Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница6/14
Дата конвертации22.04.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

              беру

      Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк заттай гранттарды «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өтеусiз пайдалануға бередi.

      ^ 78-бап. Мемлекеттiк мүлiктi мердiгерлiк шарты бойынша
              беру

      Мемлекеттiк мүлiктi мердiгерлiк шарты бойынша беру тапсырыс берушiнiң – мемлекеттiң жұмыстарды орындауда мердiгерге жәрдем көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi орындауы шеңберiнде мердiгерлiк шартында көзделген көлемде және тәртiппен жүзеге асырылады.

      ^ 79-бап. Мемлекеттiк мүлiктi концессия шарты бойынша беру

       Мемлекеттiк мүлiктi концессия шарты бойынша беру «Концессия туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      ^ 80-бап. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы
              шарттар

      Жер учаскелерiн, жер қойнауы учаскелерiн, су объектiлерiн, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру мүлiктiң әрбiр түрi туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

      ^ 81-бап. Мемлекеттiк мүлiктi сақтау шарты және сақтауға
              қабылдау туралы шарт

      1. Мемлекеттiк мүлiк сақтау шарты немесе мемлекеттiк мүлiктi сақтауға қабылдау туралы шарт бойынша оның сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң сақтау туралы қағидалары осы бапта белгiленген ерекшелiктерiмен қоса мемлекеттiк мүлiктi сақтау туралы қатынастарға қолданылады.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi сақтау оны сақтау шарты немесе мемлекеттiк мүлiктi (заттарды) сақтауға қабылдау туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк мүлiктi сақтау оның сақталуын қамтамасыз етуге қабiлеттi кез келген тұлғаға жүктелуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк мүлiктi сақтауды кәсiпкерлiк қызмет ретiнде сақтау жөнiндегi қызметтер көрсететiн мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады.
      3. Мемлекеттiк мүлiктi сақтау нысанасы жылжымалы заттар болуы мүмкiн.
      Жылжымайтын мүлiктi күзетуге осы баптың күшi қолданылмайды.
      4. Мемлекеттiк мүлiктi сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. Сақтаушы жүк берушiге сақтау қолхатын, түбiртектi, куәлiктi, сақтаушы қол қойған өзге де құжатты беру арқылы шарттың жасалғанын куәландыруы мүмкiн.
      5. Мемлекеттiк мүлiктi сақтау мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сақтау шарттарында не сақтауға қабылдау туралы шарттарда айқындалады. Сақтау мерзiмi өткеннен соң мемлекеттiк мүлiктi сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, тиiстi шарттарда өзгеше көзделмесе немесе мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелердiң мәнiнен туындамаса, сол мерзiмге жасалған деп есептеледi.
      Жүк берушi болып табылатын немесе оның жазбаша тапсырмасы бойынша өкiлдiк ететiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган кез келген уақытта сақтаушыдан мүлiктi (затты) талап етуге құқылы. Бұл жағдайда, егер мемлекеттiк мүлiктi сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттарда өзгеше көзделмесе, жүк берушi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуынан туындаған залалдарды сақтаушыға өтеуге мiндеттi.
      6. Мемлекеттiк мүлiктi сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт өтеулi болып табылады. Сақтаушыға берiлетiн сыйақының мөлшерi тараптардың келiсiмiмен, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, ставкалар мен тарифтерге сәйкес айқындалады.
      7. Егер сақтау шартында өзгеше көзделмесе, сақтаушы жүк берушiнiң келiсiмiнсiз затты үшiншi тұлғаның сақтауына беруге құқылы емес, жүк берушiнiң мүдделерiнде мән-жайларға байланысты ол осыған мәжбүр болған және оның келiсiмiн алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайлар бұған кiрмейдi. Сақтаушы заттың үшiншi тұлғаға сақтауға берiлгендiгi туралы жүк берушiнi дереу хабардар етуге мiндеттi. Сақтаушы өзi затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-әрекетi үшiн өзiнiң iс-әрекетiндей жауап бередi.
      8. Сақтаушы өзiне берiлген мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн шартта көзделген барлық шараны, сондай-ақ басқа да қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi. Мемлекеттiк мүлiктiң сақталуы техникалық нормативтер мен сақтау және (немесе) қорғау шарттары жөнiндегi талаптарға сәйкес қамтамасыз етiлуге тиiс.
      Сақтаушы сақтауға қабылдаған мемлекеттiк мүлiктiң жоғалғаны, жетiспеушiлiгi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Ол, егер заттың жоғалуы, жетiспеушiлiгi немесе бүлiнуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдейтiн болса, жауаптылықтан босатылады.
      Сақтаушы сақтауға берiлген мемлекеттiк мүлiк жетiспеген кезде мемлекеттiк мүлiктi сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мерзiмде жетiспейтiн мүлiктi заттай өтеуге, ал ондай мүмкiндiк болмаған кезде – жоғалған немесе жетiспейтiн мемлекеттiк мүлiктiң құны мөлшерiнде өтеуге мiндеттенедi.
      9. Осы баптың қағидалары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мүлiктi сақтаудың жекелеген түрлерiне қолданылады.
      10. Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау шарты негiзiнде мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiне басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның ведомстволық бағынысындағы ұйымдарда немесе сақтау пункттерiнде (мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және оларға қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларда) сақталады.
      Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау шартынан туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.

      ^ 82-бап. Жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк мүлiктi пайдалану
              құқықтарын жүзеге асыру

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк мүлiкке:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының заңдарымен жалпы пайдаланудағы мүлiкке жатқызылған өсiмдiктер мен жануарлар әлемi, өзге де табиғи ресурстар;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен енi белгiленген жағалау белдеулерi бар кеме жүзетiн және сал ағызылатын өзендердiң арналары, сондай-ақ көлдер, қойнау-қолаттар мен өзге де табиғи су айдындары;
      3) порттар, айлақтар, шығанақтар, рейдтер мен қойнаулар, сондай-ақ бөгеттер, молдар, толқын бөгеттерi мен өзге де жағалау құрылыстары;
      4) иелiктен шығарылған белдеулерi және қосымша құрылыстары мен қызметтерi бар жалпы пайдаланудағы жолдар, тас жолдар мен көпiрлер;
      5) жер суландыру, мелиорациялау мақсатында және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарда салынған орлар, тоғандар, су қоймалары, каналдар, үймелер мен шұңқырлар;
      6) алаңдар, тротуарлар, көшелер, қоғамдық саябақтар мен демалыс орындары, зираттар және өзге де қоғамдық құрылыстар мен үйлер;
      7) храмдар мен қоғамдық мақсаттағы өзге де ғибадатханалар;
      8) көркем, тарихи және археологиялық ескерткiштер;
      9) ұлттық саябақтар, қорықтар, қаумалдар, резерваттар;
      10) ұлттық өнер бұйымдары;
      11) мұрағаттар, мұражай экспонаттары, көркем және ғылыми коллекциялар, оның iшiнде ғылыми және мәдени құндылықтарға жататын жекелеген құжаттар, қолжазбалар, жарияланымдар, карталар мен басқа да жылжымалы заттар;
      12) жалпы пайдаланудағы сервитуттар (көпшiлiк сервитуттар);
      13) Қазақстан Республикасының заңдарымен жалпы пайдаланатын мүлiкке жатқызылған өзге де мүлiк жатқызылуы мүмкiн.
      Жалпы пайдаланудағы мүлiктi пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүлiктiң жекелеген түрлерi туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органдары белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүлкiнiң жекелеген түрлерi туралы заңнамасында белгiленген өз құзыретi шегiнде жалпы пайдаланудағы мүлiктi басқаруды және пайдалануды ұйымдастырады.

^ 4-БӨЛIМ. МЕМЛЕКЕТТIҢ МҮЛIКТIК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIҢ МҮЛIКТIК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУ НЕГIЗДЕРI

      83-бап. Мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарының тоқтатылу
              негiздерiнiң тiзбесi

      1. Мемлекеттiң (Қазақстан Республикасының немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң) мүлiктiк құқықтарының тоқтатылу негiздерi:
      1) мемлекеттiк (республикалық немесе коммуналдық) мүлiктi жекешелендiру немесе өзге де иелiктен шығару;
      2) мемлекеттiк заңды тұлғалардың өздерi өндiрген тауарларды немесе негiзгi құралдарға жатпайтын және жекешелендiру объектiсi болып табылмайтын өзге де мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға иелiктен шығарып беруi;
      3) жер учаскелерiн жеке меншiкке беру;
      4) республикалық немесе коммуналдық мүлiкке жататын мемлекеттiк заттай грантты жеке меншiкке беру;
      5) мемлекеттiк мүлiктiң бұзылуы немесе жойылуы;
      6) мемлекеттiк мүлiктi өндiрiп алу;
      7) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттемелерi бойынша мемлекет пайдасына контрагенттiң орындағанын қайтару;
      8) жарамсыз деп танылған мәмiле бойынша алынған мүлiктi қайтару;
      9) мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану немесе шығару;
      10) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де негiздер болып табылады.
      2. Осы Заңның 120, 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару өтеулi болып табылады.

      ^ 84-бап. Мемлекеттiк мүлiкке құқықтардан бас тартуға тыйым
              салу

      1. Мемлекет өзiне тиесiлi мүлiкке құқықтардан бас тарта алмайды. Мемлекеттiк органдардың, олардың өкiлдерi мен лауазымды адамдарының мемлекеттiк мүлiкке мемлекеттiң құқықтарынан бас тартуы заңсыз болып табылады.
      2. Мемлекеттiк органдардың, олардың өкiлдерi мен лауазымды адамдарының мемлекеттiк меншiк құқықтарын және мемлекеттiң өзге де мүлiктiк құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуын айқын бiлдiретiн iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiптiк және өзге де жауаптылыққа әкеп соғады.

      ^ 85-бап. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың мүлiктi иелiктен
              шығаруы

      Мемлекеттiк заңды тұлғалардың өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде, өздерi өндiрген өнiмдi, шикiзатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды және негiзгi құралдарға жатпайтын және жекешелендiру объектiсi болып табылмайтын өзге де мүлiктi қоса алғанда, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға мүлiктi иелiктен шығарып беруi иелiктен шығарылған мемлекеттiк мүлiкке мемлекеттiң құқықтарын тоқтатуға әкеп соғады және жекешелендiру болып табылмайды.

      ^ 86-бап. Жеке меншiкке табыстау (беру) нәтижесiнде жер
              учаскесiне және өзге де мүлiкке мемлекеттiң
              құқықтарын тоқтату

      1. Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен жеке меншiкке табысталуы мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк заттай грант түрiнде табысталған жер учаскесiн қоса алғанда, мемлекеттiк мүлiкке мемлекеттiң құқықтары грант алушының инвестициялық мiндеттемелерiн орындауы кезiнде «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.

      ^ 87-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң бұзылуы немесе жойылуы

      1. Мемлекеттiк мүлiктiң бұзылуы және жойылуы мемлекеттiң осы мүлiкке құқықтарының тоқтатылуына әкеп соғады.
      2. Дүлей зiлзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттiк мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң бұзылуы және жойылуы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ресiмделедi.
      3. Осы баптың қағидалары заттарға қолданылады.

      ^ 88-бап. Мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк
              мүлiктi өндiрiп алу

      1. Қазақстан Республикасының және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк мүлiктi өндiрiп алу сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
      2. Бюджет қаражаттарын қоспағанда, мемлекеттiк немесе жергiлiктi қазынаны құрайтын мүлiк өндiрiп алынбайды. Қазақстан Республикасының заңдарында өндiрiп алынбайтын мемлекеттiк мүлiктiң өзге де түрлерi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өндiрiп алуға болмайтын мүлiк құнының шегiнде бюджет қаражаттарымен жауаптылықта болады.
      3. Қазақстан Республикасының және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өндiрiп алынатын мемлекеттiк мүлiкке құқықтары мемлекеттiк мүлiктi өндiрiп алу кезiнде құқықтар өтетiн тұлға осы мүлiкке құқықтарға ие болған кезден бастап тоқтатылады.

      ^ 89-бап. Реквизициялау нәтижесiнде алынған мемлекеттiк
              мүлiкке құқықтарды тоқтату

      1. Тұлға бұрын өзiне тиесiлi болған, реквизициялау кезiнде мемлекет ие болған мүлiктi осы Заңның 44-бабының қағидалары бойынша талап еткен кезде, осы мүлiкке мемлекеттiң құқықтары тоқтатылады.
      2. Реквизициялау кезiнде алып қойылған мүлiктi қайтару осы Заңның 44-бабының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

      ^ 90-бап. Тәркiлеу нәтижесiнде алынған мемлекеттiк мүлiкке
              құқықтарды тоқтату

      Соттың мүлiктi мемлекет меншiгiне тәркiлеуге негiз болған актiнiң күшiн жоюы (тиiстi бөлiгiне өзгерiс енгiзуi) мемлекеттiң тәркiленген мүлiкке мүлiктiк құқықтарын тоқтатуға негiз болып табылады.
      Тәркiленген мүлiктi қайтару немесе оның құнын өтеу осы Заңның 213-бабы 5-тармағының қағидалары бойынша жүргiзiледi.

      ^ 91-бап. Мемлекеттiк материалдық резервтегi материалдық
              құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару
              жолымен мемлекеттiк мүлiкке құқықтарды тоқтату

      1. Мемлекеттiк материалдық резервтегi материалдық құндылықтарға мемлекеттiң құқықтары мемлекеттiк материалдық резервтегi материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару нәтижесiнде тоқтатылады.
      2. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
      1) оларды жаңартуға байланысты;
      2) қарызға алу тәртiбiмен;
      3) броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк материалдық резервтегi материалдық құндылықтарды иелiктен шығару олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған не екiншi деңгейдегi банктер кепiлдiк берген жағдайда жүргiзiледi.
      5. Мемлекеттiк материалдық резервтен шығару кезiнде материалдық құндылықтарды өткiзуден алынған қаражат бюджет есебiне жатқызылады.
      6. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгiленген мерзiмде заттай түрде бюджет қаражаты есебiнен өтелуге жатады.
      7. Дағдарысты құбылыстар және iшкi нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасында үйлесiмсiздiк қаупi туындаған жағдайда мемлекеттiк материалдық резервтiң ресурстары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

      ^ 92-бап. Мемлекеттiк мүлiктi акционерлiк қоғамдардың
              акцияларын төлеуге және жауапкершiлiгi шектеулi
              серiктестiктердiң жарғылық капиталына беру

      Мемлекеттiк мүлiктi акционерлiк қоғамдардың акцияларын төлеуге және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.

^ 10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI ИЕЛIКТЕН ШЫҒАРУ

1-параграф. Жалпы ережелер

      93-бап. Мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару субъектiлерi

      1. Сатушы (мүлiктi иелiктен шығаруды жүргiзушi тұлға) және сатып алушы (ие болушы) мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару субъектiлерi болып табылады.
      2. Сатушы (мүлiктi иелiктен шығаруды жүргiзушi тұлға) – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган не жергiлiктi атқарушы орган.
      3. Сатып алушы (ие болушы) – мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару процесiнде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға.
      Сатып алушы (ие болушы) жағына бiрнеше тұлға қатысқан кезде олар ынтымақтаса әрекет етедi.
      4. Мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару объектiсiн сатудың (иелiктен шығарудың) шарты болып табылатын қызмет түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.
      5. Сатушы (мүлiктi иелiктен шығаруды жүргiзушi тұлға) мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару процесiн ұйымдастыру үшiн делдал тартуға құқылы.

      ^ 94-бап. Мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығарудың түрлерi

      1. Мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару мынадай:
      1) мемлекеттiк мүлiктi аукцион және тендер нысанындағы сауда-саттықта сату, қор биржасындағы сауда-саттық, екi кезеңдi рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату арқылы жекешелендiру;
      2) мемлекеттiк мүлiктi тiкелей атаулы сату арқылы жекешелендiру;
      3) осы тараудың 3-параграфында көзделген тәртiппен және жағдайларда мемлекеттiк мүлiктi сауда-саттық жүргiзбестен иелiктен шығарудың өзге де тәсiлдерi түрлерiнде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтiн, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн iс-әрекеттер (мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) тапсыру не оны тиiсiнше жалдаушының (жалға алушының) не сенiмгерлiкпен басқарушының кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлiкпен басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала жүргiзiлетiн сатылары ретiнде қарастырылады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек қана мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк мүлiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне сәйкес иелiктен шығаруға жатпайтын мемлекеттiк мүлiк иелiктен шығару объектiсi болмайды.
      Иелiктен шығаруға жатпайтын объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

^ 2-параграф. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру

      95-бап. Жекешелендiру жүргiзудiң негiзгi принциптерi

      Жекешелендiру жүргiзудiң негiзгi принциптерi жариялылық, бәсекелестiк, құқықтық мұрагерлiк, лауазымды тұлғалардың жекешелендiру жүргiзудiң заңдылығы үшiн жауапкершiлiгi және жекешелендiру объектiлерi туралы ұсынылған деректердiң дәйектiлiгi болып табылады.

      ^ 96-бап. Жекешелендiру объектiсi

      1. Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi:
      1) мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорын;
      2) жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тiзбектi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi;
      3) осы Заңның 85, 135, 145, 153, 161-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк заңды тұлғалардың мүлкi;
      4) акционерлiк қоғамдардың акциялары;
      5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi;
      6) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздар жекешелендiру объектiлерi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган не жергiлiктi атқарушы орган мемлекет мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттiк мүлiк жекешелендiру объектiсi болады.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекешелендiруге жатпайтын тек мемлекеттiк меншiкте ғана болатын мемлекеттiк мүлiк, сондай-ақ мемлекеттiк меншiкте болатын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне сәйкес иелiктен шығаруға жатпайтын мүлiк жекешелендiру объектiлерi бола алмайды.
      Мүлiктiк кешендер ретiнде кәсiпорындарды немесе табиғи монополия субъектiлерi немесе тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетiн нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды және ол жекешелендiрудiң түрiне нұсқауды қамтуға тиiс.

      ^ 97-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынды
              жекешелендiру

      1. Мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынды жекешелендiруге осы баптың 2-тармағында және осы Заңның 93, 95, 96, 99 - 101, 103, 107 - 112-баптарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 25-тарауы 6-параграфының қағидалары қолданылады.
      2. Жекешелендiруге жататын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның құрамына мемлекеттiк материалдық резервтiң онда сақталатын материалдық құндылықтары енгiзiлмейдi.
      3. Мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның құрамына әлеуметтiк-мәдени және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер енгiзiлуi мүмкiн.
      4. Егер осы Заңда және сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатып алушы мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiрiлген кәсiпорынның азаматтық құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болады.

      ^ 98-бап. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi
              акциялары және мемлекеттiң жауапкершiлiгi
              шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы