«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



Название«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/3
Дата конвертации28.01.2013
Размер0.6 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3



Өскемен қаласы әкімдігінің «____»_________2011 жылғы №______ қаулысымен бекітілген


«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Мазмұны


  1. Миссиясы мен пайымдалуы




  1. Ағымдағы жағдай және даму беталысын талдау




  1. Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері




    1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері




    1. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсатына сәйкестігі




  1. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту




  1. Ведомство аралық өзара әрекет




  1. Қауіптерді басқару




  1. Бюджеттік бағдарламалар




    1. Бюджеттік бағдарламалар

    2. Бюджеттік бағдарламалардың жиынтығы




  1. Миссиясы мен пайымдауы


Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің миссиясы (әрі қарай – Бөлім) – бұл экономикалық саясатты, сонымен қатар қаланың бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейіне қол жеткізуге және Шығыс Қазақстан облысы экономикасында өсім полюсі мәртебесін нығайтуға мүмкіндік беретін бүтін және тиімді мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін іске асыру.

Пайымдауы – облыс орталығын дамыған қалалар қатарына енгізуге мүмкіндік беретін қала экономикасының тұрақты дамуы.


  1. Іскерліктің сәйкес саласындағы (өрісіндегі) ағымдағы жағдайды және даму беталысын талдау


1 Стратегиялық бағыт. Қала экономикасының жедел дамуы.

1.1. Экономика дамуының негізгі параметрлері

Елбасының Қазақстан халқына 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарыс әсерлерін жеңуге және кейінгі экономикалық өсуге дайындыққа, демек, қазақстандықтардың өмір сапасы деңгейіне және бәсекеге қабілетті мемлекеттің құрылуына бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер тізімі қойылды.

Жалпы әлемдік үрдістің теріс әсеріне қарамастан 2009 жыл бойы қаланың барлық өндірістік сектор салаларында тұрақты экономикалық жағдай сақталды.

Өндірістік өнімді шығару 221,8 млрд. теңге құрады, негізгі капиталға ивестиция көлемі 2 %-ға кеміді. 64,4 мың ш. метр тұрғын үй енгізілді.

Өнеркәсіп. Өндірістік өнім көлемі 221,8 млрд теңге құрады, ТКИ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2 %, оның ішінде тау-кен өндірісінде – 127,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 97,4%, электроэнергия, газ және су өндірісі және бөлуде 2009 жылы 25,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ТКИ – 99,4%.

Өндірістің жалпы көлемінің 60%-ы үлесіне келетін металлургиялық өндіріс өнеркәсіп көлемінің төмендеуіне үлкен әсер етті. Металлургияда табиғи көлем индексі 92,2 % құрады. Аталған жағдай металға әлемдік нарықта сұраныс пен бағаның төмендеуіне байланысты объективті себептерге ие.

2008 жылмен салыстырғанда табиғи сипатта сүт (90,5%), жүн (85,3%), ағаш өңдеу өнеркәсібінде (101,8%), химиялық өнеркәсіпте (104,5%), тоқыма және тігу өнерксәбінде (47,9%), қағаз өнеркәсібінде (101,6%) өнімдер өндірісі өсті.

^ Ауыл шаруашылығы. 2009 жылдың қаңтар желтоқсан айларында шаруашылықтың барлық санатында 2008 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 127,7 тоннаға көп тірі салмақтағы мал және құс сою іске асырылды. 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына қарағанда 681,5 тоннаға аз сиыр сүті, 245,2 мың данаға көп жұмыртқа өндірілді.

^ Шағын бизнес. 1,9% өсіммен тіркелген кіші бизнес (заңды тұлғалардың) кәсіпорындарының саны 6760 бірлікке жетті, оның ішінде жұмыс істейтіндері – 4292. тіркелгендердің санында жұмыс істейтін кәсіпорындар үлесі 63,5% құрады.

^ Инвестициялық іскерлік. 2009 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 71,2 млрд. теңге құрады.

Инвестицияның үлкен бөлігі ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстарға бағытталды – 50,1%, машиналар, жабдықтар, құралдар мен мүліктер сатып алуға – 48,6%, басқа да күрделі шығындар – 1,3%.

Негізгі капиталға инвестицияны қаржыландырудың негізі көзі өз қаражаттары мен республикалық бюджет болып табылады. Олардың үлес салмағы инвестицияның жалпы көлемінде 83,4% құрады. Шет елдік инвестиция үлесіне 7,8% келді.

Жалпы ауданы 64,3 мың ш.м. іске енгізілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 16,1%-ға кем. Тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасының аясында 339 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2008 жылға 141,8%.

Инфляция. 2009 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша тұтынушылар бағасының индексі 105,7 % құрады, бұл 2008 жылдың сәйкес көрсеткішінен 4,8 пайыздық тармаққа төмен, азық-түліктік тауарлар бойынша бағалар индексі 103,1 % құрады, тұрғындар үшін қызмет – 106,7 %, азық-түліктік емес тауарлар – 108,4 %.

^ Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2009 жылы ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2008 жылмен салыстырғанда 26,1%-ға кеміді және 1,4 мың адам құрады.

Жұмыссыздар санының төмендеуі бірінші кезекте 5047 жаңа жұмыс орынының құрылу есебінен қамтамасыз етілді. Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жыл басынан бастап барлығы 24377 адам барды, 2008 жылдың сәйкес мерзімінен 4 есе көп, олардан 19962 адам жұмысқа тұрды, бұл 2008 жылдың деңгейінен 3,8 пайыздық тармаққа жоғары.

Өскемен қаласы бойынша төленетін қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар санынан 1269 адам қатысты, кәсіптік оқуға 2629 адам бағытталды, әлеуметтік жұмыс орындарына 3356 адам, жастар іс-тәжірибесіне 1551 адам бағытталды.

2009 жылы 9,0 млн. теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 531 азаматқа төленді, 5,8 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысын 707 адам алды.

Қаланың аз қамтылған азаматтарына маңызды әлеуметтік көмек коммуналдық қызметтер шығындарына компенсациялық төлем болып табылады. 41,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі 4819 аз қамтылған отбасыларға көрсетілді. Тұрғын үй көмегін алатындарға тұрғын үйді ұстауға төлеуден басқа күрделі жөндеуге шығын компенсациясы жүргізіледі.

2009 жылы ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің және оларға теңестірілген тұлғалардың коммуналдық қызметтер төлемдерінің жарым-жарты компенсациялау мақсатымен 159,4 млн. теңге жіберілді. Бұндай маңызды әлеуметтік көмекті 3,7 мың адам алады.

2009 жылға қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмысшыларының саны 108 мың адамды құрады, 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қала бойынша тізімдегі жұмысшылар саны 3,6 %-ға төмендеді.

Аталған кәсіпорын жұмысшыларының орта айлық еңбекақысы 7,5 % өсіммен 59097 теңге деңгейде қалыптасты.

^ Салық және бюджет. 2009 жылға мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқада міндетті төлемдер түсімдері 61,1 млрд. теңгені немесе жоспардан 117,0 %-ды құрады.

Қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне 16,1 млрд. теңге немесе жоспардан 101,5 % түсті , жоспарды артық орындау 236,5 млн. теңгені құрады. Меншік кірістер бойынша жоспар 7,6 млрд. теңгеге немесе 103,2 %-ға орындалды. Жоспардан тыс 236,5 млн. теңге түсті.

2009 жылғы бюджеттің шығыс бөлігі 15,8 млрд. теңге сомасында орындалды, жоспарға 99,3 %.

Жоғары тұрған бюджеттен мақсатты трансферттер 7,3 млрд. теңге сомасында немесе жоспарға 100 % алынды.

Өткен жылы басты назар басым бағытқа және әлеуметтік-маңызды бағдарламаларға бөлінді: білім беруге 2008 жылға 20,6 % өсіммен 4,4 млрд. теңгеден артық, тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге – 741 млн. теңге (28,9 %), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 5,6 млрд. теңге (57,4 %) жұмсалды.

Кепілденген еңбекақы, жәрдемақы, стипендия төлемдері толық көлемде қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік мекемелерге күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жабдықтаулар жүргізілді.

Бюджетті дамыту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 3,0 млрд. теңге жіберілді.

Дағдарыстық жағдайды жеңу үшін қалада 6007,9 млн. теңге сомасында «Жол картасы» іске асты, оның 40,2 % автомобиль жолдарын жөндеуге бағытталды, 23,3 % - аулалық және ішкі кварталдық аймақтарға, 27,7% - тұрғын үй коммуналды шаруашылық нысандарын жөндеуге, 9 % - білім беруге, 2,8 % - мәдениетке, 1,2% - спортқа, 0,8 % - әлеуметтік қорғауға.

Жол картасы бойынша орта еңбек ақы 33,4 мың теңге құрады. Жол картасы 2009 жылы дағдарысқа қарсы шаралар мәселесін шешуде тиімді құрал болды және 2010 жылы жалғасын тапты.

2010 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы бағада 303,4 млрд. теңге сомаға, немесе 2009жылдың сәйкес кезеңіне 136,8 %-ға өнім өндірілді.

2,5 мың тонна ет (2009 жылдың деңгейіне 104,7 %), 6,6 мың тонна сүт (2009 жылға 101,5 %) және 1,97 млн. дана жұмыртқа (2009 жылға 100,4 %) өндірілді.

2010 жылдың 1 қарашасына 6923 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелді, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 2,6 %-ға көп. Солардан – 4215 қолданыста.

2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына негізгі капиталға инвестиция 65,1 млрд. теңгені немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 96,1 %-ды құрады.

2010 жылға тұрғын үйді пайдалануға енгізу 75,9 мың ш.м. немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 118,0 %-ды құрады.

Қала бойынша тұтынушы тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағаның жинақ өсім қарқыны мен тарифтері 2010 жылы желтоқсан айында өткен аймен салыстырғанда – 100,8 %-ды, 2009 жылдың желтоқсан айына – 108,1 %-ды құрады.

2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына азық-түлік тауарлар тобына бағаның өсім қарқыны 109,8 % құрады, 2010 жылдың желтоқсан айына – 100,1 %, азық – түлік емес тауарлар тобына – 106,1 %, 2010 жылдың желтоқсан айына – 100,1 %. Қызмет көрсету мен тарифтер бойынша өсім қарқыны 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 107,7 %-ды, 2010 жылдың желтоқсан айына – 100,0 %-ды құрады.

2010 жылдың 12 айына жұмыссыздық деңгейі 0,7 %-ды құрады (2009 жылдың сәйкес кезеңіне – 1 %).

2011 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты тіркелген жұмыссыздар саны 572 адамға азайды және 1103 адамды құрады.

Жұмыссыздардың азаюы бірінші кезекте 5216 жұмыс орынынын ашылуы есебінен қамтамасыз етілді.

Қоғамдық жұмыстарға 1363 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 1998 адам, жастар іс-тәжірибесіне 1024 адам жіберілді.

2010 жылдың 12 айына мемлекеттік атаулы әлеуметтік-көмек 435 аз қамтылған азаматтарға, тұрғын үй – 2,3 мың отбасыға және 633 балаларға – балалар жәрдемақысы төленді.

2010 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқада міндетті төлемдердің түсімі 68,2 млрд. теңгені немесе жоспардан 109,5 %-ды құрады.

Қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне 18,5 млрд. теңге түсті немесе жоспардан 100,6 %. Меншік кірістер бойынша түсімдер 8,5 млрд. теңгені құрады немесе жоспардан 101,3 %. 2011 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша қосымша резервтерді іздестірудегі жүргізілген шаралар қорытындысында жергілікті бюджетке 727,6 млн. теңге түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігі 21532,8 млн. теңге сомасында орындалды, немесе жоспарға 99,4 %.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе жуықтағы он жылдыққа негізгі мақсат Елбасының 2010 жылғы 29 ақпандағы халыққа Жолдауында қойылған артықшылықтар есебімен Қазақстан Республикасының және оның аймақтарының дағдарыстан кейінгі экономикасын дамыту болып қалатындығын ескере кету қажет.

1.2. Негізгі мәселелер сараптамасы

Аймақ экономикасының негізгі мәселелеріне жататындар:

1. Ішкі нарықтың жеткіліксіз көлемі.

2. Кәсіпорындарда өндірісті жаңғырту үшін айналым қаражатының жетіспеуі.

3. Ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістің болмауы.

4. Нақты секторда негізгі қорлар тозуының жоғары деңгейі.

5. Шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындар дәулеттілігін төмендетуге әсер ететін үдемелі энергия тапшылығы және сәйкесінше желілердегі шығынның жоғары деңгейі.

6. Нақты кәсіпорын аясында өндірілетін өнімнің шектеулі туржинағы.

7. Шығарылатын өнімнің салыстырмалы жоғарғы сиымдылығы.

8. Ауылшаруашылық дақылдар алаңының салыстармалы ауданының аздығы.

9. Су құбыры және канализация желісінің жоғары тозуы.

10. Көлік инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы.

11. Қала тұрғындары үшін тұрғын үй қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі.

Аталған мәселелер өндірілетін өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігінен экономиканың даму қарқынын баяулатуға, қиын климатикалық жағдайлар себебінен аграрлық сектордың тұрақты дамуының төмендеуіне, сәйкес салалар мен экономиканың кіші салаларында дамудың болмауы немесе жетіспеуіне байланысты ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің артуына, сонымен қатар тұтынушы тауарлар мен қызметтерге бар баға қарқынын сақтаған жағдайда тұрғындар өмірі сапасының төмендеуіне алып кеп соғады.


1.3. Негізгі ішкі және сыртқы факторлар бағасы

Бөлім өз қызметінің үрдісінде жүргізіп жатқан экономикалық саясатқа әсер ететін факторлар қатарының пайда болуымен соқтығысуы мүмкін. Бөліммен жүргізілетін экономикалық саясатқа айтарлықтай әсер ететін сыртқы факторларға жататындар:

1. Инфляцияның өсуі.

2. Шығарылатын өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігіне байланысты экономиканың даму қарқынының баяулауы.

3. Әлемдік нарықта метал бағасының тұрақсыздығы.

4. Шығарылатын өнімге сұраныстың төмендеуіне байланысты өнеркәсіптік өндіріс көлемінің азаюы.

2009 жылы тұтынушы сұранысының қысқаруы және іскерлік белсенділіктің баяулауы жағдайында инфляциялық үрдістер біраз баяулады және жалпы әлемдік беталыспен синхронды болды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушы баға индексі облыс бойынша 105,7% құрады.

Коммуналды қызметтерге тарифтің өсуіне, жағымсыз табиғи-климаттық жағдайларға байланысты 2010 жылдың басынан бастап инфляцияның едәуір кенет өзгеруі болды. Жыл ағымында жағдай тұрақтанды. Қала бойынша тұтынушы тауарлар мен қызметтерге баға мен тарифтардың жиынтық қарқыны 2010 жылдың желтоқсан айында алдынғы аймен салыстырғанда 100,8 % құрады, 2009 жылдың желтоқсан айына – 108,1%.

Өнідіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себептері:

құралдардың тозуының жоғарғы деңгейі;

шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің салыстырмалы төмендегі;

төмен инвестициялық тарту және айналыс қаражаттарының үнемі жеткіліксіздігі.

Сонымен қатар, бөлім қызметі келесідей ішкі факторлар қатарына тәуелді:

экономикалық қызметтің мамандық мүмкіндіктерінің күрт төмендеуіне алып келетін білікті кадрлардың жеткіліксіздігі – олармен негізгі экономикалық даму міндеттерін орындаудың мүмкінсіздігі;

жергілікті атқарушы органдармен облыс және қала стратегиялық құжаттарының (бағдарламалық) сапасыз іске асуы өз кезегінде қойылған даму параметрлеріне жетпеудің себебі болуы мүмкін;

2020 жылға дейінгі елді дамыту Стратегиясымен және мемлекеттік Бағдарламалармен бекітілген көптеген нысаналы индикаторлар бойынша статистикалық ақпараттың болмауы, бұл оның экономика саласында мониторинг пен бағалауға қол жеткізу жолын қиындатады.


^ 2 стратегиялық бағыт. Жергілікті деңгейде нәтижелі мемлекеттік сектор құру


2.1. Іскерлік саласын дамытудың негізгі параметрлері

Ағымдағы жағдайда өткізіліп жатқан әкімшілік реформалар аясында нәтижеге бейімделген мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жүргізілуде.

Жалпы барлық мемлекеттік жоспарлау жүйесі, экономикалық та, бюджеттік те, стратегиялық мақсаттарға жетуге және елдің әлеуметтік-экономикалық басым міндеттерін іске асыруға, нақты нәтижелер алуға бейімделетін болады, яғни мемлекеттік жоспарлау нәтижеге бейімделеді.

Бюджеттік қаражаттар көрсетілетін қызметтерге айқын байланысқа ие болады, және оларды жоспарлағанда негізгі назар бюджеттік бағдарлама аясында тура және соңғы нәтижеге бөлінетін болады. Осылайша бюджеттік бағдарлама әкімгерлері мен барлық бюджеттік үрдіске қатысушылардың жауапкершілігінің артуы мен дербестігі кеңейетін болады, бюджеттің орындалу барысында бюджеттік бағдарлама әкімгерлері өздеріне алынған міндеттердің орындалу дәрежесін бақылап отырады.

Жаңа тәсілдерді енгізумен мемлекеттік жоспарлауда толық анықтылық, мемлекеттік органдардың қызметін қоғамның бақылауы қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы қабылданған «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Жарлығында міндет мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Осыған байланысты 2011 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың іскерлік тиімділігін жүйелік негізінде жыл сайынғы бақылау өткізу қарастырылуда.

2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының жағдайы, елдің болжамдық аймақтық-кеңістік даму сұлбасы, мемлекеттік бағдарламалар есебімен 2011-2015 жылдарға арналған қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары дайындалуда.

Нәтижеге бейімделген мемлекеттік жоспарлау жүйесін, бюджеттің уақытында және толық орындалуын тиімді енгізу бойынша міндеттерді орындау мақсатында қала мен бюджеттің үш жылдық мерзімге әлеуметтік-экономикалық даму Болжамын құру қарастырылуда.


2.2 Негізгі мәселелер талдауы

Қазіргі уақытта стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың үндесуі мемлекеттік, салалық, аумақтық және аймақтық бағдарламалар арқылы іске асуда.

Бірақ, бағдарламаны жасаудың қалыптасқан тәсілі мен тәртібі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуді және мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалануды қаматамасыз ете алмайды.

Бюджеттік қаражаттар жиі жеткіліксіз негізделмей және тиімсіз шығындалады және стратегиялық жоспарлаудың іске асыру бастамасымен әлсіз байланысқан. Бірінші кезекте бұл бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің жеткіліксіз бюджеттік тәртібімен байланысты.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі осындай жағдай экономиканың және тұтас мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына кедергі келтіреді.

2.3 Негізгі ішкі және сыртқы факторлардың бағасы

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес және 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» Жарлықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында 2011-2015 жылдарға арналған Өскемен қаласы аймағын дамыту Бағдарламасы бекітілді. Аталған Бағдарлама мақсаты экономиканың барлық салаларын дамыту, инженерлік инфрақұрылым тиімділігін арттыру, әлеуметтік саланы дамыту, табиғи кешенді сақтау және тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар жасау үшін қоршаған ортаны сауықтыру болып табылады.

Мемлекеттік органдардың маңызды міндеттері келесілер болып табылады: соңғы нәтижеге бейімделу; елдің стратегиялық бағдарламалар құжатының көрсеткішімен мемлекеттік органдар қызметінің көрстекішін үйлестіруді қамтамасыз ету; мемлекеттік аппараттың соңғы нәтижеге жету жауапкершілігін арттыру.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен функция талдауын өткізу тек олармен нақты тапсырмалар алу кезінде іске асады. Жергілікті билік деңгейі бойынша өкілдік жүргізу пәнін шектеу жалпы сипатта анықталған және нақты регламенттелмеген.

Аталған бағыт аясында жергілікті атқарушы органдардың функционалдық сараптамасы, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму есебімен жергілікті мемлекеттік басқарманың құрылымын және штат санын оңтайландыру жүргізу жоспарлануда.


  1. ^ Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтижелер көрсеткіші


3.1 Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтижелер көрсеткіші

^ 1 стратегиялық бағыт. Қала экономикасын жеделдетіп дамыту

1.1 мақсат. Қала экономикасының сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар коды 001, 003, 004



Мақсатты индикатор

Ақпарат көзі

өлшем бір.

Оның ішінде аралық мәнді көрсетумен

Есептік кезеңде

Жоспарлық кезеңде

2009 жыл

(есеп)

2010 жыл

(есеп)

2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014 жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру (жылына 1 адамға)

Статистикалық есеп

млн. тг.

8,3

8,9

9,7

10,4

11,0

12,3

12,3

Металлургиялық өнім өндірісі көлемін 2,2 есеге арттыру

Статистикалық есеп

млрд. тг.

181,2

196,8

204,6

272,8

292,3

389,8

398,5

Машина жасау өндірісі көлемін 1,6 есеге арттыру

Статистикалық есеп

млрд. тг.

26,2

26,5

26,9

30,2

33,5

37,1

41,9

Құрылыс материалдары өндірісі көлемін арттыру

Статистикалық есеп

млрд. тг.

2,1

2,7

3,2

4,3

5,4

6,5

7,3

Тұтынушы баға индексін 6-8% шегінде ұстап тұруды қамтамасыз ету

Статистикалық есеп

%

5,7

7,8-8

6-8

6-8

6-8

6-8

6-8

Мақсаттық индикаторға жету жолдары, құралдары және тәсілдері:

1.1.1 міндет. Қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Тура нәтижелер көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010

жыл

(есеп)

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014 жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Өңдеу өнеркәсібінде алдыңғы жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемін арттыру


Статистикалық мәліметтер

%

103,1

137,6

105,1

106

106,5

106,8

107,1

2. Құрылыс материалдары өндірісінде табиғи көлем индексін арттыру

Статистикалық мәліметтер

%

108,7

109,3

110

112

115,1

117,3

118,8

3. Металлургиялық салада табиғи көлем индексін арттыру

Статистикалық мәліметтер

%

92,2

152,3

100

101,3

102,8

105,3

106

4. Машина жасау саласында табиғи көлем индексін арттыру

Статистикалық мәліметтер

%

85,0

97,7

100

101

102,3

104,5

105,8

5. Өңдеу өнеркәсібінде табиғи көлем индексін арттыру

Статистикалық мәліметтер

%

97,4

138,7

101

103

105,6

108,2

110,1

Тура нәтижелерге жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы және оның тұрақтылығы мен теңгерімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды жасау

х

х

х

х

х

2. Бөлімнің, жетекшілік ететін кәсіпорын салаларының, ауыл шаруашылығының және сауданың стратегиялық жоспарларында бекітілген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету

х

х

х

х

х

1.1.2 міндет. Инфляциялық үрдістерді тежеу бойынша қалалық штаб мәжілісін дайындау

Тура нәтижелер көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010

жыл

(есеп)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Тұтынушы баға индексі

Статистикалық мәліметтер


%

105,7

107,8-108

106-108

106-108

106-108

106-108

106-108

Тура нәтижелерге жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Қаладағы баға және тариф өсу қарқынының талдауы

х

х

х

х

х

2. Қаладағы азық түлік тауарлары мен қызметтерге баға мониторингі

х

х

х

х

х


1.1.3 міндет. Қаладағы инвестициялық белсенділікті қолдау

Тура нәтижелер көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010

жыл

(есеп)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін жасау






бір.



1



1



1



1



1



1



1

2. Сараптама өткен жасалған технико-экономикалық негіздеме саны




бір.

5

-

1

1

1

1

1

Тура нәтижелерге жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асыруын жасау және монитроинг

х

х

х

х

х

2. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыларды дайындау

х

х

х

х

х

1.1.4 міндет. Ауылдық аймақтарды тұрақты даму негізін құру

Тура нәтижелер көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010

жыл

(жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Орталықтанған су жабдықтауымен ауылды елді мекендер үлесін арттыру (АЕМ жалпы санынан)

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі



%






42,8



42,8



57,1



71,4



71,4



71,4

Әлеуметтік сала мамандарымен ауылдарды қамсыздандыру

Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері

%

100

100

100

100

100

100

100

Тура нәтижелерге жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

Ауылды елді мекендерде сумен жабдықтау желілері құрылысы және қайта құру

х

х

-

-

-

Ауылдарды әлеуметтік сала мамандарымен қамтудың мониторингі және талдауы

х

х

х

х

х

1.1.5 міндет. Қаланы тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау

Тура нәтижелер көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010

жыл

(жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Әкімдік мәжілісінің хаттамасы

бір.

1

1

1

1

1

1

1

2. Өскемен қаласы аймағын дамыту

Мәслихат шешімі

бір.




1













1

Тура нәтижелерге жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. 5 жылға қаланың әлеуметтік экономикалық даму жоспарын жасау

х

х

х

х

х

2. Қала аймағын дамыту бағдарламасының монитроингі

х

х

х

х

х

3. Қала аймағын дамыту бағдарламасын келісу













х

4. 2016-2020 жылдарға арналған қала аймағын дамыту бағдарламасын жасау













х


  1   2   3



Похожие:

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға...
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттары, міндеттері, мақсаттық индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін,...
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемелекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Сәйкес келетін сала орта қызметінің даму беталасы және ағымдағы жағдайдың талдауы
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) – бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық...
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon450 «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық...
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011 – 2015 жылдарға «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттамалары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы