«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon

«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі»



Название«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі»
Дата конвертации08.02.2013
Размер96.57 Kb.
ТипДокументы
источник


Өскемен қаласы

әкімдігінің «__»_______2011 жылғы № «____» қаулысымен

бекітілген


«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі


  1. Жалпы ережелер




  1. «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), экономика саласында қала ауқымында мемлекеттік биліктің құзыреті функцияларын іске асыру үшін, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық–құқықтық формасында құрылған заңды тұлға дәрежесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

  2. Мекеменің ұйымдастырушысы мемлекет атынан Өскемен қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Өкілетті орган) болып табылады.

  3. Мекеменің атауы:

мемлекеттік тілде «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде государственное учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования города Усть-Каменогорска».

  1. Мекеменің жұмыс тәртібі бес күндік жұмыс аптасына сәйкес сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.

  2. Мекеменің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазастан облысы, пошта индексі: 07019 Өскемен қаласы, Қабанбай Батыр атындағы көше, 160.




  1. Мекеменің заңды мәртебесі




  1. Мекеме мемлекеттік тіркеуден кейін заңды тұлға құқықтарына ие болады.

  2. Мекеме өзінің іс-әрекетін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық актілерге, әкімдік қаулыларына, қала, облыс әкімі шешімдері мен жарлықтарына және де осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

  3. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктерде шоты, мемлекеттік тілде өзінің атауы бар мөрлері мен штамптары, белгіленген үлгідегі бланктері бар.

  4. Мекеме өзінің иелігіндегі ақшаға жүктелген міндеттемелерге жауап береді. Егер Мекеменің ақшасы жетіспеген жағдайда оның міндеттемелері үшін жергілікті атқарушы орган жауап береді

10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Мекеменің шарттары бойынша міндеттемелер Мекемені ұстауға бекітілген смета шегінде жауапкершілікке ие болады.

Мекеме басқа заңды тұлғаны құруға, соңдай-ақ (қатысушы) құрылтайшы бола алмайды, бөлімшілер мен өкілетіктер құра алмайды.

11. Мекемемен өз атынан жасалатын азаматтық-құқықтық мәміле Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте тіркеуге жатады. Келісім міндеттемелері бойынша Мекеме жауапкершілігі бекітілген смета шегінде Мекемені ұстауға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асады.

^ 3. Мекеменің қызметінің мәні және мақсаттары


12. Мекеменің негізгі міндеттері мемлекеттік саясаттың қалыптасуының келесідей салалар бойынша ұсыныстар жасау:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының аяққы жетісіктері бойынша басым міндеттерді іске асыру және стратегиялық жоспарларға экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесіне жетуге бағытталған;

2) қала аумағының дамуы болып табылады.

13. Мекеменің негізгі әрекеті қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуын болжау және жоспарлау, мемлекеттік басқаруды қала аумағында экономика саласында экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру.

14. Көрсетілген мақсатқа жету үшін Мекеме келесі әрекет түрлерін жүзеге асырады:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;

2) қаланың аумағын дамыту Бағдарламасының әзірленуін, мониторинг және жүзеге асуды бағалау;

3) қала аумағын дамыту Бағдарламасының мониторингі бойынша жалпы есепті дайындау және облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша Өкілетті органға ұсыну;

4) мониторинг және оны жүзеге асыруды бағалаудың қорытындысы бойынша Өскемен қаласының аумағының дамыту Бағдарламасына түзетулер енгізу;

5) мемлекеттік қызметтің стандарттары мен қолданыстағы нормаларға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа заңнамасына, әлеуметтік – экономикалық даму болжамына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінен бюджеттік өтінім мен стратегиялық жоспарлардың жобасына өзгерістер мен толықтырулар немесе стратегиялық жоспарлардың жобаларының сәйкестігін қарастыру және келісу;

6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Стратегиялық жоспарларының жүзеге асуын қадағалау мен бағалау;

7) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму есебімен, бюджеттің түсімдерін болжау;

8) жаңа бастамаларға шығыстар және базалық шығыстар үшін бюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру және оларды бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне жеткізу;

9) бағдарлама әкімгерлерімен ұсынылған бюджеттік өтінімдерді бағалау және олар бойынша бюджеттік комиссияға сәйкес қорытындыны дайындау;

10) қала бюджетінің жобасын әзірлеу және оны бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

11) қала бюджетін нақтылау (түзету) бойынша ұсыныстар енгізу;

12) бюджет алдында міндеттемелердің орындалуына талдау, бюджетке кірістердің толық түспеуінің алдын алу шараларын күшейту, бюджет ресурстарын арттыру бойынша және кірістердің түсуі бойынша болжамдарды жетілдіру үшін ұсыныстар жасау;

13) жоспарлы кезеңге қала бюджетінің нақтылау және бекіту туралы қалалық мәслихаттың шешімін іске асыру жайлы Өскемен қаласының әкімдігінің қаулы жобасын әзірлеу;

14) азаматтық бюджетті нақтылау және әзірлеу;

15) қалалық бюджеттік комиссияның жұмысшы органының функциясын атқару;

16) билік атқару органның өзара әрекет жасауы және құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

17) жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестесі мен құрылымын келісімдеу;

18) бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің инвестициялық ұсыныстарын қаржылық қаражатпен қамтамасыз ету үшін қарастыру және оларды бюджеттік комиссияға енгізу үшін қорытынды дайындау;

19) әлеуметтік-экономикалық даму басымдылыққа сәйкес жергілікті инвестициялық жобаларды бағалау, теру, тәртіптеу;

20) сәйкес бюджеттік бағдарламалармен таратылатын қаражаттардың есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік және консесионалдық жобалар тізбесін, сонымен қатар қажетті сараптамаларды өткізуге қаражаттар бөлуді жинақтау;

21) жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын, бюджеттік инвестициялардың жүзеге асырылуы барысы туралы жинақтық ақпаратты дайындап, облыстық бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға ұсыну;

22) инвестициялық белсенділікті ынталандыру бойынша шараларды анықтау, қалалық инвестициялық саясатты әзірлеуді үйлестіру;

23) тоқсан сайын қала әкімінің құрылымдық бөлімшелерінің бағалау рейтінгісін жүзеге асыру;

24) қала және аудан әкімдерінің қосалқы және рейтингтік көрсеткіштердің орындалуына талдауды, қалалық бағдарлама әкімгерлерінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды енгізу және бөлімнің жұмысын үйлестіруді өткізу;

25) қаланың әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын құрастыру;

26) қала аумағында іске асырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды келісімдеу;

27) индустриялды-инновациялық дамуға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына мониторинг жасау;

28) мекеме құзыретіне кіретін әкімнің және әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілері бойынша жобалар дайындау;

29) реттелмелі салықтық төлемдер бойынша бюджетке түсімді болжау мәселесі бойынша облыстық мемлекеттік жоспарлау уәкілетті органға ұсыныстар дайындау;

30) кірістер мен шығыстардың қаржылық бюджеттік болжау тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

31) мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары бойынша әдістемемен қамтамасыз ету;

32) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызметті іске асыру.

15. Мекеме өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын орындауға заңнамамен бекітілген тәртіпте құқылы:

1) өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша қалалық әкімдікке өзінің ұсыныстарын қарауға енгізуге;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындап ұсынуға;

3) өзіне жүктелген фукциялар мен міндеттерді орындау үшін өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің және басқа да ұйымдардың қатысуымен заңды тұлғалардан, жеке тұлғалардан керекті ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға және алуға;

4) сараптама мен кеңес жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды қатыстыруға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген басқа да құқықтарды іске асыруға.

16. Мекеменің құрылу мақсатына сай келмейтін әрекетпен айналысуға Мекеме құқылы емес.



  1. Мекемені басқару


17. Мекемені жалпы басқаруды Өкілетті орган іске асырады.

18. Өкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған тәртібінде келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  1. Мекеменің Ережесін бекітеді, Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

Осы орайда толықтырулар мен өзгерістер екі тәсілмен рәсімделеді: Жаңа редакцияда Ережені құру жолымен, немесе нағыз Ережеге қосымша түрінде өзгерістер (толықтырулар) рәсімделеді.

2) Мекеменің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;

3) Мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

4) Мекемеге берілген мүлікті тиімді пайдалануы мен мүлтіксіз сақталуын қадағалайды;

5) жылдық қаржылық есебін бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен анықталған басқа да қызметтерді атқарады.

19. Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған жағдайларды есепке алмағанда, қала әкімімен Мекеме бастығы лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

20. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес

қызметке тағайындалып және қызметтен босатылатын меке бастығынының орынбасарлары бар.

21. Мекеме бастығы жоқ кезде оны орынбасары ауыстырады.

22. Мекеме бастығына еңбек демалысын беру, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қала әкімімен келісім бойынша жүзеге асады.

23. Мекеменің бастығы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тікелей әкімге бағынады және Мекемеге жүктелген қызметтерді орындау үшін дербес жауапкершілікті артады.

24. Мекеме бастығы Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен анықталған, өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің сұрақтарын өз бетімен және дара басшылық принципінде шешеді.

25. Басшы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңдар тәртібінде:

  1. барлық органдарда, мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ азаматтық құқықтық қатынастардан шығатын барлық салаларда Мекеменің мүддесін сенімхатсыз ұсынуға;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібі шегінде және жағдайында мүлікпен билік етеді;

  3. келісім-шарттар жасайды;

  4. сенімхаттар береді;

  5. Мекеменің іссапарлары, еңбек тәжірибесінен өтуі, қызметкерлерді қазақстанның және шетелдердің оқу орталықтарында және басқа да біліктілігін көтеру түрлері бойынша оқытудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;

6) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілетін және Мекеме қызметкерлерінің өкілеті мен функцияларын анықтайды;

7) банк есеп шоттарын ашады;

8) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мекеменің барлық жұмысшыларына міндетті жарлықтар мен бұйрықтар шығарады;

9) мекеме жұмысшыларын жұмысқа алады және жұмыстан шығарады;

10) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады, материалдық көмек көрсетеді және оларды мадақтайды;

12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Ережемен және Өкілетті органмен оған жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

13) Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты.


  1. ^ Мекеменің мүлігінің құрылу тәртібі


26. Мекеменің мүлігі оған мемлекет берген мүліктен және негізгі қорлардан, айналмалы қаражаттардан, сонымен қатар құны Мекеменің балансында көрсетілген басқа да мүліктер есебінен құралады.

27. Мекеме мүлігі оған шұғыл басқару құқығына жатады.

28. Мекеме жойылған жағдайда, оның мүлкі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес қолданылады.

29. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленбеген басқа жағдайда Мекеме өзіне бекітілген мүлікке, өз бетімен мүлікті иеліктен айыруға немесе басқа әдіспен билік жасауға және смета бойынша бөлінген қаражаттар есебінен алынған мүлікті иеленуге құқығы жоқ.

30. Мекеменің қызметін қаржыландыру, егер Қазақстан Республикасының басқа заң актілерімен белгіленбесе, тек қана мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

31. Мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді және есептілікті ұсынады.

32. Мекеменің қаржылық–шаруашылық әрекетін тексеру мен түгендеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өкілетті органмен жүзеге асырылады.



    1. Мекемені қайта құру немесе жою шарттары


33. Мекемені қайта құру немесе жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары негізінде жүзеге асады.

34. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да себептермен жойылуы мүмкін.

35. Несие талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған, жойылған Мекеменің мүлкі Өкілетті органмен қайта үлестіріледі.

36. Несие талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған, жойылған Мекеменің қаржысы жергілікті бюджеттің кірісіне аударылады.


Өскемен қаласы әкімі

аппаратының басшысы Е. Нәбиев




Похожие:

«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің миссиясы (бұдан әрі бөлім) – бұл экономикалық саясатты жүзге асыру, ауданның бәсекеге...
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,...
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,...
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға...
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын...
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» iconҚала кәсіпкерлерінің назарына! «Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм
«Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм 2012 жылы Курчатов қаласы бойынша «Шағын бизнес саласында жылдың...
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Үржар ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік орган қызметі нәтижесінің көрсеткіштері, стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, тапсырмалар, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекетік мекемесі туралы ереже
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы