«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon

«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен,



Название«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен,
Дата конвертации28.02.2014
Размер207.08 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы « » №

қаулысына 1-қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы « » №

қаулысымен бекітілді


«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызмет атауы: «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.


^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының қызмет көрсетушіге өтінішті берген сәтінен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғанға дейін - 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне жатпайды.

Қызмет алушы келген күні орында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезіндегі құжаттарды тапсыруда күтуге берілетін ең көп уақыт кемінде 30 (отыз) минутты құрайды.

Қызмет алушыға қызмет көрсетуге берілетін ең көп уақыт 20 (жиырма) минутты құрайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

Қызмет көрсетуші шығыс құжатты «е-license» мемлекеттік деректер базасында қалыптастырады және берілген мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізеді.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Қызмет алушылардан өтініштерді қабылдау жыл сайын 15 қыркүйектен 1 қазанға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9:00 ден 18:30 ға дейін жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қызмет көрсетушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі;

   Әзірлік актісіне осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарының орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі;

   3) станциялардың электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде бекітілген кестелерге сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы аккредиттелген сарапшылық ұйымның қорытындысы;

Осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылады.

Жіберетін құжаттар нөмірленеді, байланады және осы шарттарда көрсетілген жүйелілікке сәйкес орналастырылады.

 Құжаттардың дұрыстығы үшін жауапкершілікті өтініш беруші көтереді.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:

  1. осы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау;

  2. осы стандарттың 9-тармағында көзделген ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы.


^ 3. Шешімдерге, әрекеттерге (әркетсіздіктерге) шағымдану тәртібі


11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген немесе дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым ерікті нысанда қағаз тасымалдағышта 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Transport tower» ғимараты, № 2117 кабинет, телефон: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі немесе қызмет алушының заңмен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

Қабылданған шағым, осы тараудың 1-тармағында көрсетілгендей, Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Шағымның қабылданғанын шағымды берген қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетілген талон растайды.

Қабылданған шағым Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Өаңымен белгіленген мерзімде қаралады.


4. Өзге талаптар


  1. Мемлекеттік қызметті заңды тұлға көрсетеді.

  2. Мүмкіндіктің болмауы немесе қызмет көрсетушіге келе алмау есебінен, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына жататын адамдарға мемлекеттік қызметті көрсету сенімхат бойынша немесе 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор к., 10, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

  3. Қызмет көрсетуші шығыс құжатты «е-license» мемлекеттік деректер базасында қалыптастырады және берілген мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізеді.

  4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: факс (7172) 74-12-19, сенім телефоны: (7172) 74-12-05, Бірыңғай байланыс орталығы: (1414).     

  5. Мемлекетік қызмет көрсету процесі бойынша консультацияларды сағат 13.00 ден 14.30 ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00 ден 18.30 ға дейінгі жұмыс күндері алуға болады, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

  6. Уәкілетті орган интернет-ресурсының мекенжайы www.kgen.gov.kz, www.mint.gov.kz.

  7. Қызмет алушыларға арналған мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат 4-қосымшада келтірілген. Мемлекеттік қызметті алу схемасы осы Стандартқа 5-қосымшада келтірілген.


«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


Нысан

(кімге) ________________________________

(органның атауы)

___________________________________

(заңды тұлғаның атауы)


^ Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың

күзгі-қысқы жағдайларда

жұмысқа әзірлігі паспортын алуға

өтініш


__________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

__________________________________________________________________

(БСН (СТН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және күні)


Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:

Пошталық мекенжайы: ____________________________________________

Телефон нөмірлері ___________________________________________

E-mail _____________________________________________________

Факс _______________________________________________________

Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

1.___________________________ парақта, беттің реттік №

2.___________________________ парақта, беттің реттік №

3.___________________________ парақта, беттің реттік №

4.___________________________ парақта, беттің реттік №

5.___________________________ парақта, беттің реттік №

6.___________________________ парақта, беттің реттік №


Ұйымның басшысы ____________________________________

(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)


МО 20____ ж. "_____"______________


_______________

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша


^ ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ БЕРУШІ ҰЙЫМДАРДЫҢ

____ жж. КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҰМЫСҚА ӘЗІРЛІГІ

АКТІСІ/АКТ

ГОТОВНОСТИ ЭНЕРГОПРОИЗВОДЯЩИХ И ЭНЕРГОПЕРЕДАЮЩИХ

ОРГАНИЗАЦИЙ К РАБОТЕ В ОСЕННЕ-ЗИМНИХ УСЛОВИЯХ _____ гг.


_________________________________

(акт жасалған жер/место составления акта)

____________________ (күні/дата)


Комиссия, назначенная приказом ___________________________________

(ұйымның атауы/наименование организации)

от _____ № ________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.

___________________________________________________________________

(энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың

күзгі-қысқы жағдайларда

___________________________________________________________________

жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін шарттардың

орындалғаны – орындалмағаны

___________________________________________________________________

көрсетіледі/

указывается выполнение – невыполнение условий для получения

___________________________________________________________________

паспорта готовности энергопроизводящими и

энергопередающими организациями

___________________________________________________________________

к работе в осенне-зимних условиях)

Тұжырым: __________________________________________________________

Вывод: (ұйым КҚК-де жұмысқа әзір - әзір емес/

___________________________________________________________________

организация готова - не готова к работе в ОЗП)



Комиссия төрағасы: Председатель комиссии:

_______________

(лауазымы/ должность)

______________

(қолы/ подпись)

_______________

(Т.А.Ә./

Ф.И.О.)

Комиссия мүшелері:

Члены

комиссии:

__________________

(лауазымы/

должность)


______________

(қолы/

подпись)


______________

(Т.А.Ә./

Ф.И.О.)


__________________

(лауазымы/

должность)


______________

(қолы/

подпись)


______________

(Т.А.Ә./

Ф.И.О.)




_____________________

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша


^ Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу
шарттары

1. Энергия өндіруші ұйымдар:

1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес келетін сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің толық көлемде орындалуы;

2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың болуы;

3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы (орындалған іс-шаралар тізбесі);

4) жүктемелер кестесін орындау үшін әзірлік – жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау үшін қажетті жабдық құрамының болуы;

5) қоймада Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес негізгі және резервтік отын қорының болуы;

6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;

7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің және күзгі-қысқы кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін жабдықты диагностикалаудың аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың техникалық куәландыруды жүргізуі;

8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің міндетті қатысуымен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік актісінің болуы (акті көшірмесі);

9) кәбіл шаруашылығының, отын-көлік және мазут шаруашылығының, қазандық цехының, турбогенераторлардың, коммутациялық аппараттардың газ-май жүйелерінің, турбиналардың, трансформаторлар мен реакторлардың май жүйелерінің өрт жарылыс қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету;

10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан әрі – АРҚ) және аварияға қарсы автоматиканың (бұдан әрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы және өлшеу құралдарына (бұдан әрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісінің болуы. Бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) әзірлігі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);

11) жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестенің болуы;

12) негізгі жабдықты жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;

13) күл үйінділерінің қажетті сыйымдылығының болуы (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерімен гидроқұрылыстарға күзгі комиссиялық тексеру жүргізу);

14) жылу механикалық жабдықтың жұмысы үшін нормативті су режимін қамтамасыз ету;

15) объектілік аварияға қарсы жаттығу жүргізу нәтижелерінің оң бағалануы;

16) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және ең жоғары жүктемелер кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне әсер ететін технологиялық бұзылыстарды тексеру актілері бойынша іс-шаралардың толық орындалуы;

17) өзіндік электр және жылу қажеттіліктері жабдығының жобалық талаптар мен схемаларға сәйкестігі;

18) егер бұл тұтынушыларды күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтауды шектеуге алып келуі мүмкін болса, 15 қыркүйекке қарай станциялар мен жылу желілерінің негізгі жабдықтарын 30 тәуліктен асатын жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.

2. Энергия беруші ұйымдар.
      Электр желілік компаниялар үшін:

1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде, кезеңділік пен сапада қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ҚС), тарату пункттерін (бұдан әрі – ТП), трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ТҚС), кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – КТҚС) және электр беруші желілерді жоспарлы жөндеудің орындалуы;

2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схема мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы (орындалған іс-шаралар тізбесі);

3) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік, яғни жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (КҚК кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы 22 маусым мен 22 желтоқсанда жүктемелерді өлшеулер);

4) 10-110 кВ және одан жоғары режимдік (қалыпты) схемалардың сенімділік, статикалық және серпінді тұрақтылық талаптарын қамтамасыз ету (есептеулер мен талдаулар);

5) 6-500 кВ электр желілері қосалқы станцияларының авариялық қорының, ЭЭБЖ 0.4 кВ-500 кВ резервтік материалдары мен жабдығының, жабдыққа құйылған 2%-дан кем емес көлемде трансформаторлық майдың төмендемейтін қорының болуы (ұйым жабдығының бекітілген және нақты авариялық қорына салыстырма талдау);

6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;

7) электр желілерінің жабдығына нормативтік құжаттарда көзделген көлем мен мерзімде уақтылы сынаулар жүргізу;

8) АРҚ және АҚА құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі (актілер көшірмелері);

9) технологиялық және авариялық бронь актілерін жасау бойынша жұмыстар (үздіксіз электрмен қамтамасыз ету объектілерінің тізбесімен технологиялық және жасалған авариялық бронь актілеріне салыстырма талдау);

10) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеудің (веерлі (ажыратулар) келісілген кестелерінің болуы (шектеу кестелерінің көшірмелері);

11) электр қондырғыларының, ӘЖ, кәбілдік желілердің, АРҚ құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың кестелер мен кезеңділікке сәйкес энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына толық техникалық куәландыруды жүргізуі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);

12) аварияға қарсы объектілік жаттығу жүргізу (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген технологиялық бұзылыстарды тексеру жөніндегі актілері бойынша іс-шаралардың орындалуы (орындалмаған іс-шаралар және олардың себептері көрсетілген ұйғарымдардың орындалуы туралы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық департаментімен келісілген анықтама);

14) автономды электрмен қамтамасыз ету көздері бар тұтынушылармен авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау ережелерінің болуы (ақпарат);

15) 15 қыркүйекке қарай 35 кВ және жоғары ҚС негізгі жабдығының, 35 кВ және жоғары электр тарату желілерінің 15 тәуліктен астам жоспардан тыс (авариялық) жөндеулерінің болмауы;

16) электр тарату әуе желілерінде мұзды еріту схемаларының жұмысқа әзірлігі;

17) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;

18) 110-500 кВ ажыратқыштар тірек-өзекті оқшаулағыштардың бұзылуын алдын алу жөніндегі нормативтік-техникалық және өкімдік құжаттама талаптарының орындалуын және сақталуын қамтамасыз ету;

19) электр станцияларының жұмыс қуаттылығын орындау жөніндегі бекітілген кестелердің болуы (жылдық, айлық, тәуліктік);

20) диспетчерлік технологиялық басқару жүйелері мен кепілдендірілген электрмен қоректену жүйелерінің жұмысқа әзірлігі;

21) электр желісінің бақыланатын қимасындағы ең жоғары рұқсат берілген токтың артуы кезіндегі іс-қимылды қоса алғанда, оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру, персоналдың технологиялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою бойынша іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжаттардың болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі;

22) жедел-ақпараттық кешеннің қалыпты және авариялық режимде ақпарат берудің белгіленген сапасы кезінде тұрақты жұмыс істеуге және іс-қимылға әзірлігі.
Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдау актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеу кестесі актілерінің көшірмелері) ресімделген қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы;

2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық сызба мен құрылымдардың бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау;

3) жабдықтың авариялық қорының болуы;

4) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;

5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілінің қатысумен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлігі актісінің болуы;

6) бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі;

7) энергия көздері қуаттылығының мен жылу желілерінің өткізуші қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдар келіскен тұтынушыларды шектеу кестелері;

8) жергілікті атқарушы органдар бекіткен температуралық кестенің болуы;

9) жылу таратушы ұйымдардың аталған жердегі КҚК температураларының барлық диапазондарында жылу желілері мен жылу көздерінің температуралық кестелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы;

10) жылу желілерін жөндеу, диагностикалау мен технологиялық сынаудың жоспарлы көлемдерін орындау актісінің болуы;

11) жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;

12) аварияға қарсы объектілік жаттығуларды жүргізу нәтижелерін бағалау;

13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары бойынша іс-шараларды және мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген ең жоғары жүктемелерді орындау кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне әсер ететін технологиялық бұзылыстарды тексеру актілерінің орындалуы;

14) егер бұл тұтынушыларды КҚК жылумен жабдықтауды шектеуге алып келуі мүмкін болса, 15 қыркүйекке қарай жылу желілерінің негізгі жабдықтарын жоспардан тыс (авариялық) 30 тәуліктен асатын мерзімде жөндеудің болмауы.


_______________

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша


«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру»

мемлекеттік қызмет стандартын алу тәртібі туралы қызмет алушының

жаднамасы


Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор к., 10, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетеді.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00 ден 14.30 ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00 ден 18.30 ға дейін.

Интернет-ресурстың мекенжайы: www.kgen.gov.kz, www.mint.gov.kz





прямая соединительная линия 6



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының қызмет көрсетушіге өтінішті берген сәтінен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғанға дейін - 10 (он) жұмыс күнін құрайды.




прямая соединительная линия 8



Мемлекеттік қызметті алуға арналған қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі;

   Әзірлік актісіне осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарының орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі;

   3) станциялардың электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде бекітілген кестелерге сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы аккредиттелген сарапшылық ұйымның қорытындысы;





Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

прямая со стрелкой 10



Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: факс (7172) 74-12-19, сенім телефоны: (7172) 74-12-05, Бірыңғай байланыс орталығы: (1414)



прямая соединительная линия 2

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша


Қызмет көрсетушіге келген кездегі

мемлекеттік қызметті алу схемасы




















Белгіленген Белгіленген

талаптарға талаптарға

сәйкестігі сәйкес келмеуі







Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

қанағаттандырылмаған кезде













Похожие:

«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon1 Қызметтің атауы
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің...
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, iconРешение на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт
Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына берілетін
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік...
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты
Мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің...
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алуына арыз
На подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, iconПриказ №331бұйрығымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon2013 жылғы II тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,1 млн адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,7%-ға көп. Республика экономикасында 8,6 млн
Республика экономикасында 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 68,1%. 2012 жылғы II тоқсанмен...
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon2013 жылғы I тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,0 млн адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,9%-ға көп. Республика экономикасында 8,5 млн
Республика экономикасында 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,8%. 2012 жылғы I тоқсанмен...
«Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, icon2012 жылғы IV тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,0 млн адамды құрады, бұл 2011 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,8%-ға көп. Республика экономикасында 8,5 млн
Республика экономикасында 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%. 2011 жылғы IV тоқсанмен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы