Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама icon

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама



НазваниеҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама
страница1/3
Дата конвертации02.03.2013
Размер431.81 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3






Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда министрлігі


Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама

(оның ішінде облыстар бөлінісінде)


Астана қаласы

шілде, 2012ж


МАЗМҰНЫ



1.

КІРІСПЕ......……………………………………………………………......…


3

2.

^ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ

1 МАУСЫМДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ …………….............................……



4

3.

^ БИЗНЕС-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ......……………………………………


12

3.1

Рұқсат беру жүйесін жетілдіру және бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру ….............……………………..………………………………….



12

3.2

Тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) енгізу…………………………………...


13

3.3

Дүниежүжілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымы……....................................................................................................…



14

4.

^ «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ........................................................................................................



16

4.1

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау

шаралары ……………………………………………....................………………



16

4.2

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау

шаралары ……………………………………………....................………………



19

5.

^ «МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ……...………




23

6.

^ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ..............................


24

6.1

Бизнес-инкубаторлардың, технологиялық парктердің және кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) жай-күйі ……..............…………………….…



24

6.2

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер………...………...………...……………..….



27

7.

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………….........……………………………


29



1. КІРІСПЕ


Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне Ақпараттық материалдарды ұсынудың 2012 жылға арналған кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №01-38.143 бұйрығының 60-тармағына сәйкес жартыжылдық негізде Шағын бизнесті (оның ішінде облыстар бөлінісінде) дамыту туралы талдамалық баяндаманы қалыптастырады.

Осы талдамалық баяндамада 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары туралы ақпараттар көрсетілді.

Мәселен, қолайлы іскерлік климатты құру үшін елде кәсіпкерлік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық база жетілдірілуде, бизнеске салық жүктемелерін төмендетілуде, кәсіпорын ашу рәсімдері жеңілдеуде, қаржылық және қаржылық емес шаралар түрінде бизнесті кешенді қолдау жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыты шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Бұл үшін арнайы құрылған ұйымдар арқылы қаржылық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша функциялар орындалады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы белсенді іске асырылуда, ол ілеспе Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы ретінде жалпы кәсіпкерлердің арасында табысты және сұранысқа ие болды.

Моноқалаларда ШОБ қолдаудың теңдессіз шаралары көзделген. Бекітілген Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде экономикалық әлеуеті төмен және орта қалаларда ШОБ үшін салалық шектеулерді алып тастау және пайыздық ставкаларды субсидиялау мөлшерін ұлғайту көзделген.

Салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылы салық есептілігін 30%-ға қысқарту бойынша қосымша шаралар әзірленді, бұл бизнестің есептілігін беру уақыты мен шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Бизнес-ахуалды жақсартуға және артық әкімшілік кедергілерді жоюға, оның ішінде лицензиялаумен және рұқсат берумен байланысты ауырпалықты азайтуға бағытталған кәсіпкерлікті және рұқсат беру жүйесін реттеу саласында бірқатар реформалар қабылданды.


^ 2. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 1 МАУСЫМДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігігің деректері бойынша 2012 жылғы 1 маусымдағы, белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны және өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) сияқты Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін сипаттайтын негізгі индикаторлардың өсуі байқалды.

^ Тіркелген ШОК субъектілерінің саны осы күнге 1 495 976 бірлікті құрады, оның ішінде 234 538 - шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы санның 15,7%), 1 064 519 жеке кәсіпкерлер (71,2%) және 196 919 - шаруа (фермер) қожалықтары (13,1%).

^ ШОК белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны республикада өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,6% ұлғайғанын және 839 345 бірлікті құрағанын көрсетті, оның ішінде 62 207 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы санның 7,4%) және 7 613 - орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (0,9%), 589 640 жеке кәсіпкерлер (70,3%) және 179 885 - шаруа (фермер) қожалықтары (21,4%) (1-кесте, 6-кесте).

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы ^ ШОК белсенді субъектілерінің үлесі – 56,1% құрайды (2-кесте).

ҚМ СК деректері бойынша белсенді жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстанда – 63 076 (10,7%), Шығыс Қазақстан облысында – 55 122 (9,3%), Алматы облысында – 56 288 (9,5%), Алматы қаласында – 78 232 (13,3%) шоғырланған.

Белсенді жұмыс істейтін шаруа (фермер) қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстанда – 66 640 (36,9%), Алматы облысында – 51 805 (28,2%), Жамбыл облысында – 15 496 (8,6%), Шығыс Қазақстан облысында – 15 217 (8,3%) белгіленген.

Республиканың барлық өңірлерінде ШОК белсенді субъектілер санының ұлғайғаны байқалды. Мұндай жағдай облыстар бөлінісінде былайша көрсетіледі: Атырау облысында олардың саны 21,0% өсті, Маңғыстау облысында – 20,0%, Қызылорда облысында – 28,9%, Батыс Қазақстан облысында – 20,0%, Ақтөбе облысында – 30,5%, Солтүстік Қазақстан облысында – 23,6%, Павлодар облысында – 24,6%, Жамбыл облысында – 25,5%, Қостанай облысында – 24,2%, Алматы облысында – 21,0%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 19,4%, Шығыс Қазақстан облысында – 25,2%, Қарағанды облысында – 24,0%, Ақмола облысында – 21,9%. Астана және Алматы қалаларында – 32,9% және 25,5% өскені байқалды (1-кесте, 3-кесте).

Талданатын кезең бойынша ШОК жұмыспен қамтылғандардың саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,5% ұлғайды және 2650,6 мың адамды құрады, оның ішінде 739 034 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы саннан 27,9%) және 652 825 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (24,6%), 877 448 жеке кәсіпкерлер (33,1%) және 381 298 - шаруа (фермер) қожалықтары (14,4%) (1-кесте, 6-кесте).

Мұндай жағдай облыстар бойынша былайша көрсетіледі: ШОК жұмыспен қамтылғандар санының ұлғаюы Жамбыл облысында (2,2%), Ақмола облысында (4,5%), Алматы облысында (1,3%), Қарағанды облысында (5,8%), Қостанай облысында (9,3%), Қызылорда облысында (9,0%), Оңтүстік Қазақстан облысында (6,6%), Солтүстік Қазақстан облысында (9,9%), Шығыс Қазақстан облысында (9,6%), Маңғыстау облысында (3,1%), Павлодар облысында (5,3%), Атырау облысында (4,4%), Батыс Қазақстан облысында (4,9%) және Ақтөбе облысында (7,5%) және Астана қаласында (9,2%) және Алматы қаласында (9,5%) байқалды (1-кесте, 4-кесте).

^ ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-мамырдағы жедел мәлімет бойынша 2,9% ұлғайды және 2270,2 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 617,6 млрд. теңге (27,2%) - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар және 13,08,3 млрд.теңге (57,6%) орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 307,8 млрд.теңге (13,6%) жеке кәсіпкерлер және 36,3 млрд.теңге (1,6%) - шаруа (фермер) қожалықтары (1-кесте, 6-кесте).

Көрсетілген кезеңде ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының (салыстырмалы бағаларда) ұлғаюы барлық облыстарда байқалды: Атырау облысында (2,0%), Алматы облысында (1,6%), Қарағанды облысы (1,9%), Қостанай облысында (1,7%), Ақтөбе облысында (2,9%), Шығыс Қазақстан облысында (3,5%), Қызылорда облысында (2,1%), Павлодар облысында (2,7%), Оңтүстік Қазақстан облысында (3,1%), Ақмола облысында (2,8%), Батыс Қазақстан облысында (2,0%), Солтүстік Қазақстан облысында (3,2%), Жамбыл облысында (1,9%), Маңғыстау облысында (1,1%) және Астана қаласында (3,5%) және Алматы қаласында (4,0%) (1-кесте, 5-кесте).

^ Салалық бөліністе 2012 жылғы қаңтар-мамыр ШОК субъектілері шығарған өнімдердің жалпы көлеміндегі үлесін бөлу келесі нұсқада көрсетіледі: өнеркәсіпке – 23,1%, көтерме және бөлшек саудаға, автокөліктер мен мотоцикл-дерді жөндеуге – 23,6%, құрылысқа – 17,0%, ауыл, орман және балық шаруашы-лығына – 4,9%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 3,6% және басқа салаларға – 27,8% .

1-таблицада көрсетілген деректер 2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 40%-ға өскенін (2006ж. – 10 214 млрд.теңге, 2011 ж.– 27 334 млрд.теңге.), сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 4 есеге өскенін көрсетті.


1-таблица


 

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж.

Жалпы ішкі өнім, млрд.тг

10 214

12 850

16 053

17 008

21 816

27 334

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млрд.тг

1 930

2 525

4 873

5 367

7 276

8 105


2012 жылғы 1 тоқсанда өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (жедел деректер бойынша) 5 838 280,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (5 162 325,0 млн.теңге) нақты көлемінің өзгеру қарқыны 5,6% ұлғайды.

2-таблица





2012ж.

1 тоқсан

млн.теңге

пайызбен

өткен жылдың тиісті кезеңіне

қорытындыға

нақты көлем индексі

дефлятор

2012ж.

1 тоқсаны

^ Жалпы ішкі өнім

5 976 722,5

105,6

106,7

100,0

^ Тауарлар өндіру

2 358 163,5

102,1

105,2

39,4




Ауыл, орман және балық

шаруашылығы

133 624,0

95,0

113,5

2,2




Өнеркәсіп

1 967 596,5

103,0

104,9

32,9




Кен өндіру өнеркәсібі және

карьерлерді қазу

1 143 503,3

99,6

104,5

19,2




Өңдеу өнеркәсібі

650 928,0

108,8

104,7

10,8




Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

152 777,3

107,5

108,2

2,6




Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және

таратылуын бақылау

20 387,9

92,6

106,9

0,3




Құрылыс

256 943,0

99,3

103,8

4,3




Қызметтер өндіру

3 177 112,8

107,8

109,5

53,2




Көтерме және бөлшек сауда;

автомобильдерді және

мотоциклдерді жөндеу

771 368,3

113,7

101,1

12,9




Көлік және қоймалау

413 005,0

107,0

105,9

6,8




Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

63 853,0

107,6

104,8

1,0




Ақпарат және байланыс

140 205,5

113,9

89,3

2,4




Қаржы және сақтандыру қызметі

149 167,2

101,4

108,6

2,6




Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

551 021,9

101,8

118,5

9,3




Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

342 016,7

115,4

106,2

5,8




Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

125 496,9

107,4

100,4

2,1




Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

138 276,2

101,6

137,6

2,3




Білім беру

251 556,6

104,0

125,3

4,2




Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

143 333,2

105,1

125,7

2,4




Өнер, ойын-сауық және демалыс

38 027,3

107,8

116,6

0,6




Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

45 679,1

113,3

104,2

0,7




Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

4 105,9

64,3

128,7

0,1




^ Жалпы қосылған құн*

5 535 276,3

105,3

107,6

92,6




Азық-түлікке және импортқа

салынатын салықтар

441 446,2

109,7

95,9

7,4





Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 39,9% және 55,0% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп – 33,5% құрайды.

2012 жылғы қаңтар-мамырдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады. Өндірістің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына сәйкес...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама icon2012 жылға арналған 1-ші жарты жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті жүргізетін тауарлар биржалары саласындағы тексеру жоспары
Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconАудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconҚазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілді «02» мамырдағы 2012 жыл № №26—нқ
Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconҚазақстан республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі б ұ й р ы қ
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылғы № Астана қаласы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14–бабын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама iconҚазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Экономикалық даму және министрлігі сауда министрлігі
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы