Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы icon

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы



НазваниеЭнергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Дата конвертации28.02.2014
Размер118.39 Kb.
ТипДокументы
источник


Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 қазанда № 8039 тіркелді


      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7398 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 274-278 жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (А. Тұрлубек) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ол бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


      ^ Министр                                       Ә. Исекешев


Қазақстан Республикасы      
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің           
2012 жылғы 21 қыркүйектегі   
№ 334 бұйрығымен        
Бекітілген           


^ Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және
электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары


1. Жалпы ережелер


      1. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергетикалық сараптаманы жүргізетін ұйымдарды және электрлік зертхананаларды аккредиттеу тәртібін және мерзімін айқындайды.
      2. Қағидаларда мына негізгі түсініктер қолданылады:
      1) аккредиттеу – өндірістік қажеттіліктер үшін қолданылатын, электрлік зертхана құзыреттілігі мен энергетикалық сараптамаларды өткізетін ұйымның құзыреттілігі уәкілетті органмен ресми мойындалатын рәсім;
      2) аккредиттеу туралы куәлік – өндірістік қажеттіліктер немесе энергетикалық сараптаманы өткізу үшін қолданылатын, электрлік зертхана құзыреттілігі мен энергетикалық сараптамаларды өткізетін ұйымның құзыреттілігі уәкілетті органмен ресми мойындалғанын растайтын құжат;
      3) сарапшы - тиісті мамандығы бойынша жоғары білімі және электр энергетикасы саласындағы маман лауазымында, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар немесе тиісті мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі мен электр энергетикасы саласында маман лауазымында кемінде 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі, сондай-ақ, электрлік қауіпсіздігі бойынша жол берілетін рұқсаттама тобы (IV және топтан жоғары) бар, сараптамалық ұйымның қызметкері ретінде энергетикалық сараптаманы өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын, жеке тұлға;
      4) сараптамалық ұйым – энергетикалық сараптаманы өткізуге аккредиттелген ұйым;
      5) уәкілетті орган – мемлекеттік энергетикалық бақылау бойынша мемлекеттік орган;
      6) 1-санатты сараптамалық ұйым – энергетикалық сараптама жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі үш жылдан кем емес және электрлік қондырғыларының 500 кВА (КилоВольтАмпер) дейінгі мен одан жоғары қуаттылығымен және (немесе) жылу қондырғыларының сағ/1 Гкал (сағатына Гигакаллорий) дейінгі және одан жоғары қуаттылығымен жалғанған электр және жылу энергия тұтынушылары мен энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың энергетикалық сараптамаларын өткізуге өкілетті органмен аккредиттелген, штатында кемінде бес сарапшысы, меншік құқығы немесе басқа заң негізіндегі электрлік зертханасы бар, энергетикалық сараптамаларды өткізу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, ұйым;
      7) 2 санатты сараптамалық ұйым – электрлік қондырғыларының 500 кВА (КилоВольтАмпер) дейінгі мен одан жоғары қуаттылығымен және (немесе) жылу қондырғыларының сағ/1 Гкал (сағатына Гигакаллорий) дейінгі қуаттылығымен жалғанған электр және жылу энергия тұтынушыларының энергетикалық сараптамаларын өткізуге өкілетті органмен аккредиттелген, штатында кемінде үш сарапшысы, меншік құқығы немесе басқа заң негізінде электр зертханасы бар, энергетикалық сараптамаларды өткізу саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, ұйымы;
      8) 3 санатты сараптамалық ұйым – электрлік қондырғыларының 100 кВА дейінгі қуаттылығымен және (немесе) жылу қондырғыларының сағ/1 Гкал дейінгі қуаттылығымен жалғанған электр және жылу энергиясын тұтынушылардың энергетикалық сараптамаларын өткізуге өкілетті органмен аккредиттелген, штатында кемінде бір сарапшысы, меншік құқығы немесе басқа заң негізінде электр зертханасы бар, ұйым;
      9) электрлік зертхана – тиісті сынақ жабдықтарымен, өлшеу және қорғаныш құралдарымен жабдықталған, зерттеулер мен сынақтарды өткізуге арналған стационарлық немесе жылжымалы станса, стенд, қондырғы. Тасымалды сынақ жабдығы немесе өлшеу құралы жылжымалы электр зертханасына тең.
      3. Энергетикалық сараптамаларды өткізетін ұйымды аккредиттеу өкілетті органымен, электрлік зертханаларды аккредиттеу - өкілетті органның аумақтық департаментімен жүзеге асырылады.


2. Ұйымды және электрлік зертхананы аккредиттеу тәртібі


      4. Энергетикалық сараптаманы өткізуге ұйымды аккредиттеуді алу үшін мына құжаттар ұсынылады:
      1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптама өткізуге ұйымды аккредиттеу туралы өтініш;
      2) жарғы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмелері;
      3) өтініш берушіні салық органында тіркеуге қою туралы куәлігінің көшірмесі;
      4) сарапшылардың болуы туралы;
      5) электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік;
      6) электрлік зертханасының болуы туралы – меншік құқығындағы емес электрлік зертханасы бар ұйым үшін;
      7) өзінің меншігіндегі емес электр зертханасын қолданатын ұйым үшін – электр зертханасына қызмет көрсететін, қызметкердің біліктілігі мен оның сынаққа (өлшемге) кіру рұқсаты туралы;
      8) энергетикалық сараптамаларды өткізу саласындағы жұмыс өтілінің болуы туралы (1 және 2 санатты сараптамалық ұйым үшін).
      5. Электрлік зертхананы аккредиттеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес электрлік зертхананы аккредиттеу туралы өтініш;
      2) заңды тұлға үшін – жарғы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмелері, жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкер ретінде өтінушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі және жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      3) өтінушіні салық органында тіркеуге қою туралы куәлігінің көшірмесі;
      4) электрлік зертхананың құқық орнатушы құжаттары;
      5) электрлік зертхана туралы ереже;
      6) электрлік зертханаға қызмет көрсететін қызметкердің біліктілігі мен оның сынаққа (өлшемге) кіру рұқсаттамасы туралы;
      7) өлшем құралдарын тексеру туралы;
      6. Қағиданың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, заңды тұлғалар үшін – нотариалды куаландырылған немесе ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкердің қолымен және мөрімен куәландырылған, құжаттар көшірмелерде ұсынылады.
      7. Энергетикалық сараптама өткізуге ұйымды және электрлік зертхананы аккредиттеу сараптамалық ұйым тізіліміне немесе аккредиттелген электрлік зертхана тізіліміне жазба енгізілетін, өкілетті органға құжаттамалар келіп түскеннен кейін 30 күнтізбелік күн ағымында жүзеге асырылады және осы Қағидаға 3 және 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша аккредиттеу туралы тиісті куәлік беріледі.
      Аккредиттеуден бас тартуға негіз өтінуші құжаттарды Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында қарастырылған тізілімге сәйкес тапсырмауы болып табылады.
      8. Өкілетті орган ұсынған құжаттар Қағиданың 4 және  5-тармақтарында қарастырылған тізілімге сәйкес тапсырылмаған жағдайда, олардың түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайтару себебін көрсете отырып аккредиттеу туралы өтінішті қайтарады.
      9. Сараптамалық ұйым мен аккредиттелген электрлік зертхана тізілімдері Қағиданың 5 және 6-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.
      10. Аккредиттеу туралы куәлік мерзімсіз беріледі.
      11. Аккредиттеу туралы куәлік ажыратылмайтын және басқа тұлғаларға беруге жатпайтын болып табылады.
      12. Өкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бланкін дайындау, тіркеу және сақтауды қамтамасыз етеді.
      13. Сараптамалық ұйым тізілімінен және Аккредиттелген электрлік зертхана тізілімінен алып тастау келесі негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) сараптамалық ұйымның немесе аккредиттелген электрлік зертхана меншігінің жазбаша өтініші бойынша;
      2) Қағидада көрсетілген талаптарға электрлік зертхананың немесе сараптамалық ұйымның сәйкес болмауы анықталғанда;
      3) сараптамалық ұйымның жойылуы, қайта құрылуы, жеке тұлғалар үшін – аккредиттелген электрлік зертхана меншігінің өлімі кезінде;
      4) сот шешімі бойынша.
      14. Акредиттеу туралы куәлік Қағиданың 13-тармағына сәйкес тізілімнен шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өкілетті органға қайтаруға жатады.
      15. Сараптамалық ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, аккредиттеу туралы куәліктің жоғалуы және зақымдалуы жағдайында Сараптамалық ұйымның және аккредиттелген электрлік зертхананың тізіліміне тиісті өзгерістер енгізіледі. Тізілімге өзгеріс енгізу және аккредиттеу туралы жаңа куәлік беру, жоғалту немесе зақымдалу туралы өтініш бойынша берілген, оң жақ жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» жазбасы бар аккредиттеу туралы куәлікте жоғарыда аталған оқиғаның басталғанын растайтын құжаттар қоса берілген өтініш түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.


Энергетикалық сараптама     
өткізуге ұйымды және       
электрлік зертхананы       
аккредиттеу Қағидасына     
1 Қосымша            


Үлгі


__________________________
(өкілетті органның атауы)
________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
________________________________


^ Энергетикалық сараптама өткізуге ұйымды аккредиттеу туралы
Өтініш


_____________________________________________________________________
                        (заңды тұлға атауы)
_____________________________________________________________________
(БИН (СТН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік нөмірі мен мерзімі)
_____ санат бойынша энергетикалық сараптаманы өткізуге және электрлік зертхананы аккредиттеуді сұрайды.
      Заңды тұлғаның орналасқан жері (болған жағдайда оның филиалдары, өкілеттіктері):
Почталық мекенжайы: _________________________________________________
Телефон нөмірлері: __________________________________________________
E-mail ______________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар тізімі (парақ санын көрсетумен):
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5._____________________________
6._____________________________
Ұйым басшысы (лауазымы)
________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)


МО "_____ "______________ 20 ____ ж.


Энергетикалық сараптама    
өткізуге ұйымды және      
электрлік зертхананы      
аккредиттеу Қағидасына     
2 Қосымша           


Үлгі


____________________________
(өкілетті органның атауы)
________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
________________________________


^ Электрлік зертхананы аккредиттеу туралы
Өтініш


_____________________________________________________________________
            (электрлік зертхана меншігінің атауы)
_____________________________________________________________________
(БИН (СТН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік нөмірі
мен күні, жеке кәсіпкер ретінде өтінушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)


Электрлік зертхананы аккредиттеуді өткізуді сұрайды.
Өтінушінің орналасқан орны:
Почталық мекенжайы:__________________________________________________
Телефон нөмірлері ___________________________________________________
E-mail ______________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар тізімі (парақ санын көрсетумен):
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5._____________________________
6._____________________________
Ұйым басшысы (жеке кәсіпкер)
________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)
МО "_____ "______________ 20____ ж.


Энергетикалық сараптама     
өткізуге ұйымды және       
электрлік зертхананы       
аккредиттеу Қағидасына      
3 Қосымша            


Үлгі


___________________________________________________________
(куәлікті берген, мемлекеттік органның толық атауы)


Энергетикалық сараптаманы өткізуге
^ АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК


"____"__________ 20___ Ж.
       (күні)


____________________________________________________________ берілді.
            (заңды тұлғаның толық атауы БИН (СТН)
_____________________________________________________________________
Орналасқан жері: ____________________________________________________
                              (заңды тұлғаның пошталық мекенжайы)
_____________________________________________________________________
Сараптамалық ұйымның санаты: ________________________________________


Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
Басшы (Өкілетті орган)
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)


М.О.
Серия ____ № ____


Энергетикалық сараптама     
өткізуге ұйымды және       
электрлік зертхананы       
аккредиттеу Қағидасына     
4 Қосымша            


Үлгі


___________________________________________________________
(куәлікті берген, мемлекеттік органның толық атауы)


Электрлік зертхананы
^ АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК


"____"__________ 20___ ж.
       (күні)


____________________________________________________________ берілді.
      (электрлік зертхана меншігінің толық атауы, БИН (СТН)
_____________________________________________________________________
Орналасқан жері: ____________________________________________________
                        (заңды тұлғаның почталық мекенжайы)
_____________________________________________________________________


Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
Басшы (Өкілетті орган)
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)


М.О.
Серия ____ № ____


Энергетикалық сараптама     
өткізуге ұйымды және       
электрлік зертхананы       
аккредиттеу Қағидасына     
5 Қосымша            


Үлгі


^ Сараптамалық ұйымдардың тізілімдемесі




р/б

Аккре диттеу күні

Сараптамалық ұйым атауы

Санаты

Аккредиттеу туралы куәлік сериясы мен нөмірі

БИН
(СТН)

Заңды мекенжайы,
байланыс деректері

Ескерту*

1

2

3

4

5

6

7

8


















      * - аккредиттеу туралы куәліктің тоқтатылуы және қайта рәсімделу туралы деректері


Энергетикалық сараптама     
өткізуге ұйымды және       
электрлік зертхананы       
аккредиттеу Қағидасына     
6 Қосымша            


Үлгі


^ Аккредиттелген электрлік зертханалар тізілімі




р/б

Күні

Электрлік зертхана меншігінің атауы

Аккредитеу туралы куәлік сериясы мен туралы

БИН
(СТН)

Электрлік зертхана меншігінің заңды мекенжайы, байланыс деректері

Ескерту*

1

2

3

4

5

6

7
















      * - аккредиттеу туралы куәліктің тоқтатылуы және қайта рәсімделуі туралы деректер


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



Похожие:

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы iconЭнергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5 бабының 23 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы icon«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет атауы: «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу»
Мемлекеттік қызмет атауы: «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы icon«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет атауы: «Электрлік зертханаларды аккредиттеу»
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және...
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы icon«ct-kz» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін сараптама жүргізуге қажетті құжаттар тізімі
Лған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу,...
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы icon«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы iconАккредиттеу жөніндегі комиссияның ережесі Жалпы ережелер
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне және «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан...
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы icon«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы iconҚағидаларын бекіту туралы 2008 жылғы 16 ақпандағы №148
«Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою қағидаларын бекіту...
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы icon«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 2 01 жылғы 201 г. № № исх: 1241 от: 31. 10. 2011 Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 59-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы