Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже icon

Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже



НазваниеҚостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже
Дата конвертации26.05.2013
Размер107.49 Kb.
ТипДокументы
источник

Қостанай облысы

техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы

Ереже



  1. Жалпы ережелер

Байқау ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызмет нәтижелерін ұсыну түрі және техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің шығармашылық бастамалары мен ғылыми-әдістемелік ізденістерін насихаттауға бағытталған.

Байқау мақсаты: техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің шығармашылық бастамалары мен ғылыми-әдістемелік қызметін актуализациялау.

Байқау міндеттері:

  • техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттерінің шығармашылық бастамашылықтарын қолдау;

  • ғылыми-зерттеушілік әрекеттеріндегі тәжірибелерін тарату;

  • студенттік ортадағы зерттеушілік әрекеттік мәртебесін арттыру мен қолдау;

  • студенттердің ғылыми және шығармашылық белсенділігін дамыту.




  1. Байқауға қатысушылар

Байқауға техникалық және кәсіптік білім берудің барлық студенттері қатысуға жіберіледі.


  1. ^ Байқаудың ұйымдастырылуы

Байқаудың жалпы басшылығын Қостанай облысының Білім Басқармасы жүзеге асырады.

Байқаудың әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етілуін ТжКБ өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы жүзеге асырады.

Байқауды өткізу бойынша ағымдық ұйымдастырушылық жұмыстарды Байқауды Ұйымдастырушы комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастырушы комитеті Қостанай облысының Білім Басқармасымен құрылады.

Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалауды осы ережеге сәйкес Байқау әділқазылар алқасы жүргізеді.

Байқау әділқазылары алқасы секциялар саны бойынша сәйкес жеке комиссиялардан құралады.

Әділқазылар алқасы жұмысының жалпы басшылығын әділқазылар төрағасы жүргізеді.

Әділқазылар алқасының төрағасы секциялардың төрағасын белгілейді, ол осы комиссияның жұмысына жалпы жетекшілігін жүзеге асырады.

Секциялар комиссияларының мүшелер саны тапсырылған жұмыстар санына сәйкес құрылады.

  1. ^ Байқау мазмұны

Байқауға техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу тәжірибелік материалдары ұсынылады.

Бақаудың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауы ^ 2013 жылдың 29 наурызында Лисаковск техникалық колледжі базасында өтеді.

Облыстық байқау шеңберінде келесі секциялар жұмысы ұйымдастырылады:

1 секция: «Әлеуметтік-экономикалық пәндер»

2 секция: «Арнайы пәндер»

3 секция: «Филологиялық пәндер».

4 секция: «Тарих және өлкетану»

5 секция: «Информатика және бағдарламалау»

6 секция: «Гуманитарлық пәндер»

Әр қатысушыға жұмысты қорғауға ^ 7 минутқа дейін уақыт беріледі.

Байқау қорытындылары бойынша студенттердің жұмыстар жинағы шығарылады.


  1. Жұмыстарды ұсыну және оларды секциялық комиссияларда талқылау тәртібі

Байқауға, осы Ережеде белгіленген, секциялар бағыттары мен талаптарына сай рәсімделген жұмыстары мен студенттердің аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылады.

Бір студент Байқауға бір жұмыстан артық жұмысты ұсына алмайды.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар Ұйымдастырушы комитетіне 2013 жылдың 15 наурызына дейін тапсырылуы қажет.

Байқауға ұсынылатын әр жұмыс өзімен бірге:

  • жұмыс мәтіні, талаптарға сай рәсімделуі;

  • абстракт (жұмыстың басты құрамдас бөліктері, басты жеткен нәтиже) үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

  • студенттің ғылыми жетекшсінің пікірі.

Көрсетілген уақыттан кейін тапсырылған өтініштер Байқауға қатыстырылмайды.

Байқауға қатысу өтініші оқу орны мөрі мен басшысының қолы қойылған электронды (сканерленген) және қағаз түрінде қабылданады (2 ҚОСЫМША). Үлгіге сай емес толтырылған өтініштер тіркелмейді.

Материалдар келесі мекенжайға жіберіледі:

110000 Костанай қ., Әль-Фараби көш., 56, 307 каб.

Тел/факс (7142) 39-20-01.

Е-mail: RNMCKost2012@mail.ru

Ұйымдастырушы комитет осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес емес жұмыстарды Байқауға жібермеуіне құқылы.

Жұмыстар авторларға қайтарылып берілмейді.

Жұмыстарды бағалауда әділқазылар алқасы келесі өлшемдерді басшылыққа алады:


^ Бағалау өлшемдері


р/с

Өлшем

Максим.

ұпай



Жұмыстың өзектілігі, жаңалығы мен болжаушылығы

5



Жұмыстың тұтастылығы (тақырып пен мазмұнына сәйкестігі)

15



Ұсынылған жұмыстың тиімділігі мен нәтижелігі

5



Ұсынылған жұмыстың мақсаттылығы мен логикасы

5



Теориялық бөлімдердің аяқталуы мен теориялық маңыздылығы

10



Жұмыстың аяқталуы, практикалық бөлімдердің маңыздылығы

10



Жұмысты ұсыну мәдениеті (сөз сөйлеу, мимика, түр келбет және т.б.)

5




Жұмыстың талаптарға сай рәсімделуі

5



Сұрақтарға жауап

10




Қорытынды ұпай:

70




ОРЫН





Әділқазылар алқасы мүшелерінің қойған ұпайлары негізінде жүлделі орындар анықталады.


  1. ^ Байқау жүлдегерлерін анықтау

Ұпайлар қорытындысы нәтижесінде бірінші орын алған студенттер байқаудың жеңімпаздары болып саналады. Егер де жүлделі орынды бірнеше жұмыстар иемденсе, жеңімпазды секциялық комиссия мүшелерінің жартысынан артығының қатысуы мен сайлауы нәтижесімен анықталады.

Ұсынылған жұмыстардың төмен деңгейі кезінде комиссия қанағатсыздандырылмаған туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Әділқазылар алқасы төрағасы мен секциялық комиссия мүшелері хаттамаға қол қояды. Хаттамаға бағалау ведомосі қоса тіркеледі.

Байкау қорытындысы бойынша әділқазылар ұйымдастырушы комитеті алдында есеп береді.


  1. ^ Жұмысты рәсімдеу бойынша талаптар:

Байқауға электронды және қағаз (пластикті серіппемен түптелген) тасымалдаушыларындағы материалдар қабылданады.

Ғылыми-зерттеу жұмыс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады. Титулды парақ 2 тілде - қазақ және орыс тілінде рәсімделеді (3 ҚОСЫМША)

Жұмыс көлемі – 25 беттен артық және 40 параққа дейін баспа мәтінімен (қосымшаларсыз), интервал 1,5 (жартылай), гарнитура Times New Roman, қаріп көлемі - 14, түсі - қара. Белгілі бір терминдер,формулалар, теоремалар мен әр түрлі гарнитуралы шрифтерді дайындауда компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы айқындауға мүмкіндік беріледі. Материалдар парақтың тек бір беткі жағында ғана орналасады, қосымша көлемі шексіз. Жұмыс форматы суреттеме мен кестені қоса алғанда, А 4 (210х297 мм). Материалдар ақ парақтың тек бір беткі жағында ғана баспа және графикалық қондырғыларда шығарылады (компьютерлік баспа). Парақ параметрлері: сол жақтан - 30 мм, он жақтан – 15 мм, жоғарыдан - 10 мм, төменнен - 10 мм. Номерлеу ортадан парақтың төменді жағында, («Мазмұны» 2 бет деп есептеледі). Тараулар атауы бас әріптермен жазылады, бөлімдер – кіші әріптермен, түзету - ен бойынша. Тараулар мен бөлімдерді номерлеу араб цифраларымен белгіленеді. Тарау мен бөлім санына кейін нүкте қойылмайды.

Парақтардың зақымдалуы, қателер мен іздерге жол берілмейді.

Қолданылған әдебиеттер жұмыс сонында орналасады және алфавит ретімен рәсімделеді. Қолданылған әдебиеттер шрифтінде негізгі мәтіндегі шрифт көлемі мен мәтіндер арасындағы аралықты сақтаған жөн. Мәтіндегі сілтеулер төртбұрышты жақшаларға алынады.

Жұмысқа ғылыми жетекшінің пікірі қоса тіркеледі (егер жұмыс орыс тілінде болса - орыс тілінде, казақ тілінде болса – казақ және орыс тілінде, ағылшын тілінде немесе ағылшын тілі тақырыбы бойынша болса – орыс және ағылшын тілінде), абстракт 3 тілде жасалады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстың құрылымы:

Титулды парақ

Абстракт

Ғылыми жетекші пікірі

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша


^ 8. Байқаудың басқа да талаптары

Байқаудың қаржылай қамтамасыз етілуі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырады .

Байқауға қатысушылардың жол шығындары, тамақтануы мен тұру шығындары жолдаушы жағы есебінен төленеді.

Команда жетекшісі Байкауға қатысушылардың өтетін орынға дейінгі, іс шара барысы мен қайту жолындағы қауіпсіздігіне жауап береді. Жауапты адамға тұрғылықты жерге жетуі туралы баяндауы қажет.


1 ҚОСЫМША


^ Техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын ұйымдастырушы комитетінің құрамы


р/с


Аты-жөні


Лауазымы



Жұркабаев Марат

Кенжебекұлы

Қостанай облысы әкімдігінің

білім басқармасы бастығының орынбасары, төраға



Бисенбаева Айғанша Айдарбекқызы

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының директоры



Киселёва Ольга Павловна

Техникалық және кәсіптік білім бөлім бастығы



Будкевич Геннадий Викторович

«Лисаков техникалық колледжі» КМҚК директоры



Татьянова Айгүл Болатқызы

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының кабинет жетекшісі



Мурзабекова Әсел Балатемирқызы

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері



Бокаева Марал Мендыбайқызы

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері



Исмагулова Марина Николаевна

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері



Ахметова Айнұр Сембайқызы

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері



Азатова Бижамал Төкенқызы

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері



Байешов Дастан Әбдімауленұлы

ТжКБ берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері



2 ҚОСЫМША


^ Облыстық ғылыми-зерттеу байқауға қатысу

ӨТІНІШ




р.с.


Қатысушы

аты-жөні


Секция атауы


Ғылыми жұмыс тақырыбы


Колледж,
курс, мамандық



Ғылыми жетекші аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі



1















3 ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

«Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ

ГУ «Управление образования акимата Костанайской области»

Оқу орны атауы

Наименование учебного заведения


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫС АТАУЫ

«…………………………………………..»

ТЕМА НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ РАБОТЫ

«…………………………………………..»

Секция:……………………………………..


Студент аты-жөні

ФИО студента

мамандық, курс

специальность, курс


Ғылыми жетекші

Научный руководитель

Қызметі, атағы

Аты-жөні ________________

Должность, звание

ФИО ________________


Қостанай, 2013




Похожие:

Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconТехникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Рі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына...
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconБҰйырамын: Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің тізбесі бекітілсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ. Бөрібековке жүктелсін. Министр Ж. Түймебаев
«Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы»
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconСтуденттердің табиғи, техни калық және гуманитар лық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы туралы ереж е
Студенттердің табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстарының
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы №296 Қаулысы «Білім туралы»
Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру...
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже icon«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін (бұдан...
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы