Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница1/13
Дата конвертации08.04.2014
Размер2.24 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 168

Қамысты аудандық мәслихатының шешіміне

Қосымша


2011 жылғы 11 ақпандағы №271

Қамысты аудандық мәслихатының шешіміне

Қосымша


ҚАМЫСТЫ АУДАНЫ АУМАҒЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


Қамысты 2013 ж


МАЗМҰНЫ


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ.......................................................................3

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ..................................................................7

2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.......................................................................................................... 7

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау............................ 10

2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау..................................................................... 10

2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау..............................................................19

2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау............................ 35

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірлік аясында өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы............................................................................................................................. 40

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау..............................................................................................................................43

2.2.6. Жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетуін талдау............................................................................................................................ 45

2.2.7. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын ауырлығын төмендету және ескерту.............................................................................................. 45

3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ........................................................ 46

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ................48

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР..................................................................................... 74

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ........................................................................... 75


^ 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы

Қамысты ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Қамысты ауданы Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.Қамысты ауданы солтүстігінде Денис және Таран аудандарымен, батыста Жітіқара ауданымен, оңтүстік-батыста Ақтөбе және Орынбор облыстарымен, оңтүстікте Жангелді ауданымен, шығыста Наурызым және Әулиекөл аудандарымен шектеседі.

^ Аудан орталығы – Қамысты селосы, 1879 жылы іргесі қаланған, Қамысты ауданының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.

Аудан құрамына құрамына 7 селолық округ 8 ауыл кіреді.

Аудан аумағында қырықтан астам ұлт және ұлыстар тұрады, 2012 жылдың 01 қазан жағдай бойынша аудан халқы 14578 адам оның ішінде: 52% - қазақтар, 20% - орыстар, 18% - украиндер, 2% - немістер, 8% - басқа ұлттар құрайды. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 1,3 адам. Ең тығыз мекендегендер – Свердлов селолық округі, Арқа селосы, Алтынсарин селосы, ең кемі – солтүстік елді мекені.

Бағыттар

-Экономика;

-Әлеуметтік сала;

-Инфрақұрылымдық;

-Ауыл аумақтығың дамыту, экология;

-Мемлекеттік қызмет көрсету ;

Бағдарламаның мақсаттары

-Ауданда өнеркәсіптік құдіретін дамыту

-Ішкі саудадағы қажеттілікті жабу үшін жететін мөлшерде агроөнеркәсіп кешеңінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі

-Шағын бизнесті дамыту

-Ауданда іскерлік белсенділігіне жәрдемшілік ету және инвестициялық климатты жақсарту

-Ауданда іскерлік белсенділігіне жәрдемшілік ету

-Жұмыс және қызмет, тауарларды сатып алғанда қазақстанның ұстау бөлігін ұлғайту

-балалардың заңдық қызығушылығын қорғау және құқық жүйесін тиімді қорғауын жоғарлату және білімнің қол жетімділігін, сапасын жақсарту

-Аудан халқының денсаулығын жақсарту

- Аса маңызды әлеуметтік ауруларды төмендету

-Азаматтардың тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру. Халықтың тұрмыстық деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету

-Ауданның мәдениет саласындағы бәсекелесу қабілетін жоғарлату

-Қазақстанның лингвистикалық капиталын және мемлекеттік тілін дамыту

-Спорт және спортшылардың жоғары классы мен спорттық қорын сапалы дайындығын, дене шынықтыру көпшілік оқыту үшін шарттарды құру

-Қазақстанның отаншылдығын нығайту және ұлт бірлігін қамтамасыз ету

-Далада және басқа қоғамдық жерлерде қоғамдық қауіпсіздігін және құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық профилактика жүйесін дамыту. Қылмыспен күрес, сонымен қатар оның ұйымдастырылған формаларымен, есірткі және нашақорлық заңсыз айналымына қарсы тұру, қылмыстық қастандығына азаматтардың заңдық қызығушылығын және бостандық құқық қорғауын қамтамасыз ету.

-Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюының ескертуін ұйымдастыру, азаматтық және аумақтық қорғанысы, мобилизациялық дайындық жүйесін жетілдіру және дамыту

-Технологиялық процестерінің автоматизациялау және модернизациялау барысын жалғастыру, біріңғай ақпараттық кеңістігіне мүмкіндігін қамтамасыз етеді және технологиялық дамуына базалық тұғырнама болады. Инновациялық экономикаға және ақпараттық қоғамға ауысу мақсатында ауданның инфокоммуникаций саласын дамыту сеханизмі және шарттарды құру.

-Тұрғын үй құрылысын және әлеуметтік саладағы объектілерді дамыту

-Экономикалық тұғырнамасы байланысын жақсарту

- Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық тиімді жүйесін жоғарлату және модернизациялау, пайдаланушыларға сапалы коммуналдық қызметін қамтамасыз ету. Энергетикалық, инженерлік, көлік, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және халықтың тіршілік әрекетіне қолайлы орта құру.

-Ауыл халқының тіршілікпен қамтамасыз ету шарттарын жақсарту. Ауыл аумақтарының құдіретінің өсуін қамтамасыз ету және ауылдың тіршілікпен қамтамасыз ету шарттарын қалыпты құру.

-Халықтың мемлекеттік қызмет сапасын жоғарлату

Міндеттер

-Өнеркәсіптің басым секторларын дамыту, олардың әртараптандыру және бәсекелесуге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін.

-Өңірдегі бизнесті жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық, кредиттік және мүліктік қолдауды дамыту, ішкі сауданың тиімділігін жоғарлату

-АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі негізінде облыстың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

-Инвестициялық белсенділігін жәрдемділікпен жоғарлату

-Өнім түрлерін және идеясын, жаңа технологияларды енгізу

-Мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес тек қана қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алу жолымен, әлеуетті отандық жеткізушілерді қолдау

-Мектепте білім беру қызметінің сапасын арттыру, сапалы білім беру үшін жеткілікті шарттарын қамтамасыз ету

-Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім қызметтерінің сапасын жақсарту

-Медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету

-Аса маңызды әлеуметтік ауруларды төмендету, балалардың денсаулығын нығайту

-Халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

-Тұрмысы нашар тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

-Мәдениет саласындағы отандық өнімдерінің қажетті өсуін ынталандыру

-Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру қызметтерін кеңейту

-Аудан тұрғындарына жалпы дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау

-Ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді нығайту және сақтау.Азаматтық қоғамдық институттарымен мемлекеттің қарым – қатынасы жетілдіру арқылы мемлекеттікті нығайту. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін тиімділігін жоғарлату.

-Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қажетті өмір қауіпсіздігі, денсаулығы, құқығы мен бостандықтары деңгейлерін қолдау. Қылмысқа қарсы күресте алдын алу шараларының басымдылығын арттыру

- Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету

-Қылмыспен күрес және қылмыскерлерді іздеу жұмысының тиімділігін арттыру, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес

-Техногендік апаттар, зілзалалар мен табиғат апаттарының қауіп-қатерлерін төмендету үшін жағдайлар жасау

-Телекоммуникация жүйесін дамыту

-Компьютерлік сауаттылықты арттыру

-Әлеуметтік сала объектілерін салу және дамыту

-Тұрғын үйге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету

-Жол инфрақұрылымын дамыту

-Тұрғын үй – коммуналдық жүйесін дамыту және модернизациялау

-Электроэнергия өнімдерінің өсуіне көмектесу

-Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік салада жұмыс істеу үшін мамандарын тарту

-Орман жерлерін, аумағын сақтауын қамтамасыз ету

-Халыққа қызмет көрсету процессін жетілдіру.

Іске асыру кезеңдері


2011-2015 жылдар

Нысаналы индикаторлар

  • 2015 жылы өнеркәсіптік өнімінің жеке мөлшерінің индексі 102 %-ды құрайды

  • 2015 жылы жалпы шығарылатын өнімі (қызмет) ауыл шаруашылығы саласында үлес салмағы 100,2% құрайды

  • Кәсіпкерлік құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесінің көлемі

  • 2015 жылда бөлшек сауда жеке мөлшерінің индексі 100,4%

  • 2015 жылда негізгі капиталға инвестициялар жеке мөлшерінің индексі 107% -ға дейін жетеді

  • 2015 жылда инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі 12%-ды құрайды

  • 2015 жылда жұмыс және қызмет, тауарларды сатып алу жалпы мөлшерін жергілікті ұстауда үлесінің ұлғаюы 93% құрайды

  • 2015 жылда білім сапасына және халықтың қанағаттанарлық деңгейіне қол жетімділігі 96%

  • 2015 жылда балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтылуы 94% құрайды

  • Халықты медициналық сапалы қызметінің қанағаттанарлық деңгейі 100 % құрайды

  • 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімі төмендейді 2015 жылы тұрғындардың 9,1 жағдайға азаяды.

  • 2015 жылы жұмыспен қамту жәрдемшілігі шараларының қамтылу % - 133,0% құрайды

  • 2015 жылы жалпы халық санынан табыстары өмір сүру шегінен төмен тұрғындардың үлесі – 1,0% құрайды

  • Мәдениет саласының көрсетілетін қызметтерінің сапасын қанағаттандырылған тұтынушылардың деңгейі 2015 жылға қарай –60% құрайды

  • 2015 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі - 50% құрайды

  • Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданатын барлық жастағы халық үлесі 2015 жылға қарай ұлғаяды– 29,5% құрайды

  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары аралығындағы өзара қарым-қатынастарды оң бағалағандардың үлесі 2015 жылы – 24% құрайды

  • Халықтың ішкі істер органдарына сенім білдіруінің болжамды деңгейі 2015 жылы 53%

  • Төтенше жағдайда адамдардың өлім –жетім саны 40 % құрайды

  • Коммуникация және байланыс саласындағы қызметінің сапалығымен халықтың қанағаттанарлық деңгейі 100% құрайды

  • 2015 жылға қарай құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі 102,2 %

  • 2015 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу жоспарлануда 1462 кв.м.

  • 2015 жылы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі 57%-ды құрайды

  • Коммуналдық қызметі сапасымен қанағаттандыру деңгейі 99 % құрайды

  • ауыл елді мекнде жоғары потенциал дамыту санын ұлғайту 11 бірл құрайды

  • Мемлекеттік орман қоры, орман алқаптарының аумағы 1256 га құрайды

  • Әлеуметтік- маңызды қызмет көрсетуі тұрғындардың қанағаттандыру деңгейі 96% құрайды

Қаржыландыру көздері және көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 4 млрд.748 млн. теңге

2012 жылы – 3 млрд. 704 млн. теңге

2013 жылы – 2 млрд.104 млн. теңге

2014 жылы – 3 млрд.651 млн. теңге

2015 жылы – 830,9 млн. теңге

Барлығы: 15 млрд. 38 млн. теңге



^ 2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы


Географиялық орналасуы

Қамысты ауданы Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Қамысты ауданы солтүстігінде Денис және Таран аудандарымен, батыста Жітіқара ауданымен, оңтүстік-батыста Ақтөбе және Орынбор облыстарымен, оңтүстікте Жангелді ауданымен, шығыста Наурызым және Әулиекөл аудандарымен шектеседі.

^ Аудан орталығы – Қамысты селосы, Қамысты ауданының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.

Жер бедері. Ауданның батыс бөлігін тегіс және аласалау Орал үстірті алып жатыр, Тобыл өзеніне қарай Тобыл маңының бөлігі егісі бар терең ойыстар, ойлы-қырлы қысқа толқынды болып сипатталады. Ауданның шығыс бөлігі тұрақты Шығыс-Сібір жазықтығынан биік Торғай үстіртіне өткел зонасын ұсынады.Ауданның оңтүстік бөлігін кең байтақ жазықтық бедерімен, солтүстік бөлігі аса көтерінкі, Торғай үстірті алып жатыр.

Климаты. Қамысты ауданы ыстық және құрғақ дала зонасында орналасқан. Жылдық жауын сомасы 200-250 мм. Бұл зона ылғал жеткіліксіз және түсімі аумалы төкпелі. Қамысты ауданының температурасы күні мен түні, қысы мен жазы шұғыл континентті. Қысы ұзақ, аяз, желді және қатты боран (5 ай шамасында) болып келеді. Жазы бірыңғай ыстық болып келеді, бірақ біршама қысқа.

^ Су ресурстары. Негізгі сулы артериясы Тобыл өзені. Тобыл өзені ауданның батыс шекарасына оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Ауданның оңтүстігік бөлігінде гидрологиялық желісі шағын өзендер мен бұлақтармен ұсынылады. Аудан аумағында диаметрі 50-100 метрге дейін жететін қардың еруінен пайда болған көп ұсақ көлдер бар. Барлығы тұйықталған көлдер. Асып кету жоқ. Көлдердің біразында жер асты қоректену жоқ. Көлдердің толығуы көктемде болады. Жазда олар өте тайыз болады.

Топырағы. Аудан аумағы 2 топырақты ауа райында орналасқан: 1) қара-қоңыр, 2) қоңыр. Қара-қоңыр топырақ ауданның орталық бөлігінде құмдақ және сазды жерінде қалыптасқан. Қоңыр топырақ қара-қоңыр топыраққа қарағанда құрғақ ауа райы бар жерде қалыптасады. Аудан аумағында көп аумағын күннің көзі алып жатыр. Ауданның жалпы жер аумағы 1205424 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 1144023 гектарды егістік, оның ішінде 454773 гектарды құрайды немесе 39 %, 685577гектарды (60%) жайылымдар алып жатыр.

Өсімдігі. Қамысты ауданы жусан құрғақ далалық-қара-қоңыр және қоңыр топырақ бөлігінде боз-бетегелі құрғақ далада орналасқан. Дала өсімдіктерінің түрлі құрылымына маңызды ықпалы су-тұз жүйесі топырағын жасайды, топырақ пайда болу сипатына және миханикалық құрамын маңызды шектелумен байланысты. Сазды қара қызыл топырақтарды әр түрлі шөптермен болған құмды жусан сипаттауымен әсер етеді, шөппен және бөтен дала бірлестіктері тұз топырақты жерлерде өседі. Аудандық өсімдік құрамына кіретін өсімдіктер өте суы аз жерлерде өседі. Сонымен қатар өсімдік құрамында көпжылдық шөптер құрайды, әсіресе қыртысты тұқымдастар - боз және бетеге. Бұл тұқымдастар қаптаған қыртысты құрайды, бүршік сияқты болып келеді. Бірнеше бағынысты жағдайды басқа тұқымдастар орын алады – еркекшөп, тонконг, ақмамық.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы

Аудан құрамына құрамына 7 селолық округ 8 ауыл кіреді.

2013 жылдың 1 қыркүйек жағдай бойынша аудан халқы 14245 адам құрайды , олардың ішінде: 52, % - қазақтар, 20 % - орыстар, 18% - украиндіктер, 2 % - немістер,8 % - басқа ұлттар құрайды. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 1,3 адам. Ең тығыз мекендегендер – Свердлов селолық округі, Арқа селосы, Алтынсарин селосы, ең аз – солтүстік елді мекені.

Қостанай облысының дамуында Қамысты ауданының алатын орны

Ауданның стратегиялық мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.

1-кесте

Өңір салаларының жалпы облыстық өндіріс көлеміндегі үлес салмағы

млн. Теңге

жылдар

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Сауда

(бөлшек тауар айналымы.)

Инвестиция

2008













Аудан

12959,5

531,0

259,1

3014,0

Облыс

237915,0

340841,0

64103,2

108694,0

Үл.сал,%

5,4

0,16

0,4

2,7

2009













Аудан

9966,3

1393,0

209,9

3477,0

Облыс

249341,4

307915,0

76432,7

122204,0

Үл.сал,%

4,0

0,45

0,27

2,8

2010













Аудан

10783,4

1722,0

254,2

1859,0

Облыс

213494,7

450895,0

103015,2

120850,0

Үл.сал,%

5,1

0,38

0,25

1,5

2011













Аудан

16938,0

1313,0

304,5

3825,0

Облыс

377458,5

563976,0

125651,4

149606,0

Үл.сал,%

4,49

0,23

0,24

2,56

2012













Аудан

5826,9

1214,0

333,1

4519

Облыс

179602,5

502029

159741,6

161422

Үл.сал,%

3,2

0,24

0,30

2,8

^ 2013 (10 ай ішінде)













Аудан

8297,0

1238,3

339,8

2284,0

Облыс

213116,8

512069,6

162936,4

141587,0

Үл.сал,%

3,9

0,24

0,21

1,6


2012 жылы облыстық ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі аудан бойынша 3,2%. Жалпы облыстық көлемде өнеркәсіптің үлес салмағы 0,3%. Жалпы облыстық көлемде инвестицияның негізгі капиталға үлес салмағы 2,8% құрайды, бөлшек тауарайналымы – 0,3% құрайды.

^ Инвестициялық қызмет

2008-2012 жылдары бойынша Қамысты ауданының негізгі капиталы 15 млрд. 62 млн теңге құрастырады.

5 жыл аралығында негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 64,9%-9млрд.780 млн. теңге құрады. Жергілікті бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 521 млн. теңгені құрады, республикалық бюджеттік қаражаттар есебінен 29 % - 4 млрд. 373 млн. теңгені құрады, басқа қарыз қаражаттары – 2,6% - 388 млн. теңгені құрады. Инвестицияларды қаржыландыру шетел инвестициялардан және басқа жалға қаражатынан өндірілген жоқ.

2013 жылдың 10 айы ішінде негізгі капиталға 2 млрд.284 млн. теңге инвестициялық мөлшері құрады немесе 104% 2012 жылына.

Республикалық бюджет есебінен 868 млн теңге меңгерілген, жергілікті бюджеттен -289 млн теңге, аудан кәсіпорындарынан – 1127 млн теңге.

Ауыл шаруашылығында машино-тракторлық паркін жаңартуына 115 млн теңге қаражат қаржыландырылған.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Похожие:

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау ауданы аумағын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламасын

Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі -бағдарлама) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №34/9-iv...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы