Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды



НазваниеҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды
Дата конвертации10.02.2013
Размер62.62 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық

істері агенттігі төрағасының

2010 жылғы «__» _________

___ бұйрығымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігінің

сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды

құрылыс үшін пайдалану мүмкіндігін қарау жөніндегі

комиссиясы туралы

ереже


1. Жалпы ережелер


1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды құрылыс үшін пайдалану мүмкіндігін қарау жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін регламенттейді.

Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, сейсмикалық құрылыс саласындағы қазіргі заманғы отандық және шетелдік жетістіктерді практикада қолдану барысында алынған білімді басшылыққа алады.

1.2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бұдан әрі - Кәсіпорын) жанында жүзеге асырады. Кәсіпорынның қызметі ғимараттар мен құрылыстардың, Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық құрылыстың проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер, тәжірибе-эксперименталдық және жобалау жұмыстарын жүргізуге негізделген.

1.3. Комиссия Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) қарамағындағы ұйымдардың білікті мамандарынан қалыптасады.

Комиссияның құрамы мемлекеттік басқару органының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі, саны 10 адамнан кем емес.


1.4. Комиссия жұмыс органы болып табылады, оның шешімі мемлекеттік басқару органының осы Ереженің 2.1-тармағында көрсетілген алаңда құрылыс жүргізуге рұқсат беруі үшін негіз болып табылады.

Осындай келісуден кейін Комиссияның шешімі өтініш берушілер (алаңның/жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар) үшін міндетті болып табылады.


^ 2. Комиссияның негізгі міндеттері


2.1. Комиссияның негізгі міндеттері мынадай алаңдарда жобалау және құрылыс салу мүмкіндігі мәселелерін кешенді қарау болып табылады:

1) сейсмикалығы 10 балл;

2) сейсмикалығы 9 балдан жоғары аудандарда орналасқан және/немесе күндік бетте тектоникалық жарылған жерлер пайда болуы мүмкін аймақтарда.

2.2. Комиссия сейсмикалығы 9 балдан жоғары аудандарда орналасқан және/немесе күндік бетте тектоникалық жарылған жерлер пайда болуы мүмкін аймақтарда орналасқан объектілер үшін уәкілетті мемлекеттік басқару органының мамандандырылған ғылыми-зерттеу және мамандандырылған жобалау ұйымдары жасаған Техникалық шарттарды қарайды және келіседі.

2.3. Қажет болған жағдайда Кәсіпорын Комиссия қызметінің процесінде туындаған мәселелер бойынша өзге де құзыретті органдармен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды, оның ішінде тиісті қорытындыларға сұрау салады, тәуелсіз сарапшылар ретінде ғалымдарды және мамандарды Комиссия отырыстарына қатысуға шақырады.


^ 3. Комиссияның жұмыс тәртібі


3.1. Комиссияның қарауына мәселелерді енгізу өтініш берушілер ұсынатын мынадай құжаттардың негізінде жүргізіледі:

3.1.1. Сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарда жобалау және құрылыс салу мүмкіндігі мәселелері бойынша:

1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) құрылыс үшін алаңға/жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

3) құрылыс үшін алаңды/жер учаскесін пайдалануға жататын, уәкілетті ұйымдар берген инженерлік-геологиялық іздестірудің материалдары;

4) ұйымның инженерлік-геологиялық іздестірудің материалдарына берілген лицензиясының көшірмесі;

5) салынуы болжанған объектінің нобайлық жобасы.


3.1.2. Сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарда орналасқан объектілерді қайта жаңарту немесе қолданыстағы объектілерді күшейту жобалары бойынша:

1) «АС» маркалы сызбалар;

2) техникалық паспорт немесе құқық белгілейтін құжаттар;

3) уәкілетті ұйымдар берген алаңның/жер учаскесінің сейсмикалық жағдайын нақтылау туралы іздестіру материалдары мен қорытындылар.

3.1.3. Қажет болған жағдайда Комиссия мәселе бойынша объективті шешім қабылдау үшін өтініш берушілерден өзге де құжаттарды сұрайды.

3.2. Комиссияның отырысы өтініштердің түсуіне қарай, бірақ айына бір рет қана өткізіледі.

3.3. Комиссияның, егер оның отырыстарына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 3/2 қатысса, отырыстар өткізуге және шешім қабылдауға құқығы бар.

3.4. Комиссияның төрағасы жұмыстарды ұйымдастыруды сондай-ақ Комиссия отырыстарына қажетті мамандардың қатысуын келісуді қамтамасыз етеді.

3.5. Комиссияның хатшысы отырыс өткізуді ұйымдастыруды және оны құжаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде:

1) өтінімдер мен құжаттар қабылдау;

2) Комиссия мүшелеріне отырыс өткізудің уақыты мен күнін хабарлау;

3) отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасын жүргізу;

4) отырыс өткізілген күннен бастап үш күн мерзім ішінде Комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін мемлекеттік басқару органына жіберу;

5) өтініш берушілерге Комиссияның шешімін мемлекеттік басқару органымен келісу туралы құжаттарды және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамадан үзінді беру.


____________________________


Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігінің

сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды

құрылыс үшін пайдалану мүмкіндігін

қарау жөніндегі комиссиясы туралы

ережеге

1-қосымша


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды құрылыс үшін пайдалану мүмкіндігін қарау жөніндегі комиссиясына

(«ҚазСҚҒЗИ» РМК-ның жанындағы)

__________________________________

(өтініш берушінің-заңды тұлғаның атауы, басшының аты-жөні (сенімді адамның аты-жөні, сенімхаттың нөмірі және берілген күні) не өтініш берушінің-жеке тұлғаның аты-жөні)


мынадай мекенжайда тұратын:

__________________________________

тел.: _______________


Өтінім


___________________________________________________________________

(мәселенің мәні және Комиссияның шешімін алу талап етілген объектінің атауы)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ мәселені қарауды және тиісті шешім беруді сұраймын.

Осы өтінімде мынадай құжаттар қоса беріледі, олардың түпнұсқалығына кепілдік беріледі:

1)

) (өтінішке қоса берілген құжаттарды көрсету)


Қосымша: __ парақ.


_______________________

(қолы)

20__ ж. «__» ___________

Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігінің

сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды

құрылыс үшін пайдалану мүмкіндігін

қарау жөніндегі комиссиясы туралы

ережеге

2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды құрылыс үшін пайдалану мүмкіндігін қарау жөніндегі комиссиясы хаттамасынан

үзінді


«ҚазСҚҒЗИ» РМК

Алматы қаласы 20__ж. «__»___________


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды құрылыс үшін пайдалану мүмкіндігін қарау жөніндегі комиссиясы мынадай құрамда:

Комиссия төрағасы ____________________________________________,

Комиссия мүшелері:

1) ___________________________________________________________,

2) ___________________________________________________________,

3) ___________________________________________________________,

4) ___________________________________________________________,

) ___________________________________________________________,

Комиссия хатшысы ____________________________________________,

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________ мәселе бойынша ұсынылған құжаттарды қарап және талқылап:


ШЕШТІ:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.


Комиссия төрағасы: __________________ /________________________ /

(қолы) (Аты-жөні)

Комиссия хатшысы: __________________ / ________________________ /

(қолы) (Аты-жөні)

Комиссия шешім берген күн: 20__ж. «___» ____________



Похожие:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті мониторинг...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жарты жылдық тексеру жүргізу жоспары
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жарты жылдық тексеру жүргізу жоспары
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon2012 жылғы 31 мамырға сәулет, қала құрылысы және құрылыс
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon2012 жылғы 30 қазанға сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon2012 жылғы 30 шілдеге сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon2012 жылғы 30 маусымға сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon2013 жылғы 31 наурызға сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon2012 жылғы 30 желтоқсанға сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды icon2012 жылғы 30 желтоқсанға сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы