|
ҰЗАРТЫЛДЫ 201__жылғы «___»___________ дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 201___жылғы «___»______________ №_________________ хаты Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері
МАЗМҰНЫ Ұғымдық сөздік ............................................................................................................................................4 КІРІСПЕ..........................................................................................................................................................5 1. Жалпы бөлім .............................................................................................................................................6 2. Еңбекті ұйымдастыру .............................................................................................................................7 3. Нормативтік бөлім ...................................................................................................................................8 ҰҒЫМДЫҚ СӨЗДІК АҚ - Акционерлік қоғам; АСДУ - Автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі; ЭКЕАЖ - Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі; АТС - Автоматтандырылған телефон станциясы; АҚ – ^ ТҮКШ - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; ЖВСЖ - Жоғары вольтті станциялар желісі; ЖАК – Жедел ақпараттық кешені; ДК – дербес компьютер; БМҚ - Басқарушылар, мамандар және қызметкерлер; ЖЭО – Жылу энергия орталығы; ТК - телекоммуникация; ТЖ - Төтенше жағдай; ЭЖҰ - ^ шы ұйым. КІРІСПЕ Осы норматив Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттікпен қайта қаралған. Нормативтік техникалық құжат тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын, барлық энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда қолдану үшін ұсынылған. Осы жинақ қолданысқа енгізілгеннен кейін бұдан бұрын қолданыста болған тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлер санының нормативтерінің күші жойылады.
1.1. Осы нормативтер тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың (ЭЖҰ) қызметкерлер санын есептеу және талдау үшін арналған. 1.2. Қызметкерлер санын қайта қарастырудың негізіне: - «Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметкерлер санының нормативтері» (Астана қаласы, 2005 ж.); - тұтынушыларға электр энергиясын сатуды «Электр энергетика туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асыратын, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың функционалдық міндеттері; - «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ Бұйрығы; - ұйымның техникалық-экономикалық көрсеткіштері; - персоналдың нақты саны, электр энергиясын сату бойынша атқарылатын жұмыстары туралы есептік мәліметтердің талдауы; - персоналдың санына ықпал ететін факторлардың санды мәндері; - электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын ұйымдарда жобаны саралаудан өткізу нәтижелері қарастырылған. 1.3. Нормативтер: - дайындық-қорытынды жұмыстарға, демалысқа, жеке қажеттіліктерге кеткен уақыт шығындары; - жұмыс уақытының орташа жылдық тиімді қоры ескеріліп, персоналдың орташа жылдық тiзiмдiк санын белгілейді. 1.4. Көрсеткіштердің (факторлардың) аралық мәндері үшін қызметкерлер санының нормативтері сызықтық талдау (интерполяция) жолымен анықталады. 1.5. Жинақта келтірілген жұмысшылардың мамандықтары мен қызметкерлердің лауазымдарының атауы Жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес келеді. 1.6. Ұйымдар персоналдың нормативтік санын есептегенде, егер тиісті нормативте, түзетуде және коэффициентте көрсеткіштің (фактордың) атауында басқасы көрсетілмеген болса, жалпы ұйым үшін белгіленген көрсеткіштерді (факторларды) қолданады. Көрсеткіштердің (факторлардың) мәні есеп айырысу кезеңінің алдындағы жыл үшін есептілік деректерге сәйкес келуі керек. 1.8. «Дейін» деп көрсетілген нормативтерді қолданғанда пайдаланатын санды көрсеткіштердің шегі қоса түсінілуі керек. Қызметкерлердің нормативтік санын анықтағанда, есептілік нәтижелері тек қызметкерлердің жиынтық санына дөңгелектеу ережесі бойынша тұтас бірлікке дейін дөңгелектенеді. 1.9. Персонал санының нормативтері жалпы ұйымның нормативтері бойынша анықталады. Бірінші басшы персоналдың нақты санына, бекітілген функцияларына сүйене отырып, персоналдың нормативтік санын олардың жиынтық нормативтік санының топтары бойынша (жұмысшылар, басшылар және өндірістік персонал мамандары, басқару аппаратының персоналы) есептелген шеңберде құрылымдық бөлімшелерге бөледі. 2. Еңбекті ұйымдастыру 2.1. Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің қызметі «Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтар, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының басқа да актілерімен, нұсқамаларымен, жоғары тұрған басқару органдарының ережелерімен реттеледі. 2.2. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау талаптарына сәйкес келуі тиіс. ^ 3.1. Ұйым персоналының нормативтік саны персоналдың нормативтік санын 3.1.1 – 3.1.18 кестелері бойынша және 3.3 – 3.7. тармақтары бойынша жинақтаумен есептеледі. 3.2. Көпқабатты ғимаратта үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бойынша және қосалқы станцияларда орнатылған есепке алу аспаптары бойынша электр энергиясын тасымалдауды жүзеге асыратын ұйыммен тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу кезінде жеке есепке алу аспабы бойынша тұтынылған электр энергиясын бақылау және есепке алу бойынша, тұтынушыларды жеке-жеке ағытып тастауды жүргізу бойынша персоналдың саны «Электр энергиясын кернеуі 220 кВ-ға дейінгі желілері арқылы беруді жүзеге асыратын өңірлік энергия компаниялары мен энергия беруші ұйымдарының персонал санының нормативтері» нормативтік құжатының 3.1.17 кестесі бойынша айқындалады. 3.3. Ұйымның автокөлігін жүргізу бойынша персоналдың нормативтік саны ұйымның балансында тұрған техникалық жарамды автокөліктің санына сүйене отырып есептеледі - 1 адам басына 1 автокөлік бірлігі. Жөндеуші персонал 1 адам 7 автокөлік бірлігіне белгіленеді. Автокөлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру үшін олардың саны (маманы) 25 бірлікке дейін – 1 адам 26-дан 32 бірлікке дейін – 2 адам мөлшерінде белгіленеді. 3.4. Қызметтік орын-жайын жинастыру персоналының, аумақтарды жинаушылардың (сыпырушылардың) нормативтік саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді. 3.5. Күзет персоналының нормативтік саны посттардың орналасқан орны және олардың жұмыс тәртібі ескеріліп, ұйымның комиссиясы бекіткен актіге негізделген есептіліктің негізінде анықталады. Бұл орайда, жұмыс тәртібіне сүйенгенде, әрбір постқа: - 24-сағаттық тәулік бойы жұмыстың тәртібі кезінде – 4,7 адам - 16 сағаттық жұмыс тәртібінде – 3,14 адам - 12 сағаттық жұмыс тәртібінде – 2, 35 адам - 8 сағаттық жұмыс тәртібінде – 1, 57 адам қабылданады. Күзет бөлімшелері басшыларының саны бір басшыға 30 адамнан келетін, күзетшілердің санына тәуелді белгіленеді. 3.6. Ұйымда көбейткіш техника мен телефакстар бар болса – көшіргі және көбейткіш машиналарының операторы – 1 адам қабылданады. 3.6. «Материалдық техникалық жабдықтау» функциясы бойынша қызметкерлердің саны 3.1.1 – 3.1.10 кестелері бойынша есептелген персоналдың санынан 0,5 % мөлшерде белгіленеді. 3.1.1. «Қалада орналасқан тұрмыстық тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін төлемдерді есептеу және жинау» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: курьер Лауазымдардың үлгілі тізбесі: оператор 3.1.1-кесте
Ескерту: есепке алу аспаптардың саны ішінде екі тарифтік болса, қызметкерлердің саны коэффициентпен белгіленеді.
3.1.2. «Ауылдық жерде орналасқан тұрмыстық тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін төлемдерді есептеу және жинау» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: курьер Лауазымдардың үлгілі тізбесі: оператор 3.1.2 кесте
Ескерту: Әкімшілік аудандық орталықтарда төлемдік құжаттарды есептеу, тарату бойынша және көп қабатты ғимаратта тұтынушылардан төлемдер жинау бойынша персонал саны 3.1.1 кестесі бойынша белгіленеді. 3.1.3. «Қалада орналасқан тұрмыстық тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясына төлемдерді есептеу және жинау» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бухгалтер Лауазымдардың үлгілі тізбесі: оператор 3.1.3-кесте
Ескерту: 1. Есептік есепке алу аспаптарының саны ішінде есепке алу мен бақылау жүйесі құрылғысы болып табылатын электрондық есептегіштер ескерілмейді. 2. Қазпошта қызметтерін қолданбай, ЭЖҰ персоналдары абоненттерге тұтынылған электр энергиясын төлемегені үшін ескертулер мен төлемдердің құжаттарды жеткізу кезінде 100 тұтынушыға 0,1 адам (курьер) қосымша белгіленеді. 3. Тұтынушылардың саны 11500 адамнан артық болғанда немесе электр энергиясын есепке алу есептік аспаптарының саны 21000-нан артық болғанда әрбір қосымша 1500 тұтынушыларға немесе 5000 электр энергиясын есепке алу есептік аспаптарға персонал санының нормативтері 0,2 адамға арттырылады. 3.1.4. «Ауылдық жерде орналасқан тұрмыстық тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясына төлемдерді есептеу және жинау» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бухгалтер Лауазымдардың үлгілі тізбесі: оператор 3.1.4-кесте
Ескерту: 1. Есептік есепке алу аспаптарының саны ішінде есепке алу мен бақылау жүйесі құрылғысы болып табылатын электрондық есептегіштер ескерілмейді. 2. Қазпошта қызметтерін қолданбай, ЭЖҰ персоналдары абоненттерге тұтынылған электр энергиясын төлемегені үшін ескертулер мен төлемдердің құжаттарды жеткізу кезінде 80 тұтынушыға 0,1 адам (курьер) қосымша белгіленеді. 3. Тұтынушылардың саны 5100 адамнан артық болғанда немесе электр энергиясын есепке алу есептік аспаптарының саны 10000-нан артық болғанда әрбір қосымша 900 тұтынушыларға немесе 3000 электр энергиясын есепке алу есептік аспаптарға персонал санының нормативтері 0,2 адамға арттырылады. 3.1.5 «Өнеркәсіптік және қосылған қуаты 750 кВА артық оларға теңестірілген тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясын есептеу және жинау» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бухгалтер Лауазымдардың үлгілі тізбесі: оператор 3.1.5-кесте
Ескерту: 1. Есептік есепке алу аспаптарының саны ішінде есепке алу мен бақылау жүйесі құрылғысы болып табылатын электрондық есептегіштер ескерілмейді. 2. Қазпошта қызметтерін қолданбай, ЭЖҰ персоналдары абоненттерге тұтынылған электр энергиясын төлемегені үшін ескертулер мен төлемдердің құжаттарды жеткізу кезінде 100 тұтынушыға 0,1 адам (курьер) қосымша белгіленеді. 3.1.6 «Өнеркәсіптік және қосылған қуаты 750 кВА артық, оларға теңестірілген тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясын есептеу және жинау» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бухгалтер Лауазымдардың үлгілі тізбесі: оператор 3.1.6-кесте
Ескерту: 1. Есептік есепке алу аспаптарының саны ішінде есепке алу мен бақылау жүйесі құрылғысы болып табылатын электрондық есептегіштер ескерілмейді. 2. Қазпошта қызметтерін қолданбай, ЭЖҰ персоналдары абоненттерге тұтынылған электр энергиясын төлемегені үшін ескертулер мен төлемдердің құжаттарды жеткізу кезінде 100 тұтынушыға 0,1 адам (курьер) қосымша белгіленеді. 3.1.7 «Өндірістік ауыл шаруашылық тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясын есептеу және жинау» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бухгалтер Лауазымдардың үлгілі тізбесі: оператор 3.1.7-кесте
Ескерту: 1. Есептік есепке алу аспаптарының саны ішінде есепке алу мен бақылау жүйесі құрылғысы болып табылатын электрондық есептегіштер ескерілмейді. 2. Қазпошта қызметтерін қолданбай, ЭЖҰ персоналдары абоненттерге тұтынылған электр энергиясын төлемегені үшін ескертулер мен төлемдердің құжаттарды жеткізу кезінде 80 тұтынушыға 0,1 адам (курьер) қосымша белгіленеді. 3. Өнеркәсіптік емес тұтынушылардың саны 5100 адамнан артық болғанда немесе электр энергиясын есепке алу есептік аспаптарының саны10000-нан артық болғанда әрбір қосымша 900 тұтынушыларға немесе 3000 электр энергиясын есепке алу есептік аспаптарға персонал санының нормативтері 0,2 адамға арттырылады. 3.1.8. «Электр энергиясын сатып алуды және сатуды ұйымдастыру» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бөлім (қызмет) бастығы, инженер, келісім-шарттық және талап қою жұмысы бойынша экономист 3.1.8-кесте
Ескерту: 1. Фактордың аралық мәнінде қызметкерлердің саны талдау (интерполяция) жолымен анықталады. 2. Ауылдық жерде электр энергиясын сатуды ұйымдастыру үшін электр желілерінің әрбір аудандарында 1 адам белгіленеді – электр энергиясын сату бойынша учаске бастығы. 3. Қалалық типтегі елді мекендерде электр энергиясын сатуды ұйымдастыру үшін әрбір 25 мың тұтынушыларға электр энергиясын сату бойынша учаске бастықтарының 1 адамы белгіленеді. 4. Көршілес мемлекеттерден әкелінетін электр энергиясын сатып алуды ұйымдастыру үшін 0,5 адам белгіленеді. 5. Электр энергиясын кепілдік беретін жеткізушінің функцияларын атқаратын ұйымдар үшін 3.1.8 кестесіне 1, 05 коэффициентін қолдану керек. 3.1.9 «Диспетчерлік және техникалық басқару құралдарын техникалық қамтамасыз ету және жөндеу» функциясы бойынша персонал санының нормативтері Кәсіптердің үлгі тізбесі: диспетчерлiк жабдықтар мен телеавтоматтар электр монтерi, баланыс электр монтері 3.1.9-кесте
Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бөлім (қызмет) бастығы, бағдарламалаушы-инженер, инженер 3.1.10-кесте
3.1.11 «Жалпы басқару» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: директор, директор орынбасары 3.1.11-кесте
Ескерту: электр энергиясын тек қалаларда сатуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін аталған функция бойынша қызметкерлер саны бірінші бағаннан «10-ға дейін» белгіленеді. 3.1.12 «Экономикалық жұмыс, еңбек және еңбекақы» функциясы бойынша мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: жоспарлау бойынша экономист, еңбек бойынша экономист 3.1.12-кесте
Ескерту: электр энергиясын тек қалаларда сатуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін аталған функция бойынша қызметкерлер саны бірінші бағаннан «10-ға дейін» белгіленеді. 3.1.13 «Бухгалтерлік есеп, есептілік, қаржы қызметі» функциясы бойынша мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бас бухгалтер, бухгалтер, кассир 3.1.13-кесте
Ескерту: электр энергиясын тек қалаларда сатуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін аталған функция бойынша қызметкерлер саны бірінші бағаннан «10-ға дейін» белгіленеді. 3.1.14 «Кадрларды жинақтау және даярлау, арнаулы және жұмылдыру жұмысы, АҚ және ТЖ жұмысы» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: кадрлар бойынша инспектор, инженер 3.1.14-кесте
Ескерту: электр энергиясын тек қалаларда сатуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін аталған функция бойынша қызметкерлер саны бірінші бағаннан «10-ға дейін» белгіленеді. 3.1.15 «Еңбек қорғауды және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: инженер 3.1.15-кесте
Ескерту: электр энергиясын тек қалаларда сатуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін аталған функция бойынша қызметкерлер саны бірінші бағаннан «10-ға дейін» белгіленеді. 3.1.16 «Материалдық-техникалық жабдықтау» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: инженер 3.1.16-кесте
Ескерту: электр энергиясын тек қалаларда сатуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін аталған функция бойынша қызметкерлер саны бірінші бағаннан «10-ға дейін» белгіленеді. 3.1.17 «Заң қызметі» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: бөлім бастығы, заңгер-консультант 3.1.17-кесте
3.1.18 «Жалпы іс жүргізу, шаруашылық қызмет көрсету» функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері Лауазымдардың үлгілі тізбесі: шаруашылық меңгерушісі, іс жүргізуші, аудармашы 3.1.18-кесте
|
![]() | Келісілді: бекітілді «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,... | ![]() | Келісілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органның даму мақсаттарының мемлекет дамуының стратегиялық мақсаттарымен сәйкестігі |
![]() | «келісілді» Қазақстан Республикасының Газды тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлер санының нормативтері | ![]() | «келісілді» Қазақстан Республикасының Жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері |
![]() | Келісілді бекітемін өскемен қаласы әкімінің орынбасары Өскемен қаласының әкімі Азақстан республикасының президенті н. А. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 АҚпандағЫ «Әлеуметтік экономикалық жаңҒырту – Қазақстан дамуының... | ![]() | «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі Жоба іске асыру барысына арналған әдістемелік материалдарды, көрнекі насихаттау құралдарын әзірлеу мен таратуды, айдарлар ашуды,... |
![]() | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес... | ![]() | Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының... |
![]() | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының... | ![]() | Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi... |