Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы icon

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы



НазваниеӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Дата конвертации21.10.2013
Размер152.29 Kb.
ТипДокументы
источник



ЖОБА


Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешімнің жобасын Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз ету Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Б.Жүсіпәлиевке жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшке енеді және алғаш ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қармақшы аудандық




Қармақшы аудандық

мәслихатының ______________




мәслихат хатшысы

сессиясының төрағасы




________________

_______________________









Қармақшы аудандық мәслихаттың

2013 жылғы «___» ______________

№_____ шешімімен бекітілген


Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау

қағидалары


^ 1. Жалпы ережелер


1. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.


2. Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесі


3. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға:

1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетталардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге;

әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға;

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға;

5) зейнет жасына жеткен адамдарға, атап айтқанда:

Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтар, «Отан», «Даңқ», «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған азаматтарға;

облысқа ерекше еңбегі сіңген азаматтарға;

бөгде біреудің көмегін қажет ететін 80 жастан асқан жалғыз басты зейнеткерлерге;

6) мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушілерге, үйден оқытылатын мүгедек балаларға;

7) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға;

8) көп балалы отбасыларға, атап айтқанда:

«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ бiрiншi және екiншi дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

9) балаларға, оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне;

10) күнкөрісі төмен азаматтарға;

11) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысымен ауыратын азаматтарға;

12) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан білім алушы студенттерге, атап айтқанда:

мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға;

тұлдыр жетімдерге, сонымен бірге ата-анасының бірінің қамқорлығынсыз қалғандарға;

балалар үйінің түлектеріне;

білімді және дарынды балаларға;

ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балаларға;

ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балаларға;

ата-анасының екеуі немесе біреуі мемлекеттік білім, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мекемелері мен/немесе кәсіпорындарында жұмыс жасайтын балаларға;

төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;

оралмандардың отбасыларына;

13) ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне көрсетіледі.


^ 3. Әлеуметтік көмек мөлшері


4. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, жылына бір рет:

1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетталардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай:

саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

5. Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, жылына бір рет :

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетталардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар, Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:

5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

6. Жекелеген санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте жүруі үшін әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, ай сайын:

1) Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, «Отан», «Даңқ», «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған азаматтарға – 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) облысқа ерекше еңбегі сіңген азаматтарға – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) бөгде біреудің көмегін қажет ететін 80 жастан асқан жалғыз басты зейнеткерлерге – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

7. Мүгедек балаларды үйде оқытуға әлеуметтік көмек білім беру кезеңіне табыстарын есепке алмай, тоқсан сайын - 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

8. Өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек, жылына бір рет 7 - 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде көрсетіледі.

9. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысымен ауыратын, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек алты ай көлемінде ай сайын - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

10. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет, білім беру ұйымдарына жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге көрсетіледі.

11. Тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, жылына бір рет ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне - 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

12. Тұрғын үйі өртенуі, судың астында қалуы, бұзылуы және басқа да төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар азаматтарға әлеуметтік көмек, жылына бір рет, әрбір отбасы мүшесіне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.


^ 4. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі


13. Міндетті құжаттар:

1) өтініш;

2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;

3) алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

4) алушының екінші деңгейлі банктегі жеке есепшоты бар болуын растайтын құжат;

5) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.

14. Қосымша құжаттар:

1) жекелеген санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте жүруге:

дербес зейнеткерлік куәлігі немесе дербес зейнеткерлігін растайтын құжат;

Қазақстан Республикасының құрметті атақтары, «Отан», «Даңқ», «Халық қаһарманы» ордендерінің куәліктері;

2) мүгедек балаларды үйде оқытуға:

психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;

мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі;

3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:

өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының ) табыстары туралы мәліметтері;

4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысымен ауыратын азаматтар үшін:

тиісті медициналық ұйымнан емделуде болғанын растайтын анықтама;

5) Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттер үшін:

алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат;

тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;

6) тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға:

жұмыс орнынан анықтама.


^ 5. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі


15. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге, жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек уәкілетті ұйым, сондай-ақ өзге де ұйымдар тиісті айдың бірінші айындағы жағдай бойынша ұсынған азаматтардың жекелеген санаттары туралы ақпараттың негізінде алушылардан өтініш талап етпей беріледі.

16. Жекелеген санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте жүруі үшін әлеуметтік көмек өтініш беру негізінде беріледі.

17. Мүгедек балаларды үйде оқытуға әлеуметтік көмек өтініш беру негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-анасының біреуіне немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаға немесе заңды өкіліне беріледі.

Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалып төленеді.

Әлеуметтік көмек толық мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балаларға тағайындалмайды.

18. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын Қармақшы ауданының жастарына тағайындалады.

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім студенттердің біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлерінің негізінде қабылданады.

Біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлері студенттің әлеуметтік мәртебесі, оқу жүзеге асырылатын мамандыққа деген қажеттілік, оқуды аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесін алғаннан кейін, мамандығы бойынша ауылдық жерде орналасқан ұйымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс істеуге дайындығын білдіруі болып табылады.

Әлеуметтік көмек оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерден және тамақтану мен тұру шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден тұрады.

Оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдер «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан оқу орнының екінші деңгейлі банктегі есеп шотына және (немесе) тамақтану мен тұру шығындары студенттің екінші деңгейлі банктегі жеке есеп шотына аударылады.

19. Тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға әлеуметтік көмек ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне өтініш беру негізінде беріледі.


^ 6. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға

әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі


20. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

1) жетімдік;

2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалуы;

3) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

4) балалардың туғаннан үш жасқа дейінгі психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен шарттасатын организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

6) әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың және қоршаған орта үшін қауіпті аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

7) ауруының және (немесе) мүгедектігінің салдарынан егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіздік;

8) әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездік;

9) үйсіздік (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу;

11) мүгедектік;

12) күнкөрістің төмен болуы;

13) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

21. Әлеуметтік көмектің шекті шамасы айлық есептік көрсеткіштің жүз елу еселенген мөлшері болып табылады.

22. Өмірлік қиын жағдай туындағанда әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген азаматтардың өтініштерін уәкілетті орган аталған жағдайлар туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей қарайды.

23. Адамның (отбасының) орташа есеппен жан басына шаққандағы табысын есептеуді уәкілетті орган «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына сәйкес жүргізеді.


7. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру


24. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда қаржылық нарықты реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және тиісті банк операциялары түрлеріне лицензиялары бар ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару жолымен екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

25. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.



Похожие:

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconЖоба Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconКезекті он тоғызыншы сессия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы icon1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін бекіту туралы
Икасы Заңының 31-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconБейнеу ауданындағы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасын бекіту туралы
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету,оның мөлшерін...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
«Қызылорда облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең,...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
«Қызылорда облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең,...
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы iconЖоба ХХVІІІ сессия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы