Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница9/14
Дата конвертации22.04.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

               алып қою

      Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсiпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебiнен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) белгiленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлiктi бухгалтерлiк есеп қағидалары бойынша тиiстi түрде көрсетпей пайдалану фактiлерi анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

      ^ 138-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы
               төлеу

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерiн жыл сайын тиiстi саланың уәкiлеттi органы, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындiкiн – жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.
      2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде мемлекеттiк кәсiпорын дербес айқындайды.
      3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн – тиiстi саланың уәкiлеттi органы, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.

      ^ 139-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды басқару

      1. Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес:
      республикалық мемлекеттiк кәсiпорын басшысының тиiстi саланың уәкiлеттi органымен;
      коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын басшысының жергiлiктi атқарушы органмен еңбек шартын жасасуы арқылы ресiмделедi.
      2. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнде белгiленген талаптардан бөлек, мемлекеттiк кәсiпорын басшысының таза табыстың белгiленген бөлiгiн уақтылы бюджетке аудармағаны үшiн жауапкершiлiгi айқындалады.
      3. Басшыны тағайындау, осы Заңда көзделген жағдайларда басшының кандидатурасын келiсу, оны аттестаттаудан өткiзу, Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысы дара басшылық принципi бойынша әрекет етедi және егер осы Заңда және кәсiпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн осы Заңда және мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi.
      5. Мемлекеттiк кәсiпорын басшысы қаржы-шаруашылық қызметiне және мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң сақталуы үшiн жеке жауаптылықта болады.
      6. Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысы мемлекеттiк кәсiпорынның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, барлық органдарда оның мүддесiн бiлдiредi, осы Заңда белгiленген шектерде мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi, банк шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.
      7. Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, егер осы Заңда және кәсiпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды.
      Тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) басшының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында белгiленедi.
      8. Мемлекеттiк кәсiпорын басшысының орынбасарларын тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) мемлекеттiк кәсiпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Мемлекеттiк кәсiпорын басшысы орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi.

      ^ 140-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн
               қаржыландыру

      1. Мемлекеттiк кәсiпорынның қызметi даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртiппен алынған бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгiн аудару нормативiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгiн аудару нормативiн жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының белгiленген нормативтер бойынша бiр бөлiгi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттiң есебiне жатқызылады.
      4. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының белгiленген бөлiгiнiң бюджетке толық және уақтылы аударылуына бақылауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар таза табыстың бiр бөлiгiн тиiстi бюджетке аударуды корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

^ 3-параграф. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын

      141-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi болуы мүмкiн.
      2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның қарамағында не оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн өзiне қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi болып табылатын мүлiк қана бола алады.

      ^ 142-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
               кәсiпорындардың органдары

      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның органдары оның басшысы, сондай-ақ осы Заңның 148-бабында көзделген жағдайларда байқау кеңесi болып табылады.

      ^ 143-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
               кәсiпорынның жарғылық капиталы

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы айқындайды, бiрақ оның мөлшерi шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынға берiлетiн мүлiктiң жалпы құнынан аспауға және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу күнiнде белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң он мың еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      Жарғылық капиталдың мөлшерi шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi.
      Меншiк иесi (құрылтайшы) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу кезiне жарғылық капиталды толығымен қалыптастыруға тиiс.
      2. Егер Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заңдарында жарғылық капиталды қалыптастырудың өзге де тәртiптерi мен мөлшерi белгiленген болса, онда шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар оларды Қазақстан Республикасының осы заңдарында көзделген, бiрақ осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмайтындай мөлшерде қалыптастырады.

      ^ 144-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың
               ерекшелiктерi

      1. Осы Заңның 128-бабының 4-тармағында көзделген шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың жалпы негiздерiнен бөлек, шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк иесiнiң шешiмi бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiн заңды түрде алып қойған жағдайларда тоқтатылады.
      Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда:
      1) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмейтiн мүлiктi алып қою (осы Заңның 141-бабының 2-тармағы);
      2) артық, пайдаланылмаған не өз мақсатында пайдаланылмаған мүлiктi алып қою жатады.
      2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынға алып қойылған мүлiктi өзге тұлғаға бергенге дейiн күтiп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзiмдерiн белгiлейдi.

      ^ 145-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
               кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру
               шарттары

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығында бекiтiлiп берiлген, негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.
      2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын тиiстi саланың уәкiлеттi органының ұсынуы бойынша мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) жазбаша келiсiмiмен:
      1) филиалдар, өкiлдiктер құруға;
      2) акционерлiк қоғамдардың өзiне тиесiлi акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;
      3) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгер болуға немесе кепiлдiк беруге;
      4) қарыздар беруге құқылы.
      3. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi немесе меншiк иесi (мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы орган) өзгеше белгiлесе, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны дербес пайдаланады.

      ^ 146-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
               кәсiпорын өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың,
               көрсетiлетiн қызметтердiң) бағалары

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағалары шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеудi, оның қызметiнiң залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
      2. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) көлемi шеңберiнде өндiрiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын тиiстi саланың уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын белгiлейдi.
      3. Табиғи монополиялар субъектiлерiне немесе тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiне жататын шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағалары «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы», «Бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң немесе тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң баға белгiлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.

      ^ 147-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
               кәсiпорынның жауаптылығы

      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.
      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауаптылықта болмайды.
      Мемлекет құрылтайшының, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе тиiстi саланың уәкiлеттi органының iс-әрекеттерiнен туындаған банкроттық, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты – жергiлiктi атқарушы органның iс-әрекеттерiнен туындаған банкроттық жағдайларын қоспағанда, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының заңдарында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша мемлекет жауапкершiлiгiнiң өзге де жағдайлары белгiленуi мүмкiн.

^ 4-параграф. Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынды басқарудың ерекшелiктерi

      148-бап. Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы
               мемлекеттiк кәсiпорынды басқару

      1. Бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорында тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның) ұсынысы бойынша кәсiпорын органы – байқау кеңесi құрылуы мүмкiн.
      Бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларындағы байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынды құру, сондай-ақ бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс iстеп тұрған шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда байқау кеңесiн енгiзу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Байқау кеңесi құрылатын шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға қойылатын критерийлердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесi мүшелерiнiң саны тақ сан болуға әрi бiр-бiрiмен және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемiнде бес адамнан құралуға тиiс. Байқау кеңесiнiң мүшелерi шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерiнiң штатына кiрмейдi.
      Байқау кеңесiнiң төрағасы байқау кеңесi мүшелерi арасынан байқау кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен сайланады.
      2. Байқау кеңесiн құру тәртiбiн, байқау кеңесiнiң құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесiнiң мүшелерiн конкурстық iрiктеу және олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Байқау кеңесiнiң құрамына тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның) өкiлi, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның басшысы кiредi. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның басшысы байқау кеңесiнiң төрағасы болып сайлана алмайды.
      3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң өкiлеттiк мерзiмi үш жылды құрайды.
      4. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесi мүшесiнiң өкiлеттiгi байқау кеңесi мүшесiнiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы байқау кеңесiнiң шешiмiне сәйкес байқау кеңесi мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
      5. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) байқау кеңесi мүшелерiнiң қызметiн бағалауды жүзеге асырады. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) байқау кеңесi мүшелерiнiң қызметiн бағалау қорытындылары бойынша байқау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу туралы шешiм қабылдайды. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның басшысына және байқау кеңесiнiң мүшелерi болып табылатын мемлекеттiк қызметшiлерге сыйақы төленбейдi. Байқау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның қаражаты есебiнен төленедi.
      Байқау кеңесi мүшелерiнiң қызметiн бағалау және байқау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу лимитiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      6. Байқау кеңесiнiң хатшысы шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның қызметкерi болып табылады және байқау кеңесiнiң мүшесi болып табылмайды. Байқау кеңесiнiң хатшысы байқау кеңесiне есеп бередi, оның отырыстарын дайындау мен өткiзудi, отырысқа материалдар ресiмдеудi қамтамасыз етедi және байқау кеңесi мүшелерiнiң отырыстар материалдарына қолжетiмдi болуын қамтамасыз етiлуiне бақылау жүргiзедi.
      Байқау кеңесi хатшысының құзыретi мен қызметi шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның iшкi құжаттарында айқындалады.
      7. Байқау кеңесiнiң мүшелерi өздерiнiң iс-әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен) кәсiпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мен тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) алдында жауаптылықта болады.
      Байқау кеңесiнiң мүшелерi, егер байқау кеңесi қабылдаған, кәсiпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған шешiмге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, жауапкершiлiктен босатылады.

      ^ 149-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
               кәсiпорынның байқау кеңесiнiң өкiлеттiктерi

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң мынадай өкiлеттiктерi бар:
      1) тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша қорытынды бередi;
      2) даму жоспарының орындалуы туралы есептiң жобасын келiседi, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржы есептiлiгiн алдын ала бекiтедi;
      3) демеушiлiк, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның iшiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның иелiгiнде қалған таза табыстың бiр бөлiгiн бөлу туралы шешiм қабылдайды;
      4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшiн шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң құжаттамасымен кедергiсiз танысады және көрсетiлген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыру үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) ұсыныстар енгiзедi;
      5) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелерi бойынша тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның) ұсыныстарын келiседi;
      6) ұжымдық шартты әзiрлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерiнен, даму жоспарында бекiтiлген қаражат шегiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлiгiнде шешiмдер қабылдайды;
      7) байқау кеңесiнiң хатшысын тағайындайды, оның өкiлеттiк мерзiмiн және жалақысының мөлшерiн айқындайды, оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатады;
      8) тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;
      9) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
      10) тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгiзедi;
      11) тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның филиалдарын, өкiлдiктерiн құру және жабу туралы ұсыныстар енгiзедi.
      2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесi мүшесiнiң талап етуi бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшелерi байқау кеңесiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге мiндеттi.

      ^ 150-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
               кәсiпорынның байқау кеңесiнiң отырыстарын өткiзу
               тәртiбi

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң отырыстары қажет болуына қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның), байқау кеңесi мүшесiнiң немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын басшысының талап етуi бойынша шақыруы мүмкiн.
      3. Байқау кеңесi туралы ереженi, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң отырыстарын шақыру және өткiзу тәртiбiн тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) бекiтедi.
      4. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң отырысы, егер шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң барлық мүшелерi оның өтетiн уақыты мен орны туралы хабардар етiлсе және отырысқа шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесi мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесi мүшесiнiң өз дауысын байқау кеңесiнiң басқа мүшесiне немесе өзге жеке тұлғаға (сенiмхат бойынша) беруiне жол берiлмейдi.
      5. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесiнiң әрбiр мүшесi дауыс беру кезiнде бiр дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның байқау кеңесi төрағасының дауысы шешушi дауыс болып табылады.
      6. Байқау кеңесiнiң шешiмдерi жазбаша нысанда ресiмделедi және оларға байқау кеңесiнiң барлық мүшелерi қол қояды.

      ^ 151-бап. Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы
               мемлекеттiк кәсiпорынның аудитi

      1. Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын жылдық қаржылық есептiлiгiне аудит жүргiзуге мiндеттi.
      2. Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның аудитi байқау кеңесiнiң, мемлекеттiк кәсiпорын басшысының, тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның) бастамасы бойынша мемлекеттiк кәсiпорын қаражаты есебiнен жүргiзiлуi мүмкiн.

      ^ 152-бап. Мүдделер қайшылығы

      Байқау кеңесiнiң мүшесi шешiм қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға тиiс. Байқау кеңесiнiң мүшелерiне шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң жеке мүддесiн көздеуiне, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның коммерциялық мүмкiндiктерiн жеке мақсатында пайдалануына тыйым салынады.

^ 5-параграф. Қазыналық кәсiпорын

      153-бап. Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билiк ету

      Осы Заңның 135-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, республикалық қазыналық кәсiпорын – негiзгi құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, сондай-ақ дебиторлық берешектi мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен ғана, ал коммуналдық қазыналық кәсiпорын жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiмен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы.
      Қазыналық кәсiпорын негiзгi құралдарға жатпайтын, өзiне жедел басқару құқығында бекiтiлiп берiлген жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.

      154-бап. Қазыналық кәсiпорынның жедел басқаруына берiлген
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы