) мынадай салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады:

тұқым шаруашылығы;

асыл тұқымды мал шаруашылығы;

өсімдіктер карантині;

астық нарығы;

өсімдіктерді қорғау;

ветеринария;

мақта саласын дамыту;

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;»;

3) тармақша алынып тасталсын;

18), 21) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«18) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;

«21) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін әзірлейді;»;

«24) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртібін әзірлейді;»;

мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

«24-1) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін анықтайды;»;

25) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

«29-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді және ұсынымдарды бекітеді;»;

33) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 49-1) және 49-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«49-1) астықтың сатып алынатын бағасын белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;

49-2) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;»;

56), 60) және 63) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:

«63-1) өсімдіктерді қорғау саласында халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;»;

67) тармақша алынып тасталсын;

72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«72) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін, зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру бойынша оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;»;

74) және 77) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:

«79-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;»;

88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«88) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын бекітеді;»;

109) және118) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 130-1) және 130-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«130-1) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;

130-3) республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;»;

138) және 139) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«138) тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъекті үшін бірегей тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;

139) әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;»;

140) және 144) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 146-1), 146-2), 146-3), 146-4), 146-5), 146-6), 146-7), 146-8), 146-9) және 146-10) тармақшалармен толықтырылсын:

«146-1) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестігін растау жөніндегі органдарды және сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

146-2) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестер құрады;

146-3) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіру жөніндегі жоспарларды дайындау мен іске асыруды жүзеге асырады;

146-4) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;

146-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзекті ету және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

146-6) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

146-7) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізуді жүзеге асырады;

146-8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;

146-9) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастамашылық етуді жүзеге асырады;

146-10) стандарттарды, нормативтерді, нұсқаулықтары, әдістемелер мен ұсынымдары әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;»;

154), 155), 156) және 158) тармақшалар алынып тасталсын;

162) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«162) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мониторингін жүргізеді;»;

163) және 165) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 166-1) және 166-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«166-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің жүргізуін ұйымдастырады;

166-2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;»;

167) тармақша алынып тасталсын;

189) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«189) мақта саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;

205) тармақша алынып тасталсын;

208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«208) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 214-1), 219-1), 227-1), 228-1) және 228-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«214-1) биоотын өндіру зауытын салуға техникалық-экономикалық негіздеменің салалық сараптамасын жүргізеді;»;

«219-1) биоотын өндіру паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді;»;

«227-1) Министрлік реттейтін салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;»;

«228-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажет мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;

228-2) мұнай өнімдерін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу көлемдері туралы ұсыныстарды мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға енгізеді;»;

238) тармақша алынып тасталсын;

17-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты іске асырады:

агроөнеркәсіптік кешен;

асыл тұқымды мал шаруашылығы;

тұқым шаруашылығы;

өсімдік шаруашылығы;

мақта саласы;

бал ара шаруашылығы;

ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;

биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) экспортшы елдер құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;»;

12) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;

«14) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;

18), 19), 42), 43), 48) және 69) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:

«73-1) пестицидтер (улы химикаттар) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;»;

90), 91), 93), 96), 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106) 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124), 125), 127), 128), 130), 131), 132), 139), 140), 141), 142), 143) және 144) тармақшалар алынып тасталсын;

145) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«145) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;»;

146), 147), 148), 152), 157), 159) және 160) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 160-1), 160-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«160-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты береді;

160-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;»;

161) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«161) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекітеді;»;

164) және 173) тармақшалар алынып тасталсын;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
^

1-бөлімнің реттік нөмірі 1 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген жолы алынып тасталсын;


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
^

81 және 295-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«81. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.»;

«295. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.».

2. «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 4-құжат):


1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына сорттық және тұқымдық бақылауды Заңға сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары (бұдан әрі – мемлекеттік тұқым инспекторлары) жүзеге асырады.»;

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Аттестатталған тұқым өндірушілер егу басталғанға дейін тиісті жергілікті атқарушы органдарға егістіктердің тұқым өсіру егісі дайындығы туралы хабарлайды, бұдан кейін мемлекеттік тұқым инспекторлары егістіктерді кеңістіктік оқшаулаудың сақталуы, ауыспалы егістің сақталуы, қажетті агротехникалық іс-шаралардың жүргізілуі, егістік шекараларының тазалығы мәніне тексереді. Егістікті тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп жасалады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Егісті байқаудан өткізуді:

1) бірегей тұқымдардың егістерін – құрамында тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тұқым инспекторлары, тиісті дақыл бойынша селекционер, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған комиссия;

2) элиталық тұқымдардың егістерін – құрамында тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тұқым инспекторлары, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған комиссия;

3) бірінші және кейінгі көбейтілген тұқым шаруашылығы егістерін – тұқым өндіруі өкілінің қатысуымен байқаудан өткізушілер жүргізді.»;

21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Даулы жағдайларда тұқымдардың сапасына бақылау зерттеулерін жүргізуге арналған өтінішті тиісті жергілікті атқарушы органға:»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3,
4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларында:

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сатуға арналған тұқым партиясынан сынамаларды іріктеп алуды тұқым өндірушінің өтініші бойынша тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.».

3. «Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 78-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларында:

8-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргізу;»;

9-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу;»;

10-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлігі, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол ауданның тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу;»;

11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының әр партиясы бойынша өткізілетін тұқымның саны мен сапасының, шыққан тегінің есебін, тұқымды құжатталуы, нөмірленуі, тігілуі және облыстың тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы қол қоюы

тиіс тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу;»;

13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сараптамалық комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесінің, аграрлық бейінді ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері кіреді.»;

4. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 677 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 708-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес машиналарды мемлекеттік тіркеу функциясы жүктелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) тіркеуші органдарының қолдануына жатады.»;

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тіркеуші органдар – жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері.»;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 709-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларында:

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жылына бір рет техникалық байқаудан өткізуге жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – иеленушілер) иелігіндегі және жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған машиналар жатады.»;

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана; аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша машиналарды техникалық байқаудан өткізу кестесін жасайды, онда машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу орны, мерзімдері және уақыты туралы мәліметтер болуы тиіс. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша жиынтық кестені облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

6. Жергілікті атқарушы органның инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу басталғанға дейін күнтізбелік
30 күннен кешіктірмей машина иелерін машиналарды техникалық жай-күйін байқаудан өткізуге ұсыну мерзімдері, шарттары мен тәртібі туралы (жергілікті басылымда жариялай отырып) хабардар етеді.

7. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстары басталар алдында машиналардың нақты орналасқан жері бойынша және жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімде жүргізіледі.

Машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу маусымдық жұмыстар басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын аяқталады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді құрамында жергілікті атқарушы органның инженер-инспекторы – комиссия төрағасы, кәсіпорынның бас инженер-механигі мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері болатын комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына жоғарыда тұрған басқару органдарының, жөндеу-қызмет көрсету кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері, жергілікті атқарушы органның штаттан тыс инспекторлары қосылады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Жеке тұлғалардың мемлекеттік техникалық байқаудан өткен машиналарына байқаудан өткізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу журналында «Ақаусыз» деген жазу жазылады және байқаудан өткізілген жылы көрсетіліп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Техникалық байқаудан өткені туралы талон беріледі, ол жергілікті атқарушы органның инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады. Талон кабинаның алдыңғы терезесінің оң жақ төменгі бұрышына (оның ішкі жағынан) бекітіледі.

Талон жоғалған немесе зақымданған кезде жергілікті атқарушы органдар өтініш беруші жүгінгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде техникалық байқаудан өткені туралы талонның телнұсқасын береді.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Машиналардың жай-күйін мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің жиынтық қорытындыларын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жақсарту жөніндегі әзірленген іс-шаралар мен ұсыныстарды қоса беріп, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 4, 5-қосымшалар осы қаулыға 6, 7,
8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

6. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 25 мамырдағы № 681 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 711-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тіркеу пункттері ретінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан
әрі – жергілікті атқарушы органдар) құрылымдық бөлімшелері түсініледі.
»;

13-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тіркеу пункттерін тіркеу құжаттарымен және нөмірлік белгілермен қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.»;

көрсетілген Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшалар осы қаулыға 9, 10,
11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

7. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1556 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 41-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жергілікті атқарушы орган – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы; аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жергілікті атқарушы органдар;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін емтихан пункттері ретінде жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшілері түсініледі.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Емтихан материалдары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінде жасалады, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру басқармаларымен келісіледі және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бекітеді.

Емтихан материалдарына енгізуге арналған сұрақтарды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;

15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Теориялық емтихан қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі басшысының бұйрығымен құрылады және кемінде үш адамнан тұрады, онда инженер-инспектор комиссия төрағасы болып табылады.»;

34-тармақтың 2) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдары куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған, сондай-ақ осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайларда телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.»;

39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Емтихан пункттерін куәлік бланкілерімен қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 4-қосымшалар осы қаулыға 12 және
13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.


_______________





Похожие:

Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 20 декабря 2013 года 2013 года № №1383 № данасы экз.
Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы «31» желтоқсандағы Астана, Үкімет Үйі от «31» декабря 2013 года №1550 №1550 № данасы экз.
«о стратегическом плане Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан на 2011 – 2015 годы»
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы «31» желтоқсандағы Астана, Үкімет Үйі от «31» декабря 2013 года №1550 №1550 № данасы экз. №
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 30 қаңтардағы Астана, Үкімет Үйі от «30» января 2013 года №56 №56 № данасы экз. №
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы №244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 30 қаңтардағы Астана, Үкімет Үйі от «30» января 2013 года №56 №56 № данасы экз. №
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2012 года №244 «Вопросы Агентства Республики...
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от «18» октября 2013 года № №1112 № данасы экз. № О внесении изменений и дополнений в постановление
Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2004 года №1232 Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2013 года №87 «Об утверждении Правил технической...
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № О внесении изменений и дополнений в постановление
Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2012 года №414 о стратегическом плане Агентства Республики Казахстан по делам спорта...
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 1583 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от «22» декабря 2011 года № № № данасы экз. №
Охватывает все вопросы частного характера
Постановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі от «20» декабря 2013 года №1383 №1383 № данасы экз. iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы