|
Қала әкімінің есеп беру нәтижелері бойынша бақылау күні 20 шілдеде Өскемен қаласының әкімі И.Ә. Әбішевпен ағымдағы жылдың қаңтар, ақпанында есеп беру кездесулерінде түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша Бақылау күні өткізілді. Есеп беру барысында 267 өтініш түсті. Аблакетка ауданы тұрғындарын ыстық сумен қамтуды шешу бойынша проблемалар көтерілді, кейбір автобустардың, әсіресе қаланың шалғай аудандарына баратын бағыттарының қанағаттанарлықсыз жұмысы бойынша өтініштері қаралды. Лифт жөндеу, қаланың кейбір бөліктерінде нөсерлік канализацияларды жөндеу бойынша мәселелер көтерілді. Аула аумақтарын, жолдарды жөндеу бойынша мәселелер шешімін тапты. Сондай-ақ қалада тұрғындар сұрауы бойынша аулалық және спорт алаңдарын ұйымдастыру бойынша мәселелер шешілуде. Қазіргі кезде шалғай аудандарда сумен қамту мәселесі шешілуде. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй бөлу, жер телімдерін бөлу мәселелері бойынша түсті, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді. Барлық өтініштер тұрақты бақылауда тұр. |