Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



НазваниеБатыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
страница1/6
Дата конвертации20.04.2013
Размер1.66 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6


Батыс Қазақстан облысы құрылыс

басқармасының 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарына

өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №5-2 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №351 қаулысымен (облыс әкімдігінің 2011 жылғы 26 мамырдағы №88, 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №253, 2012 жылғы 24 шілдедегі №149 қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса) бекітілген Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.

2. Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, енгізілген өзгерістерді тиісті мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкеновке жүктелсін.


^ Облыс әкімі Н.Ноғаев


2012 жылғы «__»_________№___

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына

ҚОСЫМША


2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 351

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


^ Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына

енгізілген өзгерістер


2. «Ағымдағы жағдайларды және құрылыс саласын дамыту тенденцияларын талдау» деген бөлімі жаңа редакцияда мазмұндалсын:


«2.1. Стратегиялық бағыт. Тұрғын үй құрылысы

2030 жылға дейінгі елдің Даму стратегиясының басым бағыттарының бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады. Облыста тұрғын үй саясатының басты сандық және сапалық мақсаттарын анықтау және жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметімен тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша төмендегідей құжаттар қатары жасақталып, қабылданған болатын:

- 2005-2007 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы;

- 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасында 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы;

Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша:

2005-2007 жылдары облыста 599,3 мың шаршы метр жоспарланған болса, нақты 615,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді;

2008-2010 жылдары қарастырылған 641,8 мың шаршы метрдің орнына нақты жалпы ауданы 615,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Осы бағдарламалардың нәтижелерін айтатын болсақ, қарастырылған мақсаттары жалпы орындалды деп айтуға болады. Сонымен, облыста алғашқы екі бағдарлама жұмыс жасаған жылдары 1230,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, бұл 13290 –дан көп отбасыларды тұрғын үйлермен қамтуға мүмкіндік берді. Осы мақсаттарға қаржыландырудың барлық көздерінен 15,6 млрд.теңге жұмсалды.

Тұрғын үйлерді енгізу көлемін әрі қарай сақтау, тұрғын үй құрылысын қаржыландырудағы жаңа механизмдерін қолдануды кеңейту және тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 31 наурызындағы №329 қаулысымен халықтың тұрғын үйлерге қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қарастырылған 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қабылданды.

Сонымен, ЖАО-дарда есепте тұрған тұрғындардың тұрғылықты жағдайларын жақсартуға республикалық бюджет қаражаттары есебінен облыста жыл сайын мемлекеттік жалдамалы пәтерлерді (үйлер) жобалау мен салу қарастырылды.


№1 диаграмма



Салынып жатқан тұрғын үйлерді уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет қаражаттары есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту қарастырылған, соның ішінде жылу, су, газ және электрмен жабдықтау, инженерлік имараттар және жолдар, кварталішілік инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс саласындағы бағдарламаларға түгендеу және талдау жүргізіліп, олардың негізінде жалдау арқылы сатып алу механизмдерін және жалдамалы тұрғын үйді жыл сайынғы іске қосуды 1 млн.шаршы метрге дейін жеткізуді қарастыратын бірыңғай «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын, сонымен қатар, құрылыс индустриясын дамыту бойынша шаралар кешенін жасақтап, бекіту тапсырылған болатын.

Облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша 2010 жыл ішінде тұрғын үй құрылысына 8,0 млрд.теңге бағытталған және жалпы ауданы 207,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл алдыңғы жылға қарағанда 9,7 пайызға көп.

Тұрғындар қаражаттары есебінен 149,5 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынды. Жалпы тұрғын үйлер құрылыстарының көлеміндегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 72,1 пайызды құрады. Жеке меншік мекемелер және ұйымдармен 2010 жыл ішінде жалпы ауданы 4,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылды. Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлер үлесі 2,1 пайызды құрады.

2010 жылы республикалық бюджет және несиелік қаражаттар есебінен «100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде салынып жатқан нысандармен қоса білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер құрылысы жүргізілді.

2010 жылы жалпы ауданы 12,2 мың шаршы метр арендалық (жалдамалы) коммуналдық тұрғын үй (161 пәтер) пайдалануға берілді. Салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданындағы үлесі – 5,9 пайыз. Сонымен қатар, 2010 жылы 13 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй (143 пәтер) қолданысқа берілді. Салынған несиелік тұрғын үйлердің жалпы ауданындағы үлесі – 6,2 пайыз.

2010 жылы облыста жергілікті бюджет қаражаты есебінен 23,6 мың шаршы метр (11,4 пайыз) және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қаражаттары есебінен 4,8 мың шаршы метр (2,3 пайыз) тұрғын үй іске қосылды.

Тұрғын үйлер құрылысы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға бағытталған 1425 млн.теңге көлеміндегі нысаналы трансферттер есебінен 2010 жылы 80,1 шақырым инженерлік желілер салынды.


2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы

^ Деректеме: «БҚО құрылыс басқармасы» ММ

мың шаршы метр
№2 диаграмма





Бүгінгі күні облыста 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

2011-2014 жылдарға арналған бағдарламада тұрғын үй құрылысының басым бағыттары мен қағидаттары бекітілген: тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдану арқылы тұрғын үйді салу және іске асыру, жалдамалы тұрғын үй құрылысын жалғастыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жеке инвестицияларды тұрғын үй құрылысына тартуды ынталандыру.

2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру 2011 жылы жылдық жоспардың 134 пайызын немесе 236,4 мың шаршы метрді іске қосуды қамтамасыз етуге және тұрғын үйлер құрылысының көлемін дағдарысқа дейінгі деңгейде сақтауға мүмкіндік берді.

2011 жылы облысқа республикалық бюджеттен несиелік тұрғын үйлер құрылысына 2320 млн.теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша Астана шағын ауданындағы 90 пәтерлік тұрғын үйдің іске қосылуы қамтамасыз етілді және 2012-2013 жылдары іске қосылуы жоспарланған 8 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Жыл қорытындысы бойынша 880 млн.теңге республикалық бюджет трансферттерін толық игеру есебінен Орал, Ақсай қалаларында және облыстың 11 ауданында 8,3 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйдің (142 пәтер) іске қосылуы және Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 4,2 мың шаршы метр мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерінің (60 пәтер) іске қосылуы қамтамасыз етілді.

2011 жылы 2011-2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде тұрғын үйлер құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға және дамытуға республикалық бюджеттен 1125 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді.

2011 жылы облыс бойынша 71,4 шақырым инженерлік желілер салынды, соның ішінде 31,6 шақырым электрмен жабдықтау, 1,3 шақырым жылумен жабдықтау, 26,8 шақырым сумен жабдықтау желілері, 2,2 шақырым кәріз желілері, 7,1 шақырым газ құбырлары және 2,4 шақырым жүру жолдары салынды.

2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылы 2443-тен астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Бірақ, қабылданып жатқан шараларға қарамастан бүгінгі күні 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаның тиімді жүзеге асуына, әлеуметтік бағытына ықпал ететін шешілмеген бірқатар мәселелер орын алып отыр:

  • жергілікті атқарушы органдарда есепте кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысының жеткіліксіз қаржыландырылуы;

  • тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесінің мүмкіндіктерін жеткіліксіз қолдану;

  • тұрғын үй құрылысының сапасын қадағалаудың төмендігі;

  • құрылыс индустриясының тиімді нарығының қалыптастырылмауы.

Көрсетілген мәселелерді шешу үшін тұрғын үй құрылысы саласында жаңа бағдарламаны жасақтау қажет етіледі.

2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаның басты индикаторларына қол жеткізу мақсатында оның көрсеткіштері мен қажетті бөлімдерін Жаңа бағдарламада тиімді біріктіру қажет.

Бұл Бағдарлама «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы болады. Тұрғын үй құрылысын дамытудағы мәселелерді кешенді шешу тұрғындардың, соның ішінде, жекелеген жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін жақсартуға және шешуге мүмкіндік береді.


^ 2.2 Стратегиялық бағыт. Облыстың елді мекендерін сумен қамтамасыз ету.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы №93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды.

2010 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9 мың тұрғыны бар 11 елді мекенде сумен қамтамасыз ету объектілерін салу және қайта құру жұмыстары жүргізілді. 77 шақырым ауылдық желілер қолданысқа берілді. Соның ішінде, республикалық бюджет есебінен 6 сумен қамту нысанының құрылысы қарастырылған (Бөрлі ауданының Приуральное ауылы, Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылы, Жәнібек ауданының Жақсыбай және Тау ауылдары, Тасқала ауданының Тасқала және Оян ауылдары). Соның бесеуі 2011 жылға ауысқан нысандар. Жәнібек ауданының Тау ауылындағы сумен қамту нысаны қолданысқа берілді. Барлығы 571,9 млн.теңге қаражат игерілді, 11,4 шақырым ауылдық желілер қолданысқа берілді.

Жергілікті бюджет есебінен 5 елді мекенде (Жаңақала ауданының Көпжасар ауылы, Казталов ауданының Жалпақтал ауылы, Сырым ауданының Коминтерн және Қособа ауылдары, Тасқала ауданының Мереке ауылы) сумен қамту объектілері салынып, қайта құрылды және 9 сумен қамту объектісіне жобалау-сметалық құжаттама жасақталды, 343,7 млн.теңге игерілді. Барлық объектілер салынып, 65,6 шақырым су құбыры қолданысқа берілді.

2002-2010 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде облыс бойынша барлығы 799 шақырым су құбыры салынып, қайта құру жұмыстары жүргізілді. Өткізілген іс-шаралар 209 мың тұрғыны бар 133 елді мекенді сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік берді. 2002-2010 жылдар аралығында 7623 млн.теңге бюджеттік қаражат, соның ішінде: республикалық бюджеттен – 4035 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 3588 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаның жүзеге асуының айтарлықтай жағымды нәтижелеріне қарамастан, ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету проблемасы осы уақытқа дейін сақталып отыр.

2011 жылдың 1 қаңтарына ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 28% құрады.

Бұдан басқа, 450 ауылдық елді мекеннің (бұдан әрі – АЕМ) 309 ауылдық елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілмегендер (проблемалық) қатарына жатқызылды, бұл облыстың барлық ауыл тұрғындарының 33% құрады.

Екінші стратегиялық бағыттың нысаналы индикаторы: 2011 жылы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған таза сумен қамту 31, жоспар бойынша да 31 пайызды құрады.

Тікелей нәтиженің көрсеткіштері: сумен қамту жүйесі нысандары құрылысының көлемі республикалық және жергілікті бюджет трансферттері есебінен жоспарланғаны 196 шақырым болса, 147,8 шақырым немесе 75% құрайды.

Екінші стратегиялық бағыт бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу үшін республикалық бюджеттен 1 935 747 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілді (100%). Сумен қамту жүйесі объектілерін қайта қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен бөлінген 364 252 мың теңгенің облыстық бюджетте қаражаттың болмауына байланысты 189 635 мың теңгесі немесе 52% игерілді.

2011 жылы 2011-2020 жылдары тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Осы бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1 935,7 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 364,3 млн.теңге бөлінді.

2011 жылы 147,8 шақырым су құбыры желісі пайдалануға берілді, соның ішінде ұзындығы 99 шақырым жаңа су құбыры желісі салынды, ұзындығы 48,8 шақырым су құбыры желісі қайта құрылды. 15 862 тұрғыны бар 8 ауылдық елді мекен сумен жабдықталды. 141 ауылдық елді мекен сумен жабдықталды немесе 31%.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету 224,3 адамды немесе 70% құрады.

Облыстық бюджетте қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты ауылдық елді мекендерде коммуналдық меншіктегі 52,8 шақырым су құбырының локальдық жүйесін және су құбыры имараттарын, 3 сумен қамту объектілерін қайта жасақтау аяқталмай қалды. Аталған объектілер 2012 жылы жергілікті бюджеттен қайта қаржыландырылып, ағымдағы жылдың 2 тоқсанында іске қосу жоспарланды.

Сонымен қатар 2011 жылы 11 сумен жабдықтау объектісіне жобалау-сметалық құжаттамалар жасақтау орындалды.

№1 кесте

Ауыз сумен қамтамасыз етілмеген елді мекендер санаттары

№ р/с

Елді мекендер санаты

Елді мекендер саны

Үлес салмағы, %

1

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету

141

31

2

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету










соның ішінде:










жер үсті көздері

289

65




жер асты көздері

10

2

3

тасымалданатын суды қолданатындар

10

2

4

тұрғындары жоқ










Барлығы:

450

100


2012 жылы 13 643 тұрғыны бар ауылдық мекендерде жалпы құны 1 834 851 мың теңгеге 12 сумен жабдықтау объектісін салу және қайта құру жоспарланған, оның ішінде РБ – 1 431 267 мың теңге, ЖБ – 431 334 мың теңге (қайта қаржыландыру). Солардың ішінде 9 объект аяқталады, 3 объект 2013 жылға ауысады.

Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 3 объектісінің құрылысына 344 556 мың теңге және 20 ЖСҚ жасақтау үшін 27 750 мың теңге (ЖСҚ жалпы құнының 30%) бөлінді.

2013 жылы 24 955 тұрғыны бар ауылдық мекендерде 10 сумен жабдықтау объектісін салу және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр, объектілердің сметалық құны 1 673,4 млн.теңге.

2014 жылы 21 539 тұрғыны бар ауылдық мекендерде (2390 ауласы бар) 15 сумен жабдықтау объектісін салу және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр, объектілердің сметалық құны 2 621,9 млн.теңге.


^ 2.3 Стратегиялық бағыт. Әлеуметтік нысандар құрылысы.

2010 жылы «100 аурухана құрылысы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен облыста 5 денсаулық сақтау нысаны: Орал қаласындағы ауысымына 500 адамды қабылдауға арналған қалалық аурухана құрылысы, Теректі ауданының Ақжайық ауылындағы 100 орынды орталық аудандық аурухана құрылысы, Орал қаласындағы 200 орынды көп салалы балалар аурухана құрылысы, Переметное ауылындағы 120 орынды орталық аудандық аурухана құрылысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы ауысымына 250 адамды қабылдауға арналған аудандық емхана құрылысы нысандарын іске қосу қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 2010 жылы республикалық қаражаты есебінен Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылындағы 100 орынды мектеп жанындағы интернаты бар 300 орынды мектеп құрылысы, Казталов ауданының Казталов ауылындағы 280 орынды балабақша құрылысы нысандары іске қосылды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Шыңғырлау ауданының Новопетровка ауылындағы мектеп, Теректі ауданы Жайық ауылындағы 96 оқушыға арналған мектептің оқу блогының іске қосылуы қамтамасыз етілді, Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы ғимаратты балабақша ретінде қайта жөндеу, Желаев ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Зеленов ауданы Январцев балалар үйіне арналған монша құрылысы жүзеге асырылды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезек күттірмейтін шығындарға арналған резерві есебінен 2 нысанның іске қосылуы қамтамасыз етілді: «Жас Дәурен» балалар кешенінің қосалқы шаруашылығындағы 65 орынды жатын корпусының құрылысы, «Евразия» ТСК асханасының құрылысы, денсаулық сақтау саласының 7 нысаны: «Жас Дәурен» санаторийдің монша-кір жуу кешені, «Ивушка» санаторийінің 80 орынды шағын мектеп, Маштаков ауылындағы медициналық пункт, «Орал» ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасының кәріз желілері мен монша-кір жуу кешені, Зеленов ауданындағы дәрігерлік амбулатория және медпункт қолданысқа берілді, 3 білім беру саласының нысаны: Зеленов ауданы Асан ауылындағы 230 орынды орта мектеп, Орал қаласы Самал шағын ауданындағы 360 орынды балабақша және 5 шағын ауданындағы 290 орынды №1 және №2 балабақшалар қолданысқа берілді. Сонымен қатар, 2011 жылы 110/35 кВ «Зачаганск» қосалқы стансасының құрылысы аяқталды.

2012-2014 жылдары білім беру желісі бойынша республикалық бюджет қаражаттары есебінен 2012 жылы іске қосылатын 5 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған: Бөрлі ауданы Қызыл-Тал ауылындағы 320 орынды балабақша, Жәнібек ауданы Қамысты ауылындағы 300 орынды мектеп (2013 жылға ауысатын нысан), Орал қаласы 5 шағын ауданында 1200 орынды мектеп, Теректі ауданы Подстепное және Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы 290 орынды балабақшаны іске қосу жоспарланып отыр.

2013 жылы Орал қаласы Зашаған ауылында 1200 орынды мектеп және Орал қаласы Жаңаорда шағын ауданында 600 орынды орта мектеп, Орал қаласы Зашаған ауылында 360 орынды балабақша, Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы бір ауысымда 500 адам қабылдайтын аудандық емхана, Орал қаласы Зашаған ауылындағы бір ауысымда 250 адам қабылдайтын қалалық емхана, Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы жоспарланып отыр. 2012 жылы құрылысы басталған Жәнібек ауданы Қамысты ауылындағы 300 орынды мектеп 2013 жылы іске қосылады. Сонымен қатар, 2012-2014 жылдары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады.

Бүгінгі күні облыста құрылыс материалдарының жеткіліксіз өндірілуі басты проблема болып отыр. Құрылыс материалдарының негізгі түрлері Қазақстанның көрші облыстарынан, сонымен қатар, Ресей мен Қытай елдерінен жеткізіледі.

Болашақта құрылыстың өзіндік құны көршілес аймақтардан жеткізілетін құрылыс материалдарының құнына тікелей байланысты болу қаупі бар.

Құрылыс саласының кешенді дамуының жеделдетілуі, мекемелердің техникалық және технологиялық артта қалуын болдырмау мәселелері мынадай жолдармен шешілуі мүмкін:

  • қысқа мерзімді несиелеу мен бәсекеге қабілетті өнім шығаруға айналымдағы қаржыны толықтыру үшін кәсіпорынды жеңілдікті ұзақ мерзімді кредиттеу жүйесін дамыту;

  • құрылыста жаңа технологияларды қолдану;

  • құрылыс материалдарын (металл, цемент және т.б.) арзандату.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен VIII жыл сайынғы құрылыс форумында құрылыс қызметінің басты басымдықтары атап көрсетілді:

  • жаңашыл, қауіпсіз және сенімді құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

- тек жоғары эстетикалық талаптарға жауап беріп қана қоймай, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсартатын жобаларды әзірлеу».

  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconӨзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №28-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconБатыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Батыс...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconШтат бірліктерін бөлу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconБілім саласындағы мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» 2008 жылғы 04 мамырдағы №573 қаулыға өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №10-2 шешімге өзгерістер енгізу туралы
Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына және 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет кодексінің» 62- бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі...
Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы кезекті ХІІ сессиясының №96 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 – бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы