Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница14/14
Дата конвертации22.04.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

               бойынша түскен мүлiктi есепке алу және сақтау
               қағидалары

      1. Мүлiктi есепке алу:
      1) тиiстi сот актiлерi;
      2) нотариус беретiн, мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
      3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне сәйкес мәлiмделген кедендiк жүк декларациясы;
      4) мемлекеттiң меншiк құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Мүлiк тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде берiледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi онда көрсетiлген тараптардың санына қарай жасалады.
      3. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу үшiн актiлердi есепке алу кiтабы жүргiзiледi. Актiлердi есепке алу кiтабында мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерi олардың түсуiне қарай тiркеледi. Жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен мүлiктi есепке алуды жүргiзу тәртiбiн, мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiнiң және актiлердi есепке алу кiтабының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Осы баптың қағидалары бойынша мемлекетке түскен мүлiктi сақтау осы Заңның 211 және 213-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

      ^ 213-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң құрамына жекелеген негiздер
               бойынша түскен мүлiктi өткiзу

      1. Мемлекет жекелеген негiздер бойынша сатып алған мемлекеттiк мүлiктi өткiзу мынадай тәртiптi сақтау арқылы жүргiзiледi:
      1) комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы:
      жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
      бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткiзiледi;
      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткiзiледi;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген өзге де мүлiк аукциондарда өткiзiледi.
      Егер сауда ұйымдары арқылы немесе аукциондарда өткiзуден кейiн мүлiк толықтай немесе iшiнара өткiзiлмей қалса, атқарушылық iс жүргiзу органы немесе жергiлiктi атқарушы орган осы мүлiктi қайта бағалауды жүргiзедi.
      Ең төменгi баға бойынша өткiзiлмеген жылжымалы мүлiктi пайдаланудың және жоюдың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Осы баптың қағидалары бөлшектелген көлiк құралдарына, өнеркәсiптiк және өзге де жабдықтар объектiлерiне, аяқталмаған құрылысқа не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiкке пайдаланылады. Көрсетiлген мүлiк қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары немесе қара және түстi металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және өткiзiледi.
      3. Осы бапта көрсетiлген мүлiктi өткiзуден түскен қаражат Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiнiң есебiне жатқызылады.
      4. Мүлiктi есепке алуға, бағалауға, сақтауға, жөнелтiп жiберуге, оны сатуды ұйымдастыруға және одан әрi пайдалану жөнiндегi өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Сот мүлiктiң мемлекет меншiгiне түсуiне негiз болған актiнiң күшiн жойған (тиiстi бөлiгiн өзгерткен) жағдайда атқарушылық iс жүргiзу органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткiзiлген болса, оның құнын өтеу оны өткiзуден алынған қаражат шегiнде жүргiзiледi.
      Залалдар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.

      ^ 214-бап. Тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе өзге де мәдени
               құндылығы бар мүлiкке құқықтарды жүзеге асыру
               ерекшелiктерi

      1. Тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкiн мүлiкке «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнаулы комиссия сараптама жасайды.
      2. Тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлiк тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттiк мұражайларға өтеусiз берiлуi мүмкiн.

      ^ 215-бап. Ақшаға, бағалы металдарға, асыл тастарға және
               олардан жасалған бұйымдарға құқықтарды жүзеге
               асыру ерекшелiктерi

      1. Ақша түрiндегi мүлiк бюджет кiрiсiнiң есебiне жатқызылады.
      Шетел валютасы операция жасалған күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнiң есебiне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткiзу тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзуден түскен ақшаны бюджет есебiне жатқызу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      2. Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және олардың филиалдарына берудi осындай мүлiктi алған орган мүлiктiң сомасы, берiлу уақыты және алушысы көрсетiлген беру туралы хабарламаны уәкiлеттi органға жiбере отырып жүргiзедi.
      3. Мемлекеттiк меншiктiң құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер номиналды түрде толық көлемiнде бюджеттiң кiрiсiне аударады.
      4. Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жiберiледi және тапсырылады.
      Мемлекет меншiгiне жекелеген негiздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша атқарушылық iс жүргiзу органы белгiлейдi.
      Арнаулы мемлекеттiк қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және өткiзгенге дейiн сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
      5. Осы баптың қағидалары лотерея билеттерi бойынша ұтыс түрiнде мүлiкке қолданылады. Лотерея билеттерi бойынша заттай ұтыстың құнын лотереяның ұйымдастырушысы болып табылатын тұлға бюджет кiрiсiнiң есебiне жатқызады.
      Лотерея билеттерiн беру тiзiмдеме актiсi бойынша жүргiзiледi, онда лотереяның атауы, шығарылған күнi, ұтыс ойынын жүргiзген тұлғаның атауы, билеттердiң сериясы, нөмiрi және ұтыстың сомасы көрсетiледi.

      ^ 216-бап. Сыйлыққа құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi

      1. Лауазымдық жағдайларына байланысты немесе қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты мемлекеттiк қызметшiлерге жария түрде немесе ресми iс-шаралар кезiнде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берiлген (тапсырылған), құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын сыйлықтар мемлекетке берiлген сыйлық болып есептеледi және мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түседi, ол арнаулы мемлекеттiк қорды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және шарттарда атқарушылық iс жүргiзу органдарына немесе жергiлiктi атқарушы органдарға тапсырылады.
      2. Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлiктi өткiзу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
      3. Атқарушылық iс жүргiзу органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар арнаулы мемлекеттiк қорға сыйлықты тапсырған тұлға оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда ғана сыйлықты үшiншi тұлғаларға өткiзуге құқылы.

      ^ 217-бап. Сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға
               сәйкес келмейтiн азық-түлiк шикiзатына, тамақ
               өнiмдерiне және өзге де мүлiкке құқықтарды
               тоқтату ерекшелiктерi

      Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, шыққан елi белгiленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз өткiзiлетiн темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткiзуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерiнiң бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқарушылық iс жүргiзу органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар құратын комиссия жояды.
      Қажет болған жағдайларда комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерi және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкiн.

      ^ 218-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) тұрғын
               үйлерге құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi

      Осы Заңның 19-бабында көрсетiлген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына енгiзiледi.
      Мемлекет меншiгiне жекелеген негiздер бойынша түскен тұрғын үйлердi одан әрi пайдаланудың тәртiбi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.

^ 18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      219-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн екi жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 15-тарауды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; 2006 ж., № 12, 71-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 86-құжат; № 23, 112-құжат);
      2) «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат).
      3. Тiркеушi органдар осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн мүлiктiк кешендер ретiнде жекешелендiрiлген мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң тоқтатылуы туралы жазбаны осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде мемлекеттiк мүлiктiң сатушысы табыс еткен, мүлiктi сатып алу-сату шарты және беру актiсi негiзiнде енгiзедi.
      4. Орман шаруашылығын жобалау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, өз қызметiн 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асыра алатын мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған, өздерiнiң қызмет түрлерi осы Заңда көзделмеген мемлекеттiк кәсiпорындар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға, қайта құрылуға немесе жекешелендiрiлуге тиiс.

      ^ 220-бап. Осы Заңды iске асыру жөнiндегi шаралар

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк мүлiк бойынша қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай мерзiмде осы Заңға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi жыл iшiнде мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi мен мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жасау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтсiн және осы iс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                 Н. Назарбаев
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы