Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі icon

Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі



НазваниеҚостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі
Дата конвертации26.05.2013
Размер105.4 Kb.
ТипДокументы
источник

Қостанай облысы ТжКБ оқу орындарының студенттері

арасында жалпы білім беру пәндері бойынша

І Облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің

ЕРЕЖЕСІ


Осы Ереже ТжКБ оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І Облыстық Кешенді Олимпиаданың мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін (бұдан әрі – Олимпиада), ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік, қаражаттық қамтамасыздандырылуын анықтайды.


І. Жалпы мәлімет

    1. Олимпиаданы ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы болып табылады. Олимпиаданы өткізу Техникалық және кәсіптік білім берудің Өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығына жүктеледі.

1.2. Олимпиаданы өткізудегі негізгі мақсат жалпы білім беру пәндері бойынша студенттердің кешенді тестілеуге дайындығы жағдайындағы білім деңгейлерін анықтау.

1.3. Облыстық олимпиада іштей және сырттай түрде мына пәндер бойынша өтеді:

Орыс тілінде оқитындар: Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі.

Қазақ тілінде оқитындар: Қазақстан тарихы, математика, орыс тілі.

1.4. І Облыстық Кешенді Олимпиада 2013 жылдың ақпанынан наурыз айына дейін 2 кезеңде өтеді.

Бірінші кезең-іріктеуші (сырттай) Оның өту уақыты 2013 жылғы оқу орнының жоспарына сәйкес немесе ақпан айында.

Олимпиаданың бірінші кезеңі ТжКБ оқу орнындарының циклдық комиссияларының жалпы білім беру пәндері бойынша дайындаған тапсырмалары бойынша өтеді.

І кезеңді өткізу үшін оқу орындарында ұйымдастыру комитеті және әділқазылар алқасы құрылады.

2-3 курстың студенттері мен бітіруші топтар қатыса алады. Олимпиаданың өту тілі: қазақ тілі және орыс тілі. Тапсырыстар мен І кезеңнің өту нәтижесі элоктрондық және баспа түрінде облыстық Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі.

Екінші кезең-қорытындылау (іштей)

Өту мерзімі – Қостанай қ. 2013 жылдың 14-15 наурыз аралығында.

Өту тілдері: қазақ және орыс тілі.


ІІ. Олимпиадаға қатысушылар

    1. Олимпиаданың бірінші және екінші кезеңдерінде ТжКБ оқу орындарының 2-3 курс және бітіруші топтпардың студенттері ерікті негізде қатыса алады.

    2. Бірінші кезеңге қатысушылардың саны мен құрамын ТжКБ оқу орындары анықтайды.

    3. Олимпиаданың соңғы кезеңіне әр оқу орнынан қатысатындар саны 4 адамнан аспауы керек.

    4. Қатысушылардың өздерімен студенттік билеті мен жеке куәлігі болуы қажет.



  1. ^

    Олимпиаданы әдістемелік қамтамасыз ету және басшылық


    1. Олимпиаданы үйлестіру және өткізуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және екінші кезеңді өткізу үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады.

    2. Облыстық ұйымдастыру комитетінің төрағасы және мүшелері Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасының бұйрығымен бекітіледі.

    3. Құпиялылықты сақтау үшін Олимпиаданың тапсырмалары ұйымдастыру комитетінің төрағасымен бекітіледі.

    4. Облыстық ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы өзінің құзыреттілік шегінде:

  • Олимпиаданың барлық кезеңдеріндегі өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;

  • Олимпиаданың өтуіне тікелей басшылық етеді;

  • Олимпиаданың өткізу формасы мен тәртібі жоғарыда көрсетілген барлық пәндер бойынша келісіледі;

  • марарпаттау салтанатын ұйымдастырады;

  • Олимпиаданың қортындысын талдайды және жинақтайды;

  • Олимпиаданың материалдарын бұқаралық ақпараттық құралдарда және ақпараттық қорларда жариялайды.

    1. Олимпиаданың әділқазылар алқасының құрамына төраға, әділқазылар алқасының мүшелері және хатшы кіреді.

Әділқазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, аспиранттар, әдіскерлер, білім беру Басқармасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілуі мүмкін. Әділқазылар алқасының құрамына ТжКБ оқу орындарының оқытушылары енгізілмейді.

Олимпиаданың екінші кезеңінде әділқазылар алқасы келесі сұрақтарды шешеді:

  • Олимпиадалық жұмыстың бағалау өлшемдерін анықтайды;

  • Олимпиадаға қатысушылардың тестік жұмыстарын және практикалық жұмыстарын тексереді және бағалайды;

  • жалпы отырыста жеңіпаздарды анықтайды;

  • ұйымдастыру комитетінің алдында Олимпиаданың екінші кезеңінің қортындысы бойынша есеп береді.

Әділқазылар алқасы жүлделі орындардың барлығын бермеуге, жүлделі орындарды бөлуге құқылы.

    1. Олимпиадаға қатысушылардың апелляциялық өтініштерін қарау үшін білім Басқармасының бұйрығымен Апелляцилық комисси құрылады. Апелляцилық комиссияның негізгі міндеттері болып саналады:

  • Олимпиадаға қатысушыларды қабылдау және шағымдарын қарау;

  • жұмыстың бағалануының қабылданған Олимпиадалық жұмысты бағалау өлшемдерімен сәйкестігін анықтайды;

  • қойылған бағаның сәйкестігі немесе басқа бағаның қойылуы туралы шешім қабылдайды (көтерілген жағдайда, сондай-ақ кем қойылған жағдайда);

  • қабылданған шешім туралы хаттаманы рәсімдеу және оны Олимпиадаға қатысушылардың назарына жеткізу (қол қойғызу).

Апелляция мына мәселер бойынша қабылдамайды:

  • олимпиада тапсырмаларының мазмұны және құрылысы;

  • Олимпиадаға қатысушылардың тәртіп ережесін бұзуына байланысты.

Апелляция екінші тұлғаның атынан, соның ішінде Олимпиадаға қатысушылардың туысқандарының атынан қабылдамайды және қарамайды.

Олимпиадаға қатысушылардың өзін нашар сезінгендіктері апелляцияға беруге желеу болып табылмайды және ол қаралмастан ауытқытылады.

Апелляцияның қарауы тапсырманы қайта тапсырудың негізі бола алмайды. Жұмысқа дұрыстау енгізуге тыйым салынады.


^ IV. І Облыстық Кешенді Олимпиаданың екінші кезеңін өткізудің шарты мен тәртібі

4.1. Олимпиаданың екінші кезеңіне қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне ағымдағы жылдың 5 наурызына дейін құжаттарды тапсыру қажет. Тапсырыста басшылықтың немесе студенттердің Олимпиадаға қатысуына жауапты тұлғаның байланыс телефонын міндетті түрде көрсету.

4.2. Қабылданған тапсырыстардың негізінде ұйымдастыру комитеті Олимпиадаға қатысушылардың тізімін жасайды.

4.3. Олимпиаданың екінші кезеңіне дейін (Олимпиаданың бағдарламасына сай) таныстыру сессиясы өтеді.

4.4. Олимпиадаға қатысушылардың сыртқы киім кию пішіндері іскерлік істильге сай болуы қерек.

4.5 Олимпиаданың екінші кезеңі екі турда өткізіледі.

Олимпиаданың екінші кезеңінің I туры – пәндер бойынша кешенді тестілеу: Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілі), математика.

Олимпиаданың екінші кезеңінің ІI туры – практикалық кешенді жұмыс.

4.6. Кез келген электрондық сақтау құралдарын пайдалану немесе ақпарат беруге тыйым салынады: калькуляторлар, ұялы телефондар, портативтік компьютерлер т.б. Қатысушылардың бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынады. Олимпиадаға қатысу ережесін бұзған қатысушының қол жеткен нәтижесі жойылып, қаттысудан шеттетіледі.


V. Олимпиаданың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау.

5.1. Олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау салтанатты түрде өтеді.

5.2.Жеңімпаздар мен Олимпиаданың жүлдегерлері рейтингке сәйкес алған баллдарының санына қарай анықталады.

5.3. Олимпиадаға қатысушы құқыққа ие:

- апелляцилық комиссия бекітілген тәртіптің бұзылуы және өзінің келіспейтіндігі туралы және оның қортындысымен, қойылған бағамен келіспеген жағдайда жазбаша шағым жазуға;

- апелляцилық қарау кезінде қатысуға;

- апелляцилық өтінішін комиссия жұмысын бастағанға дейін қайтарып алуға;

Жұмысын қарау жазған апелляцилық өтініш қатысушыға ғана беріледі.

5.4. Командалық біріншілік анықталмайды.

5.5. Олимпиаданың қорытындысы хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға балл қойылған тізімдеме ұсынылады. Олимпиаданың хаттамасына төраға мен әділқазылар алқасы қол қояды.


VI. Олимпиаданың қаражыландыру шарты

6.1. Олимпиаданың бірінші кезеңін қаражатпен қамтамасыз ету ТжКБ оқу орындарының есебінен жүргізіледі.  

6.2. Олимпиаданың екінші кезеңін қаражатпен қамтамасыз ету:

  • ТжКБ оқу орындарының –алғашқы жарнасы 610 теңге (тестілеу 260 теңге, мәдени іс-шара өткізу бағдарламасы 350 теңге)

  • ТжКБ Өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы.

6.3. Олимпиада қонақтарының жолы, тамақтануы және тұратын жерінің шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

6.4. Команданың жетекшісі Олимпиадаға қатысушылардың жолдағы, екінші кезеңі өтетін орындағы, өту кезіндегі және мекен-жайына қайтудағы жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

6.5. Команданың жетекшісі қатысушылардың Олимпиада өтетін жерге келгендігі және кеткендігі туралы жауапты тұлғаға баяндауға міндетті.

6.6. Барлық ұйымдастыру сұрақтары ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен шешіледі.


^ Олимпиадаға қатысуға тапсырыс

І Облыстық Кешенді Олимпиадаға қатысудың тапсырысы мен алғашқы жарнасы 2013 жылдың 5 наурызына дейін ұсынылуы қажет.

Олимпиадаға қатысуға тапсырыспен міндетті түрде болуы керек:

  • қатысушының тууы туралы куәлік/ жеке басының куәлігі;

  • келесі курсқа көшірілгендігі туралы бұйрықтың көшірмесі.

^ Көрсетілген мерзімнен кейін қатысуға тапсырыс қабылданбайды.

І Облыстық Кешенді Олимпиадаға қатысуға тапсырыс электрондық нұсқада (сканерленген нұсқа) немесе басшының қолы мен мөр басылған баспадан өткізген түрі ұсынылады. Үлгі бойынша толтырылмаған тапсырыс тіркелмейді. .

Материалдарды мына мекен-жайға тапсыру:

110000 Қостанай қ., Аль-Фараби к., 56, каб. 307

Тел/факс (7142) 39-20-01.

Е-mail: RNMCKost2012@mail.ru, «І Облыстық Кешенді Олимпиадаға» деп міндетті түрде көрсету қажет.


Қосымша

Қостанай облысы ТжКБ студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша

І Облыстық Кешенді Олимпиаданың тапсырысы

(оқу орнының толық атауы)




Аты-жөні






Туған жылы, айы, күні






Жеке куәліктің №






Код, мамандықтың атауы






Код, біліктілік атауы






Курсы, тобы






Оқу тілі





Делегация жетекшісінің аты-жөні

Делегация жетекшісінің байланыс телефоны

^ М.О. Директор


Қостанай облысы ТжКБ студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша

І Облыстық Кешенді Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамы




р/с

Аты-жөні

Атқаратын лауазымы



Жұрқабаев Марат Кенжебекұлы

Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасы бастығының орынбасары



Бисенбаева Айғанша Айдарбекқызы

Техникалық және кәсіптік білім берудің

өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының директоры



Бабенов Данияр Берикбайұлы
^

Білім беру ұйымдарының өмірін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы




Жилкибаева Злиха Бертайқызы
^

Ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы




Киселёва Ольга Павловна

ТжКБ бөлімінің бастығы



Мурзабекова Асель Балатемировна

Өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері



Наметов Аскар Мырзахметұлы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің ректоры



Орымбаев Хамитжан Дакенұлы

«Костанай қызмет көрсету колледжі» МКҚК директоры



Уразамбетова Галия Ульмесханқызы

«Костанай педагогикалық колледжі» МКҚК директоры



Татьянова Айгуль Болатқызы  

Әдістемелік кабинеттің жетекшісі



Шаяхметов Берик Каиржанұлы

Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының директоры м. а.



Похожие:

Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconҚостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі
Байқау Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мм мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық...
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconПротокол участников областной олимпиады по общеоразовательным предметам
Жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиада қатысушыларының рейтингтік хаттамасы
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі icon2013 жылғы 25 қаңтардағы «Арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» және «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламалар шеңберінде «Павлодар облысының...
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconБҰйырамын: Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің тізбесі бекітілсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ. Бөрібековке жүктелсін. Министр Ж. Түймебаев
«Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы»
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconПавлодар қаласының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізілетін қалалық І мәшһүр Жүсіп оқулары туралы
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық «Ана тілі» бағдарламасын орындау мақсатында 2008 жылғы 10 сәуір...
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі icon2012 жыл жма әБ құжататрын жүргізуге қойылатын талаптар жма әБ жұмысында басшылыққа алынатын нормативті құжаттар: ҚР «Білім беру туралы»
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты-2010, 09. 07. 2010 жылы Қр бғМ №367 бұйрығымен бекітілген жма пәндері бойынша оқу...
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
...
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconҚазақстан Республикасы
Жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде...
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Қостанай облысы Тжкб оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша І облыстық Кешенді Олимпиаданы өткізудің ережесі iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы