«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» icon

«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу»



Название«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу»
Дата конвертации11.02.2013
Размер144.73 Kb.
ТипДокументы
источник

АННОТАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП

Тақырыбы: «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу»


Осы ғылыми-зерттеу жұмысы жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы жеңілдетілген монолит керамзитбетонның энергия сақтағыш технологиясын әзірлеуге бағытталған.

Жылу сақтау және ұзақ мерзімділік бойынша жоғарғы талаптарға жауап беретін тұрғын үйлер салу аумағында климаты суық және жоғары сейсмикалық қаупі бар аймақтардың болуына байланысты Қазақстан үшін айтарлықтай проблема болып отыр. Материал қажеттілігін, құрылыстың құнын төмендетуді және ғимараттарды пайдалану кезінде қажетті жылуының сақталуын қамтамасыз ететін жоғары бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті жаңа технологияларды ендіру қажеттілігі туындады.

Қоршау құрастырмаларының құнын, соған сәйкес құрылыс құнын түбегейлі төмендету қабырғалардың бірқабатты құрылысына қайта оралу және 10-12 жылдың ішінде істен шығатын қымбат және жанғыш, экологиялық қауіпті полимер жылуоқшаулағыш материалдардан бас тарту болып табылады. Бір қабатты керамзитбетон панельдерден тұрғызылған қабырғалар санитарлық-гигиеналық талаптарға, жайлылық шарттарына, жылу сақтау талаптарына жауап береді әрі еңбекті едәуір қажет ететіндігімен сипатталатын көпқабатты қоршау құрастырмаларымен және кірпіш қабырғаларымен салыстырғанда оларды бәсекелестікке қабілетті етеді.

Жылу сақтау және энергия үнемдеу бойынша жаңа нормаларды енгізу технологтардың алдына күрделі міндет қойды, өйткені бұрын шығарылған, құрастырмалық шешімінің қарапайымдылығымен және технологиялығымен, өндірісінің еңбекті аз қажет етуімен, металды аз шығындауымен ерекшеленген бірқабатты қабырға панельдері ҚНжЕ 2.04-03 жылу сақтау талаптарына жауап бермейді.

Құрылыста кеңінен қолданылатын басқа жылуоқшаулағыш материалдармен (көбікбетон, газбетон) салыстырғанда керамзитбетонның мынадай бірқатар артықшылықтары бар – керамзитбетон жанбайды, өрт кезінде және ұзақ уақыт пайдалану кезеңінде улы газдар бөлмейді; санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап береді, тұрғын жайлардың жайлы микорклиматын қамтамасыз етеді; сыртқы қабырғалардың жылутехникалық біркелкілігін арттыру есебінен ғимараттардың жылушығарғыштығын төмендетеді; жеңіл бетонның отқа жоғары төзімділігі есебінен ғимараттардың өрт қауіпсіздігін арттырады; құрастырмалық жүйенің массасын кемітумен қамтамасыз етілетін, ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін арттырады;

Монолит үйқұрылысының дамуын бетон технологиясының шешілмеген айырықша бірқатар мәселелері тежеп отыр. Бетон қоспасының биіктігі бойынша қабатсызданып бөлшектенуі және бетон біркелкілігінің бұзылуы, бетон қоспасының жеткілікті түрде тығыздалмауынан кеуектердің пайда болуы, тұздардың шығуы құрастырмалардың қажетті физикалық-механикалық қасиеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағымсыз құбылыстар бытыраңқы ұсақ минерал толтырғыштарды, атап айтқанда күл-тозаңды қолдану есебінен өтеледі. Күл-тозаңды қолдану қоршау құрастырмаларының жылу-физикалық қасиеттерін жақсартуға, құрылыстардың массасын төмендетуге мүмкіндік береді. Күл-тозаңды монолит құрылыста қолданудың басқа да тиімді жақтары бар: қажет болған жағдайда күл-тозаңның шығынын өзгерте отырып, құрастырмалардың қалыңдығын объектінің мақсаттылығына және құрылыстың географиялық орнына сәйкес оңай өзгертуге болады, ал сыртқа қабырғалардың қалыңдығын кеміту ғимараттардың пайдалы алаңын үлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен, цемент шығынын азайту, бетонның беріктік және жылу-физикалық қасиеттерін жақсарту, оның шикізат базасын кеңейту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, қалдықтарды пайдаға асыру проблемасын шешуге үлес қосумен күл-тозаңды монолит құрылыста қолданудың экономикалық тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған бәсекеге қабілетті қабырға материалдарын дайындаудың және күл-тозаңды пайдалану саласын кеңейтудің ескерсек, монолиттік құрылысқа арналған тиімділігі жоғары жылуоқшаулағыш композициялық материалдарды әзірлеудің болашағы зор екендігін көреміз. Қасиеттері жақсартылған тиімділігі жоғары монолит бетон дайындауға жаңа тұрғыдан қарау дәстүрлі технологиямен алуға болмайтын сапасы және жылутехникалық қасиеттері жоғары жаңа дәуір материалдарын негіздеуге және алуға мүмкіндік береді.

Монолит құрылыста күл-тозаңды пайдаланудың мол мүмкіндігі және техникалық-экономикалық оңтайлығы бұл бағытты ғылымда, жобалауда және өнеркәсіптік қолдануда анағұрлым егжей-тегжейлі және терең зерделеуді қажет етеді.

Жұмыста ГОСТ 25818 талаптарына сәйкес Ақсу ГРЭСі мен и Алматы ЖЭО құрғақ күлдері пайдаланылды.

Зерттеулерде қабылданған күлдердің химиялық құрамы негізінен кремний мен алюминий оксидтері. Ақсу ГРЭСің күліндегі кремний оксидінің құрамы~ 60 %, ал Алматы ЖЭО - ~ 52 %. Алматы ЖЭО –ың күліндегі кальций оксидінің құрамы 7 және одан артық пайызға жетеді, ал Ақсу ГРЭСің күлінде - 1,5 % аспайды. Күлдерде негізгілік модулі (М0) бірліктен төмен және қышқылдыларға жатады. Үйіп салғандағы тығыздығы 650-760 кг/м3, тығыздығы 1,8-2,2 г/см3, меншікті беті 350-550 м2/кг.

Ақсу күлі алматынікімен салыстырғанда жоғары белсенділігімен сипатталады, өйткені құрамында шыныфаза көп (48-55 %) және бытыраңқылығы жоғары.

Байланыстырғыш материалдардың технологиясында механикалық белсендіруді қолдану ерекше қасиеттері бар цементтер алуға мүмкіндік береді және ЖЭС қышқыл күл-тозаңдары сияқты пайдасыз өнеркәсіп қалдықтарын пайдаланып сапалы байланыстырғыштар алу болашағын ашады.

Аралас цементкүл байланыстырғыштарды құрылысы түрлі қондырғыларда – шартәріздес, ағысты, құйынды, роторлы-соққылы агрегаттарда жеткізе тарту жолымен белсендіру портландцемент деңгейіндегі немесе сапасы бойынша одан асып түсетін цементкүл байланыстырғыштар алуға мүмкіндік береді. Цемент пен күлді суперпластификатор қоса отырып ұсақтау кезінде жүретін механикалық-химиялық белсендіру аралас байланыстырғыштың клинкерлік бөлігін ғана емес, күл-тозаңды да байланыстырғыштың бытыраңқылығын 550 м2/кг дейін арттыру есебінен, сондай-ақ күл бетінің аморфизациясы және активациясы есебінен де белсендіруге мүмкіндік береді [50-52].

Тартылым ұсақтығының цементкүл байланыстырғыштың физикалық-механикалық қасиеттеріне әсерін зерделеу үшін бастапқы копоненттерді меншікті беті 450 и 550 м2/кг жеткенше жедел араластырғышта жеткізе тарту жүргізілді. Байланыстырғыштың құрмындағы цементтің мөлшері 80, 70 және 50 % болып қабылданды, қалғаны – күл және пластификациялайтын С-3 қоспалары және қатаюды тездеткіш.

Жасалған тәжірибелерде құрамына күлдің әр түрін қоса отырып, цементтің қалыпты қоюлығы анықталды. Пайдаланылған күл қолданыстығы цементке қарағанда төмен меншікті бетті болды және суды біршама аз сіңірді. Нәтижесінде құрамында күл 10-20 % аралас цементтердің қалыпты қоюлығы, пластификациялайтын қоспасыз цементкүл байланыстырғыштарға қарағанда шамалы төмен болды.

Құрамында 20 % ға дейін күл болғанда, 1,0 % ға дейін суперпластификатор енгізу цемент қамырының қалыпты қоюлығын 7 % ға дейін төмендтеді, С-3 мөлшерін 2,0 %ға арттыру, құрамында суперпластификатор жоқ байланыстырғышпен салыстырғанда қалыпты қоюлықты 14 %ға дейін төмендетеді.

Аралас цементте күлдің мөлшерін одан әрі арттыру суперпластификаторды қосса да, қоспаса да цемент қамырының қалыпты қоюлығын біртіндеп арттыруға алып келеді. Бірдейжылжымалы қоспалар алу үшін суперпластификатордың мөлшерін арттыру қажет болады.

Сонымен бірге, суперпластификаторды енгізу бірдейжылжымалы қоспалар алу кезінде суцемент қатынасын азайтуға, сөйтіп байланыстырғыш пен бетонның беріктігін арттыруға мүмкіндік береді. Күлдің мөлшері 20-30 % кезінде 1,5 % мөлшерде суперпластификатор енгізу цементкүл байланыстырғыштың беріктігін 20 % -ға дейін арттырады, Суперпластификатор мөлшерін 2 % ға дейін арттыру цементкүл байланыстырғыштың беріктігін С-3 қосылмаған байланыстырғышпен салыстырғанда 30 % дейін арттырады.

Цементкүл байланыстырғыш байланысып ұстасу мерзімдерінің баяулығымен сипатталады. Күл құрамын ~ 50 %-ға дейін арттырғанда байланысып ұстасудың аяқталуы 30 %-дан артыққа тежеледі.

Меншікті беті 450 м2/кг, құрамындағы цементтің мөлшері 50-80 %, суперпластификатордың мөлшері 1,0 ден 1,5 % ға дейін 28 тәулік қалыпты қатаюдан кейін байланыстырғыштың беріктігі 40-54,4 МПа, және суперпластификатордың мөлшері 2,0 % болғанда - 48,8-58,6,0 МПа құрайды. Меншікті бетінің 550 м2/кг дейін артуымен цементкүл байланыстырғыштың белсенділігі артады. Қалыпты қатаюдың 28 тәуліктік мерзіміне құрамындағы цементтің мөлшері 70-80 %, С-3 суперпластификаторының мөлшері 1,0-1,5 % болғанда байланыстырғыштың қысқан кездегі беріктігі 50-58,6 МПа-ға және С-3 мөлшері 2,0 % болғанда 63-68 МПа-ға жетеді. Цементтің мөлшері 50 %, С-3 – 2,0 % болғанда бетонның беріктігі 52,4 МПа-ға жетеді.

2% Na2SO4 қоспасын енгізу құрамындағы цементтің мөлшері 70-80 % , 7 тәуліктік мерзімде қалыпты қатайған цементкүл байланыстырғыштың қысқан кездегі беріктігін қатаюды тездеткіштің қоспасыз эталондық үлгілерінің беріктігімен салыстырғанда 28% ға арттырады. Қатаю ұзақтығының артуымен цементкүл байланыстырғыш беріктігінің өсу жылдамдығы 28 тәуліктік мерзімде де артады, беріктіктің артуы 20 % дан асады. Ca(NO3)2 қоспасы цементкүл байланыстырғыш беріктігінің артуына осындай әсер көрсетеді – екі қоспа тұсында байланыстырғыш беріктігінің алынған көрсеткіштері бір-біріне аса жақын.

Күл-тозаңның мөлшері 20-30 % кездегі механикалық-химиялық белсендіру физикалық-механикалық қасиеттері жоғары ұсақ тартылған байланыстырғыш алуға мүмкіндік береді: цемент қамырының қалыпты қоюлығы 20-21 %, 28 тәулік қалыпты қатаюдан кейін қысқан кездегі беріктік шегі 63-68 МПа. Қатаюды тездеткіш қоспаларды енгізу қатаюдың ерте мерзімдерінде беріктенуді жылдамдатуға және сутұтынушылығы төмен М60-М80 маркалы беріктігі жоғары байланыстырғыш алуға мүмкіндік береді.

Цемент шығынын азайту және құрылыс сапасын арттыру мақсатымен монолит үй құрылысына қажетті керамзитбетон өндірісінде Ақсу ГРЭСі мен Алматы ЖЭС құрғақ күлдерін пайдалану мүмкіндігі зерттелді.

Жылжымалығы жоғары керамзитбетондардың негізгі қасиеттері (сутұтынушылық, қабатсызданушылық), керамзиткүлбетонның орташа тығыздығы мен беріктігі, суперпластификатордың, қатаюды тездеткіштердің және қоршаған орта температурасының керамзиткүлбетон беріктігінің артуына әсері табиғи құмдағы 1м3 керамзитбетонға (байланыстырғыштың құрамындағы күл 18-28 %) цемент шығыны 460-520 кг және күл шығыны 120-160 кг болғанда зерделенді. Сонымен бірге, керамзиткүлбетонның орташа тығыздығына, беріктігіне және жылуөткізгіштігіне құм түрінің (табиғи, керамзит, вермикулит) әсері зерттелді.

Бетон қоспасының жылжымалығы стандарттық конустағы отыруы бойынша 13-15 см деп қабылданды. Бетондар монолит құрылысқа арналған, бұл олардың қалыпты –ылғалдылық жағдайларында, яғни булаусыз қатаюын алдын ала айқындайды.

Ақсу ГРЭС-сі мен Алматы ЖЭС-ның күл-тозаң қоспасы жылжымалығы жоғары керамзитбетон қоспасының технологиялық қасиеттерін жақсартатынын көрсетті. Құрамындағы күл мөлшері 120-160 кг на 1 м3 керамзитбетон қоспасы күлсіз бетон қоспасымен салыстырғанда төмен сутұтынушылығымен сипатталады, бөлшектеніп қабатсызданбайды, монолит құрастырмаларында бетонның жоғары біркелкілігін қамтамасыз етеді. Күл және С-3 қосылмаған бетон қоспасының қабатсызданып бөлшектенуі 8-15 % шегінде болады, бұл ретте цемент мөлшерін 520 дан 460 кг дейін төмендету қабатсызданып бөлшектенуді 2 есеге дерлік арттырады. «Бетон қоспалары. Техникалық шарттар» ГОСТ 7473 сәйкес жеңіл бетон қоспасының қабатсызданып бөлшектенуі 10 % дан аспауы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды, қоспалар қосылмаған керамзитбетон қоспасы қабатсызданып бөлшектенуіне байланысты стандарттың талаптарына жауап бере алмайды.

Осымен бір мезгілде пластификациялаушы күлдің және органикалық пластификатордың есебінен керамзитбетон қоспасының сутұтынушылығы төмендейтіні байқалды. Керамзитбетонның сутұтынушылығы құрамындағы күлдің мөлшері 120-160 кг/м3, байланыстырғыш массасының 1,0 % мөлшерінде суперпластификатор болғанда 8 ден 17 %ға дейін, С-3 мөлшері 2-3 % болғанда 10-20 % -ға төмендейді. Цемент шығынының төмендеуі судың азаю нәтижесін біршама төмендетеді, алайда ол соншалық төмендемей, жоғары күйінде қала береді.

Күл мен суперпластификатордың керамзитбетонның орташа тығыздығына және беріктігіне әсерін қарастырғанда көретініміз, күл шығынын 160 кг/м3 дейін арттыру керамзитбетонның орташа тығыздығын төмендетуге және қысу кезіндегі беріктігін арттыруға алып келеді. Күл шығыны 120-160 кг/м3 болғанда бетонның орташа тығыздығы: цемент шығыны 520 кг кезінде 10 % -ға, 460 кг болғанда 13 % дейін төмендейді. Цемент пен күл шығыны осы интервалдарда болғанда бетонның беріктігі 25-40 % артады.

Зерттеулер көрсеткеніндей, монолит керамзитбетон беріктігінің арту жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына байланысты болады. Күл шығынының өсуімен және қоршаған орта температурасының төмендеуімен қатаюдың ерте мерзімдерінде бетон беріктігінің төмендеуі білінді. +100С температурада күл шығынын 120 дан 160 кг/м3 дейін арттырумен табиғи құмдағы керамзитбетонның беріктігі 14 және 28 тәуліктен кейін 5-10 % ға, ал үш ай мерзімге жақындағанда күл қоспасыз бетонның беріктігіне дейін жетеді.

Қоршаған орта температурасының артуымен күл қосылған керамзитбетон беріктігінің жетілуі анағұрлым ерте мерзімдерде жүреді. Күл шығыны 120 дан 160 кг/м3 дейін болғанда 25-350С температурада үш ай қатудан бетонның беріктігі 10-30 %-ға дейін артады. Монолит бетонның беріктігіне күлдің оң әсер етуі цемент шығыны мейлінше аз болған кезде барынша көрінеді.

Қоршаған орта температурасының артуымен күл қосылған керамзитбетон беріктігінің жетілуі анағұрлым ерте мерзімдерде жүреді. 25-350С температурада үш ай қатудан кейін оған қосылған күл шығыны 120 дан 160 кг/м3 дейін болғанда ақсу күліндегі бетонның беріктігі 10 нан 20 % -ға дейін, алматы күліндегі бетонның беріктігі 30 %-ға дейін артады. Монолит бетонның беріктігіне күлдің оң әсер етуі цемент шығыны мейлінше аз болған кезде (1м3 бетон 460 кг) барынша көрінеді.

Сонымен, жылжымалығы жоғары бетон қоспаларынан дайындалған, құрамында күл бар керамзитбетон ерте мерзімдерде тежеле қатаюымен және уақыт өте келе беріктігінің қарқынды өсуімен сипатталады. Температураның жоғарылауымен және суперпластификатор қосқан кезде керамзиткүлбетонның беріктену жылдамдығы арта түседі.

С-3 суперпластификаторы қосылған цементкүл байланыстырғыштағы бетонның қатаюдың ерте мерзімдерінде қатаю жылдамдығы жеткіліксіз болатыны дәлелденді. Сондықтан қатаюдың ерте мерзімдерінде бетонға қатаюды тездеткіш қоспалар енгізу жолымен қатаю процесін жылдамдату қажеттілігі туындап отыр.

Қабылданған қоспалар цементкүл байланыстырғыштағы бетонның қатаюдың ерте мерзімдерінде қалыпты-ылғалдылық жағдайларында беріктенуді едәуір арттырады. Қатаюды тездеткіш қоспаларды енгізу қатаюдың алғашқы 14 күнінде қысуға беріктік шегінің артуына алып келеді. Бұл мерзімдегі бетонның беріктік шегі 28 тәуліктіктің 70 % на дейін жетеді.

Ұсақ толтырғыштар түрінің керамзиткүлбетонның орташа тығыздығы мен беріктігіне әсерін зерделеу үшін эксперименттерде құмның үш түрі; табиғи, керамзит және вермикулит күлдері пайдаланылды.

Күлсіз, табиғи құмдағы керамзитбетон 1530-1570 кг/м3 жоғары орташа тығыздыққа ие болатыны анықталды. Керамзитбетонның құрамына 160 кг дейін күл енгізу табиғи құм қосылған керамзитбетонның орташа тығыздығын 10-12 % төмендетуге мүмкіндік береді, оның бұл кездегі 28 тәуліктік беріктігі 21-26 МПа.

Керамзит құмды пайдаланғанда керамзитбетонның орташа тығыздығы табиғи құмдағы бетонның тығыздығына қарағанда күрт төмендейді және құм шығыны 160 кг/м3 болғанда 1325 құрайды. Бұл кездегі алынған беріктік -18-22 МПа.

Керамзитбетонның қасиеттеріне вермикулит құмның әсерін қарастыра келе көретініміз, бетонның орташа тығыздық көрсеткіштері барынша төмен болады. Күл шығыны 100-160 кг на 1 м3 бетон кезінде бетонның орташа тығыздығы 1220 кг/м3 шегінде болады, бұл күлсіз табиғи құмдағы керамзитбетонның тығыздығымен салыстырғанда 22 % ға төмен, бұл кезде бетонның беріктігі 15,5 МПа артпайды, бұл ГОСТ 25820 бойынша бетонның В12,5 дәрежесіне сәйкес келеді.

Сонымен, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері табиғи құм косылған кезде керамзитбетон анағұрлым беріктікке және жоғары орташа тығыздыққа ие болатынын көрсетеді. Призмалық беріктігі және серпімділік модулі көрсеткіштірі бойынша керамзиткүлбетон ҚНжЕ 2.03.01 талаптарына жауап береді. Орташа тығыздығы 1400-1450 кг/м3 М200-М250 маркалы керамзиткүлбетонның призмалық беріктігі 20-22 МПа шегінде алынды, призмалық беріктігінің коэффициенті 0,86-0,89, серпімділік модулі 12000-15000 МПа.

Монолит керамзитбетон жоғары жылуфизикалық қасиеттерімен сипатталады. Табиғи құмды қолданғанда, күл шығыны 100-160 кг/м3, бетонның орташа тығыздығы 1430-1430 кг/м3 кезінде керамзитбетонның жылуөткізгіштік коэффициенті 0,36-0,38 Вт (м·К) шегінде болды, бұл ҚНжЕ 23.02 регламенттелгеннен айтарлықтай төмен.


Керамзит құмды қолданғанда, керамзитбетонның тығыздығы күл шығыны 100-160 кг/м3 болғанда - 50-100 кг/м3-ге төмендейді және жылуөткізгіштік коэффициенті 4-6 %ға кемиді. Күл шығынын 180 кг/м3 дейін арттыру керамзитбетонның тығыздығы мен жылуөткізгіштігі артады.

Вермикулит құмды қолдану керамзитбетонның орташа тығыздығын және жылуөткізгіштік коэффициентін күрт төмендетуге мүмкіндік береді. Вермикулит құмның шығыны 1 м3 бетонға 30-50 кг болғанда (табиғи құмның бір бөлігі алмастырылады), алынған керамзиткүлбетонның орташа тығыздығы 1220- 1230 кг/м3, қысу кезіндегі беріктігі 13-15 МПа (дәрежесі В12,5) және жылуөткізгіштік коэффициенті 0,31-0,33 Вт/(м·К).

Қабырғалық қоршау құрастырмалары атмосфералық әсер ету жағдайларында пайдаланылатындықтан, керамзитбетонның ұзақ мерзімділігін айқындайтын су сіңіргіштік, аязға төзімділік, ауыспалы ылғалдану-құрғауға төзімділік, ауаға төзімділік қасиеттерін анықтау қажеттілігі туындайды.

Пайдалану жағдайларындағы ауа-райлық әсерлерге керамзитбетонның төзімділігін арттыру туралы мәселе принципиалды түрде жалпы кеуектілігін, цементтік матрицасын төмендету жолымен шешіледі. Жеңіл бетонның төзімділігін бағалау өлшемі ретінде уақыт өте келе кеуектілікке байланысты сусіңіргіштіктің өзгеруі қабылданды.

15 тәулік бойы суда ұсталған керамзитбетонның сусіңіргіштігі 1 % дан артпайды. 60 тәуліктік мерзімге сусіңіргіштік 1,75-2,5 % дейін жетеді және әрі қарай тоқтайды.

Зерттеліп отырған күлдер шығыны 120-160 кг/м3 болғанда, керамзитбетонның 60 тәулік қатаю кезіндегі жұмсару қоэффициенті 0,97-1,02 шегінде, қатаюдың 90 тәуліктік мерзіміне жұмсару коэффициенті 0,93-0,97 дейін төмендейді, 120 тәулік сақталғанда жұмсару коэффициенті 90 тәуліктікке қарағанда өзгеріссіз қалады.

Аязға төзімділігі 100 цикл ауыспалы тоңазыту және жібітуден кейін қысу жағдайында беріктігін жоғалтуы бойынша бағаланды. Құрамындағы күл-тозаң бар керамзитбетондардың беріктігі 35 цикл ауыспалы тоңазыту және жібітуден кейін төмендеп қана қоймай, біршама артқаны белгілі болды, бұл бетонның одан әрі қатаю гидратациясымен байланысты конструктивті процестің басым болатынын айғақтайды.

Ауыспалы тоңазыту және жібіту циклдарының санын ұлғайтқанда, күл–тозаңның түріне қарай бетондардың әрекеті де әртүрлі болады. 50 циклдан кейін ақсу күлі қосылған бетон беріктігінің 6,5 %, 75 циклда -11,8 % , 100 циклда – 13,5 % ын жоғалтатыны анықталды. Алматы күлі қосылған бетон 50 циклда 9,3% дейін, 75 циклда 12,7% дейін және 100 циклда 14,2 % дейін беріктігін жоғалтады.

Зерттеулер бетонның аязға төзімділігі қолданылатын құмның түріне байланысты болатынын көрсетті. Табиғи құмдағы керамзитбетонның аязға төзімділік бойынша маркасы F100 (беріктікті жоғалтуы 13,5 % аспайды), керамзит құмдағы бетонның маркасы F75 (беріктікті жоғалтуы 14 %), вермикулит құмдағы бетонның аязға төзімділік бойынша маркасы F50 (беріктікті жоғалтуы 14,3 %).

Эксперимент барысында ауыспалы ылғалдану-құрғау кезінде сынақтың 90 тәуліктік мерзіміне беріктіктің өсуі бастапқы 28 тәуліктікке қарағанда 15-20 % -ға дейін жетеді, бұны құрғату кезіндегі жоғары температураның (105°С) әсерімен түсіндіруге болатыны анықталды.

Алынған нәтижелер көрсеткеніндей, әртүрлі температуралық-ылғалдылық жағдайларында 90 тәулік бойы сынау кезінде цементкүл байланыстырғыштағы керамзитбетонның беріктігі арта түседі. Беріктіктің барынша өсуін қамтамасыз ететін неғұрлым қолайлы жағдайлар ауа және ауыспалы ылғалдану-құрғау болып табылады. Мұндай жағдайлар құрғақ және ыстық климатты өңірлерге тән.

Сонымен, Ақсу ГРЭС-і мен Алматы ЖЭС-1 күл-тозаңын және модификациялаушы қоспаларды пайдаланып алынған монолиттік сыртқы қоршау құрастырмаларына арналып әзірленген керамзитбетонның әртүрлі атмосфералық факторлардың әсеріне – ауаға төзімділігі, суға төзімділігі, аязға төзімділігі және ауыспалы ылғалдану-құрғауға төзімділігі бойынша ұзақмерзімділігі өте жоғары.

Орындалған зерттеулердің, сондай-ақ байланыстырғыштарға қойылатын нормативтік талаптарды ескере отырып, техникалық әдебиетті талдау мен қорытындылаудың негізінде ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыш өндірісінің технологиялық регламенті әзірленді.

Модификацияланған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыш (сутұтынушылығы төмен байланыстырғыш) алу үшін цемент алдын-ала С-3 суперпластификаторымен араластырылған күлмен және қатаюды тездеткішпен қосып жеткізе тартылады. Байланыстырғышты 450-550 м2/кг меншікті бетке дейін жеткізе тарту құрылысы әртүрлі жоғары нәтижелі агрегаттарда – дірілдеткіш, роторлық-соққы, құйынды, ағысты және басқа да диірмендерде жүргізіледі.

Технологиялық схема өндірісті автоматтандыру, сигнализациялау, аспирациялауды және шығыс бункерлері мен ағыстарын орнату бойынша ұсынымдарды, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды, ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғышқа қойылатын талаптарды, қауіпсіздікке және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды, бақылау әдістерін, сондай-ақ ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы монолит керамзитбетон өндірісінің технологиясын қарастырады.

Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштағы В12,5-В20 дәрежелі керамзитбетонның жылужинақтағыш қабілеті жоғары, тұрғын жайларда қажетті температуралық-ылғалдылықты қамтамасыз етеді және ҚНжЕ 21-01 бойынша оны өрт қауіптіліктің барлық дәрежесіндегі ғимараттарды тұрғызуда пайдалануға болады.

Ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыш, шашылу тығыздығы 450- 550 кг/м3 фракцияланған керамзит шақпақтас пайдаланылған В10-В15 дәрежелі құрастырмалық-жылуоқшаулағыш керамзитбетонды:

- керамзит немесе вермикулит құмдарын пайдалану есебінен жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған сыртқы қабырға панельдерін;

- әрленген бірқабатты ішкі керамзитбетон қабырға панельдерін;

- әрленген сыртқы керамзитбетон қабырғаларын;

- сыртқы аралас керамзитбетон қабырғаларын;

- көлемді бөлме блоктарын тұрғызуда қолдану ұсынылады.

Көлемді блоктар - қабырғалар мен бөлгіш плиталарды қамтитын бүтінқалыпты кеңістіктік құрастырма және сейсмикалық беріктігі 9 баллға дейін бір және екі қабатты тұрғын үйлер салуға арналған.

Құрылыста керамзиткүлбетонды қолдану қажетті нормативтік және техникалық құжаттама боғанда, қабырға құрастырмаларын қажетті сынақтардан өткізгенде, өндіріс технологиясы мен құрылыс жұмыстары пысықталғанда қолдануға болады.


Жұмыстың жетекшісі,

техника ғылымдарының докторы,

профессор К.А. Нұрбатыров



Похожие:

«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» iconҚазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» iconҚаражал қаласының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2013 жылға арналған бірінші кезекті міндеттер
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 8233,1 млн теңге немесе 2011 жылмен салыстырғанда 162,6%
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» iconШҚО әкімінің сайтына Қр ашм шқО аумақтық басқармасының 2006 жылдың І тоқсанындағы жұмыстары жөніндегі МӘліметтер
К сатып алу тендері барлық аудандарда өткізілді. Ауыл шаруашылық малдарына диогностикалық тексерулер мен профилактикалық шараларды...
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» iconПайғамбарымыздың асыл қасиеттері мен өсиеттері

«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» icon2012 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша Қостанай облысында құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі
А. ж. 10 айдың қорытындылары бойынша тауарлық бетон өндірісінің көлемі 12,8%-ға, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары...
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» iconБекітемін приозерск қаласының әкімі Қ. Камзин 2013ж. Жастар ісі жөніндегі Кеңестің 2013 жылға арналған
Елбасы тапсырмасы бойынша жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру...
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» icon«ББжтдио» кмм-ның 2013 жылғы наурыз айына арналған жұмыс жоспары
Екібастұз қ. кешенді мониторингісі үшін 4,9,11 сыныптарына бақылау жұмыстарын әзірлеу
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» icon«ББжтдио» кмм-ның 2013 жылғы мамыр айына арналған жұмыс жоспары
Железин ауданында кешенді мониторинг үшін 4,9,11 сыныптарына бақылау жұмыстарын әзірлеу
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» icon«ББжтдио» кмм-ның 2013 жылғы сәуір айына арналған жұмыс жоспары
Железин ауданында кешенді мониторинг үшін 4,9,11 сыныптарына бақылау жұмыстарын әзірлеу
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштан монолит бетон әзірлеу» icon2010 жылға арналған операциялық жоспары 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
Республикасының тіл туралы заңнамаларының орындалуын тексеру бойынша кесте әзірлеу және келісу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы