«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon

«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»



Название«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
страница1/8
Дата конвертации21.04.2013
Размер1.63 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және
беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – мамандандырылған кәсiпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалдары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекеттiк қызметтердi мобильдi орталық арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 35, 36 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң www.auzr.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi органның стендiлерiнде;
      3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында РМК;
      4) орталықтың стендiлерiнде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берiлуi мүмкiн.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасымалдағышта уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беру немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебi жазбаша көрсетiлген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) уәкiлеттi органға өтiнiш жасаған сәттен бастап:
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнi берген кезде – 6 жұмыс күнiн;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнiн құрайды;
      мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет алушыға өтiнiш берген күнi қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      2) орталыққа өтiнiш жасаған сәттен бастап:
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнi берген кезде – 6 жұмыс күнiн;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнiн құрайды;
      мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет алушыға өтiнiш берген күнi қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi.
      Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн мемлекеттiк қызмет құны осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес мөлшерде есептеп шығарылады.
      Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорын ғимаратындағы кассаларда жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбiртек) бередi. Төлем құжаттың (түбiртектiң) нысаны осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетiлген.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: дүйсенбiден жұма күнiн қоса алғанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13-00-ден 14-00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерi.
      Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, мемлекеттiк қызмет дүйсенбiден сенбi күнiн қоса алғанда күн сайын, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.
      Қабылдау «электрондық кезекке» тұру тәртiбiмен жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мобильдiк орталықтар құжаттарды бекiтiлген кестеге сәйкес қабылдайды, алайда бiр елдi мекенде жұмасына жұмыс уақыты алты сағаттан кем болмауы тиiс.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) уәкiлеттi органның ғимаратында көрсетiледi, залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер, өтiнiш бланкiлерi бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (пандус, лифт) көзделген;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының қалауы бойынша орталық ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдай қарастырылған, өртке қарсы сақтық шаралары қабылданған. Залда анықтама бюросы, күту орындары, ақпараттық стендiлер орналастырылады.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      уәкiлеттi органға:
      1) мемлекет уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе жер учаскесiне сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың, өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың және өкiлеттi өкiлдiң жеке бас куәлiгiнiң көшiрмелерiн тексеру үшiн олардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады;
      орталыққа:
      1) мемлекет жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берген кезде:
      1) мемлекет уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi – заңды тұлғаға;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi – заңды тұлғаға;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн;
      3) жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi – заңды тұлғаға;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн орталық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен берiлген құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқамен сәйкестiгiн тексередi, содан кейiн мемлекет қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарып бередi.
      12. Өтiнiштердiң бланкiлерi уәкiлеттi органның анықтама бюросында болады.
      Орталықта мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады немесе орталықтың консультанттарында болады.
      13. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесiнiң орналасқан орнына байланысты уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасы жүзеге асырады. Орталықта құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлерi жүзеге асырады.
      14. Уәкiлеттi орган немесе орталық мемлекеттiк қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi;
      6) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары.
      15. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi беру сенiмхатты, қолхатты және мемлекеттiк қызмет алушының не сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, мемлекеттiк қызмет алушының жеке өзiне не сенiм бiлдiрiлген тұлғаға жүзеге асырылады.
      16. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады:
      1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;
      3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
      Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе орталық мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарды тапсырған күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себебi туралы жазбаша хабардар етедi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi сот шешiмдерi және прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша тоқтата тұру ол үшiн негiз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейiнгi, ал бiрнеше өтiнiштер түсу себебi бойынша тараптар арасында келiсiм орнатылғанға дейiнгi не заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылғанға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырылған деп есептеледi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеу және есепке алу кiтабына енгiзiледi. Мемлекеттiк қызмет алушыға жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi ресiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн мемлекеттiк қызмет алушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
      Уәкiлеттi орган белгiленген мерзiм iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнiнiң мерзiмi өткеннен кейiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi берiлген болып есептеледi.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның және орталықтың мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттiк қызмет алушылармен жұмыс iстеген кезде сыпайылық таныту;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтiнiштi қарау кезiнде лауазымды тұлғалардың қызметiнiң ашықтығы;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызмет алушының құжаттарының мазмұны жөнiндегi ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсететiн лауазымды тұлғалардың байланыс деректерi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жауапты болып табылады. Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 8-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгiне алады.
      22. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсетуге шағымды мемлекеттiк қызмет алушы:
      1) уәкiлеттi органда мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның басшысының атына;
      2) орталықта мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген орталықтың басшысының атына жолдайды.
      23. Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағым онда көрсетiлген мәселелердi шешу құзыретiне кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жолдануға тиiс.
      Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), электрондық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюы тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымы, лауазымды тұлғалардың аты-жөнi, шағымдану себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым кiрiс құжаттарын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңдардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттiк қызмет алушыға күнi мен уақыты, шағымды (арызды) қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi және берiлген шағымға жауап алатын орны, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi. Шағымның қаралу нәжижесi туралы өтiнiш иесiне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерi – күнтiзбелiк 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеудi талап етпеген жағдайда – күнтiзбелiк 15 күн.
      Орталықта: қолма-қол және пошта арқылы шағымдардың қабылдануының растауы оның орталықтың кеңсесiнде тiркелуi (мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Шағымды қабылдаған тұлға мемлекеттiк қызмет алушыға оның шағымының қабылданғаны жөнiнде талон бередi, онда нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, байланыс телефоны көрсетiледi.
      26. Егер мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды мамандандырылған кәсiпорынның мұрағатына өткiзедi.
      Егер мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.

«Уақытша өтеусiз жер пайдалану
құқығына актiлердi ресiмдеу  
және беру»           
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша            

^ Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi уәкiлеттi органдардың
тiзбесi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты адам

Байланыс телефоны

Электрондық мекен жайы

1

2

3

4

5

Ақмола облысы

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 1 Б

Басқарма бастығы

8-716-2 25-00-96

uzo_akm@mail.ru

«Ақкөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81

Бөлiм бастығы

8-716-38 2-25-48

zem_akkol@ mail.ru

«Аршалы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аршалы ауданы, Аршалы кентi, Ташенов көшесi, 47

Бөлiм бастығы

8-716-44 2-13-56

zem archaly@ mail.ru

«Астрахан ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50

Бөлiм бастығы

8-716-41 2-38-65

astrshan_zem@ mail.ru

«Атбасар ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесi,9

Бөлiм бастығы

8-716-43 2-13-45, 2-43-71

atbasar_ozo@ mail.ru

«Бұланды ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19

Бөлiм бастығы

8-716-46 2-38-15

zem-bul@ mail.ru

«Егiндiкөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6

Бөлiм бастығы

8-716-42 2-15-10

otdelzemotnegin@ mail.ru

«Еңбекшiлдер ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 109

Бөлiм бастығы

8-716-39 2-14-73 2-22-83

uzoenbek@ mail.ru

«Ерейментау ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесi, 136

Бөлiм бастығы

8-716-33 2-12-74

eremenzem@ mail.ru

«Есiл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Д.Қонаев көшесi, 13

Бөлiм бастығы

8-716-47 2-16-47

Esil_zemcom@ mail.ru

«Жақсы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесi, 32

Бөлiм бастығы

8-716-35 2-20-11

bota_99_29_@ mail.ru

«Жарқайың ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Захаров көшесi, 16/4

Бөлiм бастығы

8-716-48 9-23-87

otzemot@ kokshetau.online.kz

«Зерендi ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 81

Бөлiм бастығы

8-716-32 21-9-91 21-1-87

OZO_ZER@ mail.ru

«Қорғалжын ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесi, 9

Бөлiм бастығы

8-716-37 2-16-21

Zemkorg@ mail.ru

«Сандықтау ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан көшесi, 119

Бөлiм бастығы

8-716-40 9-13-56

zand_zem_@ mail.ru

«Целиноград ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15

Бөлiм бастығы

8-716-51 3-11-24 3-11-64

Zimcom73@ mail.ru

«Шортанды ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Лермонтов көшесi, 13

Бөлiм бастығы

8-716-31 2-26-40 2-18-80

zemshort@ mail.ru

«Бурабай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Бөлiм бастығы

8-716-36 4-22-89

OZOHR@ mail.ru

«Степногор қаласы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Степногор қаласы, 4-шi шағын аудан, 1-шi ғимарат

Бөлiм бастығы

8-716-45 6-25-12

zem_step@ mail.ru

«Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89

Бөлiм бастығы

8-716-2 25-35-56 25-46-79

ozo@mail.ru

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 40

Басқарма бастығы

8-713-2 56-03-55

zem_otnosh@mail.kz

«Әйтеке би ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10

Бөлiм бастығы

8-713-39 2-15-72

Zemotdel_Aitek@mail.ru

«Алға ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Алға ауданы, Алға қаласы, 5-шi шағын аудан, 4

Бөлiм бастығы

8-713-37 3-10-37

Alga-zem@ mail.ru

«Байғанин ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Байғанин ауданы, Қарауылкелдi ауылы, Д. Қонаев көшесi, 36

Бөлiм бастығы

8-713-45 2-25-57

Baiganin_zemotno@mail.ru

«Ырғыз ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбiлхайыр хан көшесi, 28

Бөлiм бастығы

8-713-43 2-10-61

irgizzem@kz

«Қарғалы ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесi, 32

Бөлiм бастығы

8-713-42 2-27-66

Kargalazem@kz

«Қобда ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қобда ауданы, Желтоқсан көшесi, 26

Бөлiм бастығы

8-713-41 2-16-34

hobdazem@ mail.ru

«Мәртөк ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мәртөк ауданы, Мәртөк кентi, Сейфуллин көшесi, 38

Бөлiм бастығы

8-713-31 2-11-10

Martukzher@mail.ru

«Мұғалжар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Гагарин көшесi, 6

Бөлiм бастығы

8-713-33 36-5-29

Mur.zemotdel@mail.ru

«Темiр ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан көшесi, 5

Бөлiм бастығы

8-713-46 2-21-22

Zem_otnoh@mail.kz

«Ойыл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69

Бөлiм бастығы

8-713-32 2-18-80

Zem_komytet@mail.ru

«Шалқар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесi, 63

Бөлiм бастығы

8-713-35 2-13-29

Zhalkar-gkb @mail.ru

«Хромтау ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Спорт көшесi, 2

Бөлiм бастығы

8-713-36 2-51-47

Khromtau zem @mail.ru

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесi, 2

Бөлiм бастығы

8-713-2 21-25-56

zem.komytet@mail.ru

Алматы облысы

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 36/42

Басқарма бастығы

8-728-2 27-01-25, ф. 24-16-70

yprzo@mail.ru

«Ақсу ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақсу ауданы, Жансүгiров кентi, Желтоқсан көшесi, 5

Бөлiм бастығы

8-728-32 2-21-26 2-16-60

zemotdelaks@megaline.kz

«Алакөл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 91 г

Бөлiм бастығы

8-728-33 2-33-33 2-22-08

akimat_Alako@mail.ru

«Балқаш ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесi, 66

Бөлiм бастығы

8-727-73 9-12-15 9-16-82

bagi_88@mail.ru

«Еңбекшiқазақ ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Еңбекшiқазақ ауданы, Есiк қаласы, Тоқатаев көшесi, 53

Бөлiм бастығы

8-727-75 4-54-07 4-57-77

Beiseuov Busashevieh

«Ескелдi ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ескелдi ауданы, Қарабұлақ кентi, Сәтпаев көшесi, 65

Бөлiм бастығы

8-728-36 3-00-66 3-17-68

otdel_zhkh @mail.ru

«Жамбыл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қараш батыр көшесi, 117

Бөлiм бастығы

8-727-70 2-29-51 2-07-44 2-15-11

Umirzakova Saruar

«Iле ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Абай көшесi, 23

Бөлiм бастығы

8-727-52 2-26-91 2-09-78

IIiiorgodel08. @mail.ru

«Қарасай ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарасай ауданы, Қаскелең ауылы, Гаражная көшесi, 34

Бөлiм бастығы

8-727-71 2-00-41 2-58-41

karasay_akimat @ram bler.ru

«Қаратал ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қосмолданов көшесi, 21

Бөлiм бастығы

8-728-34 2-10-45

org_karatal @mail.ru

«Кербұлақ ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентi, Момышұлы көшесi, ХҚК ғимараты

Бөлiм бастығы

8-728-40 2-16-01 3-22-53

kerbakimbux @mail.ru

«Көксу ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көксу ауданы, Балпық би кентi, Мырзабекұлы көшесi, 38

Бөлiм бастығы

8-728-38 2-08-61 2-03-07

fkimat-koksu @mail.ru

«Панфилов ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацк көшесi, 131

Бөлiм бастығы

8-728-31 5-11-36 5-01-19

js_rima @bk.ru

«Райымбек ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Әзiмжанов көшесi, 3

Бөлiм бастығы

8-727-77 2-15-69 2-15-24

raimbek_akimat @mail.ru

«Сарқант ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сарқант ауданы, Сарқант қаласы, Тынышбаев көшесi, 8

Бөлiм бастығы

8-728-39 2-17-93 2-32-79

sarkand-2009 @mail.ru

«Талғар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесi, 98

Бөлiм бастығы

8-727-73 88-16-71 88-16-72

talgar-akimat @rambler.ru

«Ұйғыр ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Кентал Исламов көшесi, 70

Бөлiм бастығы

8-727-78 2-16-50 2-16-96

www.uigur-akimat.kz

«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қапшағай қаласы, Қойшыманов көшесi, 4

Бөлiм бастығы

8-727-72 4-07-75 4-14-04

O_sholpan_67 @mail.ru

«Текелi қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Текелi қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Бөлiм бастығы

8-728-35 4-27-96

akimat_tekeliforever.kz ozeo @mail.ru

«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 36/42

Бөлiм бастығы

8-728-2 24-01-45 24-19-76

zemotdelaks@mtgaline.kz

Атырау облысы

«Атырау облысы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 А

Басқарма бастығы

8-712-2 35-46-00, 35-44-06

Atyrau_uzo@mail.kz

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 7

Бөлiм бастығы

8-712-37 5-09-01

zemkom_kulsary@mail.ru

«Индер ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Индер ауданы, Индер кентi, Меңдiғалиев көшесi, 30/12

Бөлiм бастығы

8-712-34 2-17-96

InderRZO@mail.ru

«Исатай ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесi, 23

Бөлiм бастығы

8-712-31 2-01-59

Isatai_Zem.com@mail.ru

«Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесi, 25

Бөлiм бастығы

8-712-33 2-14-47

Z_o_kurmangazy@mail.ru

«Қызылқоға ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Сәтпаев көшесi, 24

Бөлiм бастығы

8-712-38 2-15-18

Suindik_k@mail.ru
  1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлерді ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ереже Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлерді ресiмдеу және беру»
Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлерді ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандартының регламенті Негізгі түсініктер Осы «Жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру»
Осы «Жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» регламентінде (бұдан әрi Регламент) келесі...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ереже Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер беру»
Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер беру» стандарты (бұдан әрi стандарт) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» iconУақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлердi ресiмдеу және беру
«Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы