«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»



Название«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Дата конвертации12.01.2013
Размер81.47 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 7-1-бабаның 6) тармақшасына, «Доңғалақты көлік құралдарын мерзімді техникалық қарап-тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды қабылдау туралы және осындай қарап-тексерулерді өзара мойындау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында, www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» (бұдан әрі – РМК Орталық) республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында, www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;

3) ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандарттың  1-қосымшасында көрсетiлген Орталықтардың үй-жайларының стендттерінде орналастырылған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414 «электрондық үкімет» call-Орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша алуға болады.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны халықаралық техникалық байқау сертификатын (бұдан әрі – халықаралық сертификат) қағаз тасымалдағышта беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заң тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды беру сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

3) өтініш жасалған күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тұтынушысына ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) халықаралық сертификатты алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

Халықаралық сертификат беру үшін мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемшінің мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын береді.

Ақы төлеу тәсілі: қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда.

9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, түскi үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.


10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген, тұтынушының тұрғылықты және тіркелген жері бойынша Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:

1) халықаралық сертификатты алу үшін өтінішті;

2) халықаралық сертификат берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртекті;

3) жеке адамдардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдарына салықты төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжатты береді.

12. Орталыққа өтініш еркін нысанда ұсынылады.

13. Құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, оларда атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталықтың қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты;

6) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Халықаралық сертификатты беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру Орталық қызметкелері «терезе» арқылы күн сайын қолхатта көрсетiлген мерзiмде оның негiзiнде жүзеге асырылады.

Халықаралық сертификат немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап тұтынушыға немесе уәкілетті өкілге жеке келген кезінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы бойынша қол қою арқылы беріледі.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде жүгiнбеген жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органдарға бередi.

16. Орталық тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталықтың қызметкерлері құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезде тұтынушыға жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат беріледі.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу және құжаттарды дұрыс ресімдемеу кезінде қателіктерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін 2 жұмыс күн ішінде қайтару себебін  жазбаша негіздеу арқылы Орталыққа қайтарады.

 Құжаттарды қайтарған жағдайда Орталықтың жұмыскері оларды алғаннан бастап 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыға хабарлайды және уәкілетті органның бас тарту себебінің жазбаша негіздемелерін береді.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.


4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызеттердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын бiрiншi тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.


^ 5. Шағымдану тәртібі

 

20. Орталық қызметкерінің iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшiн тұтынушы телефондары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген Орталықтардың басшыларына жүгiнедi.

Сондай-ақ Орталық қызметкерінің iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты 1414 «электрондық үкімет» call-Орталығының ақпарат-анықтамалық қызмет телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетiлген мемлекеттік қызметтің нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.

Уәкiлеттi органдардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнің Көліктік бақылау комитетiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi түскi асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1601 кабинеті, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 24-27-08, факс: 24-28-05, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz. мекенжайы бойынша берiледi.

22. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы Орталық РМК-ге берiледi.

Орталықтар басшыларының мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, Орталықтың РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz.

23. Көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

24. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Көліктік бақылау комитетiнiң электронды мекен-жайы: ktk@mtc.gov.kz.) бойынша не осы Стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.

Қажет болған жағдайда тұтынушылар шағымға уәкiлеттi органдар ұсынған мемлекеттiк қызметтердiң сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дұрыс қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса бередi.

25. Қолма-қолда пошта арқылы да келіп түскен шағымның қабылданғанын растау уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесiнде оның жеке және заңды адамдардың өтініштері журналында тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Тұтынушыға оның шағымының қабылданғанын растатуға шағымды қабылдаған адам нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мерзiмде жүзеге асырылады.

Тұтынушыға шағымды қарау қорытындысы туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

_________________________




Похожие:

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №256 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы»...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon"Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік
ХҚо ыаж автоматтандырылған жұмыс орнына логинді және парольді енгізеді, қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу»
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасы...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» iconБҚО бойынша автокөлік иелеріне халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру тізілімі
БҚО бойынша автокөлік иелеріне халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы