«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» icon

«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру»



Название«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
Дата конвертации12.01.2013
Размер139.06 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

«__» _____ 2012 жылғы

№ қаулысымен

бекітілген


«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық

сертификатын беру»

мемлекеттік қызметінің стандарты



  1. Жалпы ережелер



1. «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - аумақтық орган) көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабы 11 тармағының және 2005 жылғы 6 мамырдағы №436 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелері-мемлекеттерінің аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты www.mtk.gov.kz мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсының «Көліктік бақылау комитеті» тарауының «Мемлекеттік қызметтер» тармақшасында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын (бұдан әрі - Сертификат) қағаз түрінде беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап қайтару болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алуға келіп түскен арыз аумақтық органмен 1 сағат ішінде қаралады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мейрам күндерінсіз тәулік бойы ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылуынсыз және жылдам қызмет көрсетуінсіз, кезекшілік тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде жүзеге асырылады, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалынған, күту орындары және қажетті құжаттардың тізілімі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден көшірілгендер орналастырылған стендтермен жабдықталған құжаттарды толтыру орындары бар.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша талдау жүргізу және әрі қарайғы жұмысты жетілдіру үшін қоғамдық пікірді білу мақсатында, тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау үшін жәшіктер де орнатылған.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі


10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі қабылдау жүргізген аумақтық органнның қызметкері тарапынан берілетін, Ереженің қосымшасына сәйкес, нысан бойынша сертификаттың 1-3 бағанын толтырады.

11. Қазақстан Республикасы аумағында сертификат Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, көлік құралының бет алған жолында орналасқан Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушының немесе жүргізушінің өтініші бойынша беріледі.

12. Жүк көлік құралдарын өлшеу тұрақты таразы жабдығында жүргізіледі.

13. Сертификатты рәсімдеу кезінде көлік құралын өлшегенге дейін тасымалдаушымен сертификаттың 1-3 бағаны толтырылады, көліктік бақылау органдарының қызметкерлерімен сертификаттың 4-8 бағаны толтырылады. Көлік құралына өлшеу жүргізілгеннен кейін тасымалдаушымен немесе жүргізушімен 1-8 бағанның дұрыс толтырылғандығын растайтын сертификаттың 9 бағаны толтырылады.

14. Сертификаттағы ақпараттар дұрыс ретінде танылады және келесілерден басқа жағдайларда көлік құралын бақылап өлшеуге жол берілмейді:

1) сертификатта және ілеспе құжаттарда көрсетілген салмақтық және (немесе) көлемдік көрсеткіштердің сәйкес келмеуі (CMR, CARNET TIR);

2) жүкті тиеу, жүкті бөліп түсіру немесе басқа көлік құралына асыра тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;

3) сертификатта көрсетілген деректердің (3 баған) бақыланатын көлік құралының фактілік деректерімен сәйкес келмеуі;

4) сертификатта көрсетілген деректерге (8 баған) көлік құралының ерекше салмақтық көлемінің сәйкес келмеуі;

15. Көлік құралын бақылап өлшеудің нәтижелері сертификаттың 10 бағанына жазылады.

16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы №62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған көлік құралдарының рұқсат етілген көрсеткіштерін асырған жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргізуші салық заңнамасымен белгіленген мөлшерлемелер бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасын төлейді.

17. Қазақстан Республикасы аумағы бойынша сертификаттың қолданылуы оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе жүк тасымалын жүзеге асырушы көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген рұқсатты жоятын басқа да әрекеттер бойынша халықаралық жүктердің тасымалын жүзеге асырушы автокөлік құралының тіркелуіне тәуелді емес.



  1. ^ Жұмыстың қағидалары


18. Аумақтық органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылықтың, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толыққанды ақпараттарды ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялық қағидасында жүзеге асырылады.



  1. Жұмыстың нәтижелері


19. Аумақтық органның жұмыс нәтижелері осы стандарттың 3 қосымшасына сәйкес, сапалы және тиімді көрсеткіштермен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапалы және тиімді көрсеткіштерінің мақсаттылық маңызы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен жыл сайын бірінші тоқсанда бекітіледі.



  1. ^ Шағымдану тәртібі


21. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасы бойынша кінә тағулар болған жағдайда, лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекен-жайлар бойынша аумақтық органның кеңсе қызметкерлерімен түсіндіріледі.

22. Аумақтық органмен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету процесі бойынша шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті Төрағасының атына беріледі. 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекен-жайы: ktk@mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08.

Жұмыс кестесі аптасына бес жұмыс күнін құрайды (9:00-18:00), оның ішінде түскі үзіліс уақыты 13:00-14:30.

23. Мемлекеттік қызмет аумақтық органмен осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша көрсетіледі.

Аумақтық органның жұмыс кестесі осы стандарттың 2 қосымшасына сәйкес, түскі үзіліс уақытымен, аптасына 5 жұмыс күнін құрайды.

Дөрекі қызмет көрсету жағдайында шағым осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі.

24. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы белгіленген заңнамалық тәртіпте сотқа шағымдануға құқылы.

25. Шағым еркін нысанда жасалады.

26. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Күні мен уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, мерзімі мен берілген шағымға жауап алудың орны және лауазымды тұлғаның байланыс деректері, шағымды қарастыруға жауаптылар көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Шағымды қарастырудың нәтижелері туралы тұтынушыға пошта немесе электрондық поштамен жазбаша түрде 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес хабарланады.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің сенім телефоны: (7172) 24-29-09


Жүк көлік құралдарына өлшеудің

халықаралық сертификатын беру

стандартына 1-қосымша


Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты таразы жабдығымен жабдықталған тұрақты көліктік бақылау бекеттерінің тізімі


Өлшеу станция коды

Өлшеу станция атауы

Облыстың немесе қаланың атауы

Автожолдың атауы

1

2

3

4

01

Семей

Шығыс Қазақстан

Омск - Майқапшағай, 751 км

02

Шығанақ

Жамбыл

Екатеринбург - Алматы, 2061 км

03

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1040 км

04

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км

05

Денисовский

Қостанай

Қарабұтақ - Комсомол - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км

06

Ақтай

Қызылорда

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км

07

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км

08

Ленинский

Павлодар

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км

09

Қызылту

Оңтүстік Қазақстан

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км

10

Қызыл Жар

Астана қаласы

Екатеринбург - Алматы, 1278 км

11

Бурабай

Ақмола

Астана - Петропавл, 241 км

12

Еркін

Алматы

Алматы - Өскемен, 270 км



Жүк көлік құралдарына өлшеудің

халықаралық сертификатын беру

стандартына 2-қосымша


Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының жұмыс
регламентi


Р/с


Бөлiмшенiң атауы

Аумақтық органның жұмыс регламентi

1

2

3

1

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы
Сағат 8.00-18.00,
түскi үзiлiс 12.00-14.00

2

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Орал қаласы
Сағат 8.30-18.00
түскi үзiлiс 12.30-14.00

3

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

4

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Өскемен қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

5

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы
Сағат 8.30-18.00
түскi үзiлiс 12.30-14.00

6

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Алматы қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 12.30-14.00

7

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы
Сағат 8.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

8

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Ақтау қаласы
Сағат 8.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

9

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы
Сағат 9.00-19.00
түскi үзiлiс 13.00-15.00

10

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Тараз қаласы
Сағат 9.00-19.00
түскi үзiлiс 13.00-15.00

11

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Қызылорда қаласы
Сағат 9.00-19.00
түскi үзiлiс 13.00-15.00

12

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

13

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Қостанай қаласы
Сағат 9.00-18.30
түскi үзiлiс 13.00-14.30

14

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Петропавл қаласы
Сағат 8.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

15

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

16

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Астана қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

_________________________


Жүк көлік құралдарына өлшеудің

халықаралық сертификатын беру

стандартына 3-қосымша


      Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi



Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейiнгi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

98







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90







3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

85







3.2. электрондық форматта қол жетiмдi ақпарат қызметтерiнiң %-ы (үлесi)

-







4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Белгiленген мерзiмде қанағаттанған тұтынушылардың негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

95







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

98







_________________________



Похожие:

«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк...
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» iconҚазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану
Азақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы №87 бұйрығы
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» iconБұйрығымен бекітілген «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
«Егемен Қазақстан» және 2011 жылы 30 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланып, №6817 нормативтік құқықтық актілерді...
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» iconҚаулысымен бекітілген «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық...
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа...
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» icon«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» iconКӨлік қҰралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты
Көлік операторы / көлік құралынын жүргізушісі көлік құралын өлшегенге дейін толтырады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы