Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж icon

Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж



НазваниеБекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж
Дата конвертации14.02.2013
Размер86.69 Kb.
ТипДокументы
источник



Бекітілген

Шымкент қаласы әкімі

_______________ А.Жетпісбаев

«______» ____________2011ж.

Қала әкімінің

2011ж________№____өкімімен


Қызметтік нұсқаулық


Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

(мем.әкім. қызметші лауазымының толық атауы және штаттық кесте бойынша мем.органның құрылымдық бөлімшесі)


1.Жалпы ережелер


1.1. Бөлім бастығы Қазақстан Республикасы заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеу бағдарламасына сәйкес нормативтiк-құқықтық актiлерді білу және

өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекетік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы» Кодексін, мемлекеттік органның бұйрықтары мен өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы қызметтік нұсқауды басшылыққа алады.

1.2 . Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігімен, жергілікті әкімдіктермен жұмыс берушілермен, халыққа білім беру органдары мен кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесіе отырып жүргізеді.

1.3. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына бөлім бастығының орынбасарлары, сектор меңгерушілер, бас мамандар, жетекші мамандар, техникалық қызмет көрсететін қызметшілер, «Жұмыс іздеу орталығы» ақпаратты орталығы, «Кадр» оқу ақпараттық орталығы, ОҚО «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталығы» және «Шымкент қаласының үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мемлекеттік мекемесі бағынады.

1.4. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы жоқ кезінде оның міндеттерін бөлім бастығының орынбасары атқарады.


2.Өкілеттік

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы


2.1.Халықты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту саласында аймақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;

2.2.Жаңа жұмыс орындарын ашу шараларын енгізу, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру, ақпараттық базасын жетілдіруді қамтамасыз ету;

2.3.Зейнеткерлер мен мүгедектерге және аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрмыстық және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

2.4. Азаматтарды тұрғын үй көмегімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

2.5.Кәмелетке толған сот шешімімен қабілетке жарамсыз деп танылған, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған және денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындауды қамтамасыз ету;

2.6.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау бойынша ұйымдастырылған жұмыстарға бақылауды іске асыру;

2.7.Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет төленетін жәрдем жөнінде жұмыстарын ұйымдастыруға бақылауды іске асыру.

2.8. Еңбек қатынастарының құқықтық саласында:

1) басшылардың және ұйымның басқа да лауазымдық тұлғаларының заңсыз әрекетінен жұмысшылардың еңбек құқына қысым көрсетуден қорғауды қамтамасыз ету;

2) азаматтардың арызын, хатын, өтінішін, ұсыныстарын және басқа да үндеулерін қарау;

3) еңбек заңдылықтары сауалдары бойынша азаматтарды қабылдау және оларға кеңес беруді іске асыру;

4) еңбек туралы құқықтық актілерді қолдану сауалдары бойынша оқыту, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен еңбек туралы заңдылықтарын сақтау жөнінде жұмыстарын ұйымдастыру;

5) қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылғандай еңбек ақыны және басқа да кепілдіктердің дұрыс есептелуін және уақытында төлемнің жүргізілуін қадағалау;

6) еңбек кітапшасының жүргізілуін және еңбек келісім-шарттың талаптарын сақтауды қадағалау (жұмысқа алу, басқа жұмысқа ауысу, жұмыстан босату және тағы басқа сауалдар жөнінде еңбек келісім шартында көрсетілгендер);

7) Еңбек Кодексінің талаптарының бұзылуы бойынша, еңбек жөнінде заңдылықтардың бұзылу себебін және жағдайын сараптау, оны жою жөнінде сәйкес ұсыныстарды дайындауды қамтамасыз ету;

2.9. Еңбекақы төлеу саласында:

1) еңбекақы төлеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) қала кәсіпорындары мен ұйымдардағы еңбекақы төлеуді ұйымдастыруда кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

2.10. Қаржыландыру қызметі саласында:

1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің экономикалық және қаржыландыру жүйесінің жұмыстарын ұйымдастыру;

2) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша болашақ және ағымдағы іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;

3) бөлімдегі және бағыныстағы мекемелердегі еңбекақы төлеу және формалық жүйені дұрыс қолдану бойынша іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;

4) бөлім аппаратының және бағыныстағы мекемелерді ұстауға қаржының жұмсалуын есепке алуды және бақылауды іске асыруды қамтамасыз ету;

5) арнайы есеп шоты бойынша кірістің және шығыстың орындалуы жөнінде бухгалтерлік және қаржыландыру жұмыстарын бақылау;

6) еңбек рыногының бірыңғай ақпаратты мәліметтер базасын қалыптастыруда қамтамасыз ету жолымен жұмыс күшіне деген сұраныс пен оған деген ұсынысты талдау және сараптама жасау және автоматтандырылған бос жұмыс орындары мен лауазымдар бойынша деректер банкін түзеу жұмыстарын жүргізуді бақылау;

7) жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіптік оқудың мүмкіндіктерін нақты және сенімді мәліметтермен қамтамасыз ету;

8) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарды есепке алып тіркеу, оларға лайықты жұмыс таңдауын және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және азаматтарға халықты жұмыспен қамту туралы заң мәселелері бойынша кеңес беруді қамтамасыз ету;

9) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық басшыларына керекті жұмысшыларды таңдау бойынша еңбек нарығындағы жағдай бойынша кеңес беру және мәліметпен қамтамасыз ету;

2.11. Меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық субъектілерінің басшыларынан еңбек кодексінің, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі заң талаптарын сақталуын қамтамасыз ету.

2.12. Мекеме басшысы құрылтайшының ерекше құзырына жатқызылмаған мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешу. Мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз іс қимылын жүргізу, азаматтар мен заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін ұсыну, оған берілген құқық шегінде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билігін жүргізу, есеп-шоттар мен басқа шоттарды ашу, келісім-шарттарға, соның ішінде еңбек жөнінде келісім-шарттарға тұру, сенім хаттар беру, бұйрықтар шығаруды қамтамасыз ету.

2.13. Бөлімде үй-жайды жалға алу, кеңсе жиһаздары бойынша, мұқтаж мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бойынша, қала ішінде мүгедектерге тасымалдау қызметін көрсету бойынша ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды іске асыруды қамтамасыз ету.


3. Құқық

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы


3.1.Бөлім қызметкерлерін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес жұмысқа қабылдау және босату;

3.2.Бөлімнің барлық секторларының атқаратын жұмыстарының жоспарын бекіту;

3.3.Мемлекеттік мекеме атынан іс-қимылын жүргізу, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін көздеп-ұсыну.

3.4.Барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелері алдында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.

3,5.Құрылтайшының шешімдерін жүзеге асыру.

3.6.Бөлімнің атынан іс жүргізу құқығына сенім хат беру, сонымен қатар қайта сенім құқығына сенім хаттар беру;

3.7.Еңбекақы төлеу жүйесін, қызметтік жалақыларды және дербестік қосымша төлемдер мөлшерін белгілеу, сыйақы мәселелерін шешу, мадақтау мен тәртіптік жаза айып-шара салулар шаралары бойынша шешім қабылдау;

3.8.Әр түрлі мекемелерді және басқа да заңдылық актілерді жасау, келісім-шарттарға, соның ішінде еңбектік, жұмысқа жолдану контрактілері бойынша мәмлеге тұру;

3.9. Бөлімнің қаржысына және мүлкіне билік ету, Бөлімнің қызметіне тікелей басшылық жүргізу.

3.10. Бөлімнің барлық ішкі және сыртқы құжаттарына қол қою;

3.11.Бөлім қызметкерлеріне және жұмысшыларына тапсырмалар, бұйрықтар беру;


4. Міндеттер

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы


4.1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, жоспарлау және қамтамасыз ету.

4.2. Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету.

4.3. Шымкент қаласында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.

4.4.Заңдылықтар мен басқада нормативтік актілерді орындау, атап айтқанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік төлемдер жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру.

4.5. Бөлім қызметшілерін қызметке тағайындау және оларды қызметтен босату.

4.6. Штаттық кестені бекіту, тиісті мерзімге бекітілген аппарат құрлымын жұмысшылар саны мен кадрды күнтізбелік шегінде бекіту.

4.7. Бөлім туралы ережелерді, бұйрықтарды бекіту. Марапаттау материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша шешім қабылдау.

4.8.Сыбайлас жемқорлыққа, қызметтік жағдайын пайдалануға, құқық бұзушылыққа жол бермеу.

4.9.Әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік серіктестік бойынша қалалық үш жақты комиссиясы жұмысына қатысу.

4.10.Спонсорлық және шефтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру.

4.11.Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша аудан әкімдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізу.

4.12.Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін артыру жұмыстары бойынша бақылау жасау.

4.13.Жоғарғы органдардан келіп түскен құжаттардың уақтылы орындалуына бақылау жасау.

4.14. Ай сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау.

4.15. Мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесе отырып азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі сауалдарын шешу.

4.16. Жұмыссыз азаматтардың, мүгедектердің аймақтық бағдарламасын іске асыруын қамтамасыз ету.

4.17.Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

4.18. Бөлімнің экономикалық және қаржылық жұмыстарын ұйымдастыру.

4.19. Бөлімнің және оның қожалығындағы мекемелердің еңбекақы жүйесі және түрлерінің дұрыс орындалуына арналған іс-шаралардың іске асырылуын қадағалау.

4.20. Мемлекеттік органдармен және қала әкімдігімен қалалық ардагерлер кеңесінің құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс жүргізу.

4.21. Азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызмет көрсетуде жеңілдіктер көрсету бойынша коммуналдық мекемелерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.

4.22.Экономикалық дағдарыс кезінде жұмыссыздықты қысқарту мәселесі бойынша іс-шаралар бағдарламасын жасауды қамтамасыз ету.

4.23.Комиссиялардың жұмысына қатысу:

- Шымкент қаласы бойынша қаржы комиссиясының отырысына қатысу.

- Қала әкімдігі жанындағы оралмандар ісі бойынша кеңеске қатысу.


5. Жауапкершілік

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы


5.1. Функционалдық міндеттерді бұлжытпай орындауға.

5.2.Бөлімнің атқарған жұмысы мен нәтижесіне.

5.3. Бөлімге бөлінген қаржының толығымен дұрыс игерілуіне.

5.4. Қарамағындағылардың атқарған жұмысына.

5.5. Қаржы және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану.

5.6. Еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтау.


Шымкент қаласы

әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов

(лауазымның аталуы) (АЖТ., қолы, күні)


Кадр бөлімінің бастығы Ұ.Әзімова

(лауазымның аталуы) (АЖТ., қолы, күні)


Нұсқаумен таныстым Л.Мақашева

(лауазымның аталуы) (АЖТ., қолы, күні)



Похожие:

Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж icon«бекітемін» Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы № қаулысымен бекітілген Шымкент қаласы
Аудан аумағында әлеуметтік – экономикалық дамуға және халықтың әл – ауқатын жақсартуға бағытталған жалпы мемлекеттік мақсаттарға...
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж icon863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы – «Мемлекеттік мекеме», Шымкент қаласы әкімдік және әкімінің...
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconШымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі
Фараби ауданы әкімі аппаратында жұмыс 2012 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде. 2012 жылдың қаңтар-маусым айларында...
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconЕрежеге 11- қосымша
Шымкент қаласы ветеринария бөлімі мм-сі, мекен жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты, Тыныбаев көшесі 49...
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconЗайсан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Орви) -516 (2011ж-1124) өткен жылмен 1,8 есе азайды желшешек-95 (2011ж-38) 2,5 есеге өсті; скарлатниа 2 (2011ж-6) 4 жағдайға төмендеді;...
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconШымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы
«Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» №43/369-4с...
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconШымкент қаласы ветеринария бөлімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі мәліметі. «Шымкент қаласының ветеринария бөлімі»
Р «Ветеринария туралы» Заңының талаптарын, облыс, қала әкімінің қаулылары мен шешімдерін, тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жұмыс...
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconШымкент қаласы әкімдігінің 2010ж
Шымкент қаласының ТҰРҒын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconШымкент қаласы әкімдігінің
Шымкент қаласының аумағында бақша өнімдерін сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары
Бекітілген Шымкент қаласы әкімі А. Жетпісбаев 2011ж iconШымкент қаласы білім бөліміндегі бірінші басшының функционалдық міндеттері
Шымкент қаласының 2011 -2015 жылға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын қадағалайды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы