|
«Дарындар шұғыласы» қалалық хореографиялық конкурсты өткізу ережесі. Конкурсты ұйымдастырушылар: - Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Мақсаты және міндеті: 1. Ең талантты да жарқын қатысушылар мен орындаушыларды анықтау. 2. Хореографиялық өнердің деңгейін көтеру. 3. Жеткіншектер мен балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Шарты: Конкурс «Халық биі», «Осы заманғы би» (эстрадалық, стилді) болып екі номинация бойынша өтеді. Әр топ, жас категориясына сәйкес номинациялар бойынша екі нөмірден ұсынады. 3-5 жас аралығындағы категориялар әр номинация бойынша 1 нөмірден ұсынады (немесе 2 номерден ұжымның қаралуы бойынша). Жеңімпаздар мақтау грамотасымен және медальмен марапатталады. Хореографиялық нөмірді бағалау критерилері:
Қатысушылары: Конкурсқа жалпы білім беретін мектептердің, өнер мектептерінің, аула клубтарының, Мәдениет сарайы және Мәдениет үйлерінің, жоғарғы және орта оқу орындарының би топтары қатыса алады. Жас категориялары:
Өтетін уақыты және орны: Конкурс және қорытынды бойынша марапаттау 2013 жылы 28 сәуірде сағ. 11.00-де ММС-да өтеді. Уақыты және қатысу үшін өтініштер нысаны:
Өтініш мына мекен жай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 29, 4 кабинет – мәдениет секторы, 2013 жылдың 26 сәуіріне дейін. Байланыс телефоны: факс 26-55-36 , 57-79-86 электронды почта mera06@inbox.ru |