Конкурс жариялайды icon

Конкурс жариялайды



НазваниеКонкурс жариялайды
Дата конвертации21.10.2013
Размер42.77 Kb.
ТипКонкурс
источник

Қызметке конкурс!


Қармақшы ауданы әкімі аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е-2) -1 (бір) бос орын.

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбек ақысы 103782-29 теңгеден 140298-28 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есептемегенде).

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі тағайындайтын кадрлар жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және енгізу, оларды марапаттау немесе Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу мәселелері бойынша тексерулер ұйымдастыру және оларды орындамаған лауазым иелеріне тәртіптік жаза қолдану жөнінде құжаттар әзірлеп, аудан әкіміне ұсыныс беру. Аппарат жұмысының ішкі тәртібін белгілейді оның орындалуына бақылау жасайды.

Аудан әкімі аппараты бөлімдері қызметкерлерінің өзара міндет бөлісу тәртібін бекітеді, сондай-ақ аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, басқа да құжаттарының жобаларын аудан әкіміне ұсынады.

Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек тәртібінің сақтауын бақылау, аудан әкімі аппаратымен Кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының облыс әкімі аппаратымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру.

Азаматтарды қабылдап олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап олар бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратында құпиялылық режимінің, құпия іс құжаттардың жүргізілуіне бақылауды ұйымдастырады. Құпия құжаттардың тиісті талаптарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

^ Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары экономикалық немесе педагогикалық немесе заңгерлік немесе гуманитарлық немесе техникалық не жергілікті мемлекеттік басқару білімі;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2)  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

3)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4)  жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5)  ғылыми дәрежесінің болуы;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

^ Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар Қармақшы ауданы әкімі аппаратына келесі құжаттарды тапсырады:

1) өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар осы кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде Қармақшы ауданы әкімі аппаратында мына мекен жайда әңгімелесуден өтеді: 120500 Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1 үй.

Конкурстық комиссия отырысының қорытынды мәжілісі әңгімелесу жүргізілгеннен соң 2 (екі) жұмыс күн ішінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні аралығында тиісінше мына мекен-жай бойынша тапсырылуы қажет. 120500 Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1 үй. кабинет №5, 2 – қабат.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан азаматтар үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Қармақшы ауданы әкімі аппаратының

конкурстық комиссиясы



Похожие:

Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды
«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды
Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды: І. «Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі барлығы 1 бос лауазым
Арал ауданы әкімдігі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды: І. «Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі барлығы 4 бос лауазым
Арал ауданы әкімдігі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды Құттықожа ауылында орналасқан №164 орта мектеп директоры қызметіне
Жаңақорған аудандық білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларының орналасуына конкурс жариялайды
Конкурс жариялайды iconКонкурс өткізетіндігі туралы жариялайды
«Астана-Петропавл» автомобиль жолының (Астана-Щучье) 18-233 км учаскесінде жол жүруге ақы алу жүйесін орнату күрделі жөндеу бойынша...
Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды: Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы «E-2» санаты. «E-2» санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 103782 теңгеден 140298 теңгеге дейін
Жәнібек ауданы әкімі аппараты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымды иеленуге конкурс жариялайды
Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды Макроэкономикалық талдау және мемлекеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (бала күтімі бойынша демалыстан шыққанға дейін) 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты
«Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм әкімшілік мемлекеттік қызметінің бос орнына орналасуға конкурс...
Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі
Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
Конкурс жариялайды iconКонкурс жариялайды!
«Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жаңақорған ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің...
Конкурс жариялайды iconҚызметке конкурс
Арал ауданы әкімі аппараты уақытша бос тұрған (бала күтіміндегі демалыс уақытына) әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ашық...
Конкурс жариялайды iconҚызметке конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы ( e 4 )
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы