2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.06.2013
Размер44.62 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі


Кіріспе бөлім


2011 жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы» №309/27 шешімімен бекітілді.

Жыл ішінде бюджет 5 рет нақтыланды. Қала бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару


2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 8 667 171,3 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 8 551 700,0 мың теңге немесе 101,4% құрады, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 5 894 501,0 мың теңге, ал атқарылғаны 5 997 906,5 мың теңге немесе 101,8% (2010 жылмен салыстырғанда 14,1% артты);

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 18 053,0 мың теңге, ал атқарылғаны 22 207,0 мың теңге немесе 123,0%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспарланғаны 58 155,0 мың теңге, ал атқарылғаны 66 066,8 мың теңге немесе 113,6%;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 2 580 991,0 мың теңгені немесе 100% құрады.


Жыл соңындағы бересілер сомасы 36 027,0 мың теңгені құрайды, ол өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 11,4% немесе 4 655,0 мың теңге сомаға азайды.


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы қала бюджетінің шығыс бөлігі 9 256 990,0 мың теңгеге жоспарланды, ал атқарылғаны 9 128 921,3 мың теңге немесе 98,6%.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 128 068,7 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер есебінен – 59100,9 мың теңге (46,1%). Негізгі үлес «Екібастұз қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен игерілмеген.

Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен: 

- «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 67 500,0 мың теңге бөлінді, 45 000,0 мың теңге игерілді немесе (66,7%).

- «Су шаруашылығы объектілерін дамыту» бюджеттік кіші бағдарлама бойынша 153 394,0 мың теңге қаржыландыру жоспарланды, 116 793,1 мың теңге (76,1%) игерілді.

«Су шаруашылығы объектілерін дамыту. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік кіші бағдарлама бойынша 70 667,0 мың теңге қаржыландыру жоспарланды, 33 570,0 мың теңге (47,5%) игерілді, оның ішінде Шідерті кентіндегі сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін қайта құруға – 37 097,0 мың теңге, кассалық шығыстар жүргізілген жоқ, өйткені «Нарық» ЖШС-ның мердігерімен іске қосу-ретке келтіру жұмыстары жөніндегі шарттық міндеттемелер орындалған жоқ, жобаны іске асыру кезеңі 2007 жылдан бастап.


2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша дебиторлық қарыз сомасы 2185,8 мың теңгені құрады, соның ішінде: 

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ бойынша өткен жылдардағы қарыз 2 148,8 мың теңге, ол мәміленің шарттарын орындамау себебінен туындады;

- штаттағы емес қызметкерге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеумен байланысты «Екібастұз қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобюиль жолдары бөлімі» ММ бойынша 37,0 мың теңге.

Дебиторлық қарызды өндіріп алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.

Кредиторлық қарыз жоқ.


2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау


Есепті кезеңде Екібастұз қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясымен 9 мемлекеттік орган және 4 мемлекеттік кәсіпорын бақылаумен қамтылды. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де тақырыптық бақылау жүргізілді. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-де, «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де, 6 ауыл округтері әкімі аппараттарында, «Юбилейный» мәдениет үйі» КМҚК-да және Екібастұз қаласы әкімдігінің 4 білім беру мекемелерінде («Айгөлек» №21 сәбилер-бақшасы» КМҚК, («Арай» №12 сәбилер-бақшасы» КМҚК, («Балдырған» №2 сәбилер-бақшасы» КМҚК, («Сказка» №10 сәбилер-бақшасы» КМҚК) тақырыптық бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша бақылау объектілерінде жалпы 30510,0 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: мемлекеттік сатып алу бойынша – 14 424,5 мың теңге, өнім берушілердің есептемелері бойынша – 5 220,0 мың теңге, жалақы төлеу және іссапар шығыстарын өтеу – 77,4 мың теңге, арнайылығын және нысаналы пайдалануын бұзу – 286,1 мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша – 1 474,6 мың теңге, басқа – 8 695,7 мың теңге. Қалпына келген қаражат көлемі 331,7 мың теңгені құрады. Тәртіптік жауапкершілік 4 адам тартылды.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясымен бақылау іс-шаралары 2011 жылы жүргізілген жоқ.


^ 3. Қорытынды бөлім


Осылайша, 2011 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген өзгерістерімен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеуметтік аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Екібастұз қалалық мәслихатқа, әкімдікке және қаланың мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- қала бюджетін сапалы және толық жоспарлау бойынша шаралар қабылдау;

- қала бюджетінің дебиторлық қарызын өтеу және оған жол бермеу шараларын қабылдау;

- бересілерді жою бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- қала бюджетінің тиімді және сапалы атқарылуын және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау;

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлану.


Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы С. Байсейітов



Похожие:

2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы