Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны"



НазваниеҚостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны"
страница2/4
Дата конвертации26.05.2013
Размер0.5 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4

Орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша үздік электронды оқу-әдістемелік кешені облыстық конкурсы оқушылармен басты құзыреттіліктің заманауи білім технологиясын және жетістігін іске асыруға, мұғалімдердің шығармашылықта, кәсіби дамуда және өзін -өзі жетілдірудегі қажеттілікті ынталандыруға бағытталған.



2. Конкурс мақсаттары мен міндеттері
^

Мақсаты: орыс тілі және әдебиеті бойынша электрондық ОӘК банкін құруға

педагогтардың шығармашылық бастамаларын айқындау және қолдау.


Міндеттері:

  1. шығармашыл жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау;

  2. орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша электрондық ОӘК банкін құру.


^ 3. Конкурсқа қатысушылар

Қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері.


4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

1. Конкурсты өткізу кезеңдері:

1 кезең —мектептік (2013 ж. сәуір). Жұмыс орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің ӘБ қарастырылады.

2 кезең — аудандық/қалалық (2013 ж. тамыз). Қорытынды тамыз конференциясы шеңберіндегі секцияда шығарылады.

3 кезең — облыстық (2013 ж қазан). Қорытынды БМӘҚ кабинетінің отырысында шығарылады.

^ 2. ОӘК сапасын бағалау критерийлері:

  1. оқу материалын іріктеуге ғылыми-негізді ыңғай;

  2. материал мазмұнындағы жүйелілік және дәйектілік;

  1. оқу материалының мазмұнындағы қисындылық және сабақтастық;

  2. оқушылардың қабылдап алушылық жас ерекшелік және психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкестігі.


^ 5. Конкурс қорытындысын шығару

Конкурс жеңімпаздары (гран-при, 1,2,3 орын) білім басқармасының грамотасымен марапатталады.


А. Имановқа - 140 жыл

«Қазақ батыры-ұрпақ байланысы»

педагогикалық оқулары туралы ереже


^ 1. Жалпы ережесі

1.1. Педагогикалық оқулар туралы осы ереже оларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қатысушыларды мадақтауды анықтайды.
1.2. Педагогикалық оқулар әдістемелік жұмыс жоспарымен сәйкес өткізіледі. Педагогикалық оқулардың ұйымдастырушылары «Қостанай дарыны» ӨҒПО әдістемелік кабинеті болып табылады.


^ 2. Педагогикалық оқудың жұмыс тобы


2.1.Жұмыс топтың құрамына әкімшілік өкілдері, әдіскерлер, институттың жетекші оқытушылары енеді.
2.2.Жұмыс топ Педагогика оқулар бағдарламаларын қалыптастыру үшін эксперт тобын құрастырады. Педагогикалық оқуларды дайындау және өткізу бойынша тікелей жұмыс жүргізеді.

2.3. Облыстық педагогикалық оқу қазақ халқының батыры Амангелді Имановтың туғанына 140 жылдығымен орайластырылған.


^ 3. Мақсаттары мен міндеттері:

- ізденушілік, ғылыми-практикалық қызметін жария етуге бағытталған;

- ұлт мұрасын сақтау проблемасының маңыздылығы;

- казіргі заман педагогының мәртебесін арттыру;

- ізгілікке, патриоттыққа, тұлғаның жоғары адамгершілік сапасын тәрбиелеу бойынша облыстың үздік педагогтарын педагогикалық тәжірибесін тарату;

-шығармашыл жұмыс істейтін педагогтарды айқындау, қолдау және мадақтау;


^ 4. Педагогикалық оқудың қатысушылары


4.1 Педагогикалық оқуға тарих мұғалімдері, тарих пәніне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері қатыса алады.


^ 5. Педагогикалық оқулардың мазмұны және нысандары.

Педагогикалық оқу мына форматта өтіледі.

- пленарлық отырыс;

- мына бағыттар бойынша секция жұмыстары:

1 секция – «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі»

2 секция – «Туған даласының батыры»


^ 6. Баяндама мазмұнына қойылатын талаптар,

оларды іріктеу критерийлері

6.1.Облыстық педагогикалық оқуларға қатысу үшін, өтінім, секция жұмысының бағыты бойынша қалалық/аудандық білім бөлімдерімен іріктелген баяндама тезисі ұсынылады.

6.2. Баяндама тезисі мына талаптарға сәйкес келуі қажет:

  • белгіленген бағларлама өзектілігі;

  • міндеттердің қысқаша қойылуы;

  • материалды талқылау тереңдігі, сипаттылығын құрылымдылығы, қисынды аяқталуы есепке алынады;

  • автордың тілдік және методологиялық мәдениеті.


7. Қорытынды жасау, қатысушыларды марапаттау

7.1.Педагогикалық оқулардың нәтижелері туралы ақпарат оны өткізген уақыттан бастап бір ай ішінде «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтына шығарылады.
7.2. Педагогикалық оқулар сайтына қатысушылар Сертификаттармен марапатталады.


Қосымша ақпарат

А. Имановқа -140 жыл «Қазақ батыры – ұрпақ жалғасы» педагогикалық оқуы бойынша ақпараттық карта педагогикалық оқуларға қатысу өтінімі


Автордың аты-жөні (толық)__________________________________________

Лауазымы________________________________________________________

Ұйымы_______________________________________________________

Атағы, ғылыми дәрежесі____________________________________________

Үйдің мекен-жай, телефон___________________________________________

Баяндама тақырыбы (баптар)______________________________________________

__________________________________________________________________

Қызметтік мекен-жайы __________________________________________________

телефоны___________________________________________________________

Е-mail____________________________________________________________

Тезистерге қойылатын талаптар:
1. Тезис көлемі 3 бетке дейін басылған мәтін;
2. А 4 форматы, Tims New Roman қаріпі - 12, доларалық интервал 1,0. Материал 2007 Word форматындағы қағаз және электрондық тасымалданымында ұсынылады. Ені бойынша мәтінді туралау, жиек ішінде орналастыру: сол жақ -20 мм, төменгі, оң және жоғарғы жағы -20 мм. Материал тақырыбы бірінші беттің жоғарғы жағының ортасында орналастырылады (қою шрифтпен), келесі жолда аты -жөні және автордың (авторлардың) лауазымы толық жазылады. Бір интервалдан кейін сөйлеу мәтіні басылады.


^ 8. Өткізілу уақыты

Жұмыстар 2013 жылдың 25 наурызынан бастап 2013 жылдың 05 сәуіріне дейін қабылданады.


«Білім алушылардың географиялық мәдениетін

қалыптастырудағы өлкетану рөлі»

облыстық педагогикалық оқулар туралы

Ереже


  1. Жалпы ережесі

1.1. Осы ереже «Білім алушылардың географиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану рөлі» облыстық педагогикалық оқуларын өткізу және қатысу шарттарын, тәртібін реттейді (бұдан әрі - Оқу).

1. 2. Педагогикалық оқу «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жалпы орта білім беру мазмұнын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.


^ 2. Оқудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Мақсаты: өлкетану жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

2.2. Міндеттері:

- мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау;

- географиялық өлкетану бойынша тиімді педагогикалық тәжірибе трансляциясына көмектесу


^ 3. Оқулардың қатысушылары

3.1. Оқуға қатысу үшін білім беру ұйымдарының география мұғалімі, ББ әдіскерлері шақырылады.


4. Оқуды өткізу тәртібі және оған қатысу

4.1. Оқуды өткізу форматы - іштей.

4.2. Ұйымдастыру комитеті жұмысты 2013 жылдың 14 қазанынан бастап 22 қазанға дейін қабылдайды («Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жалпы орта білім беру мазмұнын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі).

4.3. 2013 жылдың 23 қазанынан бастап 1 қарашаға дейін тапсырылған жұмыстардың эксперттік бағалауы өткізіледі.

4.4. Қатысушылардың көпшілік алдында сөз сөйлеуі 2013 жылдың 7 қарашасында болады.


^ 5. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар

5.1. Барлық жұмыс түрлеріне жалпы қойылатын талаптар:

  • Барлық жұмыс түрлері қағазға басылған және электрондық түрде тапсырылады (CD-RV)

  • Жұмыстың қағазға басылған түрі А4 форматында, Times New Roman қарпті, 14 кегль, жоларалық интервал -1,5, шеттері: жоғарғы – 2 см, төменгі-2 см, оң жақ- 1,5 см, сол жақ-3 см талаптары сақталып ұсынылуы керек.

  • Барлық жұмыстардың титулдық парағы болуы керек.

  • Әдебиеттер тізімі міндетті.

Титулдық парақтың ресімделуі:

  • тақырыбы көрсетіледі (кегль – 16, тырнақшасыз);

  • жоғарғы жағында жарғыға сәйкес білім беру ұйымының атауы көрсетіледі;

  • төменгі жағының оң жағында мұғалім туралы мәлімет жазылады;

  • парақтың ортасында конкурстың атауы, жұмыс.


6. Қорытынды оқуларда жұмысты көпшілік алдында

қорғауға қойылатын талаптар

Көпшілік алдында қорғау үшін, қатысушы өзінің жұмыс туралы қысқаша 10-15 минуттық сөз дайындау қажет. Қорытынды оқуларда сүйемелдеу жасау үшін Power Point бағдарламасында компьютерлік тұсау кесер көрсетілу керек.


^ 7. Қорытынды жасау

Педагогикалық оқулар қатысушылары сертификаттармен, жеңімпаздар грамоталармен марапатталады. Қызықты, инновациялық материалдар жарияланатын болады.


Идеялар жәрмеңкесі

(химия және биология пәнінің мұғалімдері үшін)

байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

^ 1. Конкурс мақсаттары мен міндеттері

Конкурс мақсаты:

- Конкурс педагогтардың шығармашылық бастамаларын айқындау және қолдау мақсатында өткізіледі;

- бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау сапасын арттыру;

- білім үдерісіндегі АКТ қолданудың табысты тәжірибесін айқындау және тарату;

- АКТ білім беру тәжіибесінде қолдану үдерістерін белсендіру, инновацияның алға жылжуы (заманауи білм ортасын құру үшін ақпараттық технологияны қолдануды ынталандыратын, жағдай жасау).

^ Конкурс міндеттері:

- сабақтан тыс қызметте химия және биология сабақтарында мультимедия, цифрлық құрғылар және интерактивтік тақта, бағдарламалаудың интерактивтік ортасы, электрондық оқу құралы, материалдар және интернет ресурстарды қолдану әдісін тарату;

- білім үшін, технология желісін қолдану, білімдік желілік қоғамдастықты қалыптастыру.

^ 2. Конкурсқа қатысушылар

Конкурсқа облыстың химия және биология мұғалімдері қатыса алады.


3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

Облыстық конкурс екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең - аудандық (қалалық) — наурыз 2013 ж. Жұмыс химия және биология пәні мұғалімдерінің ӘБ қарастырылады. Үздік жұмыстар сарапшы комиссиясына ұсынылады.

Екінші кезең - облыстық — мамыр 2013 ж. Қорытынды БМӘҚ кабинетінің отырысында өткізіледі. Екінші кезеңде сарапшы комиссиясы қойылған критерийлерге сәйкес конкурсқа ұсынылған материалдың сапасын және тиімді қолданылуын бағалайды, ұсынылған құжаттардың толық және дұрыс ресімделуін қарастыра отырып Конкурсқа қатысуға берілген өтінімге талдау жүргізеді.

Конкурс з номинация бойынша өткізіледі:

- «^ АКТ үздік сабақ әзірлемесі» - цифрлік құралдармен, интерактивтік тақталармен, зертканалық кешендермен жұмыс тәжірибесін көрсететін конкурс жұмыстары (құжат – кемерамен, цифрлік микроскоптармен, датчиктермен және т.б.). Конкурсқа педагогтардың жеке және ұжымдық әзірлемелерін ұсынуға болады.

- «АКТ үздік сыныптан тыс іс-шара» - цифрлік құралдармен, интерактивтік тақталармен, зертканалық кешендермен жұмыс тәжірибесін көрсететін конкурс жұмыстары (құжат – камерамен, цифрлік микроскоптармен, датчиктермен және т.б.). Конкурсқа педагогтардың жеке және ұжымдық әзірлемелерін ұсынуға болады.

- «^ АКТ үздік мастер-класс» - цифрлік құралдармен, интерактивтік тақталармен, зертханалық кешендермен жұмыс тәжірибесін көрсететін конкурс жұмыстары (құжат – кемерамен, цифрлік микроскоптармен, датчиктермен және т.б.). Конкурсқа педагогтардың жеке және ұжымдық әзірлемелерін ұсынуға болады.


^ Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар


Жалпы талаптары:

- Жұмыс тақырыбының конкурс шарттарына сәйкестігі;

- Конкурстық жұмыстың мәдени ресімделуі;

- Материалдардың біртұтастығы, мазмұндау қисыны;

- Қойылған мақсаттарға жету үшін АКТ мақсатты қолдану;

- АКТ қолдануда балалар денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;

- Материалдардың интерактивтілігі;

- Техникалық қолдану сапасы (жұмыс істейтін нұсқаулар, оңтайландырылған кесте және т. б.).


«АКТ үздік сабақ әзірлемесі» номинациясы:

- оқушылардың белсенді жұмыс нысанының басымдылығы, оқушылар қызмет түрінің бірнеше ауысуы;

- басқа пән салаларымен кірігуі;

- метериалдардың мақсаттылығы, түп нұсқалылығы және толықтығы.

«АКТ қолдауымен ең үздік сыныптан тыс сабақ» номинациясы:

- алынған әдістердің, құралдардың тәрбиелік құндылығы;

- қызмет түрлерінің оңтайлы үйлесімі;

- сабақтың практикалық құндылығы .

«АКТ ең үздік мастер-классы» номинациясы:

- технологиялық (сабақтың анық алгоритімія – фазалары, кезеңдері, процедуралары);

- кәсіби шеберлік (мастер-классын өткізу тақырыбы және нысанының сәйкестігі, мазмұнының тереңдігі және түпнұсқалылығы, олардың әлеуметтік маңыздылығы, авторлық ыңғайлар мен ойларды қолдануға аудиторияның қозғамдамасы, авторлық ойлар және ыңғайлар аргументтігі);

- әдістемелік құзыреттілік (сабақ жоболауын, жұмыстың таңдап алынған әдістері мен тәсілдерін дәлелдей білу, өткізілген сабақты талдай білу;

- теориялық ережесін сипаттау, таңдап алған әдісі мен тәсілдерінің нәтижелілігін көрсету, АКТ қолдану мақсаттылығы).


^ 4. Жеңімпаздарды анықтау және мадақтау

Қазылар алқасы құрамына «Қостанай дарыны» ӨҒПО жанындағы БМӘҚ бөлімінің әдіскерлері, ЖОО оқытушылар кіреді.

1,2,3 орын алған үздік идеялардың авторлары «Қостанай дарыны» ӨҒПО грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Барлық конкурс қатысушыларына сертификат табыс етіледі.


^ Конкурсқа қатысу өтінімі



Аты-жөні

лауазымы

Аулан, қала, мектептің толық атауы

номинация

Жұмыстың тақырыбы







































«Сапалы білім – ұлт болашағы»

инновациялық педагогикалық жобалар конкурсы туралы ереже


^ 1. Жалпы ережесі


Облыс педагогтарының инновациялық педагогикалық жобалар конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) білім және ғылым саласында ізденуге және инновациялық педагогикалық идеяларды зерделеуге танымдық қызығушылығын арттыруға шақырады

Конкурс талантты педагогтарды қолдауға, инновациялық педагогикалық тәжірибені таратуға, педагогтың мамандық мәртебесін арттыруға бағытталған.


^ 2.Мақсаты мен міндеттері

Мақасаты: Педагогтарға қоғамдық мерейде табысты педагогикалық тәжірибені тарату және қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында адамдардың кең ауқымына өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береу.

Мақсаттары:

  1. инновациялық педагогикалық және басқару тәжірибесін тарату;

  2. білім беру ұйымдарының инновациялық қызмет нәтижелерінің шығармашылық бастамалары мен қоғамдық мерейін қолдау;

  3. Идеяларды және инновациялық қызмет тәжірибесін жинақтау бойынша педагогикалық қоғамдастық күшін біріктіру.


3. Қатысушылар категориясы:

Облыс педагогтары, эксперименттік алаңдар.

Конкурсқа қатысуға шықырылады:

  1. Инновациялық және эксперименттік жобаларды, бағдарламаларды, бастамаларды іске асыратын білім ұйымдары.

  2. Даму үдерісін іске асыратын білім ұйымдарының басшылары.

  3. Білім нәтижесінің сапасын арттыруда оқу орны деңгейде анық үлесі бар білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері


4. Өткізу мазмұны мен нысаны

Инновациялық жобалар конкурсынамына ұсынылатын тақырып мына бағыттардың біріне сәйкес келуі керек:

  • білім менеджменті: білім беруде менеджментті жетілдіру, соның ішінде бірлескен басқару принциптерін, білім беруді дамыту мониторинг жүйесін жетілдіруді енгізу.

  • «e-learning» электрондық оқыту: мұғалімдермен құруылатын электрондық білім ресурстарын дамытуға мүмкіндік беретін жобалар, оқу үдерісін автоматтандыру бойынша жобалар.

  • ^ Орта білім: білім мазмұны жаңартылған 12 жылдық оқыту моделіне көшуді іске асыру


Конкурсқа мазмұнында жобаның негізгі құрылымын көрсететін және жобаға қатысатын қатысушылардың қызметін ашатын педагогикалық жобалар ұсынылады. Құжат мәтінінде жобада қолдану акценті жасалынатын нақты түсініктемесімен қысқаша жоба құрылымы жүргізіледі:

      1. білімге заманауи ыңғай, педагогикалық идеялар және бастамалар;

      2. оқытудың авторлық әдістемелрі және технологиялары;

      3. заманауи ақпараттық- коммуникациялық технология

      4. жобаның мақсатының жету әдістері және бағалау тәсілі және оның

тиімділігі.


5. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі

5.1 Конкурс ұйымдастырушысы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы болып табылады.

5.2.Ұйымдастырушы конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұймдастыру жұмысын үйлестіру және іске асыру үшін ұйымдастыру комитетін құрайды.

5.3. Ұйымдастырушы комитеті конкурсты өткізу бағдарламасын құрастырады, оны ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді.

5.4. Облыс педагогтарының инновациялық педагогикалық жобалар конкурсы Қостанай қаласы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК базасында өткізіледі.


^ 6. Конкурсты өткізу мерзімі

Облыстық конкурс екі кезеңнен өтеді:

1 кезең – сырттай (Конкурсқа ұсынылған материалдарды сараптамалау жүргізіледі) -қараша 2013 ж.

2 экезең – финал (іштей) — 2013 жылғы 4-5 желтоқсанда Қостанай қаласы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК базасында өткізіледі.


^ 7. Құжаттарды беру тәртіб

Конкурсқа қатысу үшін білім бөлімдерімен 2013 жылдың 1 қарашасына дейін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК, ұйымдастыру комитетінің мекен жайына мына құжаттар жіберіледі:

  1. Ұсыныс (№1 қосымша)

  2. Берілген нысан бойынша білім бөлімінен қол және мөрмен бекітілген өтінім (№ 2 қосымша)

  3. Қатысушының түсті фотосуреті (басылған: көлемі 4х6 см, цифрлі: TIF немесе JPG форматты, көлемі 300 dpi кем емес).

  4. Инновация жазылымы (мәтіндік формат) басылған және электрондық түрде ұсынылады.

  5. Жобаның практикалық іске асырылуын көрсету (PPT форматтағы тұсаукесері, avi форматтағы бейне ролик ).

  6. Қағаз тасымалында құрылған конкурс материалының мәтіндері мына параметрлерге сәйкес болуы керек: жоғары жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см, сол жағы – 2 см, оң жағы – 1 см, қаріп өлшемі -14, Times New Roman,жоларалық интервал -жалқы, қызыл жол -1 см. Форматталуы ені бойынша түзетіледі. Стилдік ресімделуі -әдеттегідей. Кесте - Microsoft Word редакторінде, қара түсте орындау қажет. Кесте жұмыс жол шегінде орналасуы қажет. Кесте нөмірін форматтау және оны тақырыбы: қарпі әдеттегідей, өлшемі 11 пт, ортасында орналасқан. Назар аударыңыздар, кесте тақырыбының соңына нүкте қойылмайды! Кесте ішіндегі қаріп әдеттегідей, ауқымы 11 пт, интервал-жалқы.

Титулдық парақ мына ақпаратты енгізу керек:

  • жоба тақырыбы,

  • педагогтың толық аты-жөні,

  • лауазымы,

  • білім беру ұйымының атауы,

  • қала/аудан, облыс.


Сілтемелер:

Мәтінде әдебиетке сілтеме және негіздері мына қалыпта ресімделеді: Жоба мәтіні ... [1, с. 256]. Жоба мәтіні ... [2, с. 5] және т. т.

Әдебиет тізімі:

Әдебиет тізімі жұмыс соңында орналастырылады. Қаріп ауқымы 14 пт, форматтау беттің ені бойынша түзетіледі.

[1] автордың/ авторлардың тегі, аты-жөні, атауы, баспа атауын енгізе отырып кіріс мәліметтері және т. б.

Әдебиет тізімін ресімдеу мысалдары:

Кітап үшін:

[1] А.Т. Зуб, Ұйымдасқан дағдарысты басқару. М.: Университеттік гуманитарлық лицейі, 2003.Бизнес этикасы. М.: Іс, 2000.

^ Журналдардағы, еңбек жинақтарындағы және басқа да ұжымдық жарияланымдардағы мақалалар үшін:

[3] Г.И.Маринко, Білімді басқару мәдениеті// ғылым және ғылыми-техникалық өркениет философиясы: Юбилейный жинағы / Жауапты ред. С. Л. Катречко. М.: Полиграф-Информ, 2005. С. 322–338.

[5] Т. П. Воронина, О. П. Молчанова,инновациялық ұйымды басқару ерекшелігі// Мәскеу университетінің жаршысы. 21 сер. Басқару (мемлекет және қоғам). № 2. 2004. С. 66–82.

INTERNET материалдары үшін:

[8] А.В.Сурин Мәскеу университетінде 10 жыл басқару кадрларын дайындау: тәжірибе және проблемалар. - http://e-journal.spa.msu.ru/images/File/2003/surin.pdf (жақша ішінде Интернетте материалдарды қарастыру датасы көрсетіледі).

7. Конкурсқа ұсынылған жобалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

8. Ұйымдастыру комитетіне жіберілген конкурстық материалдар, 2013 жылдың 1 қарашасынан кешіктірілсе (пошта штемпелі бойынша), сондай -ақ олардың ішінде қойылған талапты бұзушылық болса қарастырылмайды.

9. Конкурс материалдарын конкурстың қазылар алқасы қарастырады және бір кезеңнің кемінде 21 қатысушысын анықтайды (әр бағыт бойынша 7 артық емес)

10. Сырттай конкурс кезеңі қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті Конкурстың финалына шыққан қатысушыларға шақыру қағазын 2013 жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімде жібереді.


^ 8. Сөз сөйлеу нысаны

Инновациялық тәжірибе тұсаукесері еркін нысанда (мастер -класс,стендтік баяндама, портфолио және т. б. )– 7-10 минут

9. Жоба бағасының негізгі критерилері

Бағалаудың негізгі критерилері болып табылады:

- инновациялық идеялардың өзектілігі;

- мазмұн жаңалығы, ұсынылған идеялардың танымдық құндылығы;

- жүйелілік (үдеріс логикасы, оның барлық бөлімдерінің өзара байланысы, тұтастық);

- жобаны көрсетудің (подачи)инновациялық нысаны ;

- тәрбиелі және дамытушылық аспектілері;

- тиімділік (нақты нәтижеге жету);

- трансляциалануы (білім беру ұйымдарында идеяларды қолдану мүмкіндігі;

- үнемділік;

- ресімдеу бойынша талаптарға сәйкестігі.


10. Ұйымдастыру комитеті

    1. Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

  • Конкурсты дайындау және өткізуге тікелей басшылық ету;

  • ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • қазылар алқасы құрамын бекіту

  • Конкурсты өткізу және қорытындысы туралы ақпаратты ұсыну


10.2 Қазылар алқасының функциясы:

  • Жобаларды бағалау критерилерін бекіту (инновациалық идеялар).

  • Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;

  • Ұйымдастыру комитетіне ұсыныстарды енгізу



^ 11. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау

Екінші тур (ішкі) нәтижесі бойынша анықталады

1 конкурс жеңімпазы (Гран - при)

3 дипломант (1,2,3 орын)

3 номинация

Номинациялар:

«Білім саласында инновацияны енгізген жетістігі үшін»

«Тиімді менеджер»

«Білім технологиясы саласындағы инновациялық қызмет»

^ 12. Конкурсты қаржыландыру

  • Конкурсты қаржыландыру бекітілген шығын сметасына сәйкес өндіріледі.

  • Іссапар шығыны іссапарға жіберуші тараптар есебінен төленеді (жол сапар, тамақтану, тұру)

^ Конкурс туралы ережеге

1 қосымша


Конкурстың ұйымдастыру комитетіне ұсыныс

Ұйым атын көрсету (білім беру ұйымдары, білімді басқару органдары немесе үміткердің өзі ) конкурсқа қатысу үшін жібереді

____________________________________________________________________________

Аты-жөні _____________________________________________________________________________

жұмыс орны _______________________, лауазымы _________________, осы лауазымдағы еңбек өтілі ____________________

Конкурсқа қатысушының негізгі жетістіктерін көрсету (5-7 сөйлем )


Күні қолы


Конкурс туралы ережеге

2 қосымша


Инновациялық педагогикалық жобалар облыстық

конкурсына қатысуға өтінім

_______________________________________________________білім бөлімі


1. Инновациялық жобалар конкурсына таныстырушының паспорты

1.1. Инновациялық жоба тақырыбы




1.2. Автор (авторлар): Аты-жөні, лауазымы, байланыс телефоны.




1.3. Білімі, еңбек өтілі, біліктілік санаты туралы мәлімет




1.4. Жұмыс орны (мекеменің толық атауы, мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail)




1.5. Жоба ұсынылатын конкурс бағыты






2. Инновациялық жоба сипаттамасы

2.1. Жобаның мақсаттар, міндеттері




2.2. Негізгі проблемасы, оның өзектілігі




2.3. Инновациялық жобаның мазмұны мен құрылымы.




2.4. Ғылыми жаңалық және тәжірибелік маңыздылығы




2.5. Сандық және сапалық көрсеткіштерде көрсетілген нәтижелер






2.6.Жобамен жұмысты жалғастыру преспективаларының айқындылығы, бұл үшін қажетті жағдайлар дәлелділігі.







Күні Қолы


3 қосымша


^ Инновациялық педагогикалық жобаларды дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Педагоикалық жоба – іске асқан немесе іске асырылуға жоспарланған педагогикалық жоба, кең көлемдіден жергіліктіге дейін (от масштабного до локального). Олар конкурсқа автордан немесе жобалық топтан ұсынылуы мүмкін, басты критерийі, жоба дәстүрлі тәжірибе тәсілінде қабылданғаннан ғөрі, басқаша, әлеуметтік-мәдени, психологиялық-педагогикалық тапсырмаларды шешетін қызығушылық танытқан тұлғалардың көп ортасын біріктірсе және күш салуды нығайтса дегенде.

Конкурстық жұмыс құрылымы жобаның іске асыруылу маңыздылығын және мақсаттылығын, мәселелерін, мақсаттарын, міндеттерін, жоба қатысушыларының ролдері мен әрекетін, мерзімін, жағдай бағасын және ресурстарын, қалаған нәтижесін ашу керек.

Жобаны жазу құрылымына қойылатын талаптар тек ұсыныс және бағдар, сіздер өз еріктерінше конкурстық жұмыстың ашық көрінуі үшін қажет деп санаған кез келген бөлімді енгізуіңізге болады.


^ Жоба жазудың құрылым мысалы

  1. Осы жобаның алғы шарттары және қажеттілігі (проблематикасы)

Баянда, Сіз осы тақырыпты неге таңдадыңыз, неге ұсынылған жобаны іске асыру қажет деп санайсыз. Оның ерекшелігі неде.

2. Нысаналы топ. Жоба бағытталған өзіңіздің мақсатты тобыңызды көрсетіңіз (мектеп оқушылары, ата-аналар және т. т.)

3. Жоба мақсаты. Жобаның негізгі мақсатын көрсет, жоба нәтижесінде Сіз не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді.

4. Міндеттері. Қойылған мақсатқа жету үшін өз алдыңызға қойған міндеттерді атап айт.

  1. Әр қадар әрекеті. Сіз жоғарыда айтылған міндеттерді іске асыруды қалай жоспарлайтыныңызды нақты көрсет.

  2. Үдеріс технологиясы және қажетті материалдар. Көрсетілген әрекетті іске асыру үшін Сізге қандай құралдар қажет болады, қандай әдістерді қолданатын боласыз, қандай құралдар сізге қажет, сіз әрекетті бағалаудың қандай әдісін қолданатыныңызды көрсетіңіз.

  3. Ресурстар. Бар ресурстарды жазыңыз. Бағалаңыз, сізде қандай ресурстар қажет, қосымша ресурстарды қалай тартуға болады.

  4. Күтілетін нәтижелер. Сипатта, жоғарыдағы көрсетілген әрекетті іске асыру нәтижесінде Сіз нені күтесіз. Мақсатты топ үшін, Сіз үшін нәтиже қандай болу керек.

  5. ^ Жоба нәтижелерінің бағасы және мониторинг. Көрсетіңдер, жоба нәтижелерін қалай бағалауға болады. Сіз жобаның қандай бағалау тәсілін қолданбақсыз. Іске асқан әрекеттің пайдалылығын қалай бағалауға болады және Сіздің күтетініңіз жоба нәтижелеріне сәйкес келе ме.

  6. Әрекет жоспары. Жобаны іске асыру барысында Сіздің әрекетіңізге сәйкес жұмыс кестесін құрастырыңдар.

  7. Бюджет. Жоспарланған әр шығынды көрсете отырып жобаның болжамды бюджетін ұсыныңдар. Әр бағыт бойынша шынайы сомалар мен ресурстарды негізге алыңдар.


^ Инновациялық педагогикалық жобаның ұсыныстары


Инновациялық педагогикалық жобаны қорғау:

Технологияның негізгі идеяларына кысқаша негіздеме, жұмыстағы жетістіктерді суреттеу, педагогикалық технологияның қолдану тиімділігі ьуралы куәландыратын, оқушылар қызметі нәтижелілігінің дәлелі.

  1. Сынып оқушыларына қысқа мінездеме беріледі, алдын алушылық диагностикасының нәтижелері негізделеді, оқушылардың дамуы болжанады.

  2. Жобаның негізгі идеялары қысқаша сипатталады;

  3. Жобаны қолданудағы жетістіктер суреттеледі;

  4. Жобаның тиімділігі туралы куәландыратын қызметтің нәтижелілігі дәлелденеді,

  5. Жобаны қолдануда кездесетін проблемалар мен перспективалар анықталады



Рефлексия:Ұсынылған педагогикалық жобалар бойынша дискуссия жүргізіледі.


^ 2012-2013 оқу жылында денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеуде үздік маман атағына конкурсы туралы

ережесі мына номинацияда


2012/2013 оқу жылының ЕҢ ҮЗДІК ЛОГОПЕДІ

2012/2013 оқу жылының ЕҢ ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГІ

2012/2013 оқу жылының ЕҢ ҮЗДІК АРНАЙЫ ПСИХОЛОГІ

2012/2013 оқу жылының АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПСИХОЛОГ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ИДЕЯ



^ 1. Жалпы ережесі

Осы конкурс бірінші рет өткізілуде және денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемасымен айналысатын креативтік оқытушыларды, медицина қызметкерлерін, студенттерді, ата-аналарды, үкіметтік емес ұйымдарды және БАҚ айқындауға бағытталған.


Конкурс мына номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. 2012-2013 жылғы ең үздік логопед

  2. 2012-2013 жылғы ең үздік дефектолог

  3. 2012-2013 жылғы ең үзді арнай психолог

  4. 2012-2013 жылғы арнайы білім беру арнайы психолог саласындағы ең үздік идея

^ 2. Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары:

1. Арнайы, инклюзивтік білім беру мен арнайы психология саласында мамандардың кәсіби қызметін марапаттау және педагогикалық шығармашылықты дамыту үшін мотивациялық поляны құру.

2. Кәсіби сабақтастықты дамыту, денсаулық мүмкіндігі шектеулі баланы сүйемелдеу проблемасында ведомства аралық және әлеуметтік серіктестікті нығайту.

3. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін ата-аналар бастамашылығын арттыру.


3. Міндеттер

1.1. Арнайы, инклюзивті білім беру және арнайы психология саласындағы педагогикалық тәжірибені зерделеу;

1.2. Білім үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

1.3. Педагогтар, психологтар, ата-аналар тәжірибесінде заманауи инновациялық білім технологиясын енгізу және тарату.

1.4. Денсаулығы шектеулі балалар проблемасына қоғамдастық назарын маңыздандыру;

1.5. Білім үдерісі қатысушылары ақпараттық-технологиялық дағдыларын, бірлестік нысандарын жетілдіру;

1.6. Денсаулықғы шектеулі баланы сүйемелдеу проблемасында әлеуметтік серіктестік және ведомства аралық әрекеттестіктің инновациялық нысандарын насихаттау.

1.7. Денсаулығы шектеулі балаларды сүйемелдеу процесінде атаналарды тартуды белсенділігін арттыру.

1.8. Арнайы педагогикалық және психологиялық білімді ата-аналар арасында тарату.

1.9. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ата-аналардың қосылу моделін анықтау.


4. Өткізу мазмұны мен нысаны

Денсаулығы шектеулі балаларды сүйемелдеу саласындағы ең үздік маман атағы конурсының жұмысы мектепке дейінгі ұйымдары, балалар үйінің, мектеп-инетрнаттарының, инклюзивті түзету сыныптары, педагогтарының, психологтарының, ПМПК, аурухана және емхана, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері қызметкерлерінің, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының, медицина қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерінің жұмыс тәжірибесінің, идеяларының өзі-өзінің тұсаукесері нысанында өтеді.


5. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Денсаулығы шектеулі балаларды сүйемелдеу саласындағы ең үздік маман атағы конкурсының ұйымдастырушысы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы болып табылады.

2. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру және жүзеге асыру үшін ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы базасында ұйымдастыру комитетін құрайды.

3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты өткізу бағдарламасын құрастырады, оны ақпараттық қолдауан қамтамасыз етеді.

4. Денсаулығы шектеулі балаларды сүйемелдеу саласындағы ең үздік маман атағының конкурсы Қостанай қ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы базасында өткізіледі.

^ 6. Конкурсты өткізу мерзімі


Конкурс екі кезеңнен тұрады:

1 кезең – сырттай (конкурсқа ұсынылған материалдарға сараптама жүргізіледі)- 2013 жылғы 15 наурызға дейін

2 кезең – финал (іштей) соңғы онкүндік 2013 жылғы мартта Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК базасында өткізіледі.


^ 7. Құжаттарды тапсыру тәртібі


    • Денсаулығы шектеулі балаларды сүйемелдеу саласындағы ең үздік маман атағы конкурсына қатысу үшін өтінімді 2013 жылдың 1 ақпанына дейін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК мекен- жайына, қатысу номинациясы көрсетіле отырып ұйымадасытру комитетіне жіберіледі.

- «ЕҢ ҮЗДІК ИДЕЯ» номинациясына қатысуға авторлық ұжымдар, сондай-ақ кітаптар, монографиялар, оқу және әдістемелік жинақтар жіберіледі.

- Бір автор/авторлық ұжымның бірнеше номинацияда қатысуы үшін құжаттар жинағы жіберілуі қажет. Әр авторлық ұжым мүшесіне жеке өтінім толтырылады

- Материалдармен қоса Microsoft Word бағдарламасында ресімделген мастер-класс әзірлемесі немесе идеялар әзірлемесі (тұсаукесер, үлестірме материалдар және т. б.) (басылған және электрондық түрде).

- Қатысушының «Визит карточкасы» бейне материалы (5 минуттан артық емес). Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қостанай қ., Гашек көшесі, 1.

Ұйымдастыру комитетіне 2013 жылдың 1 ақпанынан кешіктіріліп жіберілген (пошталық штемпель бойынша), сонымен қатар талаптарға сәйкес келмеген материалдар қарастырылмайды.

Жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды, олар лицензиялануға ұсынылуы мүмкін

Конкурс материалдарын конкурс қазылар алқасы қарастырады және іштей кезең қатысушыларын анықтайды.

Сыртай кезең қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті Конкурс финалына шыққан қатысушыларына шақырту жібереді.

^ 8. Мәтіндік файлдарға техникалық талаптар.

Материалдар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылуы керек. Бет форматы: А4, барлық жиектері (төменде, жоғарыда, сол және оң)2 см «Times New Roman» қаріпі, өлшемі 14-кегль. Жол аралық интервал - дара. Тақырып және тақырыпшалар алдағы және кейінгі мәтіндерден бос жолдар арқылы бөлініп тұруы керек.


  1. Тек келесі құралдарды қолдануға рұқсат етіледі: жартылай қара қаріп (bold), курсив (italic), асты сызылған қаріп (underline), жоғарғы және төменгі индекстер. Мәтіндерді бөліп көрсетуде басқа ешқандай құралдарды қолдану қажет емес.

  2. Кестеде тек шекаралықтың бір ғана стилін қолдануға болады – біртұтас сызық (кестені WORD немесе OPENOFFICE редакторында жұмыстың барлық ережелері бойынша ресімдеу қажет ).

  3. Сұлбалар бірыңғай графикалық объектті болу керек (яғни барлық графикалық элементтер сызбасы топтастырылған болк керек).

  4. Егер мәтінде гиперссылка болса, оларды гиперссылка ретінде ресімдей қажет.

  5. Әдебиет тізімін және интернет-ресурстарды құжаттың соңында орналасыру керек. Тармақтар 1 нөмірленеді. Мәтінде әдебиетке нұсау төртбұрышты жақшамен ресімделеді [1].

  6. Медиаресурсқа кіретін барлық графикалық объектілер оңтайландырылған («Электрондық пошта» сапалы енгізілген суретті сығыстыруға ұсыныс беріледі (дюймге 96 нүкте )) немесе «Интернет және экран үшін» рұқсат етілген болуы керек

  7. Мәтін құрылымы:

  • Автордың аты -жөні (толық), жұмыс орны (беттің сол жағына орналастырылады)

  • Мастер-класс атауы ( 14 қаріп, мәтін ортасына орналастырылады)

  • Мастер – класс мәтіні (14 қаріп, мәтін ені бойынша орналастырылады)

8. Материалдар электрондық нұсқада мына формат бойынша ұсынылады:

1 файл – Мастер-класс мәтіні RTF форматында

2 файл — жеке мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, байланыс телефоны, e-mail) RTF форматта автор туралы мәлімет.

3 файл — фото суреттер, суреттер (картина) JPG фоматында болуы керек. Әр бейне сурет, сызба немесе сурет нөмірленген және қол таңбаланған болуы керек.


^ 9. Финалисттер конкурсын өткізу бағдарламасы.

Конкурстың финалына дайындық кезінде оның қатысушыларына үй тапсырмасын орындау қажет:

  • «Менің мамандығым» өзі-өзінің тұсаукесері. (Менің идеям және соның ішінде мен) Регламент - 5 минут, сол уақыт ішінде жеңімпаз жетекші педагогикалық идеяларды, өмірлік басымдылықтар, денсаулығы шектеулі балаларға, әріптестеріне, ата-аналарына, серіктестіктеріне қатысы.

  • ^ Мастер-классты өткізу (кәсіби конкурс қатысушылары үшін)

Регламент – 25 минут, соның ішінде мастер-классты өткізуге 20 минут және 5 минут сұрақтарға жауап беруге

Барлық тапсырмаларда қазылар алқасы финалисттың педагогикалық шеберлігін, оның кәсібилігін бағалайды.


^ 10. Конкурс қазылар алқасы

Конкурс қазылар алқасы құрамына Қостанай облысы әкімдігі білім және денсаулық сақтау басқармасының, «Қостанай дарыны» ӨҒПО қызметкерлерін, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушыларын, жаттығушы мамандар және ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, ДМШ тұлғаларын, БАҚ редакциясының өкілдерін енгізуге болады.

Барлық конкурстық тапсырмаларды қазылар алқасы критериларға сәйкес бағалайды.


^ 11. Конкурстық тапсырмалар бағасы

  • Өзі-өзінің тұсаукесері – ең жоғарғы ұпай – 10

  • Мастер-классты өткізу– ең жоғарғы ұпай– 25.


12. Конкурстық тапсырмаларды бағалау критерилері

1. «Менің кәсібім» өзі-өзінің тұсаукесері, (Менің идеям және соның ішінде мен):

2. Өзі-өзінің тұсаукесер мазмұны (жетекші педагогикалық идеялар, өмірлік басымдылықтар, денсаулығы шектеулі балаларға, әріптестеріне, ата-аналарына, серіктестіктерге қатынасы);

3. Педагогикалық мәдениет (сөйлеу, жүріс-тұрыс мәдениеті, сыртқы түрі әртістік мәдениеті, тартымды, әсерлі бола білуі).


Мастер-классты өткізу:

  1. Алынған тақырып және бағыт мастер-класс мазмұнының сәйкестігі

  2. Алынған тақырыптың өзектілігі және шынайылылығы

  3. Аргументтігі

  4. Мастер-класс кезеңдерінің өзара байланысы және бір тұтастығы, мазмұн қисыны мен айқындылығы

  5. Тәжірибеде қолдану мүмкіндігі


^ 13. Конкурсты қаржыландыру.

Конкурсты қаржыландыру (қазылар алқасы мүшелерінің еңбек ақысы, мамандарды тарту, шығыс материалдарын сатып алу, жеңімпаздарға жүлделер Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының қаражат есебінен іске асырылады.

Конкурс финалының қатысушыларын іссапарға жіберу бойынша шығынды (жол сапар, тамақтану, тұру) сәйкес білім беру бөлімі немесе ұйымдастырушы -демеушілер өзіне алады.

1   2   3   4



Похожие:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай түзеу мектебі» мемлекеттік мекемесі
Учереждение «костанайская коррекционная школа» управления образования акимата костанайской области»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн»
«Қостанай облысы «ГрИн» азаматтық альянсы» Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Қостанай қаласында 23 қазанда...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі Қаулы етеді
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің ведомстволық жоспарын іске асыру туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №1390 қаулысын орындау, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconШарт Мемлекеттік сатып алу бойынша Тобыл кенті 2014 жыл Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Тобыл кәсіптік – техникалық колледжі»
«Мемлекеттік сатып алулар» Заңы негізінде және мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде Қостанай облысы, Таран ауданы, Вокзальная...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconШарт Мемлекеттік сатып алу бойынша Тобыл кенті 2014 жыл Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Тобыл кәсіптік – техникалық колледжі»
«Мемлекеттік сатып алулар» Заңы негізінде және мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде Қостанай облысы, Таран ауданы, Вокзальная...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 7 наурыздағы №77 “Бастауыш кәсіптік
Республикасының «Білім туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағының 7 тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi Қаулы етеді
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconКәмелетке толмағандар: 2012 жылғы 20 қыркүйекте туған, Андрей Владимирович Сорокинді, 2013 жылғы 15 қазанда туған, Дмитрий Владимирович Сорокинді Қостанай облысы
Кәмелетке толмағандар: 2012 жылғы 20 қыркүйекте туған, Андрей Владимирович Сорокинді, 2013 жылғы 15 қазанда туған, Дмитрий Владимирович...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon2014 жылға арналған «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мм операциялық жоспары
Бөлім Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының іс-шаралары
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon2012 жылғы 01 желтоқсан айының жағдайы бойынша реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған Қостанай облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы