|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметі, мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы, мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық департаменттерімен (бұдан әрі – Департаменттер) көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарына Мобильдік Орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: - жартылай автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 6-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 27-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің www.kgen.gov.kz интернет-ресурсында; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – РМК Орталығы) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және Орталық үй-жайларында орналасқан стендтерде; 4) Порталда орналастырылған. 5) call-орталығы 1414 арқылы. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: 1) Орталықта тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру, осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған қағаз құжат түрінде немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 2) Порталда тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру, осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, уәкілетті тұлғаның электрондық сандық қолымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі; мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұраныс берген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі; Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2) қызмет алушының жүгінген күні орында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу алдындағы күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан артық емес; 3) қызмет алушы жүгінген күні орында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан артық емес. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Жұмыс кестесі: 1) Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгендей, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қосқанда, белгіленген кестеге сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз жүзеге асырылады. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Мобильдік орталықтар құжаттарды қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. 2) Порталда – тәулік бойы. 10. Орталық ғимаратының залдарында күту креслолары, орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стендтер бар. Мемлекеттік қызметті кедергісіз алу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимараттың ішінде жүрулеріне қолайлы жағдайлар (тұтқалар, пандустар және сүйеніштер) қарастырылған. Қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Порталда – мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде». ^ 11. Мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы төмендегі құжаттарды ұсынады: 1) осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтініш; 2)қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда – жеке басын куәландыратын және өкілдікке өкілеттігін растайтын құжат; 3) тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттар; 4) қолданыстағы электр желілеріне қосылатын тұтынушылардың электр қондырғыларының техникалық шарттарға және жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы энергетикалық сараптама корытындысы; 5) техникалық шарттардың талаптарын орындау туралы энергия беруші ұйымның қорытындысы; 6) хаттамалар немесе қабылдау-тапсыру сынақтарының және өлшемдерінің актілері; 7) бюджеттік қаражат есебінен тұрғызылған объектілер үшін, жобаға (электрлік бөлігі) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қорытындысы; 8) электр қондырғысына жауапты тұлға туралы мәліметтер (тағайындау туралы бұйрықтардың, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы туралы біліктілік куәліктерінің, дипломдарының көшірмелері) немесе электр қондырғыларын пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге, осындай жұмыстарды атқаруға құқығы бар ұйыммен жасалатын шарт. Техникалық шарттарға сәйкес электр қондырғыларын қосудың уақытша сипаты кезінде, оларды қосуға рұқсат құрылыс мерзіміне беріледі. Берілген электр қондырығыларын қосуға өтінішке осы тармақтың 3), 5), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Орталықта осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар Орталық қызметкерінің ЭСҚ куәландырылған құжаттардың сканерленген көшірмелері түрінде электронды сұранысқа бекітіледі. Порталда: 1) қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініші; 2) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы Стандарттың 4-қосымшасында келтірілген мәліметтер нысаны түрінде беріледі. 12. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және оны алуға қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері http:// www.kgen.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұраныс толтырылады. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тұғырларда, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «бөгетсіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Порталда электрондық сұранысты жіберу қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Сұраныс таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттік органға–адресатқа автоматты түрде жіберіледі. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталықта қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде қызмет алушыға төмендегілерді көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі: 1) сұраныс нөмірі және қабылданған күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсету түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты; 6) қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары. Портал арқылы өтініш жасаған кезде қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» қызмет алушының көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі. 15. Орталықта қызмет алушыға дайын құжаттарды беруді Орталық қызметкері қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады. 16. Көрсетілген қызмет нәтижесі қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетке» жіберіледі. 17. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады: 1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбау; 2) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардағы дұрыс мәліметтерді ұсынбау; 3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен көзделген негіздемелердің болуы. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қызмет алушы Орталықтан немесе Порталдағы «жеке қабинеттен» электрондық құжат түрінде алады. ^ 18. Мемлекеттік қызметті көрсетуші лауазымды тұлғалар өз қызметінде келесі қағидаларды басшылыққа алады: 1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтік парызды орындау кезіндегі заңдылықты сақтау; 3) сыпайылық; 4) жинақталған және толық ақпаратты ұсыну; 5) жеке және заңды тұлға құжаттарының қорғалуы және құпиялылығы. ^ 19. Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Департаменттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітіледі. ^ 21. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты электронды үкімет» call-орталығының 1414 телефоны бойынша немесе осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым алушының таңдауы бойынша төмендегілерге арыздану арқылы жіберіледі: 1) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) басшысының азаматтарды қабылдау кестесі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында www.mint.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған; 2) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «сенім телефонына» 8 (7172) 24-04-75, 24-04-76, 24-12-13; 3) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі интернет-ресурсының www.mint.gov.kz мекенжайдағы «сұрақ - жауап» бөліміне; 4) Министрдің блогына, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі интернет-ресурсының www.mint.gov.kz мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі блогы» беті; 5) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы; 6) 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кеңсесіне жазбаша шағыммен өтініш бере алады. Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген мекенжай мен телефон бойынша Орталық РМК-ға шағым беріледі. 23. Мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы арызын мыналарға жібереді: 1) Орталықта, арыз осы Стандарттың 26-тармағында мекенжайы мен телефоны көрсетілген орталық басшысына немесе Орталық РМК басшысына тікелей беріледі; 2) порталда, call – орталық телефонының нөмірі бойынша (1414). 23. Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы. 24. Шағым субъектінің немесе шағымда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жіберіледі. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болғанда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға қызмет алушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні, шағымға негіз болған жағдай мен талаптар көрсетіледі. 25. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ақпаратты есепке алу журналынада тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады. Орталықта қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны Орталықтың немесе Орталық РМК кеңсесінде тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе арызға ілеспе хатқа қойылады). Қызмет алушыға шағымды қабылдаған тұлғаның оның шағымын қабылдағаны туралы растау үшін байланыс телефондарын, шағымды қабылдаған тұлғаның тегін, нөмірі мен күнін көрсете отырып талон беріледі. Шағымды қарау нәтижесі туралы алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Порталда электрондық өтінішті қызмет алушының порталы арқылы жөнелткеннен кейін «жеке кабинеттен» мемлекеттік органда өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа қолжетімді (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап). 27. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органдардың мекенжайлары: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті: 010000, Астана қ., Есіл ө. сол жақ жағалауы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс: www.kgen.gov.kz, телефон факс: (7172) 74-12-19, сенім білдіру телефоны: (7172) 74-12-05, Департаменттердің мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 6-қосымшасында көрсетілген. 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылуын бақылау комитетінің Орталық РМК: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет ресурсы: www.con.gov.kz. _________________ |