Қызмет стандарты Жалпы ережелер icon

Қызмет стандарты Жалпы ережелер



НазваниеҚызмет стандарты Жалпы ережелер
страница1/8
Дата конвертации21.04.2013
Размер1.63 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану
(жалдау) құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер учаскесiне уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актi дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – мамандандырылған кәсiпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалдары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекеттiк қызметтердi мобильдi орталық арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 35, 37 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң www.auzr.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi органның стендiлерiнде;
      3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      4) орталықтың стендiлерiнде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берiлуi мүмкiн.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасымалдағышта уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына акт беру немесе уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту себебi жазбаша көрсетiлген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) уәкiлеттi органға өтiнiш жасаған сәттен бастап:
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актiнi берген кезде – 6 жұмыс күнiн;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнiн құрайды;
      мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет алушыға өтiнiш берген күнi қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.
      2) орталыққа өтiнiш жасаған сәттен бастап:
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актiнi берген кезде – 6 жұмыс күнiн;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнiн құрайды;
      мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет алушыға өтiнiш берген күнi қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi.
      Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындағаны үшiн мемлекеттiк қызмет құны осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес мөлшерде есептеп шығарылады.
      Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорын ғимаратындағы кассаларда жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбiртек) бередi. Төлем құжатының (түбiртектiң) нысаны осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетiлген.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: дүйсенбiден жұма күнiн қоса алғанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13-00-ден 14-00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндер.
      Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, мемлекеттiк қызмет дүйсенбiден сенбi күнiн қоса алғанда күн сайын, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.
      Қабылдау «электрондық кезекке» тұру тәртiбiмен, жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттарды бекiтiлген кестеге сәйкес қабылдайды, алайда бiр елдi мекенде жұмасына жұмыс уақыты алты сағаттан кем болмауы тиiс.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) уәкiлеттi органның ғимаратында көрсетiледi, залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер, өтiнiш бланкiлерi бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (пандус, лифт) көзделген;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының қалауы бойынша орталық ғимаратында көрсетiледi, мұнда мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдай қарастырылған, өртке қарсы сақтық шаралары қабылданған. Залда анықтама бюросы, күту орындары, ақпараттық стендiлер орналастырылады.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      уәкiлеттi органға:
      1) мемлекет уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетiлген жұмыстарды орындаған ұйым беретiн, нақты жер учаскесiне арналған жерге орналастыру жобасының бiр бөлiгi және оның жергiлiктi жердегi шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады;
      орталыққа:
      1) мемлекет уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетiлген жұмыстарды орындаған ұйым беретiн, нақты жер учаскесiне арналған жерге орналастыру жобасының бiр бөлiгi және оның жергiлiктi жердегi шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң – заңды тұлғаның өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң – заңды тұлғаның өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн;
      3) жер учаскесiне уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.
      өкiлдiң – заңды тұлғаның өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн орталық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен берiлген құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқамен сәйкестiгiн тексередi, содан кейiн мемлекет қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарып бередi.
      12. Өтiнiштердiң бланкiлерi уәкiлеттi органның анықтама бюросында болады.
      Орталықта мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады немесе орталықтың консультанттарында болады.
      13. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесiнiң орналасқан орнына байланысты уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасы жүзеге асырады.
      Орталықта құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлерi жүзеге асырады.
      14. Уәкiлеттi орган немесе орталық мемлекеттiк қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi;
      6) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары.
      15. Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi беру сенiмхатты, қолхатты және мемлекеттiк қызмет алушының не сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, мемлекеттiк қызмет алушының жеке өзiне не сенiм бiлдiрiлген тұлғаға жүзеге асырылады.
      16. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады:
      1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;
      3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
      Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе орталық мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарды тапсырған күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себебi туралы жазбаша хабардар етедi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi сот шешiмдерi және прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша тоқтата тұру ол үшiн негiз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейiнгi, ал бiрнеше өтiнiштер түсу себебi бойынша тараптар арасында келiсiм орнатылғанға дейiнгi не заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылғанға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырылған деп есептеледi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеу және есепке алу кiтабына енгiзiледi. Мемлекеттiк қызмет алушыға жер учаскесiне уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi ресiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн мемлекеттiк қызмет алушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
      Уәкiлеттi орган белгiленген мерзiм iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнiнiң мерзiмi өткеннен кейiн уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актi берiлген болып есептеледi.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның және орталықтың мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттiк қызмет алушылармен жұмыс iстеген кезде сыпайылық таныту;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтiнiштi қарау кезiнде лауазымды тұлғалардың қызметiнiң ашықтығы;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызмет алушының құжаттарының мазмұны жөнiндегi ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсететiн лауазымды тұлғалардың байланыс деректерi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жауапты болып табылады. Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 8-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгiне алады.
      22. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсетуге шағымды мемлекеттiк қызметтi алушы:
      1) уәкiлеттi органда мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның басшысының атына;
      2) орталықта мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген орталықтың басшысының атына жолдайды.
      23. Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағым онда көрсетiлген мәселелердi шешу құзыретiне кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жолдануға тиiс.
      Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), электрондық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюы тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымы, лауазымды тұлғалардың аты-жөнi, шағымдану себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым кiрiс құжаттарын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңдардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттiк қызмет алушыға күнi мен уақыты, шағымды (арызды) қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi және берiлген шағымға жауап алатын орны, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi. Шағымның қаралу нәжижесi туралы өтiнiш иесiне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерi – күнтiзбелiк 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеудi талап етпеген жағдайда – күнтiзбелiк 15 күн.
      Орталықта: қолма-қол және пошта арқылы шағымдардың қабылдануының растауы оның орталықтың кеңсесiнде тiркелуi (мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Шағымды қабылдаған тұлға мемлекеттiк қызмет алушыға оның шағымының қабылданғаны жөнiнде талон бередi, онда нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, байланыс телефоны көрсетiледi.
      26. Егер мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды мамандандырылған кәсiпорынның мұрағатына өткiзедi.
      Егер мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.

«Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, 
қысқа мерзiмдi) жер пайдалану   
(жалдау) құқығына актiлердi     
ресiмдеу және беру»        
мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша            

Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi уәкiлеттi органдардың
  1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер

Қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
«Борттық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Жолаушылардың әуе көлігі» кәсіби қызметі саласындағы біліктілік деңгейіне,...
Қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер
Мемлекеттiк қызметтердiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында шалғай елдi мекендердiң тұрғындарына мобильдi орталықтар арқылы...
Қызмет стандарты Жалпы ережелер iconҚұжаттарды ресiмдеу мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)...
Қызмет стандарты Жалпы ережелер iconҚызмет стандарты Жалпы ережелер
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
Қызмет стандарты Жалпы ережелер iconҚызмет стандарты Жалпы ережелер
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
Қызмет стандарты Жалпы ережелер iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
Қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігерді (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер)...
Қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігердің (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы