Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi icon

Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi



НазваниеҚазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi
Дата конвертации22.04.2013
Размер154.11 Kb.
ТипДокументы
источник




№ исх: 1818 от: 14.02.2013

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2013 жылғы « »

№ қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы «15» ақпандағы

№ 141 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi

(Монополияға қарсы агенттiк) туралы

ереже


1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкiметінің құрамына кiрмейтiн, тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.

3. Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Агенттік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Егер Агенттікке заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Агенттік өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 4-кiреберiс.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк)» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Агенттіктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

13. Агенттікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Агенттіктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

Егер Агенттікке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.


^ 2. Агенттiктiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері


14. Агенттіктің миссиясы: бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу арқылы нарық субъектiлерi мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру.

15. Мiндеттері:

1) адал бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу;

2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу;

3) экономикалық шоғырлануға бақылау;

4) бәсекелестiктi шектейтiн нарық субъектiлерiн монополиясыздандыру.

16. Функциялары:

1) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік саясатты iске асыру;

2) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

3) монополияға қарсы орган құзыретiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

5) мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актiлерiнiң, iс-әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) жолын кесу;

6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру;

7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдаланудың алдын алу және оны жою;

8) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiн және келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекенi болдырмау және олардың жолын кесу;

9) бәсекелестiктi дамыту, монополиялық қызметтi шектеу және тауар нарықтарының жұмыс iстеуi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және келісу;

10) тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйiн талдауды және бағалауды жүзеге асыру;

11) тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн талдауды және оның мониторингiн жүзеге асыру;

12) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi – тiзiлiм) қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыру;

13) бәсекелестiктi қорғау және монополиcтік қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тауарлардың өзара алмастырылу өлшемдерін, оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктi, сондай-ақ қаржы нарығының және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйiне талдау және бағалау жүргiзу жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеу және бекiту;

14) тауарларын реттелетiн нарықтарда өткiзетiн нарық субъектiлерiн қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындау;

15) бәсекелестiктi қорғау және монополиcтік қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеу және бекiту;

16) нарық субъектiлерi мен мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеу жүргiзу;

17) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, оның iшiнде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектiлерiнен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, оның iшiнде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәлiметтердi сұрату және алу;

18) нарық субъектiлерiне:

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтiру;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетiн шарттарды бұзу немесе өзгерту;

егер белгiлi бiр сатушылармен (өнiм берушiлермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектiсiмен шарт жасасу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар шығару;

19) мемлекеттiк органдарға өздерi қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздерi жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетiн келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзу;

20) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану;

21) сотқа талап қойып және өтiнiшпен жүгiну, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты iстердi қараған кезде процестерге қатысу;

22) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына материалдар жiберу;

23) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестiктi қорғауға және дамытуға бағытталған iс-шаралар өткiзу жөнiнде ұсынымдар беру;

24) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi және монополистiк қызметтi шектеу жөнiнде қолданылатын шаралар туралы жылдық есептi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1 маусымнан кешiктiрмей жiберу;

25) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғалар құруды алдын ала келiсу;

26) мемлекеттiк органдардың нарық субъектiлерiне мемлекеттiк көмек беруiн келiсу;

27) тауар нарықтарын талдау қорытындылары бойынша реттеушi органдармен және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызу бойынша, оның iшiнде мемлекет реттейтiн бағалар енгiзу орынды болатын өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;

28) тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызған кезде реттеушi органдарға және осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне тiзiлiмнен үзiндi көшiрме жiберу;

29) реттеушi органдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң немесе қызметiн реттелетiн нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгiлерi туралы хабарлау және ақпаратты немесе материалдарды беру;

30) реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнiнде бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатысу;

31) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактiлерi туралы хабарлау;

32) құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерiн ұсыну;

33) құқық қорғау органдарының сұрату салуы бойынша өз құзыретi шегiнде зерттеулер, сараптамалар жүргiзу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелерi бойынша қорытындылар беру;

34) құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қаулылары мен сұрату салуы бойынша өз қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерi мен iс-шараларына қатысуы үшiн сарапшылар ретiнде жiберу;

35) тиiстi тауар нарықтарының шекараларын айқындау;

36) мыналардың:

экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтiнiшхаттың;

мемлекеттiк кәсiпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтiнiшхаттың;

нарық субъектiлерi ұсынатын өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндiру мен өткiзу көлемдерi, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың үлгi нысандарын әзiрлеу және бекiту;

37) нұсқаманы (өзiнiң немесе аумақтық органның) өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша қайта қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген жағдайда монополияға қарсы органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамаларды тексеру;

38) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген жағдайларда нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қою, сондай-ақ бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер мен келiсiлген iс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтiнiшхатпен сотқа жүгiну;

39) тiркеушi органдарға тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тiзiлiмiн және мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келiсiмi бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тiзбесiн табыс ету;

40) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға, нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсыну;

41) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;

42) Қазақстан Республикасының Үкiметiне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзу;

43) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

44) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау;

45) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен, қауымдастықтармен (одақтармен) өзара iс-қимыл жасасу;

46) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) монополияға қарсы орган мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар құру, мемлекеттік көмек беру туралы өтінішхаттарды қарау барысында шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат сұратуға құқылы;

2) монополияға қарсы орган тиісті тауар нарықтарын талдау негізінде аталған нарықтар үшін мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі қажет болатын активтер құны мен тауарлар өткізу көлемінің неғұрлым жоғары мөлшерін белгілеуге құқылы;

3) монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде алдын ала қарауды жүргізеді. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің болуы туралы немесе болмауы туралы шешім шығаруға мүмкіндік беретін нақты деректер жеткізіліксіз болған жағдайда, монополияға қарсы орган қосымша нақты деректерді жинау және талдау үшін алдын ала қарау мерзімін ұзартуға құқылы. Монополияға қарсы орган өтініш берушіні өтінішті немесе материалдарды алдын ала қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

4) монополияға қарсы орган бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау барысында жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат пен құжаттарды жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқылы.

5) монополияға қарсы орган:

монополияға қарсы орган, сот, алдын ала тергеу органдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу үшін маңызы бар басқа істі қараған;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына сол тергеу объектісіне қатысты басқа тергеу жүргізілген;

сараптама жүргізілген жағдайларда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтата тұруға құқылы.

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге міндетті;

7) монополияға қарсы орган «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының  Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға міндетті.


^ 3. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру


18. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Агенттік төрағасының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкiлдiк етедi;

2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және бұрыштама қояды;

3) өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды;

4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

23. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

24. Монополияға қарсы орган басқармасының өкiлеттiктерi

Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретiне мынадай:

1) бәсекелестiк саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;

2) монополияға қарсы органның құзыретiне жатқызылған әдiстемелердi бекiту;

3) экономикалық шоғырлануға келiсiм беру немесе тыйым салу туралы, осы шешiмдердi қайта қарау немесе күшiн жою туралы шешiмдер қабылдау;

4) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi және монополиялық қызметтi шектеу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есептi мақұлдау;

5) нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелер базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қойып, сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдау;

6) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыға жасалған шағымдарды қарау;

7) тергеу мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдау;

8) Монополияға қарсы орган басқармасының жұмыс регламентiн бекiту;

9) монополияға қарсы органның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдi қарау және қабылдау мәселелерi кiредi.

Монополияға қарсы орган басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде өткiзiледi. Монополияға қарсы орган басқармасының отырыстарын Басқарма төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға жүргiзедi.

Монополияға қарсы орган қызметiнiң мәселелерiн талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырысын өткiзудi Басқарма төрағасы не Басқарма мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрi талап етуге құқылы.

Басқарма шешiмдерi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi дауыс беруге қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Басқарма төрағасының даусы шешушi болып табылады.

Шешiм Басқарма төрағасы болмаған кезде қабылданған жағдайда, ол бiр апта мерзiмінен кешiктiрмей Басқарма шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен қоса қайта талқылау және дауыс беру үшiн қайтаруға құқылы. Басқарма төрағасының қарсылықтары Басқарма мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiлуi мүмкiн.

Басқарма өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.

Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi. Төраға Басқарма хатшысының функцияларын Басқарманың кез келген мүшесiне немесе монополияға қарсы органның қызметкерiне жүктей алады.

Басқарманың отырысында қарауға арналған құжаттар Басқарма отырысы басталғанға дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Басқарма төрағасы материалдарды алдын ала қараудың өзге де мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.

25. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттік төрағасы Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан бекiтедi.


^ 4. Агенттiктiң мүлкi


26. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

Агенттіктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

27. Агенттікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттік өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


^ 5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату


29. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


^ Агенттіктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі


«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы 49%».


^ Агенттіктің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi


1. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

2. «Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

3. «Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

4. «Алматы облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

5. «Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

6. «Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

7. «Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

8. «Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

9. «Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

10. «Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

11. «Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

12. «Маңғыстау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

13. «Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

14. «Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

15. «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

16. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

_________________________




Похожие:

Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconҚазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы. Бәсекелестiктi қорғау, монополистiк қызметтi шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi icon«Экономикалық шоғырлануға Келiсiм беру туралы өтiнiшхаттарды қарау» мемлекеттiк қызмет регламентiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) Төрағасының 2012 жылғы 3 шiлдедегi №255-НҚ Бұйрығы....
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconУақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасын) бекiту ережесiн бекiту туралы
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconТарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconТабиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және шығару ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconӘуежайлар мен аэронавигацияның реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекiту ережесi туралы
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы n 263-НҚ...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconСу шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconТабиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келiсiм беру туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобалар қарау және бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы...
Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi iconҚазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 тамыздағы №888 Қаулысы «Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi туралы»
«Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 18 мамырдағы №84 Жарлығына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы